shkolakz.ru 1

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


__________________________________________________________________

Жоғары кәсіптік білім


БАЛАЛАР СТОМАТОЛОГИЯСЫ


051302 - «Стоматология» мамандығы бойынша

Сағат көлемі – 405



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі


Астана

2010



ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Жоғары кәсіптік білім


БЕКІТЕМІН

ҚР ДСМ Ғылым мен адами ресурстар департаментінің директоры

_______________ Н.Қ.Хамзина

«______»______________2010 ж.


БАЛАЛАР СТОМАТОЛОГИЯСЫ


051302 - «Стоматология» мамандығы бойынша
Сағат көлемі – 405



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі


Астана


2010



Алғы сөз

  1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі және ғылымының инновациядлық технологиялар Республикалық орталығы, С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті, «Астана медицина университеті» АҚ, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті,Семей мемлекеттік медицина университеті

  2. АЛҒАШ РЕТ енгізілді

  3. Типтік оқу бағдарламасы 051302 - «Стоматология» мамандығы бойынша 2006ж. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген

  4. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 17 қыркүйектегі №371 бұйрығымен бекітілген.



Мазмұны

1.


Түсіндірме жазба……………………………………………….

5

2.

Пәннің мазмұны………………………………………………

7

3.

Оқу және оқыту әдістері ………………………………….

13

4.

Студенттердің білімін бағалау …………………………………..

13

5.

Құрал-жабдықтар ……………………………………

13

6.

Пән бойынша сағаттың бөлінуі……………………………………

13

7.

    1. Сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгілері….………..

14

8.

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі.......................................................

19

9.

Авторлар…………………………………………………………..

20



Бұл типтік оқу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды


1. Түсіндірме жазба

Кіріспе

Балалар дәрігер–стоматологы жоғары мамандандырылған білімі бар маман. Төтенше жағдайлар кезінде жедел көмек көрсетуге және тіс–жақсүйек жүйесі аурулары бар балаларға емдік – диагностикалық көмек көрсетуге құқылы.

Бала жасының жақсүйек-бет аймағының патологиялық процесі ағымының әйгіленімінде, баланың дамуының антенатальдық кезеңінде емдеу әдістерін пайдалануда, туылу және емізу кезеңінде, бет, жақсүйек сүйектері қалыптасқанда және тістің қатты тіндері қалыптасқанда маңызы зор.


Ана мен бала денсаулығына байланысты тұқым қуалаушылық факторларының әсерінен тұқым қуалайтын патология дамиды немесе көрініс береді; тістің қатты тіндерінің кариеске бейімділігі анықталады немесе тістің қатты тіндерінің даму ақаулары қалыптасады. Осыған байланысты дәрігер-стоматолог бала тістерінің қатты тіндеріне жүкті немесе төс сүтімен емізетін әйел ағзасы арқылы аурулардың алдын алуды; балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктерін; аурудың алдын алуды, консервативті немесе хирургиялық ем міндеттерін айқындап, емдеу әдістерін таңдай білуі; уақытылы туа біткен ақауларды танып, тіс–жақ жүйесінің аномалиялары мен деформацияларының дамуының алдын алуды білуі тиіс.

Балалар дәрігер–стоматологы балаларды стоматологта диспансерлеудің қазіргі заманғы принциптерін жақсы білуі керек, негізгі стоматологиялық аурулардың алдын алу шараларын жүргізе білуі, ауыз қуысын жоспарлы сауықтыру ерекшеліктерін сақтап, сауықтыруды талапқа сай сапалы жүргізуі қажет.

Пәннің мақсаты: стоматологиялық аурулары мен жақсүйек-бет аймағында патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерді емдеу тәсілдері мен реабилитация принциптерін, даму себептерін, клиникалық ағым ерекшеліктерін, диагностика әдістерін үйрету.

Пәннің міндеттері:

● беттің, бет қаңқасы сүйектері мен ауыз қуысы ағзаларының туа біткен патологиясы әйгіленімдерін тану;

● балалар мен жасөспірімдердегі парадонт және ауыз қуысының сілемейлі қабығы ауруларының клиникалық ағымының ерекшеліктерін, диагностикасын анықтау және емдеу жоспарын құру;

● бет қаңқасының жұмсақ тіндері мен сүйектерінің, ауыз қуысы ағзаларының ісік және ісік тәрізді ауруларының әртүрлі нозологиялық түрлеріне саралау диагностикасын өткізіп, балалар онкостоматологиялық проблемаларын тануды үйрету;

● балалар мен жасөспірімдердегі самай–төменгі жақсүйек буыны аймағы аурулары мен жақсүйек-бет жарақаттарын емдеу тәсілін дұрыс құрастыруды үйрету.

