shkolakz.ru 1
Көкпекті ауданының әкімдігінің


ҚАУЛЫ


73 20.02.2012 жыл


Бас бостандығынан айыру орындарынан

босатылған тұлғаларға және интернаттық

ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне

жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Р. Смаиловаға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Д. Мусин


Көкпекті ауданының Әділет басқармасында 2012 жылдың 12 наурызда

5-15-99 тіркелді