shkolakz.ru 1 ... 2 3 4 5 6

2.2. Қазақ тілін дамыта оқыту сабағының үлгісі


Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: студенттердің сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, мысалдар арқылы жаңа сабақты игерту.

ә) тәрбиелік: қазақ тілін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық: студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: шығармашылыққа баулу, тақырып бойынша студенттердің білімін дамыту сабағы.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, стратегиялық, шығармашылық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, тарих.

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, ребустар, плакаттар, кеспе қағаз, семантикалық карталар, «Киелі сандар», қағаздан жасалған талдың макеті мен алмалар, белгі беретін таяқша, техникалық құрал.

Сабақтың барысы:

І 1) ұйымдастыру кезеңі;


  1. үй тапсырмасын сұрау;

  2. топпен жұмыс: І топ – «Жеті қазына»

ІІ топ – «Үш байлық»

ІІ Екі топтың жарысы:

а) сан есімнен өтілген материалдар бойынша:

ә) сан есімге байланысты мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар

ІІІ тақтаға мысалды студенттердің өздеріне жаздырту арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

ІV Кітаппен жұмыс

V Дәптермен жұмыс

VІ Сатылай кешенді талдау жұмысынан жарыс.

VІІ Түрлі ойындар. (Сөзжұмбақ шешу, ребус шешу, «Адасқан сөздер» немесе «Құпиялы қосымшалар», «Құпия сан есімдер» ойыны)

VІІІ Семантикалық картаны тарату (тест орнына)

ІХ Екі топтың топ басшыларының жарысы.

І топ басшысына 12 айдың қазақша атауы

ІІ топ басшысына 12 жылдың қазақша атауы (ауызша айту)

І топ басшысына «Жорға»

1. Синонимге мысал келтір

2. –шаң, -шең ненің жұрнағы?


3. Қосымшаның неше түрі бар?

4. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?

5. Жалғаудың неше түрі бар?

6. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

7. –сыз, -сіз ненің жұрнағы?

8. Сан есім мағыналық жағынан қаншаға бөлінеді?

9. Дерексіз зат есімге мысал келтір?

ІІ топ басшысына «Топтастыру стратегиясы»

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіреді


құрамына қарай: дара, күрделі

қанша? неше? нешінші? нешеу? қаншау?


Сан есім


Мағынасына қарай


1. Есептік 3. Жинақтық 5. Топтау

2. Реттік 4. Болжалдық 6. Бөлшектік


Х «Киелі сандар»

Жеті» санына байланысты

1. Жеті – жинақтық сан есім

2. Жеті қазына

3. Жеті күн (аптаның)

4. Жеті септік

5. Жеті керемет (әлемнің)

6. Жеті нан құдайы

7. Жеті есімдік

(мағыналық түрлері)


«Жеті қазына»

1. Ер жігіт

2. Сұлу әйел

3. Жүйрік ат

4. Қыран құс

5. Құмай тазы

6. Берен мылтық

7. Қақпан


«Үш» санына байланысты


Үш арсыз

тамақ

ұйқы

күлкі

Үш дауасыз

өлім

кәрілік

ауру

Үш байлық

денсаулық

ақжаулық

он саулық

Үш бәйтерек

Сәкен

Бейімбет

Ілияс

«Үш» санымен байланысты

Тәуелдіктің ІІІ жағы

Жіктіктің ІІІ жағы

Буынның 3 түрі

Дауысты дыбыстардың үшке бөлінуі

Дауыссыз дыбыстардың үшке бөлінуі

ХІ «Поэзия минуты», «Жалғасын тап», «Біріншіден не жаман? ...» Сөзжұмбақ


1. Дыбысталуы әртүрлі, бірақ мағынасы бірдей сөздер.

2. Әкеңнің әкесі

3. Жыл басы

4. «Бақыт» деген сөз мағынасына қарай қандай зат есім?

5. «Қалың» сөзінің антонимі

6. Құлыптың қожасы

7. Жыл атауы




С

И

Н

О

Н

И

М

А

Т

А







Т

Ы

Ш

Қ

А

Н







Д

Е

Р

Е

К


С

І

З




С

И

Р

Е

К




К

І

Л

Т




М

Е

Ш

І

Н





«Адасқан сөздер» неме «Құпиялы қосымшалар», «Құпия сан есімдер»

Жығады, білімді, мыңды, бірді, білекті, жығады.