Білім берудің қорытынды нәтижелері

Студент

білуі тиіс:


  • балалар жасындағы стоматологияның педиатриямен байланысын;

  • балалар мен жасөспірімдерде әртүрлі жастық кезеңдерде жақсүйек–бет аймағының анатомия-топографиялық және физиологиялық ерекшеліктерін;

  • балалардың психология-физиологиялық ерекшеліктерін;

  • балаларда әртүрлі жастық кезеңдердегі парадонт тіндерінің ауруларының жіктелуін, этиологиясын, клиникалық ағым ерекшеліктерін, емін;

  • балаларда әртүрлі жастық кезеңдерде ерін, тіл, ауыз қуысы кілегей қабаты ауруларының жіктелуін, этиологиялық факторларын, клиникалық ағым ерекшеліктерін, емін;

  • балаларда жақсүйек–бет аймағының қабыну ауруларының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, ағым ерекшеліктерін, емін;

  • балалар мен жасөспірімдерде жақсүйек пен жұмсақ тіндерінің, тістер жарақаттарының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, ағым ерекшеліктерін, емін;

  • балалар мен жасөспірімдерде самай-төменгі жақ буыны ауруларының этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, клиникалық ерекшеліктерін, емін;

  • балалар мен жасөспірімдерде бет пен жақсүйектерінің ісік және ісік тәрізді түзілістерінің этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, клиникалық ағым ерекшеліктерін, емдеуді жоспарлауды;

  • балаларда ауыз қуысы мүшелері мен жақсүйектері ақауларының статистикалық мәліметтерін, жіктелуін, даму себептерін, анатомо-функционалды өзгерістерін, ағым ерекшеліктерін, кешенді реабилитация принциптерін жоспарлау;

  • стоматологиялық аурулары бар балалардың ЕДШ негіздерін, логопедтік үйрету.


үйреніп алуы қажет:

  • стоматологиялық кірісу алдында баланың психо-эмоционалдық жағдайының түрін анықтау;

  • жақсүйек-бет аймағының аурулары бар балаларды тексеру;

  • балаларда пародонт ауруларын диагностикалау және емдеу;

  • балаларда ауыз қуысы, тіл, ерін кілегей қабығының зақымдануы мен ауруларын диагностикалау және емдеу;


  • балалар мен жасөспірімдерде стоматологиялық кірісулер барысында жергілікті жансыздандыру түрін таңдап, жүргізе білу;

  • бет жарақатарының алғашқы хирургиялық өңдеуін жүргізу, тіс орнынан тайғанда репозицияны жүргізу, орнына бекіту;

  • стоматологиялық кірісу барысында кездесетін жалпы асқынуларға жедел көмек көрсету;

  • жастық ерекшеліктеріне, клиникалық көрініске қарай бет сүйегінің деформациясы бар балаларға кешенді емдеуді (ортодонттық және хирургиялық) жоспарлау;

  • науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен, басқа медициналық қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас орнату;

  • дәрігер стоматологтың терапиялық және хирургиялық қабылдауда тіркеу-есептік құжаттарды толтыра алуы;

  • пациентпен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа да медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орнату;

  • топта жұмыс істеу.


машықтануы қажет:

  • ГИ, РМА, КПИ, ПИ индекстерін өткізу әдістемесін меңгеру;

  • Қызыл иек астындағы және үстіндегі тіс шөгінділерін алуды;

  • Қызыл иек үстіне емдік таңғышты салуды;

  • Балалар мен жасөспірімдердің жақсүйек-бет аймағындағы іріңді-қабынбалы ошақтарды дренаждауды;

  • Балалар мен жасөспірімдерге тұрақты және уақытша тістері жарақаттанғанда шендеуіш салу, бекіту;

  • Балалардың бет жарақатына алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу;

  • Шұғыл жағдайларда (талма, коллапс, шок, т.б.) көмек көрсету.



Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, жалпы гигиена, фармакология, визуальді диагностика, балалар аурулары, инфекциялық аурулар, психология негіздері, коммуникативтік дағдылар, стоматологиялық аурулардың алдын алу, балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы мен ортодонтия, ішкі аурулар, жүйке аурулары, оториноларингология.


