shkolakz.ru 1 2 ... 7 8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМК құжаты

ОӘК

ОӘК 042.14.2.07.1.20.84/03-2012

«Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» пәні бойынша оқыту-әдістемелік кешені

Баспа №2 03.09.2012 ж



«ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУ»

пәнінен оқыту-әдістемелік кешені


«050901» - «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2012



Алғы сөз

1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған: Қадірсізова Нұргүл Жетпісбекқызы - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының кафедрасының отырысында талқыланды.

Хаттама №1 “03” қыркүйек 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі _________________ С.Қ. Смағұлов


2.2. «АКТ» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды.

Хаттама №1 «10» қыркүйек 2012 ж.

Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы __________ С.Б.Қайсанов


3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды.

Хаттама №1 «13» қыркүйек 2012 ж.


ОӘК төрағасы,

оқу жұмысының проректоры ______ Б.А. Рскелдиев


ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ


мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер


  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттің өздік жұмысы

1. глоссарий


ЖБТСН
Жүктердің біртұтас тарифті-статистикалық номенклатурасы

ISO­­­­ – International Standardization Organization.

А
КҚ – автокөлікті құрал;

КҚ
– көлік құралдары;

Ж
Қ–жылжымалы құрам;

МЖҚ
– мамандандырылған жылжымалы құрам;

ЖО
– жүк орыны;

ҚЖ
– қауіпті жүк;

ТТМ – тиеп-түсіру механизмдері мен құрылғылары;

ТТЖ– тиеп-түсіру жұмыстары;

ЖТП
– жүк тиеу пункті;

ЖП
– жүк түсіру пункті;

ТТП – тиеп-түсіру пункті;

ІЖБ – іріленген жүк бірлігі;

ТТКҚ - жұмыстар (операциялар) – тиеп-түсіру, көлік және қойма жұмыстары (операциялары);




2. Дәрістер


Темiр жол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы. Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру. Темiр жол желiсiнде вагонағындарды ұйымдастыру


Тарам жолсыз бөлiм бекеттерi, сондай-ақ айырықтар мен озба бекеттері желi арқылы әрбiр бағытта өтуге тиiстi пойыздар санын жөнелтiп отыруға арналған.

Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көр­сету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыс­тыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамы­ған бөлiм бекеттерiнде – пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм беке­тi темiржол станциясы деп аталады.

Станциялар дегенiмiз – темiржолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.


Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.

Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:

Теміржол станциялары туралы ереже;

Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);

Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.


Аралық станциялардың жұмыс технологиясы

Темiржол желiлерiндегi станциялардың басым бөлiгiн аралық станциялар құрайды. Оларда мынадай операциялар атқарылады:


  • жолаушылар мен жүк пойыздарын қабылдау, жөнелту және тоқтаусыз өткiзу; пойыздарды айрылыстыру және басып озу; құрама пойыздарды күту (вагондарды тiркеу және ағыту);

  • жүктер мен теңдердi қабылдау, тиеу, сақтау және тапсыру (кейбiр станцияларда – өлшеу), жүк құжаттарын ресiмдеу, жолаушыларды отырғызу және түсiру, билет сату.



1.1- сурет. Қосжолды желiлердегi аралық станциялардың сызбалары:

а – қатарлас; б – жартылай ығыспа; в – ығыспа жолды; I, I а, II – басты; 3, 4, 6 – қабылдау-жөнелту; 7, 8 – тартым (сақтандырғыш) жолдар; ЖҒ – жолаушылар ғимараты; ЖА – жүк ауласы; Lса – станция алаңының ұзындығы



1.2-сурет. Аралық станцияға құрама пойызбен атқарылатын операциялардың үлгi графигi

Құрама пойызбен жүргiзiлетiн операцияларды атқарудың үлгi графигi 1.2 -су­ретте көрсетiлген.


Телiмдiк станциялардың жұмыс технологиясы

Телiмдiк станцияларда олардан өңдеусiз және iшiнара өңдеу арқылы өтетiн пойыздармен (топтық пойыздар және массасы өзгертiлетiн пойыздар) өңдеу операцияларын жүргiзедi, телiм­дiк, құрама және жақынаралық пойыздарды құрастырады және сұрыптайды. Бұлардан басқа, жүк және жолаушыларға қызмет көрсету операциялары орындалады.