Мен ек ... курста оқимын /-інші/

Менің інім биыл он бір... сыныпты бітіреді /-інші/

Төрт аяқтыда ... тату /бота/

Екі аяқтыда .... тату /бажа/


Жаздың ... күні /бір/

Қыстың ... күнін асырар /қырық/


ХІІ Сабақты мақалмен түйіндеу.

І топ Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

ІІ топ Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.


2. 3. Қазақ тілінен жай сөйлемдерді оқытуда тест тапсырмаларын пайдаланудың үлгісі.

Оқыту үрдісіндегі ең маңызды мәселенің бірі — оқытудың нәтижесін тексеру. Тексерудің барлық түрін, әдісін, формасын қажетті жағдайда орындау, жүйелі түрде дұрыс қолдану оқыту сапасын жоғарлатып, оқушылар үлгеріміндегі кемшілікті дер кезінде ашуға мүмкіндік береді.


Оқушылар білімін тексерудің түрлі әдістемелік аспектілері
Ю.К.Бабанскийдің, Т.И.Батуринаның, И.И.Кулибабаның,

В.П.Беспальконың т.б. еңбектерінде қарастырылды.

Оқушылардың даярлық деңгейін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде негізгі орындардың бірін тест бойынша тексеру алып жүр. Тест - ағылшын тілінен (test) аударғанда "байқау", "бақылау", "зерттеу" деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы педагогикалық тестіні 1864 жылы ағылшын Дж.Фишер кұрастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруді американдық педагог-психолог С.Пресси мен оның қызметкерлері шығарған деп есептейді.

Тест тапсырмалары қолдану аясына қарай: педагогикалық, әлеуметтік, т.б. болып бөлінсе, оның ішіндегі педагогикалық тест тапсырмалары атқаратын қызметіне қарай: окыту тапсырмалары (оқушылардың жеке белсенділігін арттыру, жаңа материалды игеру, өздігінен дамуы) және бақылау тапсырмалары (тоқсан, семестр, жылдың аяғында, күнделікті оқыту үрдісінде оқушылардың жалпы дайындығын тексеру, диагностика жасау) болып бөлінуі мүмкін.1i

Педагогикалық тест әдісі оқушылардың білімін тексеруде объективті құрал ретінде тек шетелдерде ғана емес, біздің мектепте де кеңінен қолданылуда, соңғы бірнеше жылдағы жоғарғы оқу орындары үшін талапкерлерден алынатын қабылдау емтихандары осы әдіске негізделген. Мектеп бітірушілердің кәмелеттік аттестат алу үшін тапсыратын емтихандары мен талапкерлерді жоғарғы оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіріп құрудың жоспарлануы (2004) оқу үрдісінде тест тапсырмаларын қолданудың көкейкестілігін аша түседі.

Енді педагогикалық бақылау тест тапсырмаларын (бұдан ары тест тапсырмалары) құру мен оған қойылатын талаптарға тоқталайық. Тапсырманы құру мақсатты айқындаудан басталады, содан соң Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты анықтап берген оқушылар дайындығының міндетті (минимум) деңгейіне қойылатын талаптар нақтыланады.


Бағдарлама мен оқулық мазмұныны белгіленген тақырып бойынша талдау нәтижесінде тексерілетін және меңгеруге тиісті ең қажетті, негізгі ұғымдар сарапталады. Содан кейін осы ең маңызды ұғымдарды, құбылыстарды, заңдылықтарды, олардың арасындағы себеп-салдарына байланысты тексеруге арналған тест тапсырмалары құрылады.

Тест тапсырмаларына қойылатын талаптар:


  • тест тапсырмалары белгілі бір жүйелі ойды бейнелейтін
    логикалық анықтама (тұжырым) түрінде болады;

  • форманың дұрыс тандалуы;

  • тапсырманың қысқа да нұсқа болуы;

  • жауаптың анықталған орнының болуы;

  • тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы;

  • тандап алған форма шеңберіндегі дұрыс жауаптарды
    бағалаудың бірдей болуы.

Тапсырманың белгілі бір ойды бейнелейтін анықтама түрінде берілуінің өзі сұрак түріндегі тапсырмада қолданылатын қосымша сөздер мен белгілерді болдырмай, тапсырманың қысқалығын қамтамасыз етеді. Оқушылардың қабылдауына қиындық тудыратын, мағынасы күңгірт, анық зерттелмеген, сирек кездесетін сөздер мен таныс емес белгілерді қолдануға болмайды.

