shkolakz.ru 1

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың шығарған сот актілерін қайта қарау себептері мен олардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасын талдау бойынша


АНЫҚТАМА

2011 жылғы 30 қыркүйек Атырау қаласы


Республика соттарының 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындыларын шығару жөніндегі кеңейтілген кеңестің хаттамалық шешімінде көрсетілген тапсырмаларды орындауға бағытталған іс-шаралар жөніндегі Атырау облыстық сотының 2011 жылғы 01 тамыздағы жұмыс жоспарының 14-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың шығарған сот актілерін қайта қарау себептері мен олардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасына талдау жүргізілді.

Қазақстан Республикасы соттарының сот актілері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, сондай-ақ «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге), «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 29 маусымдағы № 6 және 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге), «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысының ережелері ескеріле отырып ресімделуге жатады.

Сот актісінің құрылымы анық болуға тиіс, ол стилистикалық және грамматикалық тұрғыдан дұрыс жазылуы керек. Сондықтан, сот актілерін сауатты жазу және ресімдеу судьяның кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейінің көрсеткіші, сот талқылауына қатысушылар мен басқа да тұлғаларға құрмет білдіру көрінісі болатындықтан, судьялар шешім қабылдаған кезде іс жүргізу заңнамасының сот актілерінің заңдылығы, негізділігі және дәлелділігі туралы талаптарын орындауға ғана емес, сонымен бірге олардың жазылуы мен ресімделуіне де жауаптылықпен қарауға міндетті.


Сондықтан осы талдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың шығарған сот актілерін қайта қарау себептерін, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын, олардың сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін, Азаматтық іс жүргізу заңнамасы мен басқа да нормативтік актілерге сәйкес ресімделуін анықтау болып табылады.

Талдауды жүргізу барысында Атырау облыстық сотының ұйымдастыру-талдау бөлімімен ұсынылған статистикалық мәліметтер мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың шығарған сот актілері тексеріліп, талданды.

Атырау облысының аудандық және оған теңестірілген соттары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялар:


  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 594 Жарлығына сәйкес тағайындалған Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы – Садбан Ильяс Даулетұлы;

  • ҚР Президентінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 913 Жарлығына сәйкес тағайындалған Атырау қалалық сотының судьясы – Ищанова Гүлсім Болатқызы;

  • ҚР Президентінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 929 Жарлығына сәйкес тағайындалған Атырау қалалық сотының судьясы – Ералиев Сакен Абдуғалиұлы.


2010 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2011 жылдың 9 айында судьялардың жүктемесін төмендегі кестеден көруге болады:

Судьялар


2010-2011 жылдың қалдығы

Түскен арыздар

Кері қайтарылған

Қозғалған іс

Сот бұйрығы

Шешім

Қараусыз қалдырылған

Қысқартылған

Соттылығы

бойынша

Қалдыққа қалған

10

11

10

11

10

11

10

11

10

11

10

11

10

11

10

11

10

11

10

11

Ищанова Г.Б.

3

-

453

515

23

44

426

460

113

60

209

206

64

81


10

34

-

1

61

128

Ералиев С.А.

40

-

511

457

23

28

491

390

146

47

182

274

37

33

37

65

1

1

68

10

Садбан И.Д.

29

5

365

392

50

76

308

214

9

9

218

198

16

29

22

27

2

-

67

56

Барлығы

72

5

1329

1364

96


148

1225

1064

268

116

609

678

117

143

69

126

3

2

196

194


Азаматтық істермен танысу барысында судьялармен талап арызды қабылдау, талап арызды қайтару кезінде ҚР АІЖК-нің 152, 154-баптарының талаптары заңды және негізді қолданылғаны анықталды.

Азаматтық істермен танысу барысында шешімдердің негізінен АІЖК-нің 18 тарауының, ҚР Жоғарғы сотының «Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысының талаптарына сай шығарылатындығы анықталды.

Сот шешімдері Қазақстан Республикасы атынан сот отырысында материалдық және процессуалдық заң талаптарына сәйкес шығарылған.

Шешімде тараптардың, іске қатысқан басқа да тұлғалардың түсініктемелері, куәлардың жауаптары үшінші жақтан келтіріліп жазылған.

Сот шешімдерінің мәтініне ресми құжаттарда қолданылмайтын қысқартулар қолданылмаған.

Шешімдер АІЖК-нің 14-бабына сәйкес талап арызды қабылдау туралы ұйғарымда белгіленген сот ісі жүргізілетін тілде жазылған.

