shkolakz.ru   1 2 3 ... 14 15

Өзін өзі тексеру сұрақтары


    1. Пәнді оқу барысында студент білу қажет

    2. Пәнді оқытудың себептері



2 дәріс. ІҚЖ басқару. Кезекшілікті, хабарлауды, байланысты ұйымдастыру


Жалпы сұрақтар

  1. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті

  2. ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны

  3. Құтқарушылар мен кезекшілердің негізгі міндеттері



ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету.

ТЖ ІҚЖ сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқа
ру – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс– шаралардың жиынтығы болып табылады.

ІҚЖ басқарудың басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау.

ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері:

  • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;

  • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту;

  • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;

  • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау;

  • күштер мен құралдарды есептеу;

  • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу;

  • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету;

  • жұмыстың нәтижесін талдау, түзетулер енгізу, тапсырманың орындалуын бақылау.

ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны ҚР ТЖМ Дағдарыс орталығы болып табылады. ІҚЖ басқару жүйесінің ТЖ кезінде тиімді іс – қимыл жасауы үшін арнайы басқару пункттері құрылады, олар байланыс құралдарымен жабдықталған және техникамен және көлікпен қамтамасыз етілген. Олар тұрақты және жылжымалы да бола алады.


ІҚЖ – ға қатысатын барлық күштер мен құралдарда басқаруды, олардың әрекеттестігін ұйымдастыруды, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуді ІҚЖ басшысы жүзеге асырады.

ІҚЖ басшылығының негізгі қағидаты жеке
дара басшылық ұстанымы болып табылады. Бұл жұмысқа қатысушылардың барлығы басшыға бағынатындығын және қабылданатын шешімдердің мүлтіксіз орындалатындығын білдіреді.

Қойылған міндеттерді жедел шешу мақсатында қызметте кезекшіліктердің келесі түрлері ұйымдастырылады:


  • тұрақты, тәулік бойы;

  • іздеу – құтқару жұмыстарын жүргізу мерзімі;

  • ТЖ болуы ықтимал кезеңде;

  • жоғарыдағы басшылықтың бұйрығы бойынша;

Кезекшіліктің түрін ІҚҚ басшысы нақты жағдайға байланысты белгілейді сонымен бірге кезек ету графигін де бекітеді.

Кезекшілердің негізгі міндеті ақпарат алу, оларды мекемелерге тапсыру, қызметкерлерге хабарлау, жедел іздестіру – құтқару жұмыстарын өткізуге және дайындыққа қатысу.

Құтқарушылар мен қызметкерлерді хабарландыру радио және теле­фон байланыстары арқылы, шақыру құрылғылары және шабармандар жіберу арқылы жүргізіледі.

Байланыс – бұл нақты ұйым мен іздестіру – құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізудің маңызды элементі. Байланыстың ең негізгі бір түрі радиобайланыс болып табылады. ТЖ аймағына жылжу кезінде ол KB және УКВ радиостанциясы командалық – штабтық машинасымен немесе басқа көлік құралдарымен жөнделеді.

Радиохабарды өткізу тәртібі алдын ала белгіленіп, экипаж, станция, байланыс операторлары мен басқа да тартылған мамандарға жеткізіледі. ІҚЖ өткізу кезінде тораптар мен байланыс станциялары, ереже бойынша, бір дегеннен, сонымен қоса барлық элементтер бір уақытта құрастырылады. Тораптар мен байланыс станцияларының орналасуы мен инженерлік жабдықталуы:
  • байланыс құралдары мен жеке құрамды ТЖ – ның зақымдаушы әсерінен қорғауды;


  • талап етілген байланысты уақытында орнатуды және басқару пунктінің лауазымды тұлғаларына жеткізуді;

  • байланыс құралдарының пайдалануға қолайлы болуын;

  • ТЖ зақым келтіру факторларының қауіпі төнген кезде жылдам көшіру мүмкіндігін;

  • байланысты жедел басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

ТЖ аймағында тораптар мен байланыс станцияларының жылдам әрі ширақ орналасуын қамтамасыз ету үшін, бұйрық жеке құрамға аймаққа көшер алдында беріледі, олар келгенде болған жағдайға сәйкес анықтай алады.