Постреквизиттер: интернатураның стоматологиялық аурулары.


2. Пәннің мазмұны

Кіріспе

Балалардың бетінің, жақсүйектерінің, ауыз қуысы мен тістерінің дамуы

Ауыздың сілемейлі қабығы мен пародонт тінінің жасқа байланысты анатомия-физиологиялық ерекшеліктері. Қызыл иектің науасы, тіс қызыл иек байламдары. Ұрттың, таңдайдың, тіл мен еріннің сау сілемейлі қабаттарының құрылымдары. Жоғарғы және төменгі еріннің, тілдің үзбелерінің құрылымы мен бекітілуі, сыртқы ортаның жағымсыз факторларына қарсы пародонттың қорғаныс қасиеттерін (биологиялық, механикалық және т.б.). Пародонт жағдайын бағалау, пародонт жағдайын сипаттайтын индекстер.

Бет пен жақсүйектерінің эмбринальді дамуының бұзылуы. Туа біткен ақаулар. Бет пен жақсүйектерінің туа біткен ақауларының түрлері.

Жақсүйек–бет аймағында туа біткен жырықтар: олардың туыстарда даму механизімі мен себептері туралы түсінік, аутосомды туа біткен ақаулардың алдын алу әдісі ретінде. Перинатальді диагностика және жүктілікті үзу. Туа біткен жырықтардың жиілігі мен түрлері. Беттің көлденең жырықтары. Беттің қисық жырығы. Жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы. Жақсүйек–бет аймағымен қоса туа біткен синдромдар.

Жақсүйек-бет аймағының және мойынның туа біткен ұралары мен жылан көздері. Дермоидты ұралар.

Аурудың белгілі нозологиялық формалары мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, стоматологтың баланы тексеруі

Аурудың ағымындағы шағым мен анамнез мәліметтерінің маңызы. Бала анасының жүктілік пен босануының ағымы. Баланың физиологиялық және жүйке–психиологиялық даму анамнезінің мәліметтері. Бала өмірінің жеке ерекшеліктері, күту мен қарау. Жалпы клиникалық тексеру мәліметтері, баланың жасына сәйкес физиологиялық және ой–санасының дамуын бағалау.

Бет бөлімдерінің қатынасы. Физиологиялық функцияларды бағалау (тыныс алу, жұту). Беттің жұмсақ тіндерінің жағдайын, лимфа түйіндерінің, сілекей бездерінің қызметін, жақсүйектерінің жағдайын, самай– төменгі жақсүйек буынының қызметін бағалау. Парадонт тіндерінің, ауыз қуысы мен еріннің кілегей қабатының жағдайы. Ерін архитектоникасы. Ауыз қуысын тексеру, тексеру кезектілігі, тіс, ауыз қуысы кілегей қабаты мен тілдің жағдайын бағалау.


Арнайы және қосымша зерттеу әдістері, олардың стоматологиялық ауруларды диагностикалаудағы маңызы.


Балалардағы пародонт аурулары

Балалардағы пародонт тіндерінің құрылымы. Жас аспектісіндегі қызыл иектің, пародонттың сүйек тініндегі анатомиялық және морфологиялық ерекшеліктері (уақытша, ауыспалы, тұрақты тістүйіс кезеңінде). Т.Ф.Виноградова бойынша пародонт ауруларының жіктелуі (1983, 2007). Этиологиясы мен патогенезі. Балалардағы пародонт ауруларын диагностикалау әдістері. Пародонт ауруларының клиникалық түрлері. Гингивит. Пародонтит. Пародонтоз. Жедел дамитын агрессивті пародонтит. Пародонтомалар. Баланың жүйелі аурулармен ассоцирленген пародонтиттер. Балалардағы пародонт ауруларының клиникасы, емі мен алдын алу.

Балалардың ауыз қуысы сілемейлі қабығының аурулары

Балалардағы ауыз қуысы сілемейлі қабығының зақымдану жиілігі. Әр жастағы балаларда ауыз қуысы сілемейлі қабығының құрылымы. Виноградова Т.Ф. (1974ж) бойынша ауыз қуысы сілемейлі қабығының ауруларының жіктелуі. Механикалық, физикалық, химиялық факторлар әсер етуінен ауыз қуысы кілегей қабатының зақымдалуы.

