shkolakz.ru   1 ... 11 12 13 14 15

Өзін өзі тексерцу сұрақтары


  1. Суда құтқару – ережелері, қолданыстары

  2. Суда құтқару құралдарын пайдалану

  3. Судағы іздестіру – құтқару жұмыстары



13 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Тік ұшақты пайдаланып ІҚЖ жүргізу

Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар:
Бүгінгі таңда бірде – бір құтқару қызметі тік ұшақтан айналып өте алмайды, әсіресе, елді мекендерден алыстағы жолсыз аудандарда, сондай – ақ жер жағдайлары қатынасқа қиын аудандарда ІҚЖ жүргізу кезінде тікұшақ пайдаланылады. ІҚЖ жүргізу, әсіресе тауларда, күрделі мәселе. Теңіз деңгейінен өте үлкен биіктік, тік жартастармен және биік құздармен қоршалған тар жол, тау беткейлерінің қызуларының әртүрлілігіне байланысты ауаның күшті ағысы, жел бағытының кенеттен өзгеруі, тұман), қардан көру қашықтығының азаюы, бұлттылық және көптеген басқа да күтпеген факторлар немесе оқиға болған жердің үстінде тікұшақтың қона алмауына себеп болады, кейде тіпті ұшуға мүмкіндік бермейді.


Тік
ұшақты қолдану туралы шешімді авиа отрядтың басшыларымен және тікұшақтың командирімен келісе отырып, іздестіру – құтқару отрядының (ІҚО), ІҚҚ бастығы қабылдайды. Өкінішке орай, құтқару операциясының тиімді орындауының кепілі болып табылатын, тікұшақ үнемі ұша бермейді. Оқиғаа болған жерге қарай ұшу кезінде метеожағдай соншалықты өзгеруі мүмкін, тікұшақтың командирі аэропортқа қайтып оралу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады. Сондықтан құтқару операциясын жоспарлау кезінде, тікұшақты пайдаланудан басқа оған жердегі (судағы) ІҚО қосу керек. Тікұшақты қолдана отырып жүргізілетін ІҚЖ кезінде, тікұшақ бортында отырған тікұшақ экипажы мен жердегі (судағы) ІҚО мүшелері арасында өзара әрекеттестікке қол жеткізілуі тиіс. Тікұшақты пайдаланған құтқару қызметі:
  • ТЖ орнына олардың жұмысына қажетті құралдармен және жабдықтармен қоса ІҚО мүшелерін тез жеткізуді;


  • зардап шегушіні жақын жердегі емделу мекемесіне апаруды;

  • ІҚЖ өткізілетін ауданға, әсіресе көлік және энергетикалық артериядан шеттетілген елді мекендерге барлық қажетті жүктерді қосымша жеткізуді;

  • бағыт бойынша іздестіріп ұшу немесе апат болған ауданды тексеруді;

  • тауларда ІҚЖ жүргізу кезінде жасанды тау көшкінін болдыруды;

  • түсуі қиын жерлерден зардап шегушілерді алып кету немесе көтеруді қамтамасыз етеді.

ІҚЖ тікұшақтарды пайдалану онда болатын уақытты айтарлықтай азайтады, тартылатын күштер мен құрал – жабдықтардың санын қысқартады, зардап шегушілерді құтқару мүмкіндігін бірден арттырады. Тікұшақты қабылдау туралы шешімді қабылдамас бұрын дұрыс және қарсы дәлелдердің бәрін жан – жақты қарау керек. Алынған алғашқы ақпаратты талдау жолымен зардап шегушіні басқадай амалдармен тасудың қандай мүмкіндіктері бар екенін анықтау керек. Орын алған оқиғаға байланысты (метеожағдайдың нашарлығы, қонатын алаңның жоқтығы, ақпарат алу уақытының кештігі және басқалар) зардап шегушіні жердегі (судағы) көліктермен тасыған дұрыс.

