shkolakz.ru 1 2 ... 6 7
i.


ii.Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

iii.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

iv.Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар факультеті

v.3 деңгейдегі АӘК құжаты

vi.ПОӘК

vii. «Компьютерлік графика» пәнін

viii.Оқу әдістемелік кешені

ix.ОӘК

x.№2 баспа

xi.«__»_______2012 ж.

xii.

xiii.ПОӘК 042–14-02-03.1.20.275/02-2012

xiv.

xv.

xvi.

xvii.

xviii.

xix.

xx.

xxi.

xxii.

xxiii.

xxiv.

xxv.ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

xxvi.

xxvii.«Компьютерлік графика»

xxviii.

xxix.5B0602
00 - «Информатика» мамандығына арналған

xxx.

xxxi.Оқу-әдістемелік материалдар

xxxii.


xxxiii.


xxxiv.


xxxv.


xxxvi.


xxxvii.


xxxviii.


xxxix.


xl.

xli.

xlii.

xliii.

xliv.

xlv.

xlvi.

xlvii.

xlviii.

xlix.

l.

li.

lii.

liii.Семей

liv. 2012.

lv.

lvi.

МАЗМҰНЫ

lvii.



lviii.Глоссарий



lix.Дәрістер



lx.Зертханалық жұмыстар



lxi.Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары

lxii.

1. Глоссарий

Осы ОӘМ келесі терминдер қолданылған:


lxiii.1.1 Компьютерлік графика - ЭЕМ көмегімен модельдерді және олардың бейнелерін құру, сақтау және өңдеу болып табылатын ғылым.

lxiv.1.2 Растрлық графика - көптеген ұсақ бөлінбейтін нүктелерден(пиксельдерден) тұратын тікбұрышты матрица.

lxv.1.3 RGB - Қызыл (R), жасыл (G) және көк (B) – негізгі түстер болып саналады.

lxvi.1.4 Түрлендіру - жазықтықтағы қандай да бір М нүктесінің координатасы қандай да бір заңдылықпен өзгеруі: M(x,y) -> M’(x,y).

lxvii.1.5 Видеоадаптер - видеожадыларды өңдейтін және димплей жұмысын басқаратын электронды плата.

lxviii.1.6 MDA - Monochrome Display Adapter – дисплейдің монохромды адаптері

lxix.1.7 HGC - Hercules Graphics Card – графикалық карта Hercules

lxx.1.8 CGA - Color Graphics Adapter – Түрлі –түсті графикалық адаптер

lxxi.1.9 EGA - Enhanced Graphics Adapter – жақсартылған графикалық адаптер


lxxii.1.10 MCGA- Multicolor Graphics Adapter – көп түсті графикалық адаптер

lxxiii.1.11 VGA - Video Graphics Array – визуалды графика массиві

lxxiv.

lxxv.

lxxvi.2. Дәрістер

lxxvii.1-Дәріс. Компьютерлік графикаға кіріспе

lxxviii.Дәріс мазмұны:

lxxix.1. Образдарды тану

lxxx.2. Бейнелерді өңдеу

lxxxi.3. Машиналық графика

lxxxii.4. Компьютерлік графика

lxxxiii.5. Бейнелер типтері

lxxxiv.

lxxxv.Мониторда бейнеленген ақпараттарды өңдеу барысында негізгі үш бағыт ерекшеленеді: образдарды тану, бейнелерді өңдеу және машиналық графика.

lxxxvi.Образдарды танудың негізгі мақсаты бұрыннан бар бейнелерді бұрыннан бар бейнелерді түсінікті симводар тіліне түрлендіру болып табылады.

lxxxvii.Образдарды тану немесе техникалық көз жүйесі (COMPUTER VISION) – енгізу үшін көрсетілген немесе берілген бейнені қандай да бір классқа апаруға (мысалы почталарды сұрыптау кезінде) арналған бейнелердің сипатын алуға арналған әдістер жиынтығы. COMPUTER VISION-ң бір міндеті объектілерді қаңқалау болып табылады, яғни қандай да бір объектіні негізгі қалпына келтіріледі.

lxxxviii.Бейнелерді өңдеу (IMAGE PROCESSING) – енетін және шығатын ақпараттар бейнелер болып табылатын есептерді қарастырады. Мысалы, шуды жою арқылы бейнені жіберу және мәліметтерді қысу, бейнелердің бір түрінен екіншісіне өтуі (түрлі-түстіден ақ-қараға т.б.).

lxxxix.Машиналық графика немесе компьютерлік графика (COMPUTER GRAPHICS)-бастапқы ақпараты бейнелі емес табиғаттан болып табылаты жағдайда бейнелерді жаңартады. Мысалы, экспериментальды мәндерді графиктер, гистограммалар немесе диаграммалар түрінде визуализациялайды, компьютерлік ойындарда ақпараттарды экранға шығару, тренажерда сценаларды синтездеу.


xc.

xci.Компьютерлік графика – бұл ЭЕМ көмегімен модельдерді және олардың бейнелерін құру, сақтау және өңдеу болып табылатын ғылым.