Соңғы кездері тестілеу арқылы білім тексеру әдісі және тест тапсырмаларының мазмұны көптеп сыналуда, дегенмен бұл әдіс алдағы уақытта да кеңінен колданыла беретіндігі даусыз.

Оның себебі, "біріншіден, тест тапсырмаларын орындауға уақыт аз кетеді, мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді. Екіншіден, әр оқушыға жеке тапсырма берілетіндіктен көшіріп алу мүмкіндігі болмайды. Демек оқушы пән бойынша өз білімінің объективті бағасын алады. Үшіншіден, тест тек білім тексеріп кана қоймай, оқыту функциясын атқаратындықтан әрбір тестілеуден кейін оқушы білімі терендей түседі. Себебі, оқушы дұрыс жауапты таба алмаған жағдайда оқулықтағы сәйкес тақырыпты қайталап окиды, пысыктайды. Төртіншіден, кейінгі кездегі тест тапсырмалары деңгейленіп берілуде:

I деңгей-тану,

II денгей -жаңарту,


III деңгей-білімді, білікті және дағдыны ұғына отырып қолдану.

Сондай-ақ IV деңгей-шығармашылық деңгей, оқушы білімінің ең жоғарғы деңгейі, терең білім көрінісі болып табылады".1ii

Білім-білік пен дағдыны тексеруге арналған тестердің бірнеше түрлері бар. Тіл сабақтарына ыңғайлығына қарай солардың бірнешеуіне тоқталып, олардың дайындық жолдарын қарастырайық.

І. Тандау тест: Жиі қоданылатын бұл тест бойынша берілген сұрақтың бірнеше жауабы көрсетіледі. Соның ішінен тек дұрыс жауап қана таңдап алынуы керек. Жауаптар саны үштен кем болмауы шарт.

Мысалы:

1. Синтаксис нені зерттейді?

а) сөз мағынасы
ә) дұрыс сөйлеуді

б) сөз тіркесін, сөйлемді

2. Атаулы сөйлемді көрсет?

а) Ышқынған дала дауыл
ә) Аяз күшейді

б) Боран түні бойы соқты

3. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?

а) тұрлаулы мүшелері толық катыспаған сөйлем
ә) бір ғана сөзден жасалады

б) сөйлемнің оқшау түрі

4. Берілген бес сөздің төртеуі ортақ бір белгімен байланысады. Бесінші сөз олармен үйлеспейді. Сол сөздің астын сыз.


  1. а) сөйлем ә) сөз тіркесі б) сан есім в) сөйлем мүшелері
    г) синтаксис

  2. а) толықтауыш ә) дыбыс б) пысықтауыш в) анықтауыш
    г) тұрлаусыз мүше

  3. а) толымды сөйлем ә) жақгы сөйлем б) жайылма сөйлем в) атаулы сөйлем г) салалас құрмалас сөйлем


ІІ. Балама жауапты тест. Белгілі бір түсінік ереженің дұрыс я дұрыс еместігі жөнінде оқушының бір жақты жауабы алынады. Жауап «ия», «жоқ» (дұрыс, дұрыс емес) сөздері арқылы жазылады.

Мысалы:

1. А) Жай сөйлем күрделі ойды білдіреді. дұрыс емес

Ә) Сөйлем құралға қатысқан сөздерді сөйлем мүшелері дейді. дұрыс

Б) Сөйлем мүшесі бола алатындары: шылау сөздер, қаратпа сөздер. дұрыс емес


2. А) Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. дұрыс

Ә) Бастауышы жоқ сөйлем жақты сөйлем бола алады ма? Жоқ

Б) Атауы сөйлем іс – оқиға жайында баяндайтын жай сөйлем түрі. дұрыс емес

3. А) бидай өңді – есімді сөз тіркесі. дұрыс

Ә) қиын сөз - етістікті сөз тіркесі. дұрыс емес

Б) ауылдың маңы - көмекші есімді тіркес. дұрыс

4. А) Толымды сөйлем басқа сөйлемге тәуелді болмай дербес
айтылады ма? ия

Ә) толымсыз сөйлем диалогта кездеседі. Дұрыс

Б) Жалаң сөйлем жақты да, жақсыз да сөйлем болуы мүмкін. дұрыс

5. А) Бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болмайды. дұрыс емес

Ә) Атаулы сөйлем одағайдан болады. дұрыс емес
Б) Синтаксис — сөз тіркесін, сөйлемді зерттейді. Дұрыс

III. Толықтыру тест. Сыналушы бос орынға қалдырылып кеткен сөзді немесе сөз тіркесін қоюы керек. Бұндай тест грамматикалық ережелерді, көркем тексті толықтыруға қолданылады.