Орын алған оқиғаларды бағалау кезінде, ең алдымен, келесі жағдайларға:

  • зардап шегушінің денсаулық жағдайына, төтенше дәрігерлік көмектің қажеттігіне;

  • емдеу мекемесі бар жақын арадағы елді мекеннің оқиға болған жер­дей қашықтығына;

  • жер бетінде қолдану тәсілдерімен көмек көрсету мүмкіндігіне;

  • оқиға болған жерге немесе бағыт бойынша ұшуға шамамен ауа райы жағдайын болжауға;

  • тікұшақты пайдаланбай көмек көрсету мүмкіндігіне назар аудару керек.

Тікұшақты пайдаланумен ІҚЖ өткізу кезіндегі метеожағдай келесі талаптарды:

  • бұлттылық – қону орнынан жоғары: - 2000 метрге дейінгі абсолюттік биіктіктен 350 м төмен емес және 2000 м жоғары абсолюттік биіктік 600 м төмен болмауын;
  • көрінуі – қону алаңының биіктігіне көлденең бойынша: - 200 м дейінгі абсолюттік биіктік кезінде 5 км кем емес және 2000 м жоғары абсолюттік биіктік кезінде 10 км кем болмауын;


  • жел – тар шатқалдарда, шұңқырларда 5 м/с артық емес және ашық асуларда, аңғарларда, адырларда, үстірттерде 15 м/с артық болмауын қанағаттандыру тиіс.

Бұлтты күн немесе беткейдің көлеңке жағы мұңдай жағдайда тікұшақтың ұшқышына қонатын алаң мен жергілікті жердің еңістігі ара қашықтығын айыру қиын болғандықтан, қонуға қолайсыздық туғызады.

  • Тікұшақ жел күші 15 м/с болғанда ұшады, желдің күші 12 м/с болған­да қалықтап тұра алады және қона алады. Ұшқыштар үшін ең қолайлысы 5 – 6 м/с. Ұшқыштар желдің болмағанын да онша қаламайды, қалықтап тұруы және қонуы күшті жел тұрғандағы сияқты.

ІҚЖ жүргізу үшін құтқару қызметі негізінен көлік ретінде және жолаушыларға пайдалануға жіберілген Ми-8 тікұшағының әртүрлі нұсқаларын қолданады. Ми – 8 жолаушылар нұсқасы салонның ерекшелігіне бай­ланысты, бортқа 9 – 11 немесе 28 – 32 жолаушы қабылдай алады. Ми – 8 тасымалдаушы нұсқасына үлкен жүк тиейтін люк, байлайтын арқандар, басқыштар және 24 адамға арналған шалқаймалы орындықтар болады. Құтқа­ру қызметінің Ми – 8 тікұшағы жүк сиымдылығы 3000 кг сыртқы аспалы борттық жебе ілгішпен жабдықталған және қалықтап тұру режімінде 150 кг дейін бортқа жүк көтеретін жебелі жүкшығыр болады. Тікұшақтың кабинасына кіргізілетін жүктің ең үлкен массасы – 4000 кг. 28 жолаушы мен ұшу ұзақтығы – 500 км. Ұшудың максималды биіктігі – 6000 м. Тікұшақтарға тегістікке, төбелер мен таулы жерлерге вертодромдарға және 4500 м биіктікте орналасқан алаңдарға қонуға рұқсат етіледі.

Тікұшақтан түсіп болғаннан кейін оған, ереже бойынша, двигатель өшіріліп, винт тоқтағаннан кейін ғана жақындайды.

Тікұшақ командирі (пилот) жерге түскеннен кейін де әр түрлі себептермен тікұшақтың жағдайын өзгертуге болатынын еске сақтау керек, мысалы, ұшуға шешім қабылдау.