Шешімдердің кіріспе бөлігінде шешім шығарылған уақыты мен орны, шешім шығарған соттың атауы, сот құрамы, сот мәжілісінің хатшысы, тараптар, іске қатысушы тұлғалар және өкілдер, даудың мәні немесе мәлімделінген талап, сипаттау бөлігінде талап қоюшының мәлімдеген талаптарының мазмұны, талаптары, жауапкердің наразылығы және іске қатысушы басқа да тұлғалардың түсініктері көрсетілген.


Тараптар занды тұлғалар болған жағдайда тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттарға сәйкес көрсетілген.

АІЖК-нің 221 бабында көзделгендей шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.

Шешімдердің дәлелдеу бөлігінде істегі соттың анықтаған мән-жайлары, құқықтары мен міндеттер туралы соттың корытындылары негізделген дәлелдемелері қабылдамай тастаған дәлелдемелердің негіздері, басшылыққа алған зандары, жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны жөнінде көрсету қажет. АІЖК-нің 193-бабының талаптары бойынша жауапкердің талап қоюды мойындауы жазбаша арызда жазылса, ол іске тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Жауапкер талап коюды мойындағанда және оны сот қабылдаған кезде сот мәлімделген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың шығарған сот актілерін қайта қарау себептерін зерделеу

2011 жылдың 9 айында Атырау облыстық сотына апелляциялық тәртіпте қаралу үшін 2010 жылдың қалдықтағы 47 азаматтық ісімен қоса барлығы 941 іс түскен. Соның ішінде, Атырау қалалық сотының судьялары – Г.Б. Ищанованың сот актілері бойынша – 25 іс, С.А. Ералиев – 50 іс, экономикалық соттың судьясы – И.Д. Садбанның сот актілері бойынша – 51 іс апелляциялық тәртіпте қаралу үшін түскен. Судья Г.Б. Ищанованың сот актілері бойынша апелляциялық тәртіпте қаралу үшін түскен істердің саны алқаға түскен барлық істердің - 2,6 пайызын, С.А. Ералиевтің сот актілері - 5,3 пайызын, И.Д. Садбанның со актілері – 5,4 пайызын құрайды.

2010 жылдың 9 айымен салыстырғанда алқаға түскен істердің саны ағымдағы жылдың 9 айында судья Г.Б. Ищанованың сот актілерін қайта қарау 21-ге немесе 84 пайызға (2010 жылдың 9 айында – 4 іс), С.А. Ералиевтің сот актілері 37-ге немесе 74 пайызға (2010 жылдың 9 айында – 13 іс), И.Д. Садбанның сот актілері 6-ға немесе 11,7 пайызға (2010 жылдың 9 айында – 45 іс) көбейген.


Аталған судьялармен 2010-2011 жылдың 9 айында қабылданған сот актілері кассациялық тәртіппен өзгертілмеген немесе күші жойылмаған.

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылдың 9 айында апелляциялық, қадағалау тәртібімен шешімнің күші жойылуына, өзгеруіне жол берген судьялар:


Судьялар

шығарылған шешім 2010/2011

апелляциялық тәртіппен 2010/2011

ҚР ЖС қадағалау тәртібімен 2010/2011

өзгертілген

күші жойылған

өзгертілген

күші жойылған

Ищанова Г.Б.

182/213

-/1

-/-

-/-

-/-

Ералиев С.А.

209/274

1/2

-/-

-/-

-/-

Садбан И.Д.

218/225

4/-

1/2

-/5

3/-

Барлығы

609/712

5/3

1/2

-/5

3/-



Статистикалық мәліметтерге қарағанда 2011 жылдың 9 айында сот актілері тексеріліп отырған судьялармен шешім шығарумен аяқталған барлығы: Г.Б. Ищанова – 213 іс, С.А. Ералиев – 274 іс, И.Д. Садбан – 225 іс.

2011 жылдың 9 айында апелляциялық тәртіпте қаралған 2 шешімнің күші жойылып, 3 шешім өзгертілген. Атап айтқанда, судья Г.Б. Ищанованың 1 шешімі, С.А. Ералиевтің 2 шешімі өзгертіліп, И.Д. Садбанның 2 шешімінің күші жойылған.

Шешімдердің күші жойылуының себептері:


  • бірінші сатыдағы сотпен анықталған іс үшін маңызы бар мән-жайлардың толық дәлелденбеуі – 1 шешім бойынша;

  • бірінші сатыдағы сот қорытындыларының шешімде көрсетілген мән-жайларға сәйкес келмеуі – 1 шешім бойынша.

