shkolakz.ru 1 2 3 4



Халықаралық

еңбек ұйымы



Балалар еңбегін жою жөніндегі

Халықаралық Бағдарлама


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


ҚР Бас прокуратурасы


ҚР Білім және ғылым министрлігі


ҚР Ішкі істер министрлігі


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі





ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі





ҚР Кәсіподақтар федерациясы


«Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық

палатасы


Қазақстанның тауар өндірушілері және экспорттаушыларының одағы





ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясы



Қазақстан Республикасында балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою және ХЕҰ №182 халықаралық конвенциясын іске асыру жөніндегі 2012-2014 жж. арналған

бірлескен жұмыс жоспары


  1. Кіріспе

Қазақстанда балалар құқықтарын сақтау және қорғау мәселелерінде балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою саясатына ерекше назар аударылады.

Балалар еңбегімен күресті бекітетін аса маңызды құқық қорғау қағидаларының бірі ретінде Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның конвенциясы, Еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы ХЕҰ декларациясы және Жұмысқа қабылдау үшін ең төмен жас туралы және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы ХЕҰ ратификацияланған конвенциялары, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі құқықтық негіз болып табылады.


Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою стратегиясы халықаралық практиканың әдістері мен тәжірибесін ескере отырып, қалыптастырылған балалар еңбегін жою жөніндегі 2009-2011 ж.ж арналған бірлескен жұмыс жоспарына негізделді.

Жұмысты ұйымдастыру және үйлестіруді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы БЕЕНТ жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) және ХЕҰ/ИПЕК Қазақстандағы үйлестірушісі жүргізеді.

Ақпараттандыру қызметін ХЕҰ/ИПЕК көмегімен құрылған http://stopdettrud.kz веб-сайты жүзеге асырады, онда балалар еңбегі проблемасына арналған материалдар (нормативтік құқықтық актілер, ХЕҰ жарияланымдары, зерттеулер, әріптестердің ақпараты, конференциялар мен семинарлардың материалдары және т.б ) орналастырады.



  1. Жағдайды талдау және Қазақстанда балалар еңбегін жою саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары.

Ағымдағы жағдай:

Жоғарыда аталған Конвенциялар негізге алынатын құжаттар болып табылады, олардың негізінде балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне, мысалы балаларды сату және олардың саудасы, борыштық кіріптарлық және крепостнойлық тәуелділік, сондай-ақ мәжбүрлі немесе міндетті еңбек, соның ішінде қаруланған шиеленістерде пайдалану үшін балаларды мәжбүрлі немесе міндетті тарту сияқты құлдыққа ұқсас құлдықтың барлық нысаны немесе құлдыққа ұқсас практика ретінде айқындалатын түрлеріне жол бермеу бағытында күш салынады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда балалар еңбегін жоюға арналған жеткілікті құқықтық база және кәмелетке толмаған қызметкерлер құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған тетік құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасында балалар еңбегінің шектеулері белгіленген және балалар еңбегінің ең нашар түріне балаларды тартқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізін қалайтын қағидалардың бірі балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу принципі болып табылады. Сонымен қатар, ҚР-ның Еңбек кодексіне кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға бағытталған, алдымен бұл 18 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері жөніндегі арнаулы тарауға қатысты бірқатар ережелер енгізілген.

Қазіргі уақытта Қазақстандық заңнаманың аясында кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекеттерге тарту; кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға, қаңғыбастыққа немесе қайыршылыққа тарту, кәмелетке толмағандар саудасы үшін; қамқоршы құқықтарын теріс пайдалану; азаматтардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруге апарып соққан еңбек туралы заңнаманы бұзу; абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыр зиян келтірген, не адамның өліміне апарып соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (ҚК 131-133, 139, 148, 152-баптар) сияқты балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен байланысты іс-әрекеттер түрлеріне қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Өз кезегінде Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте мыналарды: кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде ең төменгі жас туралы талаптарды қоса, еңбек туралы заңнаманы бұзғаны (ӘҚК 87-бап), 18 жасқа толмаған адамдарды ауыр дене еңбегіне және жағдайлары зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті) жұмыстарға тартуға қатысты талаптарды қоса, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзғаны (ӘҚК 89-бап); балалар еңбегінің ең нашар түлеріне байланыстыларды қоса, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқаны үшін (ӘҚК 111-1 бап); кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға тартқаны үшін (ӘҚК 115-бап) жауапкершілік айқындалған.

Проблемалар:

Өткен жылдары қабылданған шаралар оң нәтижелер бергеніне қарамастан, Қазақстанда балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес қажеттілігі мәселесі әлі де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Республикада кәмелетке толмағандарды еңбекке пайдалану жағдайы айтарлықтай қиын емес.


Уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін рейдтік тексерулер барысында балалар еңбегіне қатысты бекітілген тыйымдарды бұзудың жекелеген фактілері анықталуда, кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Жүргізген іс-шаралар нәтижелері, Қазақстанда балалар еңбегі негізінен қоршаған ортаның ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен жағдайларында автомобиль жуатын орындарда; базарларда қол арбаларымен жүк тасымалдау кезінде сондай-ақ, жүк тиеу-түсіру жұмыстарында, жеке сауда орындарында, ауыл шаруашылық жұмыстарында (әсіресе темекі және мақта өсірумен байланысты жұмыстарда); жанар-жағармай станцияларында жанармай құюшы ретінде түнгі уақыттағы жұмыстарда жиі пайдаланатынын көрсетті. Тексеріс қорытындыларын талдау балалар еңбегінің себебі экономикалық және әлеуметтік сипаттағы проблемалар болып табылатынын көрсетті.

Қазіргі уақытта көптеген отбасылардың басына түскен ауыр материалдық жағдай балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай, кейде тіпті тамақтандыра алмайтындай жағдайға апарып соғады. Бұл мән-жайлар бірінші кезекте өз бетінше тіршілік ету көздерін іздеуге мәжбүр етеді.

Ата-аналардың маскүнемдікке және адамгершілікке жат қылыққа бейімдігі, әлеуметтік мәртебесі төмен отбасыларда экономикалық сипаттағы қиындықтар ішкі отбасылық моральдық-психологиялық климатпен, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың нашарлауымен күрделенеді.

Балалардың көбі үй шаруашылығымен айналысады, бұл осы сектор туралы ақпарат алуды және талдау жүргізуді қиындатады. Негізінен үй еңбегімен кедей, толық емес отбасынан шыққан балалар, ата-аналары тастап кеткен немесе жетім балалар айналысады.

Балалар физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Нақты статистикалық деректер болмағандықтан, Қазақстан Республикасында балаларды сексуалдық пайдалану көлемі туралы айту қиын. Сексуалдық пайдалану балалар үшін ВИЧ және басқа жыныстық жолмен жұғатын аурулардың өсуіне, жасөспірімдердің жүктілігіне, медициналық емес түсіктер, босану кезіндегі қиындықтар, ерте ана болу, тастанды балалар, мектепті бітірмеу сияқты және т.б ауыр теріс салдарға апарып соғады.


Көрсетілген мән-жайлар жинақтала келе баланың үйден уақытша немесе толық кетуіне себеп болады.

Экономикалық және моральдық-психологиялық отбасылық проблемалар – бұл жұмыс істейтін балалар пайда болуының негізгі себебі.


Сыртқы факторлардың әсері

Балаларды пайдаланудың басқа негізгі факторы соңғы онжылдықтың жалпы әлеуметтік экономикалық ахуалы болып табылады.

Мәселен, Орта Азия өңірінің басқа елдерімен салыстырғанда, Қазақстан Республикасында қалыптасқан қолайлы жағдай (әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан) шекаралас мемлекеттерден жұмыс іздеп еңбек көшіп-қонушылары біздің елімізге келуінің шешуші факторы болып табылады. Негізінен Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Қырғызстаннан келеді.

Көптеген көшіп-қонушылар Қазақстанға балаларымен бірге келеді. Олар балаларын жергілікті мектептерге орналастыруда қиындықтарға тап болады әрі оларды көмекші ретінде пайдалануды дұрыс көреді. Көшіп-қонушылардың балалары негізінен екі себеппен білім алу құқығын пайдалана алмайды: маусым қорытындысы бойынша біржолғы еңбекақы төлеу жүйесінде жұмыс істейтіндіктен, тағы бір жұмыс қолынан айырылғысы келмеуі не балаларды тіркелмегендіктен, мектепке қабылдамау. Жұмыс істеп жүрген балалар оқу мүмкіндігінен айырылады және өз денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған орай, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тұрғысынан білім беру саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттілігі туындады.


Жұмыстың негізгі бағыттары

Тұрақты экономикалық даму, халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі, еңбек қатынастарының қалыптасуы балалар еңбегін қолдану ауқымының тарылуына және салаларының азаюына әкелді.

Сарапшылардың пікірі бойынша халықтың тұрмыс деңгейінің жалпы өсу үрдісі кезінде отбасы проблемалары және оның салдары ретінде кедейлік балалар еңбегінің негізгі себебі және атап айтқанда БЕЕНТ ықпал етудің жалғыз факторы болып қалады. Яғни, үлкен қалалардағы балалар еңбегінің негізгі себебі бәрінен бұрын отбасының экономикалық сипаттағы проблемалары болып табылады.


Құқықтық және әкімшілік бақылау жеткіліксіз болған кезде балалар пайдалану объектісі болады.