Ауыз қуысы сілемейлі қабығының вирустық аурулары. Жіті ұшықты стоматит. Созылмалы қайталамалы ұшықты стоматит. Герпангина. Вирустық сүйелдер. Балалардың ауыз қуысындағы АИВ–инфекциясының көріністері. Клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

Саңырауқұлақты аурулар. Жіті псевдомембранозды кандидоз. Балалардағы созылмалы кандидоздар. Клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

Аллергиялық аурулар. Дәрі–дәрмекті стоматит. Ауыз қуысының қайталанбалы афталары. Көптүрлі экссудативті эритема. Стивенс-Джонсон синдромы. Лайелл синдромы. Клиникасы, емі.

Балаларда инфекциялық және жүйелі аурулары кезіндегі ауыз қуысы сілемейлі қабығының өзгерістері.

Балалардағы ерін аурулары. Ерін қабысу түрлері. Хейлиттер. Клиникасы, емі.

Тіл аурулары. Десквамативтік глоссит. Ромб тәрізді глоссит. Түкті тіл. Қатпарлы тіл. Пайда болу себептері, клиникасы, емі.


Балалардағы хирургиялық стоматологиялық аурулардың

клиникасы мен емі

Балалардағы қабыну процесстерінің клиникасы мен емі

Бала жасындағы одонтогенді қабыну ауруларының дамуының ерекшеліктері. Балаларда жақсүйектерінің жедел одонтогенді остеомиелиттің ағым ерекшеліктері. Диагностикасы, клиникасы, емі. Жедел одонтогенді остеомиелиттің алдын алуы. Созылмалы одонтогенді остеомиелит. Балаларда жақсүйектерінің созылмалы остеомиелиттің клинико-рентгенологиялық түрлері. Жақсүйектерінің созылмалы остеомиелитінің емі. Аурудың қайталауының алдын алу. Балаларда бет сүйектерінің гематогенді остеомиелиті. Клиникасы, диагностикасы, емі. Жақсүйектерінің остеомиелитінен кейін болатын асқынулар.

Балаларда жақсүйек бет аймағының жұмсақ тіндеріндегі іріңді қабыну процестері. Абсцесстер мен флегмоналар, клиникалық ағым және емдеу ерекшеліктері.

Бала жасындағы спецификалы қабыну процесстері.

Балалардағы самай–төменгі жақсүйек буынының қабынбалы аурулары. СТЖБ ауруларының жіктелуі. Буынның жіті жарақаты, остеоартрит, остеоартоз, анкилоз, ауру дамуының себептері. Клиникасы, қосымша аурулары, жақсүйек деформациялары. Кешенді емі. Қазіргі заманғы хирургиялық емнің әдістері. СТЖБ аурулары бар балалар мен жасөспірімдердің кешенді реабилитациясында ортодонттық емнің маңызы. Остеоартоз бен анкилоздың алдын алу.


Мойын, жақсүйек, ауыз қуысы ағзалары, жұмсақ тіндердің ісік және ісік тәрізді түзілімдерінің клиникасы

мен емінің ерекшеліктері


Бетсүйектерінің, ауыз қуысы ағзалары және жұмсақ тіндерінің қатерсіз және қатерлі ісіктері.

Жақсүйектерінің одонтогенді және остеогенді ісік пен ісік тәрізді түзілістері. Жақсүйектің одонтогенді ұралары. Мойын мен жақсүйек–бет аймағының тератоидты түзілістері (туа біткен ұралар, жыланкөздер т.б.). Клиникасы, диагностикасы, емі.

Балалардағы ісік және ісік тәрізді түзілістердің танып білу ерекшеліктері мен хирургиялық емнің тіәсілі. Ісіктің түріне және баланың жасына байланысты сәулелі терапияның қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.



Балалар жасындағы тіс пен жақсүйектердің жарақатындағы клиникалық көріністері мен емінің ерекшеліктері

Босану жарақаты, оның асқынулары. Балаларда тістерінің соғылуын, таюын, сынуын емдеу. Иммобилизация әдістері. Балаларда жақсүйек пен беттің, басқа сүйектерінің сынықтары. Сүйектердің «жасыл бұтақ» тәрізді сынықтары, сүйекқаптық асты сынықтары. Балалар жасында сүйек фрагменттерін бекіту әдістері. Сынықтардың жазылу мерзімдері, балаларда бет сүйектерінің жарақатынан кейінгі дамитын асқынулар және оны алдын алу.