Телiмдiк станциялардың мынадай жол тарамдары болады: бiр немесе екi қабылдау-жөнелту паркi (ҚЖП), сұрыптау паркi (СП), вагондарды сұрыптауға арналған тартымдық жолдар (ТЖ) (кейбiр станцияларға қуаты шағын сұрыптау дөңестерi), жолаушылар пойыздарын өткiзуге және күтiп-баптауға, жергiлiктi жолаушылар пойыздарының тұруына арналған жолдар. Телiмдiк станцияларда жүк ауданы (ЖА), локомотив шаруашылығы (ЛШ), вагон шаруашылығы (ВШ) болады. Телiмдiк станцияға, әдетте, өнеркәсiптік кәсіпорындарының кiрме жол­дары енiп тұрады.

Локомотивтерi ауыстырылмайтын транзиттiк пойыздарды өңдеудiң үлгi графигi 1.4-суретте, ал локомотивтерi ауыс­тырылатын транзиттiк пойыздарды өңдеудің үлгi графигi – 1.5-суретте келтiрілген.







1.4-сурет. Локомотиві ауыстырылмайтын транзиттiк пойызды өңдеу графигi


Сұрыптау станцияларының жұмыс технологиясы

Сұрыптау станциялары әдетте вагон ағындары жаппай пайда болатын және таратылатын аудандарда, iрi темiржол торап­тары мен өнеркәсiп аудандарында орналасады.




Техникалық жарақтандырылуына қарай сұрыптау дөңестері механикалан­дырылмаған, механикаландырылған және авто­мат­тандырыл­ған сұрыптау дөңестері деп бөлінеді.


Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру

Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде станциялар мен басқа да айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.


Теміржол торабтары - теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай екіге бөлінеді:


  • кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды;

  • әр бағыттаманың транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп - транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау станциялары болуы мүмкін.

2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:

  • жергілікті өңдеу жұмысы көп тораптар (250  500 мың адамнан тұратын қаланың жанында);

  • жергілікті өңдеу жұмысы аз тораптар (50  100 мың не 250 мыңға дейін адамнан тұратын қаланың жанында);

  • теңіз бен өзен порттарының жанында, көбінесе жүктерді қайыра тиеу жұмыстарын орындайтын порттың торабы болып бөлінеді;

  • үлкен қалалық торап (500 мыңнан көп адамдар тұратын қаланың жанында орналасқан) болып бөлінеді.


Темiр жол желiсiнде вагонағындарды ұйымдастыру

Пойыздарды құрастыру деп темiржолдың барлық желiсiндегi және жалпы тораптағы барлық вагонағындарды пойыздарға бiрiктiру жүйесiн айтамыз. Бұл жүйе стансаның пойыздарды тарқату, құрастыру және тоқтаусыз өткiзу жұмысының технологиясы мен жұмыс көлемiн анықтайды.

Вагон ағындарын ұйымдастыру нұсқаларын таңдау тәсілдері

Үйлестірілген талдап салыстыру әдісі (метод совмещенных аналитических сопоставлений) (авторы проф. А.К. Бернгард). Басты бағалау критериi варианттарда уақытты үнемдеу (вагон-сағат) болып табылады. Тәсілдің мақсаты – ең тиiмдi вариантқа бiртiнде жақындау болды.

Абсолюттік есептеу әдісі (авторы проф. А.П. Петров). Есептеу полигонындағы вагон ағындарын біріктірудің түрлі нұсқаларын салыстыру вагон ағындарын ұтымды ұйымдас­тыру шешімі болып саналады.


Абсолюттік есептеу әдісі бойынша вагон-сағаттарды іс жүзінде мүмкін болатын барлық нұсқалар үшін анық­тайды. Оңтайлы нұсқаны қабылдау мүмкін болмайтын (әлде бір сұрыптау станцияларында сұрыптау жолдары жетіс­пейтін) жағдайда оңтайлы нұсқаға жақын келетін басқа нұсқаны табу қиын емес.

Варианттарды бағыттап талдау әдісі. Пойыз­дарды құрастыру жос­­пары­ның талдап есеп­теу әдістері мүмкін болатын нұсқалар­дың бәрін емес, олардың бәсекеге түсу әдістері мүмкін болатын нұсқалар­дың бәрін емес, олардың бәсекеге түсе алатындарын ғана қарастыруға, сөйтіп олардың ішінен неғұрлым тиімділерін қарастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір әдістерді, шарт­тарды, ереже­лер мен рәсімдерді пайдалануға негізделген.

3. Қажетті шарт (ҚШ), жеткілікті шарт (ЖШ) және жалпы жеткілікті шарт (ЖЖШ) бойынша тексеру. Жолай техникалық станциялардан өңдеусіз өтуден келтірі­летін вагон-сағат үнемі құрастыру станцияларындағы жинақ­талу вагон-сағатынан көп немесе соларға тең болатын жағ­дайда вагон ағындарын құрастыру жоспарында баратын станциясына жеке бөлек шығару пайдалы болады:

ҚШ: ЖШ: ЖЖШ:

мұндағы – есептік бағыттағы жолай техникалық станция­­лардың саны;

– барынша жақын ағынның баратын станциясы;

– жолай техникалық станциялар үшін ең аз үнем мөл­шері.