Осыған байланысты балаларды пайдаланудың себептері болып табылатын проблемаларға мыналар жатады:

Қоғамдағы құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер (ақша мен материалдық құндылықтардың басымдығы);

Білім беру жүйесіндегі проблемалар (жеткіліксіз қаржыландыру), оқушылардың мектепке келуіне бақылаудың төмендеуі, білімге қол жетімділіктің төмендеуі;

Балалар ұйымдары мен институттарының (пионер, скаут қозғалысы) болмауы;

Тұрмысы төмен отбасыларды балалар еңбегін пайдалануға мәжбүрлейтін экономикалық қажеттілік.

Көптеген балалар сапалы білім алуға мүмкіндігі болмағандықтан, балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тартылады. Осылайша, балалар еңбегінің ең нашар түрінің баламасы болмағандығының өзі, балалар еңбегінің себебі болып табылады.

Біздің елімізде қолданылатын шаралардың кемшіліктерінің бірі ретінде балалар еңбегінің ең нашар түріне тартылған балаларды анықтау саласында мониторинг жүйесінің жоқтығы болып табылады.

Осыған байланысты балалар еңбегін тиімді жою кеңінен жүргізілу тиіс және білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, халық арасында балалар еңбегі саласындағы проблемаларды түсіндіру жөнінде ақпараттық компанияларға, жалпы проблеманы шешуге қоғамдық қатысуды арттыруға күш бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік және жеке ресурстарды жұмылдыруға бағытталған құқықтық, білім беру, экономикалық және әлеуметтік шараларды қамтитын көп тарапты әдісті пайдалану қажет.

Осыған байланысты, балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тартылған балаларды анықтау тетіктерін ұсынатын, оларға қажетті әлеуметтік, құқықтық, медициналық, психологиялық көмек көрсететін, оқу үрдісіне қайтып оралуға және жұмыспен қамтудың балама нысандарын іздеуге жәрдем беретін бірлескен жоспарды қалыптастыруды және іске асыруды жалғастыру қажет.

3. Балалар еңбегі саласындағы құқықтық жүйе және мемлекеттік саясат


Балаларды қорғау және балалар еңбегімен күрес жөніндегі мемлекеттік саясат еліміз халықаралық деңгейде қабылдаған міндеттемелерге, сондай-ақ тәуелсіздік алған сәттен бастап қабылданған заңнамалық және саяси шараларға негізделген. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) Баланың құқықтары туралы конвенциясын (1989 ж), ХЕҰ-ның Жұмысқа қабылдайтын ең төменгі жас туралы №138 ХЕҰ конвенциясын және №182 ХЕҰ конвенциясын ратификациялады. Сонымен қатар, Қазақстан 2000 жылы Баланың құқықтары туралы, балалар саудасы, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы туралы конвенцияға қосымша хаттаманы ратификациялады. Республика 2000 ж желтоқсанда Палермода қабылданған Адамдар, әсіресе әйелдер мен балалар саудасының алдын алу, тыйым салу және жазалау туралы БҰҰ хаттамасына қол қойды; Еліміз балаларды қарулы шиеленістерге тарту туралы Бала құқықтары туралы конвенцияға қосымша хаттама (2000 ж) қабылдады.


1-кесте. Қазақстанның халықаралық құжаттарды ратификациялауы

Құжат

Ратификациялау күні

ХЕҰ №138 (1973) конвенциясы – жұмысқа қабылдайтын ең төмен жас туралы

2000 ж. 14 желтоқсан

ХЕҰ №182 (1999) конвенциясы

2002 ж. 26 желтоқсан

Баланың құқықтары туралы конвенция (1989)

1994 ж. 11 қыркүйек

Балаларды қарулы шиеленістерге тарту туралы КПР (2000) қосымша хаттама

2003 ж. 10 мамыр

Балалар саудасы, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы туралы КПР қосымша хаттамасы


2002 ж. 18 қаңтар

Палермо хаттамасы(2000ж.)

2008 ж. 17 мамыр


4. Балалар еңбегінің мәселелері көрсетілген бағдармалар мен стратегиялық жоспарлар


Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметін жоспарлаудың негізгі құралдары стратегиялық даму жоспарлары болып табылады.

Балалар еңбегінің мәселелері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық даму жоспарында, сондай-ақ қолданылып жүрген құжаттарда көрсетілген:

- 2010-2012 ж.ж арналған Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек бағдарламасында балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою саласындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту іс-шаралары көзделген.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2012-2014 ж.ж арналған бас келісімде әлеуметтік әріптестердің балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жоюға бағытталған міндеттемелері көзделген.

Қолданылып жүрген мемлекеттік бағдарламалардан балалар сапалы білім, медициналық және әлеуметтік қызметтер алу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету мәселелері 2011-2020 ж.ж арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және 2011-2015 ж.ж арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.



следующая страница >>