Балаларда беттің және ауыз қуысы жұмсақ тіндерінің зақымдануы, бірінші реттік хирургиялық өңдеудің ерекшеліктері. Балалар жасында жақсүйек–бет аймағының жарақаттарында пластикалық операциялар жасаудың көрсеткіштері.


Жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен жырықтары

Статистикасы. Жіктелуі. Анатомиялық және функциональді бұзылыстары. Бала жалпы ағзасының дамуына туа біткен жоғарғы ерін мен таңдай жырықтарының әсері. Таңдай жырықтары кезіндегі жақсүйектерінің туа біткен деформациялары.

Туа біткен жоғарғы ерін мен таңдай жырықтары бар балалардың диспансеризациясы. Жақсүйек–бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға кешенді реабилитациялау орталықтарын құрастыру. Операциия жасауға жасқа байланысты көрсеткіштері. Баланы операцияға дайындау, жалпы жағдайын және қалыпты дамуын бағалау. Туа біткен жоғарғы ерін мен таңдайдың жырықтарына жасалатын операция мерзімдері мен әдістері. Баланы операциядан кейін бақылау.


Туа біткен жоғарғы ерін мен таңдайдың жырықтары бар балаларды операцияға дейінгі кезеңде ортодонттық және ортопедиялық дайындау. Операциядан кейін дамитын жақсүйектердің деформациясының алдын алуы.

Жоғарғы ерін мен таңдайда қалыптастыру операцияға көрсеткіштер, әртүрлі жастағы балаларда мұрынның тері–шеміршек бөлімінің пластикасы.

Қайтадан науқас бала тууылмаудың алдын алу мақсатында, пробанд туыстарына медициналық–генетикалық кеңес беру. Перинатальдық диагностика және жүктілікті үзу.


__________________________________________________________________

*Ескерту- ЖОО пән мазмұнын 20% өзгертуі мүмкін.


3. Оқу және оқыту әдістері


  • Дәрістер: жалпы және тақырыптық, мультимедиялыі жекеленген, әртүрлі тақырыпты проблемалар бойынша слайдты кадрлардың демонстрациясымен, «кері байланыс» қолдануымен (дәріс оқушының сұрақтары мен студенттердің жауаптары).

  • Практикалық сабақтар: дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданылуымен ауызша сұрау, топта талдау, дискуссиялар «миға шабуыл», рөлдік ойындар, жағдайларды модельдеу, кіші топтарда, екі–үштен жұмыс жасау, студенттерге ақпараттық блоктарды ұсыну, емдеу бөлмесінде мануальді дағдыларды игере отырып тақырыпты науқастарды қабылдау, жағдайлық есептерді шешу, клиникалық жағдайларды талқылау.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): әдебиеттермен, интернет–ресурстармен, электронды тасымалдаушы оқу және ғылыми құралдармен жұмыс жасау; кестелерді толтыру; сызба–иллюстрацияларды құрастыру; тақырыптық рефераттарды дайындау, тесті тапсырмаларын шешу, фантомда және тренажерларда жұмыс жасау (мануальді дағдыларды игеру).


4. Студенттің білімін бағалау


Ағымдық бақылау: жазбаша және ауызша сұрау, бағдарламалық бақылау, нақты манипуляцияларды практикалық игеруін, емдік бөлмелерде тақырыптық науқастарды қабылдауды бақылау, рейтингті бақылау бойынша бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум

Қорытынды бақылау: тестілеу мен практикалық дағдыларды қабылдаудан тұратын мемлекеттік емтихан.


5. Құрал – жабдықтар

Құралдар: компьютерлер, мультимедиялы проектор, бейнеаппаратура, экран, фантомдар, муляждар. Мануальды дағдыларды үйрену үшін стоматологиялық емханада толық құрал–саймандары, дәрі–дәрмектері мен пломбалық және басқа материалдармен қамтылған терапиялық, хирургиялық бөлмелер.


Жабдықтар: рентгенограммалар (жергілікті, панорамды), бақылау диагностикалық модельдер. Ақпараттық блоктар, альбомдар және тест есептер жинағы, мамандықтың оқып жатқан бөлімдері бойынша кестелер.


6. Пән сағаттарының бөлінуі


КУРС

ПӘН

СЕМЕСТР


АУДИТОРИЯЛЫҚ САҒАТ

СӨЖ

Дәрістер

Практикалық сабақтар

5

Балалар жасындағы стоматология

9,10



30

240

135




Барлығы:

405

30

240

135



7. Дәрістердің, практикалық сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) * тақырыптық жоспарының үлгілері





Балалар терапиялық стоматологиядан дәрістердің тақырыптары

1.