Байланыс тораптары мен олардың элементтерін орналастыратын орынды тандау кезінде ұйымдар мен радио – радиожелілік және сым байланыстарының шарттарын, байланыс құралдарын орналастыру мен оларды күзету мүмкіндіктерін ескеру керек.

Радиобайланыс радиобағыт және радиожелісі арқылы тәулік бойы немесе сеанс бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланылатын қысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – бір полюсті модуляция тәртібіндегі телефон (БПМТ). Ультрақысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – модуляциялық жиілік тәртібіндегі телефон. (ЖМТ).

Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша және ось бойынша өрістеп отырады. Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу және далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі – бірнеше басқару пункттері арасында бір кабелді желілер бойынша ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады.

ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі үшін мобильді және тасымалданушы радиостанциалар қолданылады. Ауруханалармен және басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едәуір қашықтықта орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай – ақ СВ және УКВ диапозонды радиостанциялар пайдаланылады.

Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ – ның әртүрлі қысылтаяң – ерекше факторларының әсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану құралдарына, құрал – саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды.



Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері

  2. Дағдарыс орталығы

  3. Жеке дара басшылық ұстанымы

  4. Байланыс, Радиохабарды өткізу тәртібі



3 дәріс. Құтқарушылардың жылжуы

Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы

  2. Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы

  3. Үйінді жағдайындағы, Үйіндінің үстінен жылжулар

  4. Қысылысу жағдайындағы жылжулар Қарда, мұзда жылжу


Құтқарушылар қызметінің кәсіби ерекшелігінің бірі олардың ІҚЖ өткізу орнына қарай және тікелей ТЖ аймағына жылжуы.

Құтқарушылардың ІҚЖ өткізуге қатысулары туралы шешім қабылданған соң, оларды жұмыс орнына жеткізу тәсілдерін анықтайды. Соны­мен қатар, жасақтың орналасқан жері мен жұмыс орнының арақашықтығын, ТЖ сипатын, құтқарушылардың және қажетті техникалар мен қолда бар көлік құралдарының санын ескеру керек.

Құтқарушылар мен жүктерді жеткізудің негізгі көлігі автомобильдер,

поездер, ұшақтар, су кемелері болып табылады. Құтқарушылардың жыл­жуы оларға арналған адамдар мен жүктерді тасу жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелердің талабына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған құжаттарда көлік құралдарын тиеу (түсіру), жолаушыларды орналастыру, қауіпсіздік техникасы, қозғалыс жылдамдығы талаптары егжей – тегжейлі баяндалған.

Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы

Ойлы – қырлы жерлер деп, биік таусыз үстіртті, ойпатты жерлерді айтады. Оған жағдайдың әр түрлілігі тән, соның ішінде тегіс жерлерімен бірге, қыраттар, төбелер, сайлар, жазықтар, көлдер, су айдындары, өсімдіктер жатады.

Бірыңғай үстірт жерлерде жылжу ұзындығы мен жиілігі шамамен бір қалыпты адыммен сипатталады. Аяқты көтерген жағдайда бұлшық етті барынша бос ұстау қажет. Аяқты жерге түсіргенде бұлшық ет қайтадан қатаяды. Тобықтың, аяқ буындарының зақымдануынан қашу үшін аяқты қисайтпай, күшті табанға түсіріп аяқты тік ұстау керек. Тізені сәл бүгіп жүрген дұрыс.


