shkolakz.ru 1
Облыс әкімдігінің 2013 жылғы


«__» ________ № __қаулысына

қосымша


Облыс әкімиятының 2008 жылғы

«10» сәуірдегі № 88 қаулысымен

бекітілген


Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасы туралы

ереже


  1. Жалпы ережелер


      1. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      2. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.


8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі -77;

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы кәсіпкерлік субъектілерімен Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері


13. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының миссиясы:

Атырау облысы бойынша қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін ұстау және сапасын тұрақтандыру.

14. Міндеттері (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 20-бабының 1, 3, 3-1, 4, 5, 6, 7, 8, 15, 16 тармақтары, 48- бабының 2 тармағы, 71-бабының 3-тармағы, 184-бабының 1- тармағының 4-тармақшасы, Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабының 1, 2, 3, 8, 10, 14-тармағы, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2, 2-1, 4-тармақтары, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV «Жер қойнауы және және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 27 бабының 4, 8, 12, 13, 13-1-тармақтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1456 «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының 7- тармағының 4- тармақшасы және 42- тармағы, (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №303-III «Мемелекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1677 «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Жарлығы):


1) Атырау облысы аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі іс - шараларды көздейтін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар мен өзге де құжаттарды әзірлеуді және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;

2) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;

3) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;

4) ормандарды күзетудi, қорғауды, молайту мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;

5) қалдықтарды басқару жөнінде бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

6) Атырау облысы шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеу барысында шарттық міндеттемелерді сақтауы;

7) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға түсетін эмиссияларға рұқсаттар беру;

 15. Функциялары (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 20-бабының 1, 3, 3-1, 4, 5, 6, 7, 8, 15, 16 тармақтары, 48- бабының 2 тармағы, 71-бабының 3-тармағы, 184-бабының 1- тармағының 4-тармақшасы, Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабының 1, 2, 3, 8, 10, 14-тармағы, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2, 2-1, 4-тармақтары, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV «Жер қойнауы және және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 27 бабының 4, 8, 12, 13, 13-1-тармақтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1456 «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының 7- тармағының 4- тармақшасы және 42- тармағы, (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №303-III «Мемелекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1677 «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Жарлығы):


1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;

2) облыстағы экологиялық проблемалар тізбесін дайындау;

3) экологиялық сараптама саласындағы құжаттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу және мұндай құжаттардың бастамалық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қарауына беру;

4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуді тіркеу;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тарту;

6) экологиялық білім беру мен ағарту жөніндегі оқу және әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге ұсыныстар беру;

8) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу;

9) орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, орман өсіру және ұдайы өсіру жөніндегі салалық бағдарламаға енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;

10) мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөнінде жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

11) өртке қарсы насихаттауды ұйымдастыру, орманды сақтау, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуы мәселелері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялап отыру;

12) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

13) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімдік пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді ұйымдастыру және өткізу;

14) ведомстволық бағыныстағы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің жануарлар әлемін сақтау, ұдайы өсіру және пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіру, оған басшылық жасау және бақылау;


15) бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтары, белдеулері және санитарлық қорғау аймақтарын белгілейді және су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;

16) бассейндік кеңестер жұмысы мен бассейндік келісімге қатысу;

17) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;

18) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін тікелей келіссөздер жүргізу;

19) заңнамада белгіленген тәртіпте кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау жүргізуге арналған келісім-шарттарды жасасу, тіркеу және орындау;

20) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілелерді тіркеу;

21) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңғырту) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;

22) жер қойнауын пайдаланушылардың Келісім-шарттық міндеттемелері мен жұмыс бағдарламаларын сақтауы жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу;

23) жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу (конкурстар өткізу, шарттар жасасу, қаржыландыру және шарттардың орындалуын бақылау);

24) II, III, IV санаттардағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

25) II, III, IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға түсетін эмиссияларға рұқсаттар беру (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 71-бабының 3-тармағы);

26) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес басқарма ішінде және ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде ішкі қаржылық бақылауды жүргізу;


27) Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;

28) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, теміржолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат беру.

16. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мыналарға:

1) оларды жүргізіп жатқан кезде экологиялық талаптар бұзылатын жұмыстарды белгіленген тәртіппен тоқтата тұру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) облыс әкімдігіне Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдық-әдістемелік және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) экологиялық жүйелер жағдайына кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салу немесе реттеу арқылы облыс әкімдігіне Солтүстік Каспийдің қорықтық аймағындағы қорғау аймақтарын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

4) мемлекеттік органдардан, меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдардың қолданыстағы заңнамамен және нормативтік құжаттармен белгіленген мерзімдерде Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді алуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда, олар бойынша түсінік беруді талап етуге;

5) қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

6) жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға;

7) табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге арналған шарттар жасасуға;

8) облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмасымен атқарушы билік органдарында, Қазақстан Республикасының басқа да субъектілерде Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі атынан өкілдік етуге;


9) шоттарын ашуға және өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық шарттардың ережелерін сақтай отырып, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерімен және алыс шетелдермен валюталық операциялар жүргізуге;

10) экологиялық аудит, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге және олардың қорытындыларының орындалуын тексеруге құқылы.

17. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы:

1) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

2) облыс басшылығына уақтылы ақпарат беруге;

3) қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.


      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру


      18. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына басшылықты Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына      жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.

  19. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығын Атырау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

   20. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының өкілеттіктері:

1) өз орынбасарларының және Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларға тәртіптік жаза қолданады;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының атынан өкілдік етеді;

4) Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы туралы ережені облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

5) белгіленген қызметкерлер саны және еңбекақы қоры шегінде Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының штат кестесін бекітеді;

6) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;

7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді және қызметтік құжаттамаға қол қояды;

8) заңнамамен белгіленген тәртіпте Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлерін көтермелеу шараларын алады;

9) Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.


4. Мемлекеттік органның мүлкі


22. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



5. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрылымы


25. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрылымы:


  1. басқарма бастығы;

  2. басқарма бастықтың орынбасарлары;

  3. құқықтық, ұйымдастыру, қаржы және кадр жұмысы бөлімі;

  4. табиғат қорғау бағдарламалары бөлімі;

  5. мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі;

  6. жер қойнауын пайдалану, орман және су шаруашылық бөлімі;

  7. экологиялық реттеу және рұқсат беру бөлімі.



6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


26. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын қайта ұйымдастыру және  тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


7. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарауындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі


  1. «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» мемлекеттік мекемесі;

  2. «Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» мемлекеттік мекемесі;

  3. «Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» мемлекеттік мекемесі.