Балалардағы пародонт аурулары.Пародонт ауруларының жіктемесі. Этиологиясы. Нақтамалау әдістері.

2.


Балалардағы пародонт ауруларының клиникалық ағамының ерекшелігі және емі, алдын алу.

3.

Жас аспектісінде балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының құрылымының ерекшелігі. АҚШҚ аурулары мен зақымданулардың жіктелуі.

4.

Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының вирусты аурулары.Этиологиясы, патогенезі. Нақтамалау әдістері, клиникасы, емі және алдын алу.

5.

Саңырауқұлақты аурулар. Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының жедел және созылмалы кандидозы. Клиникасы, емі.

6.

Ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануы.Балаларда жұқпалы және соматикалық аурулары кезіндегі ауыз қуысының шырышты қабатындағы өзгерістер.

7.

Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының аллергиялық аурулары. Дәрілік стоматит. Қайталамалы афта. Клиникасы, емі. Көптүрлі жалқықты эритема. Стивенс-Джонсон синдромы. Лайелл синдромы. Клиникасы,емі.

8.

Балалардың ерін және тіл аурулары. Клиникасы, нақтамасы және емі.

9.

Балалардың жарақаттарының себептері, алдын алу шаралары. Балалардың тістерінің жарақаттары. Жұмсақ тіндер мен бет сүйектерінің жарақаттары. Клиникасы, нақтамасы және емі.

10.

Балалардың шықшыт буын аурулары. Жіктемесі, этиологиясы, коиникасы, нақтамасы және кешенді емі.

11.

Балалардың бет сүйегінің одонтогенді, гематогенді спецификалық остеомиелиттері. Жіктелуі, клиникалық ағымы, нақтамасы және емі.


12.

Беттің туа пайда болған ауытқуы. Жоғарғы ерін мен таңдайдың туа пайда олған жырығы.Жіктелуі, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, нақтамасы. Кешенді емнің уақыты мен принциптері.

13.

Балалардың бет-әлпеті аймағының жұмсақ тіндерінің ісіктері мен ісік тәрізді түзілістері. Жіктелуі, клиникалық ағымы,нақтамасы,емдеу әдістері мен принциптері, нәтижесі.

14.

Балалардың жақ сүйектерінің ісіктері мен ісік тәрізді түзілістері. Жіктелуі, клиникалық ағымы,нақтамасы,емдеу әдістері мен принциптері, нәтижесі.

15.

Жақ сүйектерінің, тістердің, ерін, тіл үзеңгілерінің және ауыз қуысының шырышты қабатының дамыған ауытқулары мен деформацияларының емдеу әдістері мен көрсеткіштері.Балалар стоматологиясындағы реплантация және имплантация сұрақтары.




Барлығы: 30 сағат



7.2 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі**

( академиялық сағат ұзақтығы – 50 минут)




Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары

1.

Балаларда пародонт тіндерінің құрылымының ерекшелігі. Пародонт ауруларымен ауыратын балаларды тексеру ерекшелігі.

2.

Балалардағы қызылиек қабынуы. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық ағамынығ ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі.

3.


Балалардағы пародонт қабынуы. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі.

4.

Балалардағы жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі.

5.

Пародонт ауруымен ауыратын балаларға алдын алу шараларын жүргізу




Аралық бақылау




Барлығы: 30 сағат

6.

Әр түрлі жас кезеңдерінде ауыз қуысының шырышты қабатының құрылымының ерекшелігі. Т.Ф. Виноградова бойынша балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларының жіктелуі.

7.

Ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары бар балаларды нақтамалау әдістері.

8.

Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаттық зақымдануы. Клиникасы, емі.

9.

Жұқпалы және соматикалық аурулары бар кезінде ауыз қуысының шырышты қабатының өзгерісі. Клиникасы, емі.

10.

Балалардың ауыз қуысындағы спецификалық ауруларына ЖИТС-тің көріністері. Нақтамалау әдістері, клиникалық ағамының ерекшелігі,емдеу принциптері және алдын алу.




Аралық бақылау


Барлығы: 30 сағат


11.

Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының вирусты аурулары. Жедел герпетикалық? стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.

12.

Қайталамалы герпетикалық? Стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.

13.