Жерге қонғаннан кейін ІКЖ жетекшісі тікұшақтың командирімен одан әрі не істеу керектігін келіседі. Барлық құтқарушылар, әсіресе дала бөлімшелерінің қызметкерлері, жерге қондырушы тросик жерге толық тигенге дейін, тікұшақтың фюзеляжына қол тигізуге болмайтынын алдын ала ескертулері керек. Зардап шегушілер салынған зембілдерді, сондай – ақ әр түрлі жабдықтарды мүмкіндігінше жерге тақата отырып және оған параллелді тасымал­дау керек. Арқандар, олардың ұштары винттің қалақтарына оралып қалмауы үшін, шумақталып ұсталуы тиіс, жабдықтардың жеңіл заттары тиянақтап буылып – түйіліп, арқа қапшығына немесе басқа да ыдыстарға салынуы қажет. Шаңғыларды, шаңғылардың таяқтарын, шатырларды, бос зембілдерді – оларды тек қана көлденең ұстап тасиды. Олай болмаған жағдай­да жабдықтың шығарылған бөлігі негізгі винттің қалақтарына түсіп қалуы мүмкін, ол адамға ғана емес тік ұшақ үшін де қауіпті. Негізгі винттің қалақтары айналып тұрған жағдайда, тікұшақтан оның қонған жерінен жоғары жерге қарай кетуге болмайды, ол қалақтың айналу радиусіне түсіп қалу каупін төндіреді, бұл өз кезегінде қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Жерге қонғаннан кейін құтқарушылар бортмеханиктің рұқсатымен ғана тікұшақтан шыға алады. Қону алаңындағы құтқарушылардың барлық іс – әрекеттеріне ІҚЖ бастығы немесе олар арнайы тағайындаған адам басшылық етеді. Тікұшақтың қасында жұмыс істейтін құтқарушылар, қорғайтын каскалар киіп, оның бауын иектің астынан мықтап байлауы және қорғаушы көзілдірік киюі тиіс, көзілдірік негізгі винттің қалақтары жасаған ауа қозғалысынан жерден көтерілген шаңдардың, қарлардың және басқа заттардың ұшқындарының көзге түсуінен сақтайды.


Ұшу кезінде немесе қону кезінде құтқарушылар қону алаңынан қауіпсіз қашықтықта болуы тиіс, соның ішінде тікұшақ двигателін жүргізу кезінде. Барлық жеңіл заттар (шаңғыға арналған шәпкілер, қолғаптар, репшнурлар, ыдыстар және т.б.) 50 м. радиусте олар тікұшақтың турбиналары мен винттеріне түсіп қалудан қашу мақсатында әр түрлі амалдар қолданылуы тиіс. Оның үстіне винттің айналуынан пайда болған ауа легі, егер опе­рация тау басында жүріп жатса, жеңіл заттарды төмен қарай ұшырып жіберуі мүмкін.

Тікелей тікұшақтың ішінде барлық жабдықтар бортмеханик көрсеткен жерге қойылады, қажет болған жағдайда сақтандырылады. Құтқару­шылар орындықтарға отырғызылады және тікұшақтың ішіндегі арнайы ремендермен сақтандырылады.

Ұшу кезінде, қонғанда, қалықтап тұрғанда өз еркімен кабинада козғалуға тиым салынады, өйткені ол тік ұшақтың тепе – теңдігін бұзады, әсіресе зардап шегушілер мен жабдықтарды көтеру немесе түсіру кезінде.

Тікұшақ ауада болған кезде өзін өзі сақтандыруды қолданбай ашық есіктің алдына жайғасуға болмайды, тікұшақтың кабинесінде, сондай – ақ тоқтап тұрған кезде оның қасында темекі тартуға болмайды.

Тікұшақтың әрекеттеріне түзету

Бейтаныс қону алаңына қону кезінде, тікұшақтың ұшқышына көмек көрсету мақсатында жерден оның әрекетіне түзету енгізу керек. Түзету екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: радиостанцияның көмегімен немесе құтқарушылардың бірінің қолымен берілген дабылдардың көмегімен. Дәл осылай етіп ракеталарды, дабыл оттарын, жалауларды, ал кешкі немесе түнгі уақыттарда – электр фонарларын пайдалануға болады.

Дабылдар күні бұрын берілуі керек, дабыл берушінің қажет бола қалған жағдайда бірінші дабылдан кейін екінші дабылды беретіндей уақыты болуы тиіс.

Дұрыс және тез қонатын алаңды анықтау үшін тік ұшақ көрінген кезде ракетаны тура жіберсе тікұшаққа тиетіндіктен қырындатып жіберу керек. Төмендеу қонатын алаңға 100-200 метр қалғанда жүзеге асырыла­ды. Тікұшақтың экипажы алаңды тапқан кезде, сол арқылы экипажға оның бағытын көрсете отырып, ракетаны жел бағыты бойынша жіберу керек.


