shkolakz.ru 1
"Энергетикалық зерттеулер орталығы" ЖМ


1

Лауазымның атауы:

Газбен қамтамасыз ету және ауаны жаңарту бойынша инженер

2

Департаменттің негізгі қызметтік міндеттері

Тексеру органдарының талаптары мен қауіпсіздік техникасының ережелерінің сақталуын қадағалай отырып мекеме бөлімшелерінде Газбен қамтамасыз ету, ауаны жаңарту және ауа баптау жүйесінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және басқару.

3

Негізгі лауазымдық міндеттері

Өндірістік және технологиялық үдерістер саласындағы және сәйкес нормативті құжаттарды жетік білу негізінде мекеме бөлімшелерінің газбен қамтамасыз ету және ауаны жаңарту бойынша бағдарламаны жасау және жүзеге асыру.

Орнатылатын Газ және ауаның жаңартылуы бойынша жабдықтардың, ауа баптау жүйесінің спецификациясын сараптау

Мекеменің инженерлік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету (газбен қамтамасыз ету, ауа жаңарту, ауа баптау жүйелері)

Мекеменің инженерлік жүйесінің жабдықтарына техникалық тұрғыда қызмет көрсету және эксплуатациялау (газбен қамтамасыз ету, ауа жаңарту жүйелері, тоңазыту және ауа баптау жүйелері, әсіресе арнайы маманданған зертханаларда);

Ауада Зиянды газдар мен будың болуын тексеруге бағытталған сапа сынақтарын жүргізу

тапсырыстар бойынша ағымдағы жұмыстарды атқару;

Жоспарлы-алдын-ала жөндеулерді жүзеге асыру;

Жабдықтардың техникалық жағдайына мониторинг жасау, оны реттеу және оңтайландыру.


Сыртқы жағдайлардың алдын-алу немесе тарату бойынша операциялық шараларға қатысу

оперативті-техникалық және есептік құжаттамаларды жүзеге асыру


4

Іссапарларға бару:

Мүмкін

5

Білімі:

Сәйкес салада жоғары техникалық білім

6

Кәсіби тәжірибесі

Газбен қамсыздандыру және ауа жаңарту бойынша инженер лауазымында кемінде 2 жыл қызмет өтілімі, шетелдік оқу-ғылыми және лабораториялық орталықтарындағы тәжірибе артықшылыққа ие.


7

Кәсіби және жеке қабілеттері

Сәйкес методикалық және нормативті талаптарды жетік білу.

Шығармашылық ойлау қабілеті, ұжымды басқара білу қабілеті, бастамашылдық және байланыс орната білу қасиеттері.

8

Тілдерді білу

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін жетік білу артықшылыққа ие.

9

Компьютерлік дағдылар:

ДК жоғары деңгейде қолдана білу.

10

Түйіндемені беру мерзімі

Жоғарыда аталған талаптарға сай үміткерді тапқанша