Балалардағы вирусты сүйелдер, герпангина, везикулярлы стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.

14.

Балалардағы саңырауқұлақ аурулары. Жедел псевдомембраналық кандидоз. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.

15.

Балалардағы созылмалы кандидоз. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу




Аралық бақылау




Барлығы: 30 сағат

16.

Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының аллергиялық аурулары. Дәрілік стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.

17.

Балалардың ауыз қуысының қайталамалы афталары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.

18.

Балалардағы көптүрлі жалқықты эритема. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.

19.

Балалардағы ерін аурулары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу

20.


Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.




Аралық бақылау




Барлығы: 30 сағат

21.

Балалардың бет-жақ аймағының абсцесстері мен флегмоналары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, нәтижесі.

22.

Балалардың бет-жақ аймағының шиқандары мен көршиқандары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, нәтижесі.

23.

Балалардың бет сүйегінің жедел одонтогенді остеомиелиті. Клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамасы және хирургиялық емі.

24.

Бет сүйегінің қаңқасының созылмалы остеомиелиті. Жақтың остеомиелитінің одонтогенді түрінің клинико-рентгенологиясы, олардың нақтамасы және емі.

25.

Балалардың бет сүйегінің гематогенді остеомиелиті. Клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамасы және емі.




Аралық бақылау




Барлығы: 30 сағат

26.

Балалардың тістернің жарақаты. Клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамасы және емі.Жедел тіс жарақатымен баланы реабилитациялау.

27.

Балалардың бетінің жұмсақ тіндерінің зақымдануы. Клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамасы және хирургиялық емі. Госпитализацияға көрсеткіші.


28.

Балалардың бет-әлпеті аймағының осалы зақымданулары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамасы, емдеу принциптері.

29.

Балалардың жоғарғы жағының сынығының клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамасы, емдеу принциптері.

30.

Балалардың жағының сынығының клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамасы, емдеу принциптері.




Аралық бақылау




Барлығы: 30 сағат

31.

Еріндердің және тілдің қысқа үзеңгілерін қалпына келтіру үшін қолданылатын операцияға көрсеткіштер мен ерекшеліктер.Ауыздың кіреберісі таяз және ауыз қуысының шырышты қабатының ауытқуларына пластикалық операциялардың әдістері.

32.

Жоғарғы еріннің туа пайда болған жырығы. Клиникасы, нақтамы, хирургиялық емнің принциптері, операцияның нәтижесі.

33.

Таңдайдың туа пайда болған жырығы. Клиникасы, нақтамы, хирургиялық емнің принциптері, операцияның нәтижесі.

34.

Туа пайда болған жырығы бар балалардың реабилитациясының кезеңділігінің принциптері.

35.

Туа пайда болған жырығы бар балаларды диспансеризация және реабилитациялау жұмыстарын жүргізетін орталықтардың мақсаты мен міндеті.


Аралық бақылау





Барлығы: 30 сағат

36.

Балалар мен жасөспірімдердің шықшыт буынының аурулары. Клиникасы, нақтамасы. Емдеу әдістері мен принциптері. Емнің нәтижесі.

37.

Балалардың уақытша тістерінен пайда болған жақтардың одонтогенді қабыну кисталары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамасы, емдеу принциптері.

38.

Балалардың ауыз қуысының және беттің жұмсақ тіндерінің ісіктері мен ісік тәрізді түзілістері. Салыстырмалы нақтамасы,хирургиялық емнің принциптері. Нәтижесі.

39.

Балалардың бет сүйегінің қаңқасының қатерсіз ісіктері мен ісік тәрізді түзілістері. Салыстырмалы нақтамасы,хирургиялық емнің принциптері. Нәтижесі. Жақ сүйектерінің операциядан кейінгі ақаулары бар балаларды реабилитациялау.(қалыпқа келтіру)

40.

Балалардың жұмсақ тіндерінің және жақтардың қатерлі ісіктері және қатерлі ісіктері бар балаларды реабилитациялау принциптері.




Аралық бақылау




Барлығы: 30 сағат




Барлығы: 240 сағат



7.3 Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптары


Балалар терапиялық стоматологиясынан студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары

1.

Балалардағы пародонт жағдайын бағалау жүйесінің индексі

2.

Балалардың пародонт ауруларын емдеудің әдістері мен жалпы заттары

3.

Пародонт ауруымен ауыратын балаларды алдын алуда ауыз қуысының гигиенасының рөлі

4.

