shkolakz.ru   1 ... 12 13 14 15

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар

  2. Жұмыс режиміне сәйкес қорғану костюмдері

  3. Гигиеналық маңызды объектілер

  4. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі шаралар



15 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Құтқарушыларды түсіру және зардап шегушілерді көшіру

Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар:
Қондыратын алаң бар болса, оған қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, тиісті метеожағдайда тікұшақ жерге қонады да зардап шеккендерді денсаулық жағдайына және ұшу уақытына байланысты жақын – маңдағы немесе аэропорт орналасқан жердегі емдеу мекемесіне көшіреді. Кейде, жағдайға байланысты, борттағы аралық алаңға зардап шегушілерді және құтқарушыларды қабылдау қолайлы, ең бастысы қауіпсіз бо­лады.

Қ
ұтқарушыларды түсіру келесі жүйелілікте жүзеге асырылады:

  • ІҚЖ жетекшісі немесе ол тағайындаған құтқарушы алдын ала дайындаған арқанды жүкшығырдың карабиніне іледі, әйтпесе ұшқыш қажет болған жағдайда оны тікұшақтан тез түсіре алмайды;

  • бортмеханик есікті ашады;

  • бортмеханиктің бұйрығы бойынша ІҚО жетекшісі немесе ол тағайындаған құтқарушы арқанды төмен түсіреді. Бұл кезде тікұшақ тек қалыкқтап тұруы керек, әйтпесе арқан құйрық жағындағы винтке түсіп қалуы мүмкін. Тастаған жіп жер бетіне жетпей қалған жағдайда, оны қайтадан тікұшаққа тартып алады. Одан әрі алдын ала дайындалған одан ұзындау екінші арқан ілінеді және тасталынады;

  • екі тежегіш карабинмен күркеше киген бірінші құтқарушы, есіктің алдындағы ойыққа отырады, арқанды екі тежеуіш карабиніне салады және оларды аспа түйін мен тікелей жоғары көтереді;
  • екінші құтқарушы, түсіруге дайындала отырып, бірінші құтқарушының өзін – өзі сақтандыруын қоршауға алады;


  • бортмеханиктің бұйрығы бойынша бірінші құтқарушы арқанға біртіндеп күш түсіріп, бетімен тікұшақтың корпусына қарай бұрылып, жұлқымай баяу түсе бастайды;

  • жерге түскеннен кейін құтқарушы қажет болған жағдайда өзін – өзі құтқаруды ұйымдастырады, арқанды ағытып, келесі құтқарушының түсуі үшін «ОК» белгісін береді;

  • құтқарушы жерге түскеннен кейін жерге түсетін келесі құтқарушыға көмек көрсету үшін орнында қалады;

  • соңғы құтқарушы жерге түскеннен кейін арқан бортмеханикпен немесе бортта қалған құтқарушымен бірге төмен түсіріледі.

Тікұшақтың қалықтап тұру режімінде құтқарушыларды ұйымдастыру және төмен түсіру тым жоғары биіктікте барлық құтқару қызметінде, ереже бойынша, жоғарыда көрсетілген сызба бойынша жүргізіледі. Тік ұшақтың түріне және оған орнатылған қосымша жабдықтарға байла­нысты құтқарушыларды түсіру екі арқанмен бір – бірлеп, кезектесіп жүзеге асырылады, ол түсіруді айтарлықтай тездетеді, бірінші құтқарушы жерге түскен кезде екіншісі екінші арқанмен жерге түсе бастайды. Түсіру кезінде әртүрлі тежеуіш құрылғылары пайдаланылады. Құтқарушы тікұшаққа бекітілген шынжыр арқанның көмегімен негізгі арқан бойынша түседі. Бұл тәсіл көп уақыт шығынын талап етеді және ерекше жағдайларда ғана қол­данылады.

Зембілдерді түсіру борттағы жүкшығырдың көмегімен жүзеге асы­рылады. Төменде оны қабылдау жеңіл болу үшін зембілге репшнур байлануы тиіс. Тікұшақтың оқиға болған жерге қонуы мүмкін болмаса немесе оған жақын жерде арнайы альпинистік зембілдер болса солар, не болмаса тікұшақтың қалықтап тұру режімінде зардап шегушіні көтеру үшін «Акья» түріндегі зембілдер қолданылады. Зәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін, егер тікұшақ шақырылған болса ұшып келу уақыты шамамен белгілі болса, тасымалдауға дайындайды, сол үшін оған жылы киімдер кигізеді, оны құтқару қапшықтарына немесе палаткаларға орайды (бұл олардың алған жарақаттары мен ауа райының жағдайларына байла­нысты), егер бар болса зембілдерге жатқызады. Зардап шегушілер немесе құтқарушылар тік беткейлерде болса, тікұшақтың винтінен пайда болған ауа легіне түсіп қалмау үшін, зардап шегуші мен зембіл үшін сақтандыру ұйымдастырады, ал құтқарушылардың өздеріне өзін – өзі сақтандыру қол­данылады.