Қадамның алшақтығы мен жиілігі ол әр адамда әртүрлі және ол көптеген факторларға: бойға, салмаққа, күшке, тәжірбиеге, адамның жаттығуына, жер бедеріне, көтерген жүктің салмағына байланысты. Тік жерлерде қадам ұзындығы жартысынан көбіне қысқарады, кейде ол аяқтың тұрқымен тең немесе одан да қысқа болуы мүмкін.

Тегіс жерлермен жылжу кезінде орташа жылдамдық сағатына 4-5 км, ал орман ішінде, батпақта, бұталар арасында, нулы жерде, қарда, құмда жылжу кезінде жылдамдық азаяды.

Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы. Беткеймен жылжуды жеңілдету үшін аңдардың сүрлеулерін, ойдым – ойдым шұңқырларды, жатқан сенімді заттарды, мұз жарғыштарды қолдану керек. Тастың құлауы мүмкін болғандықтан. қорым үстінде жүргенде ерекше назар аудару керек. Қорымдар аяққа жайлы және жайсыз, ұсақ, орташа. ірі тастардан тұрады.

Үйінді жағдайындағы жылжулар. ІҚЖ жүргізу құтқарушылардың үйінділердің үстімен жылжу қажеттілігін тудырады. Жолда сенімсіз элементтер мен қосымша кедергілер болмаған жағдайда жұмыс орнына жылжудың ең қысқа төте бағыты таңдалып алынады.

Құтқарушылар үйіңді жағдайында жылжу кезінде өте сақ болу керек, өйткені онда:


  • зардап шегушілер және материалдық құндылықтар;

  • ғимараттың құламай қалған бірақ құлау қаупі бар бөліктері мен элементтері;

  • қуыс және олардың шөгіп қалуы;

  • бос қалған жерлерде жанғыш және жарылу қаупі бар газдардың жиналуы нәтижесіндегі жарылыстар;

  • өрт және түтін;

  • бұзылған коммуналдық желі мен өнім құбырлары;

  • зиянды заттар, соның ішінде ҚӘУЗ сияқты көптеген күтпеген оқиғалар болуы мүмкін.

Үйіндіге тікелей жақын жылжу кезінде аман қалған құрылысқа назар аудару керек, өйткені олар өте қауіпті. Бұл олардың кенеттен құлап қалу мүмкіндігімен байланысты. Бұзылған коммуналдық шаруашылық жүйесінің де қаупі аз емес. Жекелеген жағдайларда өрт қаупі, жарылу қаупі немесе уланудың қаупі болады.


Үйіндінің үстінен жылжу кезінде қолайлы және қауіпсіз маршрутты таңдайды. Мұндайда аяқ басатын жерге ерекше назар аударады. Сенімді деген затты ғана басу керек. Кейбір жағдайларда жолдан тақтайларды, құбырларды, арматураларды құрылыстың қалдықтарын алып тастау ке­рек. Үйінділердің үстімен жылжу кезінде мұқтаждық болмаса бұзылған ғимараттардың ішіне кіруге, олардың жанында тұруға болмайды. Үйінділердің үстімен жүгірудің, секірудің, оған ауыр заттар лақтырудың керегі жоқ. Бұл құтқарушыларды жарақаттауы мүмкін және зардап шеккендердің денсаулығы мен өміріне қосымша қауіп төндіреді. ІҚЖ жүргізу аймағында кейбір қираған құрылыс болған жағдайда оның ішінде қалған адамдарға көмек көрсету қажет. Осыған байланысты құтқарушылар құрылыстың сенімділігін бағалаулары, жылжудың әдістерін анықтаулары, зардап шеккендерді шығаруы және көшірулері керек.

Қысылысу жағдайындағы жылжулар. Құтқарушылардың ІҚЖ өткізу кезінде қысылысу жағдайында жүрулеріне тура келеді (тар жер, құдық, жарық, құбыр). Мұндай жылжудың ерекшелігі: бір бүйірлеп қырымен, арқасымен, төрт аяқтап ыңғайсыз қалыпта жылжумен жүзеге асуы. Бұған клаустрофобия негізінде пайда болған жабық кеңістіктегі үрей, үнемі қорқыныш сезімінде болумен байланысты психологиялық дискомфортты қосу қажет.

