shkolakz.ru 1
Халенова А.Р.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы


Ағылшын тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлі


Шетел тілдерін үйде оқыту жұмыстарын ұйымдастыру әдісі мен теориясының маңызды бағыттарының бірі – үйге берілген сабақ проблемасын шешудің маңыздылығы ерекше негізі -оқытуды ұйымдастыру формасы болып табылады. Шетел тілі сабақтарына қойылатын негізгі мақсаттар мен олардың теорияларына сәйкес құрылу принциптеріне, сабақ типтері мен түрлеріне, жаңашыл педагогтардың сабақ бойынша тәжірибелеріне талдау жасадық.

Сонымен бірге таным қабілеті ғылымын оқытудың болашағы мен дамуын және оның бағдарламасын белгілеудің, бүкіл әлемдегі және Қазақстандағы оқытуды ақпараттандыру үрдісінің қазіргі ақпараттандыру коммуникациялық практикасын енгізудің негізі жасалып отыр. Ағылшын тілі сабағын оқытуда таным қабілетін арттыру арқылы ағылшын тілі сабағын өткізуге оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу, яғни:

- ағылшын тілі сабағын өткізуде сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастыру проблемаларын зерттеу;

- оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуде сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастыру барысында болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесін жасау;

- оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесін тиімді зерттеу тұрғысынан эксперимент жүргізу.

Ағылшын пәні бойынша оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға, әсіресе сабақта сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастыру кезінде өз бетінше ізденіп білім алуға үйрету басты назарда болады. Қазіргі оқу үрдісіне қойылатын басты талаптардың бірі - шығармашылық тұлғаны қапыптастыру. Мұндай жетістікке жету үшін алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру қажет. Оқушының сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастырудың бір жолы - оларды өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Бұл бағытта оқушының танымын арттыруда мынадай жұмыс түрлері тәжірибеде қолданылып жүр:


1. Оқушылардың қисынды ойлауын дамытатын, яғни сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы тапсырмалар беру.

2. Оқулықта немесе қосымша үйге берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері.

3. Үйге берілген тапсырма сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастыруға арналған жұмыс түрлері.

Негізінен, шет тілін оқыту процесінде оқушыларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді:


  • ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;

  • студент өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады;

  • студенттің жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады;

  • топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді;

  • ойлауды белсендіреді;

  • ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді;

  • тындау дағдысын қалыптастырып, өзгені тындай алады.

Әрине мүндай тәсілді қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес. Осыдан келіп студенттердің алдында шынайы және психологиялық қиындықтар туындайды.

Шынайы қиындық:

- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда;

-жүріп жатқан әңгіме оқушыларға қызық емес болса;

-әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда туындайды.

Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа қарағанда жиірек кездеседі. оқушылар мұндай жағдайда көбінесе үнсіз калады.


Яғни:

- оқушылар өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды таба алмағандықтан үндемейді;

- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді;

- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.

Мұндай жағдайда оқушыларды сөйлеу үшін оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, студентті өз әрекеттерін тындай білуге үйрету керек.

Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білуі керек. Ал мұндай атмосфераның орнауына Н.В.Гавриленконың төмендегі пікірлерімен толықтай келісуімізге тура келеді.

Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда итерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқыту процесіне сай болуы керек. Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жатты-ғулар студенттердің білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өзі табуға дағдылануы керек.

Оқушылардың бірі оқьпушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай оқушылар нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдайда студенттерді топқа не болмаса жұпка біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр студенттің өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен студентер үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы студент топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық студенттердің, әсіресе білімі төмен студенттердің нәтижелі жұмыс істеуін кездейді. Осылайша оқушылар бірігіп қиындықтың алдын алады.


Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауга бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін өздері бағалайдыда олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін - өзі бақылау, жұптық өзара бақылау. Топтық өзара бақылау кезендері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.

Бұл бақылауды төмендегі бағалау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болады.

Өздік бағалауы

1. Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары

2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орташа, жоғары

3. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орташа, жоғары

Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды)

1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу әдебі: төмен, орташа, жоғары

2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы: төмен, орташа, жоғары

3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті; төмен, орташа, жоғары.

Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады.

Бұл бағыттау мен бағалау оқушылардың бойында мына қасиетгерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамдык, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті т.б.

Жалпы шетел тілі сабағында қолданылып жүрген ролдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс - диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық -танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс белгілері болып табылады. Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме түрлерін қолдану арқылы іс-әрекетті талқылау, қарама-қарсы кайшылықты мәліметтер беру арқылы пікір таласын тудыру студенттің пәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады. Ең бір жалқау деген студенттің өзі де өз ойларын ортаға салуға тырысады.


Сабақ барысында қолданылған төмендегі бір-екі мысалға көңіл аударайық.