Мысалы, Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысымен Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы И.Д.Садбанмен 2011 жылғы 18 шілдеде қабылданған «Атырау облыстық перзентханасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық мекемесінің «КазТест» жауапкершілігі шектелген серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану жөніндегі талап арызын қанағаттандыру туралы шешімнің күші жойылған.

Апелляциялық алқа сот шешімінде көрсетілген қортытындылардың сотпен анықталған істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін анықтаған, яғни мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған жауапкердің тарапынан заң бұзушылықтар болмағаны, талап қоюшының тарапынан заң талаптары бұрмаланғаны анықталған. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі шартқа қосымша жіберілген техникалық тапсырмада бастапқы жұмыс көлемі ұлғайтылып, ол аталған шарттың құрамдас бөлігі болып танылмайтыны анықталған.Осының салдарынан, жауапкер шартқа қол қоюдан бас тартуын апелляциялық алқа негізді деп тауып, сот шешімінің күшін жойып, іс бойынша талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.

2011 жылдың 9 айында апелляциялық алқамен күші жойылған екі шешім бойынша да судья тарапынан жіберілген қателіктер өрескел деп айтуға болмайды, бұл істер бойынша сот шешімінің күші жойылуына істің мән-жайларын дұрыс анықтай тұрғанымен соттың қате қорытындыға келуі себеп болған.


Шешімдердің өзгеруіне келесі мән-жайлар себеп болған:


  • бірінші сатыдағы соттың шешімде баяндалған қорытындылары істің мән-жайына сәйкес келмеуі – 2 шешім бойынша;

  • бірінші сатыдағы сотпен анықталған іс үшін маңызы бар мән-жайлардың толық дәлелденбеуі – 1 шешім бойынша.

Мысалы, Бердигалиева Айнагул Акигереевнаның, Сейталиева Динагуль Абиевнаның Атырау облыстық аумақтық нотариаттық палатасынан әрқайсының пайдасына 13 700 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы талаптары жөніндегі азаматтық ісі бойынша алқаның 2011 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен Атырау қалалық сотының 2011 жылғы 18 наурыздағы талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімі (судья Ищанова Г.Б) өзгертіліп, шешімнің Бердигалиева Айнагул Акигереевнаның, Сейталиева Динагуль Абиевнаның Атырау облыстық аумақтық нотариаттық палатасынан әрқайсысының пайдасына 100 000 теңге моральдық зиян өндіруден бас тартылған бөлігінің күші жойылып, жаңа шешім шығарылған.

Шешімнің өзгеруіне бірінші сатыдағы соттың шешімде баяндалған қорытындылары істің мән-жайына сәйкес келмеуі себеп болған.

Бірінші сатыдағы соттың анықтаған жағдайларына қарағанда, 2010 жылғы 30 сәуірдегі Атырау қалалық сотының шешімімен 2010 жылдың 20 ақпанындағы Атырау облысы аумақтық жекеше нотариустарының жалпы жиналысының хаттамасындағы А.А.Бердигалиева мен Д.А.Сейталиеваға «сөгіс» жариялау туралы бөлігі жарамсыз деп танылған.

Осыған байланысты АІЖК-нің 71 бабының 2 бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне еңген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейтіндіктен және жауапкердің талап қоюшылардың құқықтарын бұзғаны сот шешімімен анықталғандықтан алқа талап қоюшылардың талаптарын ішінара қанағаттандыру туралы жаңа шешім алып, олардың әрқайсысына жауапкер Атырау облыстық аумақтық нотариаттық палатасынан 100 000 теңгеден моральдық зиян өндіріп, сот шешімінің жауапкерден 13 600 000 теңге өндіруден бас тарту туралы бөлігін өзгеріссіз қалдырған.


Сондай-ақ 31 қаңтар 2011 жылғы апелляциялық алқа қаулысымен А.Мендигалиеваның жеке кәсіпкер Г.Камиеваға жұмысқа қайта қосу, амалсыздан бос жүрген уақытына еңбек ақы, моральдық зиян өндіру, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты шығаруға міндеттеу, зейнетақы қорына зейнетақыны аудару туралы талабы бойынша шығарылған соттың 2010 жылғы 09 желтоқсандағы шешімінің зейнетақы қорына 80000 теңге аудару туралы бөлігі өзгертіліп, аударылған зейнетақы сомасы 70 000 теңге мөлшеріне төмендетілген.

