<< предыдущая страница   следующая страница >>
shkolakz.ru 1 ... 3 4 5 6 7

Пререквизиттер – Математикалық талдау-4, математикалық физика теңдеулері.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқудың мақсаты: Дербес туындылы теңдеулер теориясы бойынша алған оқу-әдістемелік білімін тереңдету.

Қысқаша мазмұны: Математикалық физика теңдеулерінің негізгі типтеріне шолу. Трикоми есебінің қойылуы. Экстремум принципі және жалғыздығы, Трикоми есебінің шешімі, жалпыланған Трикоми есебі.

Оқудан күтілетін нәтиже:

Білімі: Аралас типтегі теңдеулердің оқу-әдістемелік негізін біледі.

Істей алуы: Қарапайым аралас типтегі теңдеулер үшін негізгі шекаралық есептерді шеше алады.

Біліктілігі: Аралас типтегі теңдеулер үшін есептерді сараптап жүйелеу дағдылары қалыптасады

Компетенциясы: Курс бойынша алған білімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, бітіру жұмысын орындаған кезде қолданып, көрсете біледі.

Бағдарламаның жетекшісі:ф.-м.ғ.к.,профессор А. Мұстафаев


5

TMAYa 0305

Техникалық математика ағылшын тілінде

Кредиттер көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитында– 5.

Пререквизиттер – Ағылшын тілі, Математикалық талдау.


Постреквизиттер – жоқ.

Оқудың мақсаты: Математиканың негізгі анықтамаларын, түсініктерін, қасиеттерін, амалдарды ағылшын тілінде түсіндіруге үйрету.

Қысқаша мазмұны: Ағылшын тіліндегі математикалық терминология. Есептердің қойылуын ағылшын тіліне аудару, есептің шешімін ағылшын тілінде айту.

Оқудан күтілетін нәтиже:

Білімі: Ағылшын тіліндегі теорминологияны біледі.

Істей алуы: Есептің шешімін ағылшын тілінде түсіндіріп бере алады.

Біліктілігі: Жоғары математика есептерінің шешімін ағылшын тілінде түсіндіру дағдылары қалыптасады

Компетенциясы: Математика және техникалық есептерді ағылшын тілінде түсіндіру деңгейлерін көрсетеді.


Бағдарламаның жетекшісі: ф.-м.ғ.к., доцент С. Садыкова


6

TAF 0306

Аналитикалық функциялар теориясы

Кредиттер көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитында– 5.

Пререквизиттер – Комплексті талдау.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқудың мақсаты: Талдаудің әр түрлі есептерін шешуге арналған шегерінділер мен олардың қолданыстары

Қысқаша мазмұны: Қатарларға жіктеу және ақырсыз туындылар. Шегерінділерді интегралдарды есептеу үшін қолдану. Асимптотикалық бағалау әдісі

Оқудан күтілетін нәтиже:

Білімі: Интегралдық есептеулер, Лоран қатары теориясын, шегерінділерді біледі.

Істей алуы: Шегерінділерді есептей алады.

Біліктілігі: Интегралдарды есептеу үшін шегерінділер теориясының қолданыстарын пайдалану дағдылары қалыптасады

Компетенциясы: Комплекс айнымалылар функциясы теориясы облысында өзінің дайындығын көрсетеді Бағдарламаның жетекшісі: ф.-м.ғ.к., доцент С. Садыкова

7

DGFA 0307

Функционалдық талдаудің қосымша бөлімдері

Кредиттер көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитында– 5.

Пререквизиттер – Математикалық талдау, Функционалдық талдау.


Постреквизиттер – жоқ.

Оқудың мақсаты: Студенттердің функционалдық талдау облысындағы білімдерін кеңейтіп және кейбір қолданыстарымен таныстыру

Қысқаша мазмұны: Банах және гильберт кеңістігіндегі функционалдық талдау, Лебег және Соболев кеңістігі

Оқудан күтілетін нәтиже:

Білімі: Функционалдық кеңістіктер мен олардың элементтері жайлы біледі.

Істей алуы: Функционалдық кеңстік элементтерін қолдана алады


Біліктілігі: Қолданбалы есептерді шешу үшін кеңістіктердің толықтық және компактілік қасиеттерін қолдана біледі

Компетенциясы: Функционалдық талдау облысында өзінің дайындығын көрсетеді

Бағдарламаның жетекшісі: ф.-м.ғ.к., доцент С. Садыкова


8

VTPL 0308

Ляпунов көрсеткіштері теориясына кіріспе

Кредиттер көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитында– 3.