Жүкшығырдың (ЛПГ – 2, ЛПГ – 3, ЛПГ – 150) көмегімен зардап
шегушіні көтеру кезінде келесідей жүйелілік қадағаланады:


  • тікұшақ келген кезде бортмеханик жүкшығырды іске қосады және шынжыр арқанды жібереді;

  • құтқарушы немесе топтардың қатысушысы, зардап шегушінің қасында бола отырып, төмен түсірілетін арқан жер бетіне тигеннен кейін, оны зембілдің аспалы жүйесіне бекітіп, қолына жүкшығырдың карабинін алады, тікұшақтың бортына көтеру үшін бұйрық береді. Мүмкін болса резеңке қолғаппен жүкшығыр карабинін шынжыр арқан тартылып болғанша қолымен ұстап тұрады. Содан кейін құтқарушы зембілдердің шын­жыр арқанды шыр айналып кетуіне жол бермей, тікұшақтың астыңғы жағында тік сызықпен тұрғанға дейін зембілдерді ұстап тұрады;

  • бортмеханик пен құтқарушы зембілдерді тартып көтеріп, оларды кабиналарға кіргізеді.

Кей кездері зембілдегі зардап шегушілерді бірге еріп келген бір құтқарушымен қоса көтереді. Бұл зардап шегушіні көтеру кезінде көмек көрсе­ту үшін және тікұшақтың корпусына зардап шегушілердің соғылуын болдырмау үшін жасалады. Мұндай жағдайда тікұшақтың бортына алдымен зардап шегуші, содан кейін жол серікті кіргізеді.

Зембілдердің іліну жүйелерін қысқа жасау керек. Жүкшығыры мен зембілдің төменгі бөлігінің шамамен арақашықтығы – 80 – 90 см. Зембілдің зардап шегушімен және жолсерікпен қосқандағы жалпы салмағы туралы ұмытпау керек, өйткені рұқсат етілген максималды жүк салмағы 150 кг – ден аспауы керек. Зембілдегі зардап шегушіні тікұшақтың кабинасына оның бас жағынан бастап кіргізеді. Зембілдер есіктен кірісімен оларды тікұшактың еденінде бекітілген шығыршықтардың біріне сақтандыру ілгегімен карабинге іліп сақтандыру қажет.

Зардап шегушіні, егер оның денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, оның өзін жеке байлап тікұшаққа көтеру керек. Мұндай жағдайда барлық істелетін әрекет бортқа зардап шегушіні зембілмен көтергендегі іс – әрекетке ұқсас болады. Зардап шегуші, егер ол мүмкін болса, тікұшақтың каби­насына көтерілуде бортмеханик пен құтқарушыға көмектеседі. Зардап шегуші есіктен кірген кезде тікұшақтың ішіне сакқтандыру ілгегімен бекітілген карабин зардап шегушінің орамасына бекітіледі. Тікұшақтың бор­тына құтқарушы да осындай амалмен көтеріледі. Уақытты үнемдеу мақсатында алдын ала әрбір құтқарушыға дайындалған сақтандыру карабинімен кеудеден байлау және өзін өзі сақтандыру күркеше кигізілуі тиіс. Жүкқапшық иықтарына кигізіледі. Сақтандырушы карабині жүкшығыр карабиніне бекітіледі. Күркешеден сақтандыру карабиніне репшнурмен сақтандыру тікұшақ бортына көтерілу кезінде адамның денесі аударылып кетпеуі үшін пайдаланылады. Зембілдер мен құтқарушыларды тікұшақ бортына қабылдау кезінде бортмеханик және оған көмектесуші құтқарушы өзін өзі сақтандырылуы тиіс.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Құтқарушыларды түсірудің жүйелері

  2. Зардап
    шегушіні көтеру кезіндегі жүйелілік

  3. Зембілдерді түсіру

  4. Құтқарушыларды түсіру және зардап шегушілерді көшіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері




<< предыдущая страница