Шешімнің өзгеруіне бірінші сатыдағы сотпен аударылуға тиіс зейнетақы мөлшерін дұрыс есептемей, 10000 теңгеге қателесуі себеп болған (судья С.А. Ералиев).

2011 жылғы 27 сәуірдегі облыстық соттың апелляциялық алқа қаулысымен А.Ш.Кұспанның Атырау қаласының әкіміне, О.В.Беловқа әкімнің шешімін заңсыз деп тану, жер учаскесіне меншік құқығы туралы актіні жарамсыз деп тану және сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша шығарылған сотттың 2011 жылғы 22 ақпандағы шешімі өзгертіліп, соттың қойылған талап шегінен шығуына байланысты жерді сатып алу-сату шарты 0, 0460 га мөлшеріндегі даулы жер көлемінде жарамсыз деп танылып, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Аталған азаматтық іс бойынша сот шешімнің өзгертілуіне себеп болған мән-жай - А.Ш.Құспан мен А.О.Абдрашевтің арасында 2010 жылғы 9 сәуірде жасалған жер учаскесін сатып алу-сату шартын толық жарамсыз деп тани отырып, сот қарсы талап қоюшы О.В.Беловтың қойып отырған талабының шегінен шығып кеткен және шартты дауланбаған бөлігінде де жарамсыз деп тану туралы қате шешім алған.(судья Ералиев С.А.)

2011 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау тәртібімен 5 шешім (барлығы судья И.Д. Садбанның сот актілері) өзгертіліп, күші жойылған шешімдер болмаған.

Аталған бес шешімнің үшеуінің өзгертілуі бойынша жалған кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалармен қарым-қатынаста болған контрагенттерге қатысты салық органының хабарламасын даулау туралы істерге байланысты облыс соттарында қалыптасқан сот тәжірибесінің салдары деп бағалауға жатады.


Сондай-ақ Альшванг В.А. жеке кәсіпкері сотқа талап арыз жолдап, кепіл шарттарына өзгеріс енгізуді сұраған. Сотта талап қоюшы талапты нақтылап, оның мөлшерін ұлғайтып, кепіл шарттары бойынша кепілге салынған мүлік бағасын анықтап, қарызды кепіл мүліктен өндіріп алуды сұраған.

«Альянс Банк» АҚ қарсы талап мәлімдеп, 6 540 486 теңгені өндіруді сұраған.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2010 жылғы 11 маусымдағы шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, кепіл шарттарына өзгеріс енгізіліп, кепіл мүлік құны анықталған, аталған кепіл шарттары бұзылған. Қарсы талап толық көлемде қанағаттандырылған.

Аталған сот шешімі апелляциялық және кассациялық тәртіппен қаралмаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасының 2011 жылғы 03 тамыздағы қаулысымен АІЖК –нің 387 бабының 3 бөлімі негізінде сотпен материалдық заң нормаларының дұрыс қолданылмауына байланысты сот шешімі өзгертілген.

Қаулыда көрсетілгендей, талап қоюшы мен жауапкердің арасында көзделгендей, кепіл ұстаушының келісімінсіз борышкердің кепіл мүліктерінің құнын өзгертуге немесе қайта бағалауға құқы болмаған, сонымен қатар тараптардың арасында дауланып отырған тоғыз кепіл шартынан сот алтауы бойынша талапты қанағаттандырған кезде қалған кепіл мүлкінің құны талап қоюшының қарызын өтеуге жетпейтінін ескермеген.

Сондықтан сот шешімінің істің анықталған мән-жайларына сәйкес келмеуіне байланысты жоғары тұрған сот алқасы шешімді өзгертіп, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім алып, шешімнің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдырған.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (судья Садбан И.Д) 2010 жылғы 10 тамыздағы талап қоюшы «Евро-Азия Эйр Авиакомпаниясы» АҚ жауапкер «Атырау облысының кеден департаменті» мемлекеттік мекемесіне кедендік хабарламаны даулау жөніндегі азаматтық іс бойынша алынған шешімі сот тарапынан материалдық заң нормаларының дұрыс қолданылмауына байланысты өзгертілген.

Талдау негізінде аталған судьялардың жалпы жұмыс көрсеткіштері қанағаттанарлық жағдайда деген қорытындыға келе отырып, анықтаманы осы судьялардың қатысуымен Атырау облыстық сотының жалпы отырысында талқылауды, аталған судьяларға кәсіби білімі мен тәжірибесін шыңдау барысында үнемі жұмыстану керектігін қатерлеріне беру қажет деп санаймын.


Атырау облыстық сотының судьясы Исамберлиева Г.Ғ.