Ереже бойынша, жабық кеңістікте уландырғыш және жарылу қаупі бар заттар жиналады және онда жарық болмайды.

Қысылыс жағдайындағы жұмыс арнайы құралдармен немесе оқшауланған газқағармен жұмыс аймағындағы ауаны тексергеннен кейін жүргізіледі.

Қысылыс жағдайында болған құтқарушы арқанмен сақтандырылуы керек. Жұмыс орны мен баратын жолына жарық түсіру үшін арнайы фонарлар қолданылады.

Қарда жылжу. Құтқарушылар қарда – жаяу, шаңғы, шана, қарда жүргіш, жол талғамайтын техникаларды қолданып жылжуды жүзеге асырады.

Кең таралған тәсілдің бірі – жаяу жүру. Оның жылдамдығы қар жамылғысының биіктігі мен құрылымына, жер өзгешелігіне байланысты. Қар жамылғысының биіктігі 0,3 м және одан да көбірек болса, жаяу жылжу ауыр болады. Бұл жаңа жауған қарда немесе қар жатқан жекелеген шұңқырларда тұтас жол салу ерекшелігімен байланысты. Бұның бәрі көп күшті қажет етеді және тез шаршатады. Сондықтан терең қарда жаяу жылжу кезінде алдыда жүрген құтқарушыны жиі ауыстырып отыру қажет. Қар аяқ киімге түспес үшін шалбар киіп, оның балағын төменгі жағынан байлап қою керек.


Құтқарушылардың қарда жылжу жылдамдығын арттыруға және уақытты үнемдеуге арнайы ыңғайлы қар да киетін аяқ киім (снегоступтар) көмектеседі. Олар қалыңдығы 7 мм, ұзындық пішіні 420 мм және ені 200 мм қырлы сопақша ағаш рамадан жасалған. Рама ернеуінен диаметрі 8-9 мм 20-25 тесік тесіледі, сол арқылы ремен баулармен айқастырылып байланады. Жасалған торға брезент немесе 80 х 270 мм өлшемді тығыз мата және снегоступтарды байлап қоятын шығыршық бекітіледі.

Кейде қардың үстіне қабыршақ – мұз жамылғысы пайда болады. Ол қалың қатты және шамадан тыс тайғанақ болады. Құтқарушылардың мұз – қатқақпен жылжуы жоғарғы дәрежедегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды және арнайы құрылғыларды қолдануды талап етеді (имек темірлер, тіреуіштер). Құтқарушылардың қар басқан беткейлерде жылжуына ерекше көңіл аударулары керек. Мұндай жағдайларда міндетті түрде альпеншток, мұз жарғыш, сырғанамайтын ыңғайлы аяқ киімдерді пайдалану керек. Қалың қарда мұз жарғыш қалақпен, аяқтың ұшымен немесе бәтеңкенің өкшесімен тесіп тепкішек жасауға болады.

Қарлы беткейде құлаған кезде құтқарушы ішімен айналып, беткейге бетін қаратып отырып, аяғын жинап, аяғының ұшымен беткейді тірей отырып, козғалысты тоқтатуы керек.

Кейбір жағдайларда құтқарушылар ІҚЖ өткізу орнына шаңғы арқы­лы жетеді. Кедір – бұдыр жерлерде туристік шаңғыны қолдануға болады, олардың жұмыс беті үлкен және аяқтың ұшы мен өкше жағы жалпағырақ. Онымен қалың қарда еркін жүруге болады, оларды көп кедергілер (ағаштар, бұталар, тастар) арасында меңгеру оңай. Таудан түсуге немесе шаңғымен жылжуға спорттық (жүгіретін) шаңғылар қолданылады.

