shkolakz.ru 1
Астана ақшамы. – 2012. - №143-144. – 15 желтоқсан


Тоқтамұрат Қ.

Еңбектене білгеннің еңсесі биік

Тәуелсіздіктің 21 жылдығына орай Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ елордалық азаматқа Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табыс етті:

- Тәуелсіздік - мемлекетіміздің ең басты құндылығы. Оның мәні мен мәртебесі қазақ елі үшін қаншалықты қадірлі екендігін сіздер мен біздер жақсы білеміз. «Ер мансабы - ел ниетінен» дейді. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына сіздердің қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз үлкен. Бүгінгі марапатты мемлекеттің сіздерге деген ізеті мен құрметі деп білгейсіздер, - деді.

Иманғали Нұрғалиұлы тәуелсіздік алғалы елорда да қарқынды өсіп, халық саны 2,5 есеге көбейгенін, еліміз бойынша ішкі жалпы өнімдегі Астананың үлесі 7 есе өскенін атап өтті. Сондай-ақ, елорда Астана болғалы 10 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, соның 4 млн. шаршы метрі соңғы үш жыл ішінде салынған.

Астананың қол жеткізген жетістіктерін нақты көрсеткіштермен атап көрсеткеннен кейін елорда әкімі марапаттау рәсімін бастады.

Елордалықтардың ішінен III дәрежелі «Барыс» орденімен Ұлттық ғылыми медициналық орталығының бас директоры Абай Байгенжин, «Парасат» орденімен «Корпорация «Цесна» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Серік Жақсыбеков және «Кон­церна «Цесна-Астық» ЖШС басқарма төрағасы Николай Ме­щеряков марапатталды.

Елорда әкімінің қолынан «Кұрмет» орденін «Шар-Құрылыс» ЖШС атқарушы директоры Берік Аманов, № 1 қалалық емхананың дәрігері Людмила Астахова, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлтгық университетінің кафедра меңгерушісі Рахметқажы Берсімбай, «ПСК «Клен» ЖШС бас директоры Франц Вольский, Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы камералық хорының көркемдік жетекшісі Ержан Дәуітов, «Жолаушыларды тасымалдау орталығы» ЖШС директорының бірінші орынбасары Бақытжан Ертаев, «Құлагер» құрылыс корпорациясы» ЖШС бас директорының орынбасары Нұрлан Жылқайдаров, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехиикалық университетінің рек­торы Ақылбек Күрішбаев, «Арқа-Құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Серік Мантаев, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық фи­лиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов, «Опера жане балет театры» ЖШС директоры Василий Петрущак, № 1 қалалық аурухананың дәрігері Валенти­на Попова, № 8 Балалар мен жасөспірімдер мамандандырыл-ған олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Жомарт Сабыржанов және «Беркат» консорциумының басқарма төрағасы Сайфудин Хамхоев алды.


«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Астана су арнасы» МКК бас ди­ректоры Уәлихан Досаев және осы мекеменің бригадирі Мұратбек Әлжанов, Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Құралай Ешмұратова, «Билд Инвестментс Групп» АҚ директор­лар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев, «Азия-Фрахт» ЖШС бас директоры Тамара Лавриненко, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасының бастығы Медер Мәселов, «Қайсар» спорт клубының дирек­торының орынбасары Алевтина Новикова, №60 мектеп-лицейдің директоры Эльмира Суханбердиева, «Астана-Қамқор» ЖШС бас директоры Тимур Уразаков және «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКҚ директоры Мирас Шекенов марапатталды.

«Шапағат» медалімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше меңгерушісі Ләззат Аяшева, қалалық балалар жұқпалы ау­рулар ауруханасының мейірбикесі Галина Баетова және №1 қалалық аурухананың аға мейірбикесі Та­мара Торкина марапатталды.

Сондай-ақ, 7 адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. Олар - Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының қызметкерлері Түймехан Атымтаева, Нұрлан Жұманиязов, Гүлбаршын Қылышбай, Кеңесбай Нұрланов және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мұхтарбай Өтелбаев, жазушы Тортай Сәдуақас, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы «Сарыарқа» ұлттық аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі Нұрлан Хамзин.

Бұдан өзге бір топ азамат Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.