Пародонт ауруымен ауыратын балаларды емдеуде аз инвазивті әдісіті қолдану

5.

Пародонт ауруымен ауыратын балаларды емдеуде физиотерапиялық әдістерді қолдану

6.

Ауыз қуысының вирусты ауруларында терапиясында заманауи дәрілік препараттарды қолдану

7.

Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларын емдеуде физиотерапиялық әдістерді қолдану

8.

Балалардың сілекей бездерінің қабыну және ісікті үрдістері.

9.

Балалардың жақ-бет аймағында іріңді-қабынулы аурулардың дамуында анаээробты инфекцияның рөлі.

10.

Балалардың жақ сүйектерінің әр түрлі созылмалы қабыну ауруларының салыстырмалы диагностикасы.

11.

Балалардың тістерін, жұмсақ тіндерін жарақаттағанда және бет қаңқасының сүйегіндегі сынықтарды реабилитациялау.


12.

Беттің туа пайда болған патологиясын алдын алу. Беттің, жақ сүйектерінің және ауыз қуысының ағзаларының зақымданулары болған кездегі медико-генетикалық кеңес.

13.

Жасөспірімдердің шықшыт буындарының функциональді-дистензионды бұзылыстары кезіндегі реабилитациялау.

14.

Балалардың бет қаңқасының сүйегіндегі ісік және ісік тәрізді өсінділердің салыстырмалы диагностикасы.

15.

Балалар жасында тістердің реплантация және имплантиация операцияларының нәтижесі.




Барлығы: 135 сағат.


Ескерту:

*- ЖОО дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ тақырыптарының 40% -ын өзгерте алады

** - оқу сабақтарының барлық тақырыптарының тізімдері мен тәртібі зерделеу барысында келісіп отырылуы тиіс.


8. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі**

Негізгі:


  1. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640с.

  2. Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744с.

  3. Харьков Л.В., Яковенко Л.Н., Чехова И.Л. Хирургическая стоматология и челюстно-лицевая

хирургия детского возраста /Под ред.Л.В.Харькова. - М.: «Книга плюс». 2005- 470с.

4. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).-

Алматы, 2006.- 615с.


Қосымша:

  1. Стоматология детского возраста. Под редакцией Т.Ф.Виноградовой. – М., Медицина, 1987. –

526с.


2. Ральф Е. Мак-Дональд. Дэвид Р. Эйвери: перевод с английского проф.Т.Ф.Виноградовой.

Стоматология детей и подростков. МИА: М., 2003.

3. Колесов А.А. и др. Новообразования мягких тканей и костей лица у детей и подростков.- М.:

Медицина, 1989. – 304с.

4. Шарова Т.Ф., Рогожников Г.И. Ортопедическая стоматология детского возраста.- М.:

Медицина, 1991. – 228с.

5. Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес,

2001. – 160с.

6. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Травмы челюстно-лицевой области у детей (учебное пособие). – М.:

Медпрес, 2003. – 107с.

7. Кабулбеков А.А., Негаметзянов Н.Г., Кабулбекова Ж.А. Профилактика стоматологических

заболеваний у детей. – Алматы, 2007. – 99с.

8. Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям. -М., 2007.- 214с.

9. Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев. 2007- 815с.

10. Ермуханова Г.Т. Опухоли и опухолеподобные образования челюстно-лицевой области у детей и подростков. – (учебное пособие). – Алматы, 2007.– 110с.

11. Абралина Ш.Ш. Комплексная реабилитация детей с врожденной расщелиной верхней губы и неба. – (учебное пособие).-Семей, 2006.- 65с.


Ескерту:

* - әдебиеттер тізімі жыл сайын жаңартылады




Авторлар:

  1. Супиев Турган Курбанұлы – С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина

университеті балалар жасындағы стоматология кафедрасының меңгерушісі, медицина

ғылымдарының докторы, профессор;

2. Ермуханова Гульжан Тлеумуханқызы – С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина

университеті балалар жасындағы стоматология кафедрасының профессоры, медицина

ғылымдарының докторы;

3. Мулдашева Айгуль Гинаятқызы – С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина

университеті балалар жасындағы стоматология кафедрасының доценті, медицина

ғылымдарының кандидаты;

4. Зыкеева Сауле Карибайқызы - С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина

университеті балалар жасындағы стоматология кафедрасының доценті, медицина

ғылымдарының кандидаты.