shkolakz.ru 1







ҚММУ Ф 4/3-07/01

ҚММУ БЕ 4/01





ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ



Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ


5В110400 - Медико-профилактикалық іс мамандығына арналған




Микробиология пәні

II курс

Құрастырғандар: доц.Филатова Л.Г.

оқытушы Николаева А.Б.

оқытушы Котенева Е.Н.

Аударған: оқытушы Сайлау Ж.С.











Қарағанды 2011 ж


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«25» 04. 2011 ж. №9 хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент ________________ Ахметова С.Б.Та
қырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ

Ма
қсаты: Студенттерге санитарлық микробиология пәнінен өткен мәліметтерін қайталатып. Олардың келешек санитарлық дәрігер мамандығына деген қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

1.Микроорганизмдердің табиғатта таралуы.

2.Инфекциялардың берілу жолдары.

3.Сүт өнімдерінің микрофлорасы.

4.Консервирленген өнімдердің микрофлорасы.

Студент істей алуға тиіс:

1.Консервирленген және сүт өнімдеріндегі микробтардың себілуін анықтау.

Сабаққа дайындалу сұрақтары:

1.Тағам өнімдерінің санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдері

2.Тағам өнімдерінің микрофлорасы.

Оқыту және үйрету әдістері:Жағдайлық,тесттік тапсырмаларды шешу,микробиологиялық атласпен жұмыс істеу , қоректік орталар демонстрациясы.

Әдебиеттер

1.Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасы-ның профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы. 2006. – 176 б.

2.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология.- М.: МИА, 2001.- 734 с.

3.Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с.

4.Медицинская микробиология /Гл.ред В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 2001, 2006. — 1200 с.

5.Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

6.Компьютерная программа "Диаморф" - "Медицинская микробиология" - атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад.проф.Воробьева А.А.

Бақылау

Тест тапсырмалары

1.Сүттің санитарлы-бактериологиялық зерттеулерінде Козер қоректік ортасын не үшін қолданады:

а) Staphylococcus анықтау

в) Enterococcus анықтау

с) Proteus туысы бактерияларын анықтау

д) жалпы микробтар саны

е) Цитрат оңды (позитивті) E.coli

2.Тамақтан улануда күдікті тамақ қалдығынан S.aureus табылған. Қосымша қандай зерттеулер жүргізу керек, оны дәлелдеу үшін:

а) фаготипін анықтау

в) антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

с) биохимиялық ерекшеліктерін тексеру

д) лецитиназалық активтілігін анықтау

е)стафилококктық энтеротоксинің анықтау

3.Сүттің коли-титрын анықтауда қолданатын қоректік ортаны табыңыз:


а) сүт-түзды агар

в) Китта-Тароцци

с) Плоскирев

д) пептонды су

е) Кесслер

4.Тағам өнімдерінен бактериялық улануда жиі табылатын микроорганизмдерді табыңыз:

а) сальмонеллалар

в) актиномицеттер

с)шигеллалар

д) гононкокктар

е) C.perfringens

5.Тағамдық токсикоинфекцияда лабораториялық диагностикада қолданатын әдістерді табыңыз:

а) бактериоскопиялық

в) иммунофлюоресценция реакциясы

с) штрихпен егу

д) биологиялық сынама

е) тері-аллергиялық сынама

6.СЭС лабораториясына сынаққа алынған ет 6 сағаттан соң жеткізілген. Бактериологтың әрекеті:

а) жылдам зерттеу жүргізу

в) сынаманы тоңазытқышқа салып қою

с) тексеруге орта порциясы алынады

д) зерттеуден бас тарту

е) сынаманы қыздыру


Жауап кілттері:1-Е,2-Е,3Е,4-А,5-Д,6-Д