shkolakz.ru 1



"НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ" ДББҰ

ОҚУШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Қазақ тілі,
9 сынып


1. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.


  1. Енді кітапты оқымасқа болмайды.

  2. Адамдар көмірді қауғамен тартатын.

  3. Еңбек етсең емерсің.

  4. Сырдың суы ышқынып ағады

  5. Қар жауғалы, ойын тоқтап қалды.

***

2. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Атасы немересінің қарады.

  2. Асқар-инженер.

  3. Өнер алды- қызыл тіл.

  4. Қызарып атқан таң .

  5. Түнгі салқын.

***

3. Бұйрық райлы баяндауышты та
быңыз.

  1. Ғылым таппай мақтанба.

  2. Ақыл азбайды, білім – тозбайды.

  3. Жақсы кітапты оқуың керек.

  4. Менің тапқанымның бәрі осы қағазда.

  5. Жазғы сайлауда Оспанға өзінің қарыздар боп кеткені бар.

***

4. Төмендегі аралас құрмалас сөйлем қай қатарға тән екенін табыңыз.

Өздері елеп шақырмаған соң, Бақтыбайлар да біраз уақыт өкпелі боп үнсіз жатып алып еді, қыз алған жақ одан сайын тоң-теріс сыртын беріп, қарым-қатынасты біржола үзді.

  1. Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.

  2. Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

  3. Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

  4. Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы, бағыныңқы.

  5. Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы.

***

5. Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

  1. Сурет аудандық газетте де жарияланды.

  2. Қайрат баяндама дайындады.
  3. Жарқын Сапарға қарады.


  4. Сейіл менен екі жас үлкен.

  5. Білімді мыңды жығар.

***

6. Заттанған сын есім сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыз.

Қызғаншақтың іші тар, болмас онда ұят, ар.

  1. Анықтауыш

  2. Баяндауыш

  3. Пысықтауыш

  4. Толықтауыш

  5. Бастауыш

***

7. Сөйлемдегі сан есімнің қызметін белгілеңіз.

Бірінші байлық - денсаулық.

  1. Анықтауыш

  2. Пысықтауыш

  3. Бастауыш

  4. Толықтауыш

  5. Баяндауыш

***

8. Қыстырма сөзді табыңыз.

  1. Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын.

  2. Бүгін күн ашық екен.

  3. Сен үйде отырсың.

  4. Сенікі дұрыс емес.

  5. Асқардың жасы кіші.

***

9. Жақты сөйлемді табыңыз.

  1. Ауыл әлі ояна қойған жоқ.

  2. Оның бүгін келуі мүмкін.

  3. Менің әңгімені тыңдағым келеді.

  4. Ақ шағала.

  5. Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

***

10. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Бала шаршады.

  2. Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес.

  3. Жоғары қарады.

  4. Ауылға көз салды.

  5. Түн. Дала жым - жырт.

***

11. Лепті сөйлемді табыңыз.

  1. Ой, байғұс бала-ай

  2. Біз мектепті аяқтадық.

  3. Сен әнші едің-ау, ә

  4. Бармағанда қайтем

  5. Жаңбыр жауды

***

12. Есім баяндауышты сөйлемді табыңыз.

  1. Абырой – ар еңбегі.

  2. Тура жүрсең, лебізің күймейді.

  3. Адал дос жаныңды сақтайды.


  4. Айыбы бардың тізесі қалтырайды.

  5. Ашу жүйкені бұзады.

***

13. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

  1. Бүгінгі қойылымды көресіз бе?

  2. Ол кісі қайда тұрады?

  3. Ол жерге неге отырасың?

  4. Ойбай, сен былай тұр.

  5. Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.

***

14. Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Сиырлар есебінен жаңылмайсың: тарғыл аласы – он жеті, қызыл шұбары – он үш.

  2. Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жауып алыпты.

  3. Бүгін ай туыпты.

  4. Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.

  5. Сыныпқа мұғалім мен директор кірді.

***

15. Сөз тіркесін белгілеңіз.

  1. Қарлы тау.

  2. Ортақ тіл тапты.

  3. Төбесі көкке жетті.

  4. Сөзінде тұрды.

  5. Құлақ асты.

***