shkolakz.ru 1
Тілдер күніне арналған сайыс.



«Тілім менің»


Жүргізуші: Армысыздар ағайын, бармысыздар ағайын.

Тойлағалы жиналдық,тілдер күні мейрамын.

«Тілі жоқтың, діні жоқ»-деп айтқандайын, қазағым.

Тілімізді қастерлейік, дамытайық әрдайым.

«Сәлем сөздің атасы, сөз сарасы» демекші тойымызды бастамас бұрын бәріңізге, осы отырған жасыңыз бен кәріңізге Сәлеметсіздерме! деп сәлем беріп, Амансыздарма! деп амандықтарыңызды біліп сөзімнің жалғасын Ж. Аймауытовтың мына сөздерімен жалғастырғым келеді: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына», ендеше осы қазынамызды сақтауға бүгін бізде кішкене болса да өз үлесімізді қосайық.

Ортаға құттықтау сөз, ақтілек-батасымен мектебіміздің директоры Алма Садірқызын шақырамын.

Бүгінгі сайысты бастамас бұрын сайысқа қатысатын ойыншыларымызбен танысып алайық. Бірінші топ мұғалімдердің құрамасынынан құралған. Ал екінші топ өзіміздің оқушылырымыз. Енді осы сайыстың есебін есептеп, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс жауап бергенін қадағалап отыратын әділқазыларымызды сайлап алайық. 1.Тарих пәнінің мұғалімі Болатбек Арынұлы. 2. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әділзаң Баянбайұлы.3. Неміс тілі пәнінің мұғалімі Шәрбан Құрманқызы. 4.Орыс тілі пәнінің мұғалімі Динара Мұхарамқызы. 5. 9-сынып оқушысы Қайдар батыр. 6. 6-сынып оқушысы Мәлика сұлу. Сөз кезегі өзіңізде Гүлнар Қайдарқызы. (тобының атымен, ойыншыларымен таныстыру)

Айнара өз тобыңмен таныстыр.

1-ші айналымды бастаймыз. Онда капитандар сұрағына тобы 1 минутта жауап беруі керек. Капитандардың сұрағы.

І-топ.


  1. «Менің қазақстаным» әнін шығарған. (Ш. Қалдаяқов)

  2. Фонетика нені зерттейді? (дыбыс)

  3. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. Кімнің өлеңі? (Абай)
  4. Тіл туралы заң ең алғаш қай жылы қабылданды? (1989)


  5. Қ.Р. тәуелсіздігін қай күні тойлайды? (16желтоқсан)

  6. Қ.Р. халық әртісі,актер, режиссер,ұстаз,Алдаркөсе ролін сомдаған,біздің жерлесіміз. (Ш. Айманов)

  7. Заттың сынын білдіретін сөздер. (сын есім)

  8. Қой иесі (шопаната)

  9. Түйе иесі (ойсылқара)

  10. Барыс септігінің сұрақтары (кімге?, неге?)

  11. Балталы, бағаналы ел аман бол, Бақалы, балдырғанды көл аман бол.

Бұл өлең жолдары тұрмыс-салт жырларының қай түріне жатады? (қоштасу)

  1. Құдайлады хан ұлы,

Іздеген жауы біз болып. Кімнің өлеңі? (М.Өтемісұлы)

ІІ-топ.

  1. «Атамекен» әнін жазған. (Е.Хасанғалиев)

  2. Лексика нені зерттейді? (сөзді)

  3. «Әбдірахман өлгенде» өлеңінің авторы кім? (Абай)

  4. Тіл туралы заң соңғы рет қай жылы қабылданды? (1997)

  5. Көл қорыған сен едің , Сен де айрылдың көліңнен. Кімнің өлеңі? (М. Өтемісұлы)

  6. Қ.Р. тілдер күні қай күні тойланады? (22 қыркүйек)

  7. Қ.Р. халық әртісі, КСРО-ның халық әртісі ,қазақтың бұлбұлы атанған әнші. (Б.Төлегенова)

  8. Заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіретін сөздерді не дейміз? (зат есім)

  9. Сиыр иесі (зеңгібаба)

  10. Жылқы иесі амбарата)

  11. Келін, келін келіп тұр,

Келіп үйге еніп тұр.

Қайын жұрты, халқына

Иіліп сәлем беріп тұр.

Өлең жолдары тұрмыс-салт жырларының қай түріне жатады. (беташар)

12. Табыс септігінің сұрақтары. (кімді?, нені?)

Ортаға 5 сынып оқушысы Сағындық Әминаны шақырамын.


2-ші айналым орфографияға байланысты (сөздің дұрыс жазылуын тексереміз)Бір сөз беріледі, сол сөздегі дыбыстарды топтағылар кезек-кезек жылдам айтып шығуы керек.

1топ дайынсыздар ма? Сіздерге берілетін сөз ассалаумағалейкум, күртік, асбұзыл



2топ дайынсыздар ма? Сіздерге берілетін сөз консерватория, пұшайман, құмбыл


3-ші айналым фразеологиялық тіркестерге байланысты.