xcii.Бейнелердің екі типі бар: аналогты және цифрлы, сонымен қатар «бейне синтезі» ұғымы қолданылады. 2D және 3D бейнелер 2D және 3D графиктер бар. Компьютерлік графикада шынайы уақытты немесе жоғары реалисті синтезді жұмыс істеуге байланысты алгоритмді таңдау шарттары қарастырылады.

xciii.Компьютерлік графика курсында цифрлық бейнелер синтездерінің проблемалары қарастырылады.

xciv.

xcv.Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

xcvi.1. Образдарды тануды қалай түсінесіз?

xcvii.2. Бейнелерді өңдеу деген не?

xcviii.3. Машиналық графика ұғымы нені білдіреді?

xcix.4. Компьютерлік графика нені зерттейді?

c.5. Бейнелердің қандай типтері болады?

ci.

cii.Ұсынылатын әдебиеттер:

ciii.1. Информатика. Базовый курс/ Под ред. С.В.Симановича – СПб: Питер. 2001 г.

civ.2. Роджерс Д. Алгоритмические основы машинной графики. –М:Мир, 1989 г.

cv.3. Шикин Е.В., Бороскев А.В. «Компьютерная графика. Динамика, реалистические изображения», Диалог-Мифи, Москва, 1998 г.

cvi.

cvii.2-3 дәріс. Растрлық графика

cviii.Дәріс мазмұны:

cix.1. Растрлы графика ұғымы

cx.2. Растрлық (нүктелік) графиканың принципі


cxi.3. Растрлық көрініс

cxii.Растрлық графика – бұл көптеген ұсақ бөлінбейтін нүктелерден(пиксельдерден) тұратын тікбұрышты матрица. Әрбір осындай пиксел белгілі бір түспен боялуы мүмкін. Мысалы, 1024х768 кеңейтілімді монитордың матрицасында 786432 пиксель болуы мүмкін, және олардың әрбіреуінің (түс тереңдігіне байланысты) өз түсі болады. Пиксельдердің өлшемі өте кішкентай болғандықтан олар бір бүтін болып көрініп, жоғары сапалы суретте(жоғары кеңейтілімді) сурет «пикселизациясы» көрінбей де қалады.


cxiii.Растрлық суретті үлкейту кезінде келесідей жағдайлар байқалады. Компьютер, суретті "созып", матрица өлшемі үлкейе түседі. Жаңа түстерді қандай түспен бояу керек? Компьютер жаңа пиксельдерді тауып, оларды "ескі" түстерге қарап, "орташа" түстермен бояйды. Төменде 16х16 өлшемді батырма суреті, оның үлкейтілгені(онда жеке пиксельдер жақсы көрінген), және үшінші суретте бұл батырма 25%-ға үлкейтілгені (компьютердің қалай және қай жерлерінде жаңа пиксельдер қосқаны көрініп тұр) бейнеленген.

cxiv.

cxv.graf3

cxvi.

cxvii.

cxviii.

cxix.graf4

cxx.Суретті кішірейту кезінде керісінше процесс жүреді – компьютер артық пиксельдерді "алып тастайды". Бұндағы растрлық графиканың басты кемшілігі – сурет сапасының оның өлшемдеріне тәуелділігі.

cxxi.Жоғарыда айтылғандар бойынша, растрлық графиканы көптеген түстері бар фотографиялық суреттерге қолдану керек. Растрлық суреті бар файл өлшемі екі факторға байланысты:

cxxii.1 – сурет өлшеміне

cxxiii.2 – сурет түсінің тереңдігіне(суретте түстер неғұрлым көп болса, файл өлшемі соғұрлым үлкен болады).

cxxiv.

cxxv.Қорытынды:

  • Кез келген суретті нүктелер жиынтығымен бейнелеуге болады.

  • Рсатрлық кодтау әдісі әмбебап емес. Мәселені шешу үшін, екі маңызды ұғымдарды қарастыру қажет:

  • пиксел (ағылш. pixel – picture element – элементті сурет);

  • кеңейтілімі ( ағылш. resolution). Суретті кодтау матрицасының өлшемі келесі қатынаспен анықталды:

cxxvi.пиксель өлшемінің матрица ұяшығының өлшеміне қатынасы=кеңейтілімі

cxxvii.Растрлық (нүктелік) графиканың принципі

Raster, Image – бейне
Бейне (объект) монохромды (штрихталған), ақ-қара түсті және түрлі-түсті сурет болуы мүмкін.

Нүктелік графигінің принципінің мағынасы: егер қандай да бір объекті кодтау үшін, оның үстіне сетканы қойып, матрица құраймыз, объектке қойылған ұяшықтарды бірліктермен толтырамыз.

Егер объект шекаралары мен ұяшық шекараларымен параллель болса, нольдік және бірлік биттерден нағыз матрица (bitmap) пайда болады, ол объекттің кодталған бейнесін көрсетеді.



следующая страница >>