Барлау жасау, зардап шеккендерді іздеу және оларды тасымалдауда, құтқарушыларды және жүктерді жұмыс орнына тасуға қарда жүргіштер, жол талғамайтын көліктер және тау шаңғылары қолданылады.

Мұздағы жылжулар. Құтқарушылардың мұзбен қозғалулары оларға жоғары талап қояды: қауіпсіз мұздың қалыңдығы тұщы суда 10 см және ащы суда 15 см болып есептеледі. Мұздың қалыңдығын анықтау үшін оны бұрғылау (ою) керек.


Мұздың сенімділігін анықтау үшін салмағы жеңіл бір құтқарушыны қауіпсіздік мақсатында міндетті түрде арқанмен сақтандырып оны мұз үстімен жүргізу қажет. Егер мұз өзіне тән дыбыстар шығарса, онымен жылжу кезінде сытырласа онда жүруге болмайды. Мұз сынған жағдайда міндетті түрде ауыр киімдерді тастап, мұздың үстіне шығып ішімен жатып, шаңғыға немесе шаңғының таяғына сүйеніп, жағаға қарай еңбектеу ке­рек.

Бетін қар немесе су жапқан мұздың үстінде жүру кезінде сақ болған жөн. Бір мұздан екінші мұзға секіру кезінде тіреуіштер мұздың шетіне 50 см жақын болмауы керек. Мұзда бірнеше адам топталып алуға немесе жүкті бір орынға үйіп жинап қоюға болмайды. Мұзбен жүрушілер мен құтқарушылардың қауіпсіз арасы 5м және одан да көбірек болу керек.

Мұз шоғырларында жылжу кезінде тек қана мықты мұз сеңін ғана басу керек.

Көктемдегі еру кезінде мұздың бетіне су молырақ жайылады, мұз кеуекті және нашар болады, Мұндай мұзбен жылжуға болмайды. Олардан жүзу құралдарының көмегімен өту керек.

Құтқарушылар мұзбен жылжу кезінде табаны сырғанамайтын аяқ киімдер немесе арнайы сырғанамайтын құрылғы пайдалану керек. Егер мұздың бетін еріген су басса, онда рифленген табанды резеңкелі аяқ киім кию қажет.

Негізі қауіп мұз басқан батпақтан келеді. Олардың бетінде жұқа мұзды «саңылау» жиі қалады ол адам салмағынан сытырлап сынады. Балдыр шөппен, ағаш өскіндерімен немесе бұталармен жабылған батпақтар нашар қатады. Дөңесті батпақтар біркелкі қатпайды. Ереже бойынша, батпақтың ортасы оның шетінен жақсы қатады. Қалың қар қабатымен жабылған батпақтар өте қауіпті ондағы су баяу және әрелкі қатады.

Батпақтарда жылжу. Батпақ деп – тұрып қалған сулар мен ерекше өсімдіктері бар жерді айтады. Батпақтар сазды, сағалы, орманды, шым тезекті болады.

Батпақтың үстімен құтқарушылар жүрген кезде, ол адам өміріне өте қауіпті болғандықтан тиісті шаралар қарастырылуы керек. Жабысқақ топырақ, су, өсімдіктер, томарлар, батпақты телімдер, үнемі қорқыныш сезімі, құтқарушыларға жайсыздық туғызады. Су мөлшерінің көптігі киімдердің, аяқ киімдердің, керек жабдықтардың су болуына әкеледі. Батпақпен жүру жылдамдығы өте баяу. Құрғақ қырат жерлердің болмауынан от жағу тіпті мүмкін емес.


Жылжу алдында жергілікті тұрғындардан батпақтың «сипатын», соқпақ жолдарды, батпақты жерге салынған құрғақ жолдарды, қауіпті учаскелерді қалай айналып өту қажеттігі туралы ақпарат алу қажет. Барлық киімдер су өткізбейтін матамен оралу керек. Жол қапшықтың бауын барынша босату керек. Құтқару кеудешесі болса, оны киуі тиіс. Денеге поролонды кілемшелерді бекітіп қоюға болады, ал аяқ киімді аяққа мұқият байлап қою ке­рек.

