shkolakz.ru 1


Семей қаласында «Электрондық әкімдіктің» дамуы туралы

ақпарат


Семей қаласында «электрондық әкімдікті» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес құрылымдық кабельді желі жүргізіліп. Қала әкімінің аппараты, мәслихат және дербес бөлімдердің барлық 360 жұмыс орындарына жеке бөлінген Интернет желісіне қосылып, жоғары қорғанышты жеке IP-адреспен электронды пошта орнатылды.

Қала әкімінің аппараты «Lotus» жүйесі арқылы облыс әкімі аппаратымен құжат айналымын жүзеге асырады.

Қала әкімінің аппаратында 53 жұмыс орны, дербес бөлімдерде 169 жұмыс орны Lotus құжатайналымы жүйесіне қосылған. Жүйеге барлығы 222 жұмыс орны қосылып, тұрақты жұмыс істеп тұр.

2007 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласы әкінің ресми web-сайты www.akimsemey.gov.kz жұмыс істейді. Сайтта қаланың тарихы, көрнекті орындары, билік құрылымы, экономикасы, өнеркәсібі, шағын және орта бизнес, шаруа қожалықтары, медициналық мекемелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, мектептері, мектепке дейінгі мекемелері, авиа-, темір жол және автобус қатынасы, бос жұмыс орындары, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді ресімдеу үшін қайда өтініш жасау кезектігі және қандай құжаттар қажеттігі туралы және басқа да қызықтыратын мәселелер бойынша толық егжей-тегжейлі ақпарат алуға, жаңалықтармен танысуға болады.

2008 жылғы 21 сәуірден бастап «Семей қаласының электрондық қызмет орталығы» semey.e-vko.gov.kz тұрақты жұмыс істеп тұр.

«Мемлекеттік сатып алу» модулі арқылы қаланың барлық мемлекеттік органдары электрондық түрде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, «Сайлаушы» модулі арқылы қаланың кез-келген тұрғыны сайлаушылар тізімінен өз тегін тексере алады, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жай бөлу» модулі арқылы өз фамилиясын теріп, тұрғын үй алу жөнінде өз кезегінің нөмірін білуге болады, «Сіздің өтінішіңізге берілген жауаптың күні» модулі арқылы қойған сұрақтарына берілген жауаптың күнін біле алады, Қазақстан және ТМД бойынша мұндай модуль жоқ, «Компьютерлік сауаттылық» модулі, ол арқылы қаланың кез-келген тұрғыны компьютерлік сауаттылыққа үйрене алады.


Семей қаласында Интернетке қосылудың 17 тегін пункті орнатылған, мұнда қала тұрғындары ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің, облыс әкімінің, Семей қаласы әкімінің ресми веб-сайттарына бара алады, ал виртуалдық қабылдау бөлмесі арқалы сұрақтарын қойып, жауап алуына болады. Қоғамдық Интернетке кіру нүктелері мына мекен-жайларда орналасқан:

Интернационал көшесі, 8 (әкім аппараты ғимараты, сол жақ қанаты)

Интернационал көшесі,8 (әкім аппараты ғимараты, оң жақ қанаты)

Глинка көшесі, 20 «а» (Шәкәрім атындағы СМУ, бас корпусы)

Тәңірбергенов көшесі, 1 (педагогикалық институт бас корпус)

Абай көшесі, 73 (жастар сарайы)

Қозыбағаров көшесі,40 (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі)

Павлодар көшесі, 135 (№ 18 орта мектеп)

Б.Момышұлы көшесі, 57 (№ 28 орта мектеп)

Селевин көшесі,24 (№ 35 орта мектеп)

Ш.Уәлиханов көшесі, 150 (М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж)

Әуезов даңғылы, 112 (қыздар гимназиясы)

Абай көшесі, 103 (медицина академиясы)

Абай көшесі, 86 (Абай атындағы кітапхана)

408-квартал, 21-үй (№3 халыққа қызмет көрсету орталығы)

Найманбаев көшесі, 161 (Халыққа қызмет көрсету орталығы)

Ұранхаев көшесі, 48 («Қазпошта» АҚ)

Ұранхаев, 57 (Қалалық зейнетақы төлеу орталығы)

Морозов көшесі, 5 (Жол полициясы)

Абай алаңы, 3 (Салық комитеті)

Қала әкімінің аппаратында, сәулет және қала құрылысы бөлімінде, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде «УФЛ» бірыңғай бағдарламасы мен «Мекен-жай регистрі» бойынша жұмыстар атқарылуда.

2008 жылғы шілдеден бастап қала әкімі аппаратының дерекқоры бар, бақыланатын Интранет-портал және қала әкімі аппараты қызметкерлерінің файлдарын сақтауға арналған «1с-архив» ашылды

Интранет-портал келесі бөлімдерден тұрады: «Жаңалықтар»; «Оқыту»; «Құжаттама»; Е-Үкімет»; «Қарым-қатынас»; «Жеке хабарландырулар»; «Күнтізбе»; «Байланыстар»; «Іссапарлар»; «Фотогалерея»; «Автокөлік» және т.б.

2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Аумақты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының аясында халықты электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына оқыту семинарлары басталды. 2011 жылдың 1 шілдесінен 30 қарашасына дейін 3000 адамды оқыту жоспарланып отыр.