Дәріс №2.

Пойыздар жүрiс графигi. Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару. Жылжымалы құрамдарды пайдалану көрсеткiштерi



График теміржол көлігінде пойыздар жүрісін ұйымдас­тыру негізі болып табылады. Ол теміржолдың бүкіл бөлім­ше­лерінің жұмысын біріктіреді, пойыздардың аралық­тарда жүру ретін, әрбір бөлім бекетіне келу және одан жөнелту уақытын, аралықтардағы жүріс жылдам­дығын, станцияларда аялдау нормаларын айқындайды.


Пойыздардың жүріс графиктерін жіктеу

Пойыздардың жүріс жылдамдығына қарай параллельді және параллельді емес (қалыпты) графиктер деп бөлінеді.

Параллельді графиктерде (1.5.4 және 1.5.5-суреттер) әрбір бағыттың пойыздары бірдей жылдамдықпен жүреді, сондық­тан олардың жүріс сызықтары өзара параллель болады.



1.5.4-сурет. Пойыздар жүрісінің параллельді даражолды графигі



1.5.5-сурет. Пойыздар жүрісінің параллельді қосжолды графигі

Әдеттегі пайдалану жағдайында жүріс қалыпты график­термен атқарылады (1.5.5- және 1.5.6-суреттер), өйткені жүк және жолаушылар пойыздары әр түрлі жылдамдықпен жүреді.

Аралықтардағы басты жолдардың санына қарай график­тер былайша бөлінеді:

даражолды график (1.5.4 және 1.5.5-суреттер) – басты жол екі бағытта жүру үшін пайдаланылады және пойыздар станциялар мен айрылымдарда ғана кездесіп айырылыса алады;



1.5.6-сурет. Пойыздар жүрісінің даражолды қалыпты графигі

қосжолды график (1.5.5 және 1.5.7-суреттер) – әр түрлі бағыттың пойыздары мамандандырылған жолдармен бір-бірінен тәуелсіз жүреді, олар станциялар мен озба бекеттерде ғана емес, аралықтарда да кездесіп айырылыса алады;


көпжолды график (басты жолдардың саны мен олар­дың мамандануына қарай) – басты жол үшеу болатын жағдайда даражолды және қосжолды графиктен (1.5.7, а-сурет) немесе басты жол төртеу болатын кезде – екі қос­жолды графиктен (1.5.7, б-сурет) тұрады;



1.5.11-сурет. Пойыздар жүрісінің пакеттік даражолды графигі

даражолды-қосжолды график, яғни даражолды және қосжолды аралықтардан немесе қосжолды айырымдардан тұратын телімдегі график (1.5.8-сурет) – пойыздардың бір бөлігі қосжолды аралықтарда немесе қосжолды айырым­дарда тоқтамастан айырылысады, ал қалғандары – тарам жолды бекеттерде айрылысады.

Жолай жүру бағытындағы пойыздардың орналасуына қарай графиктер мынадай болуы мүмкін:

әдеттегі (пакеттік емес) график – даражолды телімдегі пойыздар аралықтарда жүріс бағыты өзгертіліп алма-кезек салынады (1.5.4-сурет);

топтама (пачкалы) график (1.5.10-сурет) – жолай бағыт­тағы пойыздар станциялық ара қашықтықпен бөлініп жүреді (пойыз жүрісінің аралықтағы уақыты мен жолай жүрісті станциялық интервалмен). Бұл бұрынырақ жөнел­тілген пойыз алда тұрған станцияға келмейінше, аралыққа пойыз жөнелтуге болмайды дегенді білдіреді, яғни аралықта бір уақытта бір ғана пойыз болуы тиіс. Бұл график жартылай автоблоки­ровкамен жабдықталған қосжол­ды телімде және даражолды телімде – тақ график­те қолданылады;

пакеттік график (1.5.11-сурет) – мұнда жолай бағыт­тағы пойыздар автоблокировкада (диспетчерлік орталық­тан­дыруда) блок-аралықтармен шекте­леді, немесе блок-қосын­дары бар жартылай автоблокировкада – қосынаралық­­­тар­мен шектеледі. Бұл жағдайда станциялар арасында бір уақытта пакет түзетін бірнеше жолай пойыздар болуы мүмкін;

ішінара-пакеттік график (1.5.12-сурет) – графикте пойыздардың бір бөлігі пакет тәртібімен, қалғандары – әдет­тегі тәртіппен салынған.



следующая страница >>