Батпақпен жүретін құтқарушылардың арасы 5-7 м болу керек. Алдағы жүрушіні арқанмен сақтандыру керек. Қозғалысқа қатысушылардың бәрінде тереңдікті өлшеу үшін ұзындығы 3-4 м сырықтар, түбін қармалаушылар, тепе – теңдікті ұстайтын және құлаған жағдайда тірейтін тіреуіштері болу керек. Сырықты оңтайлы жағдайда кеуде алдына жерге қатарластыра ұстап жылжуға перпендикуляр бағыттайды. Батпақ пен мүкті алқаптарда, бұталармен немесе тамырлы өсімдіктер арқылы томардан томарға секіре жылжуға болады. Қадамдар қысқа болу керек, бір орыңда тоқтап қалуға болмайды. Тек қана қапы жерлерде немесе ағашы бар жерлерде ғана дем алуға болады. Батпақта жалғыз жүруге болмайды.

Егер адам батпаққа құласа, онда оған жол қапшығын тастап, көлденең жағдайға түсіп, қадаға сүйенуі керек. Бірден шұғыл қимыл жасамай, тырбаңдамай жайлап шығу керек. Зардап шегушіге арқанды немесе сырықты қолданып көмек көрсету қажет. Зардап шегушіге жақындау кезінде құтқарушы арқанмен сақтандырылу керек.

Батпақ арқылы жүруді жеңілдету үшін құтқарушылар фанер кесектерінен, бұталардан, жеңіл металлдардан жасалған «батпақта жүргіштерді» қолдана алады. Батпақта жүргішті аяққа бекіту, олардың қажетті жағдайда тез шешілуін қамтамасыз ету қажет. Құтқарушылардың батпақпен жылжу кезінде жолындағы ағаштарды белгілермен таңбалап, бұталарға бұйымдар, қарақшылар іліп жүруі керек.

Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуы. Үңгір – жердің үстіңгі бетінде ашылатын бір немесе бірнеше саңылаудан кіретін жер қабатының жоғарғы қалыңдықтағы қуысы. Егер үңгірдің ені мен биіктігі оның ұзындығынан артық болса, онда ол үңгір деп аталады. Тік қуыстың тереңдігі 20 м кем болса құдық, ал 20 м артық болса шахта деп аталады.


Үңгір еріген су мен қардың әсерінен, бүлінген су тасқындарынан, адам әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Жанар таулы, мұзды, тұзды, теңізді, үңгірлер бар.

Үңгірлер түрлеріне қарай цилиндрлі, конусты, саңылаулы, күрделі (құдық және шахта) болады. Орналасуы бойынша – көлденең, еңкіш, тік. Үңгірлер бір қабатты және көп қабатты болады.

Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуының ерекшелігі толық қараңғылық пен жүз пайызды ауа дымқылдығымен белгіленеді. Қараңғыда қашықтықты дұрыс бағаламағандықтан және тастардың орнықсыздығынан тастан тасқа, кемерден кемерге секіруге болмайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арқандар мен сатылар қолданылады. Үңгірлерді арнайы үңгірге арналған шамдармен, фонарлармен жарықтандырады.

Үңгірлерде жылжудағы негізгі қауіп – қатер табиғи опырылып құлаулар және тас құлаулар, ластанған ауа, қолда бар су қоры, адасу мүмкіндігі, түтін шығулар, тар жолдар, психикалық шалдығулармен байланысты.

Өзін өзі тексерцу сұрақтары


  1. Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы

  2. Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы

  3. Үйінді жағдайындағы, Үйіндінің үстінен жылжулар

  4. Қысылысу жағдайындағы жылжулар Қарда, мұзда жыл



4 дәріс. Жергілікті жерді бағдарлау



<< предыдущая страница   следующая страница >>