shkolakz.ru 1


1568 от 11.12.2012г.


Зырян ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 13 қарашадағы №3866 қаулысына өзгеріс енгізу туралы


«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын орындау үшін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-тармағының 3-тармағына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Зырян ауданы- Зырян қаласы мемлекеттік басқармасын жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 3866 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

«Зырян ауданының әкім аппараты туралы ереже» көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес келесі редакцияда бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау Зырян ауданы әкім аппаратының басшысы А.А.Светашқа жүктелсін.


Зырян ауданының әкімі Е.Сәлімов


Зырян ауданы әкімдігінің

2012 жылғы «11» желтоқсан

№ 1568 қаулысына

қосымша


Зырян ауданы әкімдігінің

2012 жылғы «13» қарашадағы

№ 3866 қаулысымен

бекітілді


«Зырян ауданының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже



  1. Жалпы ережелер


1. «Зырян ауданының әкім аппараты» (бұдан әрі - Әкім аппараты) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады, Зырян ауданы әкімінің және әкімдігінің қызметін жүзеге асырады.

2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.


3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.

5. Әкім аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Әкім аппараты заңнамада белгiленген тәртiппен басшының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті облыстық атқарушы органымен жеткізілген лимит пен Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген нормативтер шегінде аудан әкімімен бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Совет көшесі, 20.


9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Зырян ауданының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі;

10. Осы Ереже Әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Әкім аппаратына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен әкім аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Әкім аппаратына заңнамалық актiлермен кiрiстер
әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.



  1. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
    функциялары, құқықтары мен мiндеттерi



13. Миссиясы: Зырян ауданы әкімінің және әкімдіктің қызметін сапалы қамтамасыз ету.

14. Міндеттер:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, аудан әкім аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау ұйымдастыру және жүзеге асыру;


2) Қазақстан Республикасы Президентімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, облыс, аудан әкімі мен әкімдігімен қойылған міндеттерді іске асыру бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3) кент, ауылдық округ әкім аппараттарының қызметін үйлестіру.

15. Функциялары:

1) Аудан әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді («Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағы);

2) аппарат жұмысын жоспарлау, әкімдік мәжілістерін, отырыстарын, семинарлар мен басқа іс-шараларын жүргізу, олардың дайындығы мен жүргізілуін ұйымдастыру («Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы);

3) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарын, өкілетті биліктің жергілікті органдарын, мемлекеттік референдумдерін сайлауларын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, аудан сайлаушыларының «ЖТТ» электрондық мәліметтер базасын қалыптастыру және түзету, сайлау учаскелерін құру бойынша ұсыныстар дайындау, Зырян ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекараларын анықтау («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 24-бабы);

4) төмен тұрған әкiмдердiң қызметiне бақылауды жүзеге асыру («Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 15) тармақшасы);

5) құқықтық және нормативті құқықтық актілердің жобаларын, процессуалдық құжаттарын, сондай-ақ заң сипатындағы басқа құжаттарын әзірлеуде қатысу («Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 13-бабының 4-тармағы);

6. мемлекеттік қызметшілердің құқықтық тәрбиелеуін қамтамасыз ету («Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағы 9) тармақшасы);


7) Аудан әкімімен және әкімдігімен қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргізу («Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы);

8) аудан әкімінің және әкімдігінің актілер жобаларының дайындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету («Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5-баптары);

9) қолданыстағы заңнаманың сәйкестігіне аудан әкімінің және әкімдігінің актілеріне заң сараптамасын жүргізу («Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 Қаулысы»);

10) аудан әкімінің және аудан әкім аппараты басшысының тапсырмасы бойынша сотта аудан әкімінің және әкімдігінің мүдделерiн бiлдiредi, прокурорлық елеу актілерін қарастырады («Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 Қаулысы»);

11) алқа билер тізімін құру («Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 4-бабы);

12) наградалық істер бойынша жұмысты ұйымдастыру (іс-жүргізуді жүзеге асыру) («Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 4-бабы);

13) мемлекеттік қызметке өтуге, аудан әкіміне және әкімдігіне қарасты мемлекеттік басқару органдарының кадрларын іріктеу мен орналастыруға байланысты мәселелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешеді («Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы);

14) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілерін және атқарушы органдар басшыларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырадыт («Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы);

15) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілерінің және атқарушы органдар басшыларының аттестаттауын ұйымдастырады және жүргізеді («Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы);


16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс-жүргізуді жүргізеді («Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы);

17) азаматтардың және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарастыру («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы);

18) әкіммен және әкім аппараты басшысымен азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы);

19) әкім аппаратының құжаттарын өңдеуін, қарастыруын, тіркеуін, есептеуін, сақтауын, жіберуін ұйымдастыру («Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерін, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 82-86 бұйрығының тармақтары);

20) Аудан әкімінің ресми сайтында, ШҚО әкімінің сайтында айдармен толтыру үшін ақпарат жинау мен орналастыруды жүзеге асыру. Зырян ауданы әкімінің сайтында жаңа бөлімдер мен айдарлар әзірлеу және құру («Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы);

21) әкім аппаратының бюджеттік бағдарламасын және қаржыландыру жоспарын құруды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабы);

22) бюджеттік қаражаттарды нысаналы қолдануға бақылауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы);

23) бюджет бойынша шығындар сметасын орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асырады («Бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулықтарды бекіту туралы» қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығы);

24) Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен жүктелген өзге функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың қарауына жататын кез келген, соның ішінде мәліметтердің құпиялық, ақпараттық банктерімен қолдану;


2) мемлекеттік органдармен дайындалған аудан әкімінің және әкімдігінің актілер жобалары бойынша сараптама мен қорытынды дайындауды жүзеге асыру;

3) аудан әкімінің және оның орынбасарларының, аудан әкім аппараты басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімінің және әкімдігінің актілер жобаларын дайындау;

4) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкім аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру ұйымдастыру және қатысу;

5) аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкім аппараты басшысының тапсырмаларын орындамау немесе тиіссіз орындалуына мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсынысты енгізу;

6) Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыру.



  1. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру


17. Әкім аппаратымен басшылықты әкім аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.

18. Әкім аппаратының басшысы аудан әкімімен «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Әкім аппараты басшысының өкiлеттiгi:

1) әкім аппаратындағы құрылымдық бөлімшелердің міндеттерін және өкiлеттiктерiн анықтайды;

2) Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте әкім аппаратының техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын қызметшілердің лауазымын тағайындайды және қызметтен босатады;

3) әкім аппаратының қызметшілерін көтермелейді және тәртіптік әсер шараларын қабылдайды;

4) әкім аппараты бойынша бұйрықтарды шығарады және қол қояды;

5) әкім аппаратын мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұсынады;

6) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Әкім аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20. Әкім аппараты Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшымен басқарылады.


4. Мемлекеттiк органның мүлкi


21. Әкім аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Аппараттың мүлкі оған меншiк иесi берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

22. Әкім аппаратымен бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкім аппараты
өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.



  1. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату



24. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.