Егер дабыл ракетасы жоқ болса, жел бағытын келесі түрде көрсетуге болады. Құтқарушылар алаң орталығынан оңға қарай 3 – 4 метр жерде бір – бірінің желкесіне қарап, қолдарын екі жаққа созып, желге арқасын беріп тұруы керек. Ұшқыш қону кезінде, оған бетін беріп оның сол жағында тұрған адамдарды көреді. Үзілмелі тоқтап – тоқтап соғатын желде тік осьті айнала денемен 80°- 90° - қа бұрылып, айналмалы қимыл жасайды.


14 Тәжірбие сабағының тақырыбы:

Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры ай­маққа кең жайылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің және санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі.

Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және меди­циналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат – құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір – бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пай­да болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары – бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер.


Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай – ақ оған жақын аудандарда да кенеттен және жыл­дам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың қираған және бұзылған ошағы ретінде және соған қалыптасуын жалғастырушы ретінде, гигиеналық маңызды объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар:


  • сумен жабдықтау және құбыр жүйесі;

  • азық – түлік өндірісі, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілері;

  • коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары;

  • балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер;

  • зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары;

  • зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған, емдеу – алдын алу мекемелері;

  • көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары;

  • келген құтқарушылардың орналасқан жері;

  • сыртқы орта объектілері;

  • радиоактвті заттармен және т.б. ҚӘУЗ – дің қайталап зақымдау көздері болып отырған өндіріс объектілері.

Құтқару және апаттық қалпына келтіру жұмыстарын өткізу үшін ҚР ТЖМ АҚҚ, армиялық бөлімшелер, құрылыс ұйымдары тартылады.

Апат болған ошаққа бірінші болып кірген құтқарушылар зардап шегушілердің сыртқы бет – әлпетіне қарап олардың ауру екенін немесе аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауру қаупі бар екенін анықтай білулері керек. Негізгі өте қауіпті жұқпалы – оба, тырысқақ, гемморагиялық вирустық безгектің (ГВБ) кейбір түрлері және шешек ауруларының белгілері ары қарай міндетті түрде берілуі тиіс.


Жұмыс режиміне сәйкес қорғану костюмдері

Орындалатын жұмыстың сипатына байланысты, қорғану костюмдерінің келесі түрлері пайдаланылады:

Бірінші түрі - комбинезоннан немесе пижамадан, капюшоннан (үлкен жаулықтан), обаға қарсы халаттан, мақта – дәкелі маскадан (тозаңға қарсы респиратор), көзілдіріктерден, рәзіңке қолғаптардан, ұйықтардан, рәзіңке немесе керзі етіктер мен орамалдан тұратын толық қорғану костюмі.


Екінші түрі – қорғану костюмі, комбинезоннан немесе пижамадан, капюшоннан (үлкен жаулықтан), мақта – дәкелі маскадан рәзіңке қолғаптардан, ұйықтардан, рәзіңке немесе керзі етіктер мен орамал­дан тұратын толық қорғану костюмі.

Үшінші түрі - қорғану костюмі, пижамадан, обаға қарсы халаттан, үлкен жаулықтан, рәзінке қолғаптардан, ұйықтардан, тәпішкелерден (немесе туфлиден) тұратын қорғану костюмі.

Қорғану костюмдерін кию және шешу тәртібі

Костюмді келесі тәртіпте киеді: комбинезонды пижаманы, ұйықтарды, етіктерді, капюшонды және обаға қарсы халатты рет – ретімен киеді. Қажет болған жағдайда фонендоскопты пайдаланады, оны капюшонды (үлкен жаулықты) киер алдында киеді. Халаттың жағасындағы бауларды, халаттың белдігін алдынғы жағынан сол жаққа қара­та байлайды, жеңдердегі бауларды да осылай етіп байлайды. Респиратор (масканы) бетке ауыз бен мұрын жабық болатындай етіп киеді, ол үшін респиратордың жоғарғы шеті көз аумағының төменгі деңгейінде болуы тиіс, ал төменгі жағы – иектің астына енуі керек. Масканың жоғарғы бауын ілгек арқылы желкеден байлайды, ал төменгі жағын – төбеге (орап байлайтын таңғыш түрінде) байлайды. Респираторды кигеннен кейін мұрынның екі қанатын мақтамен тығындайды. Көзілдірік капюшонға (үлкен жаулыққа) тығыз орналасуы қажет, әйнектері оны терлеуден сақтандыратын, арнайы қарындашпен немесе сабынның кұрғақ кесіндісімен сүртілуі тиіс. Ауадан фильтрлейтін орындарға мақта тығыны салынады. Одан кейін қолғаптар (үрлеп олардың жыртылмағандығын тексеруден өткізгеннен кейін) халаттың оң жағындағы белдікке орамал ілінеді.

Жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген ғимаратта немесе жұмыс жүргізілген сол бөлмеде. бірақ сол жерді толық залалсыздандырғаннан кейін қорғану костюмін шешеді.

Костюмді залалсыздандыру үшін келесілер қарастырылуы тиіс:

  • етік немесе галоштың сырт жағын тазалағыш ерітіндімен сүрту үшін шылапшын немесе шағын күбі;


  • костюмді шешу процесінде тазалағыш ерітіндісі бар шылапшын қолғапарды тазалау үшін;

  • көзілдірікті және фонендоскопты тазалау үшін, қиюластырылған тығынымен 70% спиртті банкі;

  • мақта – дәкелі маскаларды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар не­месе сабынды су құйылған кастрөлдер;

  • халатты, капюшон (жаулықты), орамалды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар металдан жасалған күбіні;

  • қолғаптарды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар металл кастрөл мен шыны банкілер пайдаланылады.

Костюмді залалсыздандыру кезінде тазалағыш ерітіндісі бар ыдысқа оны тұтастай батырып салады. Егер залалсыздандыру автоклавирлі, қайнаған немесе дезкамерада жасалса, костюм сырт жағынан залалсыздандырылған ерітіндімен өнделетін күбіге (биксилер, камералық қапшықтар) са­лынады.

Костюмді баппен асықпай шешеді. 1 – 2 минут ішінде қолды сыртындағы қолғабымен тазалаушы ерітінді ішінде (8% лизол, 5% карболды қышқыл ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі) жуып ұстайды. Костюмнің әрбір элементін шешкен сайын қол қолғабымен залалсыздандыру ерітіндісіне жуылады. Халаттың белінен орамал ақырын шығарылады. Тазалауыш ерітіндіге жақсылап батырылған мақта тығынымен сүртіледі, кленка алжапқышты сыртқы жағынан ішке қарай бүктей отырып шешеді. Екінші жұп қолғапты және жеңге киетінді шешеді. Етіктер (галоштар) тазалағыш ерітіндіге жақсылап матырылған (әрбір етікке жеке тығын қолданылады) жоғарыдан төмен қарай мақта тығындармен сүртіледі. Дененің ашық терісіне тигізіп алмай, фонендоскопты алады. Көзілдірік екі қолмен бірдей алға, артқа, жоғары, төмен тарта отырып бастан шығарылады. Респиратор оның сырт жағын бетке тигізіп алмай алынады. Халаттың жағасындағы бауын шешеді, белдікті шешеді, қолғаптың жоғарғы жақ шетін түсіріп, жеңдегі бауларды шешеді, оның сыртқы жағын ішке орай отырып, халатты шешеді. Сырт жағынан ішке орай отырып, еппен жинап, капюшонды шешеді. Қолғаптарды шешеді, залалсыздандыру ерітіндісі ішінде оның бүтіндігін (әрине үрлеп емес) тексереді. Тазалағыш ерітінді құйған бакқа етікті (галошты) тағы да жуады да оларды шешеді.

Қорғау костюмін шешкеннен кейін қолдарын сабынды жылы сумен тазалап жуады, содан кейін душ қабылдайды.

Қорғау киімдері бір рет пайдаланғаннан кейін 2% сода ерітіндісінде қайнату жолымен (30 минут), автоклавирлеуде (1 атм 30 минут ішінде), залалсыздандыру ерітіндісінде (3% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат бойы) шыланады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>