Белгілі бір өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларды үш топқа бөліп, оларға негізгі тақырыпқа байланысты ("Travelling" тақырыбын пайық) тақырыпшаларды береміз:

1 топқа" Travelling by train"

2 топқа "Travelling by bus"

3 топқа "Travelling by plane"

Әрбір топ өздеріне берілген тақырыпшалар бойынша ассоциограмма жасайды. Ассоциограмманың көмегімен топ студенттері бірігіп, өздеріне берілген саяхат түрлері жайлы толық мағлұмат бере отырып оныңтиімді және тиімсіз жақтарына шыңайта білулерікерек. Соныменқатар әртопқақойылатынталап тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін көбірек пайдалану және талқылауға топстуденттерініңтүгелдейқатысуын қадағалау. Соңында оқытушы топтарға бірін – бірі бағалауға мүмкіндік беріп, өзінің қойған бағасымен корытындылай отырып, әртоптың ортақ бағасын шығарады.

Осы тәрізді тәсілді грамматикалык жаттығуларды орындату кезіндеде пайдаланған өте тиімді. Мұндай жағдайда топ оқушылары әрбір ұпай үшін күреседі. Себебі грамматикалықтұрғыдан әрбір дұрыс жасалған сөйлем оларға ұпай әкеліп отырады. Тапсырманы орындау кезінде студенттер өздерінің бар білгендерін топ мүшелерімен бөліседі. Бұл кейбір грамматикалык материалдарды түсінбей жүрген оқушыларға үлкен көмегін тигізеді.

Ал мәтіндермен жұмыс жасау кезінде оқушылардың берілген мәтінді кемінде екі рет оқығандары дұрыс. Бастапқыда олар мәтінге тек көз жүгіртіп, жалпы идеяны немесе басты проблеманы түсіне алады, ал одан соң мұқият көңіл бөліп бастан аяқ оқып шығады. Бұлайша жасау талқылаудың алдында тұжырымды логикалык тұрғыдан кайта пысықтауға көмектеседі.

Сабақ уақытын мейілінше үнемді пайдалану үшін мәтінді үйден оқып келуді тапсырған дұрыс.

Қорыта айтқанда интерактивті тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға оқытылып отырған тілдің практикалык тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін окып үйренуге деген қызығушылығын арттырады.


«Жеті жұрттың тілін біл, жеті жұрттың қамын же» дейтін бабаларымыз тілдің құдіреттілігін ертеден-ақ айқындап берген. Ел ертеңіне алаңдайтын болашақ тұтқасын ұстайтын саналы да білімді ұрпағымыздың қалыптасуына тілдің әсері мол. Өнер атаулының ішіндегі ең құдіреттісі сөз өнері, сөйлеу өнері екендігін оқушыға сезіндіре отырып, ағылшын тілі сабағында қазақ тілімен шетел тілін сабақтастыра отырып, оқушының өз тілін қастерлеуге, өзге тілді білуге, үйренуге деген талпынысын арттырамын. Сонымен ойы терең, сөзі өткір, өзіндік пікір болжамы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуде тіл үйренудің заман қажеттілігінен туындағаны анық.


Пайдаланылған әдебиеттері тізімі


1. Самыкова В.В. и другие. Интерактивные методы обучения демократии. Т., 2004.

2.Т.Н.Марамзина. Личностно-ориентированное обучение (интерактив)// Иностранные языки в школе.2004, №21-22, 8 с.

3.Барболин М.Г. Методологические основы развивающего обучения.- Москва: Высшая школа, 1991

4.Дженкине С. Фаттахова Л. Интерактивные методы обучения и управление йассом. К., 2004

5. Под.общ. ред. ЖА Кулекеева, Г.Н. Гамарника, Б.С. Адрасилова. Основы кредитной системы обучения в Казахстане//Алматы: Қазақ университеті, 2004. -198 с.

6.Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004


Key words: extracurricular work, English lessons, teaching students to art, individual works, types of assessment.

Тірек сөздер: сыныптан тыс жұмыстар, ағылшын тілі сабағы, оқушыларды шығармашылыққа баулу, жеке тапсырмалар, бақылау түрлері.

Ключевые слова: внеклассные работы, уроки английского языка, творческое обучение, индивидуальные задании, типы оценки.

Түйіндеме: Сыныптан тыс жұмыстар- шет тілін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бұл мақалада шет тілін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру маңызы мен жолдары қарастырылған.


Абстракт. Внеклассная работа – один из важнейших факторов в организации самостоятелной работы в обучении иностранному языку. В данной статье рассматриваются роль и пути организаций внеклассных работ в обучении английскому языку.


Abstract. Extracurricular work is one of the important factors in the organization of independent works in teaching foreign languages. The article touches upon with the role and organization of extracurricular work in teaching foreign languages.