shkolakz.ru 1

IV шақырылған

Ұлан аудандық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы

Очередная XXXII сессия

Уланского районного маслихата


IV созыва




ШЕШІМ РЕШЕНИЕ

________________________________________________________________________________

2011ж «30 » қыркүйек №

Молодежный кенті п. Молодежный




Айыртау ауылдық
округінің

аумағын көгаландыру және

санитарлық тазалау, көріктендіру

бойынша әкімдігінің жұмысы туралы.


Айыртау ауылдық округінің әкімі С.С.Калелованың «Айыртау ауылдық округінің аумағын көгалдандыру және санитарлық тазалау, көріктендіру бойынша әкімдігінің жұмысы туралы» баяндамасын тыңдап және талдап аудандық мәслихат, ауылдық округте осы жұмыстардың орындалуы бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанын ескереді. Айыртау ауылдық округінің аумағын көгалдандыру және санитарлық тазалау, көріктендіру бойынша 2011 жыл бойы көптеген жұмыстар атқарылды, атап айтсақ сәуір айында округке қарасты Айыртау және Жаңа Қанай ауылдарында ауыл тұрғындарының жиыны өткізіліп, онда қаралған мәселелердің бірі санитарлық тазалық, ауылды көгалдандыру, мал жайылымы туралы сұрақтар. Әр ауылда санитарлық тазалық жүргізуге байланысты екі комиссия құрылып және әр көшеге әкімшілік қызметкер, әлеуметтік жұмысшы бекітілген. Тазалық жасауға берілген мерзімде қоқыс шығарылмай қалған жағдайда шара қолданылады. 2011 жылы үш айыппұл салынып, 18 хаттама толтырылды. «Ұлан мал дәрігерлері» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен 47 иесіз, қаңғыбас иттер жойылды.

«Ең таза, көркем үй!» атты байқау өткізіліп, жеңімпаз Мусин көшесінің №2 үйінің тұрғындарына «Восток» шаруа қожалығы демеушілік көмек көрсетті. Тамыз айына санитарлық тазалауға бөлінген 100 000 теңгеге Айыртау ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін жерді қанағаттандырарлық жағдайға келтірілген. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын заңдастыруға қаражат бөлініп, жер актісі дайындалуда.


Округте 3 су құбыры бар. Ұзындығы 1,9 шақырым, құны 8 млн. 200 000 теңге құрайтын су құбыры әкімшілік балансына қойылған. Тамыз айында 600 000 теңге бюджеттен қаражат бөлініп «МКС Лорд» ЖШС-мен су құбыры жөндеуден өткен. Ол су құбырынан 45 отбасы пайдаланады, «Уланская МТС» ЖШС – нің меншігіндегі 1970 жылы салынған ұзындығы 4,8 шақырым су құбырынан 115 отбасы пайдаланады. Айыртау ауылында 520 отбасы бар сумен қамтылмаған қалған 360 отбасы құдықтарының суларының сапасы санитарлық талаптарға сай келмейді. 41 жыл болған су құбырдың шіруіне байланысты суды халыққа жеткізу бойынша қиыншылықтар туындайды.

24 қыркүйек күні Республикалық сенбілікке әр мекеме, ұжым, мектеп оқушылары, әкімшілік қызметкерлері қатысқан. Жолдардың бойы, бос, иесіз қалған үйлердің маңайы, ғимараттардың жер учаскелері, өзеннің жағасы тазартылды.

Екі ауылдың 3 көшесіне жарық орнатылған, атап айтсақ Жаңа Қанай ауылында Дәменұлы көшесінде, Айыртау ауылында Мусин, Тохтаров көшелерінде..

Айыртау мәдениет үйіне жаңадан жылыту пеші орнатылып, ішіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сырты әктелген, алайда ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар, округ аумағында санитарлық тазалық толық қанды өткізілмеген, Айыртау ауылындағы иесіз, апатты жағдайда тұрған үйлер бар, ол үйлерді иесіз деп тану бойынша жұмыстар жеткіліксіз жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Айыртау ауылдық округінің әкімі С.С. Калелованың «Айыртау ауылдық округінің аумағын көгалдандыру және санитарлық тазалау, көріктендіру бойынша әкімдігінің жұмысы туралы» есебі бекітілсін.

2. Айыртау ауылдық округінің әкімі С.С. Калеловаға ауылдық округтің аумағын санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру жөнінде іс-шаралардың орындалуына басты назар аударып, аталған кемшіліктерді жоюға нақты шаралар қабылдасын.


3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі (Д. Шарипова) Айыртау ауылындағы иесіз бос қалған тұрғын үйлерді иесіз деп тану бойынша жұмыстар жүргізілуіне көмек көрсетсін.

4. Айыртау ауылдық округінің әкімі аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға 2012 жылдың 15 сәуіріне осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат берсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформа және аумақтық даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.


Сессия төрайымы К.Молкубаева


Аудандық

мәслихат хатшысы Д.Турсунбаев