Мысалы:
1. А) "Синтаксис" деген сөз білдіреді?

(нені?)

Ә) Сөйлем болу үшін__________________________ болу керек?

(не?)

Б) Айтылуға тиісті мүшелері жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз. (қандай?)

2. А) Сөздер тек сөйлемде ғана емес, _____________________

байланысады. (қалай?)

Ә) Тұрлаусыз мүше жай сөйлемді жалаң

сөйлем дейміз. (қайткен?)

Б) Бірыңғай мүшелердің__________________ортақ болады

(несі?)

3. А) Сөз тіркесі_______________________________ сөзден құралады

(қандай?)


Ә) Жақсыз сөйлемнің құрамында ___________________болмайды.

(не?)


Б) Бірыңғай мүшелердің арасында_________ қойылады.

(не?)


ІV Сәйкестендіру тесті. Екі бағанаға орналасқан сөздерді бір – бірімен мағанасына мазмұнына қарай сәйкестендіріп топтастыру керек.

Мысалы: Жай сөйлем түрлерін тиісті сыңарларымен сәйкестендіріңдер:

__________________________________________________________________


  1. Жақты сөйлем а) —Білемін

2. Атаулы сөйлем ә) Оған тандануға болмайды.

3. Жақсыз сөйлем б) Жазык Дала.

4. Толымсыз сөйлем в) Күн де батты.


1. Толымды сөйлем. а) Құба жон.

2. Жалаң сөйлем ә) — Алматыданмын.

3. Атаулы сөйлем б) Бұлар жүріп кетті.

4. Толымсыз сөйлем в)Жер жыртқан тракторлар гүрілі
алыстан құлаққа шалынады.

______________________________________________________________

1.Жалаң сөйлем. а)Құрамында бастауыш қатысқан сөйлем.

2. Толымды сөйлем. ә)Баяндауыштың бір өзі сөйлемге ұйытқы

3. Жақты сөйлем болатын сөйлем.

4. Жақсыз сөйлем. б)Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем.

5. Толымсыз сөйлем в)Тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің
бірі түсіп калған сәйлем

г) Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан

сөйлем

«В.П.Беспалько дайын жауаптармен берілген сұрақ білімді игерудің тек бірінші деңгейін ғана тексереді деген пікір білдіреді. Ал О.С. Зайцев дұрыс жауапты саналы түрде тандау оқушының сұрақ пен жауаптың мағынасын түсініп, жауаптардың мазмұнын талдай алғанда ғана жүзеге асады деп есептей тұра В.П.Беспалькомен келіспейді. I, II, III деңгейлі тест тапсырмаларын құрастырумен қатар, қиындығына қарамастан IV деңгейлі тапсырманы құрастырғанда оқушының өте жоғары білім дәрежесін анықтауға болады.»1Сонымен оқушылардың білім-білігінің деңгей мен сапасын анықтап, оқу үлгерімін бақылау үшін тест әдісі тиімді болмақ. Көптеген дамыған шет елдерде ауызша сынақ (емтихандар) жүргізілмей, оның орнына неше түрлі жазбаша тест түрлерін қолданатыны да осыдан болса керек. Алайда, бір ескеретін жай тестті орынды жерінде, мақсат пен қажеттілікке қарай ойластыра қолдану қажеттігі. Әсіресе тіл мен әдебиет сабақтарында барлық жерде тесттік сынаққа көшу орынды бола бермеуі мүмкін. Олай дегеніміз тіл мен әдебиет пәндері өзінің табиғатында жанды қарым-қатынас құралы ретінде сөздің мәнін көрсететін, сөйлеу шеберлігі мен тіл мәдениетін жетілдіруді мақсат ететін пәндер. Осыған орай бұл пәндердің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі керек. Атап айтқанда, байланыстырып шебер сөйлеу, баяндау, ой жеткізу, ішкі әсер мен фактіні дәлелдеу, талдау жинақтау машығын байқау сипатындағы жұмыстарда оқушының ауызша жауабын көп жағдайда тест әдісі алмастыра алмайтыны кәміл. Сондықтан да тестті орынды қолдана білу, қажет жерінде ауызша сынақ-емтихан жүйесін де ығыстырмау жөн деп білеміз.



<< предыдущая страница   следующая страница >>