1 топ.1. Аузын айға білеу - 1. қаһар, айбат, батыл қайрат көрсету;

2. тісін қайрау, өшігу

2.Таң асыру - атты баптап күту,таң атқанша қаңтару, суыту.

3.Шел біту - шаруасы түзелу, ісі оңға басуға байланыты адамның

мінезі де өзгерсе, дағымсыз мағынада айтылады.


2 топ. 1.Ақ ауыз қылды - алдап отырғызып кетті, аузындағысын білдірмей

жырып әкетті.

2. Кежегесі кейін тарту- жалқаулану, ештеңе істегісі келмеу, мойыны жар

бермеу.

3. Шекесіне тиді - беті қайтты, көңілі қалды, қайталамастай болды.

4-ші айналым лексикаға байланысты бір топ бір әріпті таңдап алады ал екінші топ екінші әріпті таңдап алады. М: 1топ М әріпін ал екінші топ А әріпін алса Мама, маса,мата т.б осылай сөздерді кезек-кезек айтып отырады. Барлығына 1 минут уақыт беріледі.

5-ші айналым Сенесізбе?, сенбейсізбе? деп аталады. Менің сұрақтарыма беретін жауаптарыңыз сенемін немесе сенбеймін болуы керек.Тапсырма түсінікті ме?

1топ 1. Қорқыт ата өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанына сенесізбе, сенбейсізбе? (иә)

2. Сіз Қорғалжың қорығының Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатқанына сенесізбе, сенбейсізбе? (иә)

3. Сіз Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» 1999 жылы қабылданғаны- на сенесізбе, сенбейсізбе? (жоқ, 1997ж. 11 шілде)

4. Сіз каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құятынына сенесізбе,сенбейсізбе? (иә)

5. Сіз қазақ тілінде 42дыбыс, 37 әріп бар екеніне сенесізбе, сенбейсізбе? (жоқ 42 әріп, 37 дыбыс бар)


2топ. 1.Сіз Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзені – Ертіс екеніне сенесізбе, сенбейсізбе? (иә)

2. Сіз Ахмет Йассауи кесенесі көне архитектуралық ескерткішке жататынына сенесізбе, сенбейсізбе? (иә)


3. Сіз қазақ тілінде тоғыз септік бар екеніне сенесізбе, сенбейсізбе? (жоқ, қазақ тілінде барлығы 7 септік)

4. Сіз «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күмбезі Аягөздің оң жақ жағасында, Таңсық деген ауылда салынғанына сенесізбе, сенбейсізбе? (иә)

5. Сіз лексиканың дыбыстарды зерттейтінін ғылым екеніне сенесізбе, сенбейсізбе? (жоқ, лексика сөз байлығын тексеретін ғылым)

6. Сіз Қорқыт ата мазары Қызылорда облысындағы Жосалы ауылында орналасқанына сенесізбе, сенбейсізбе? (иә)

6-айналым екі топтың бір-біріне дайындап әкелген көнерген сөздері бар, үш балама жауабы бар, сол жауаптардың қайсысы дұрыс екенін табу керек.

1топ Қара етмек


Тағам түрі киім түрі Ыдыс-аяқ түрі

Қара етмек- нан тағамының бір түрі. Оны былай әзірлейді: ет сүйектенажырап түскенше қайнатылады, езілгенше пісіріледі. Содан кейін үстіне ұн, май, шекер салып қоюланғаншақайнатылады, содан кейін жейді.

2топ Ал


Сөз түрі мата түрі тағам түрі


Ал-қою сары, қызғылт, сары түсті асыл жібек мата. Одан хандар байрақ істейді, дәулетті, жоғары лауазымды адамдардың аттарына жабу жасайды.

7-айналымда екі тапсырма болады. Бір өлең беріледі. Бірінші тапсырма өлеңнің ішінен бір сөз беріліп соған синоним сөздер айтылады, ал екінші тапсырма сол өлеңнің ішінен сөздер беріліп сол сөзді қатыстырып мақал-мәтел табу керек . Ең соңында сол өлеңді бәріміз бірге шырқаймыз.

1тапсырма синоним сөздер табу: 1. Өмірге; 2. Самал; 3. Аяулы; 4. Табынып; 5. Нұрын;


  1. Думан.


2 тапсырма мақал-мәтелдер табу: 1. Анамды; 2. Бал; 3. Тілін; Ай; 4.Күнім;

5. Сүйемін; 6.Мектепке; 7. Ұстазды; 8. Үні.


Енді бәріміз қосылып осы «Анамның тілі – аяулы үні» әнін бірге шырқайық.

Сөзді әділқазылар алқасына берейік.

Мерекеміздің соңында С.Торайғыровтың мына өлеңін оқып кеткім келеді.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

дей келе өздеріңізге тілімізге бекем болайық, дінімізді сатпайық, тілімізді ардақтайық, шорқақ тілмен тіліміздің қасиетін кетірмейік ардақты ағайын дегім келеді. Келесі кездескенше дін-аман,хош сау болыңыздар!