shkolakz.ru 1
Облыс әкімінің орынбасары А. Әлназарованың


төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінің

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


2013 жылдың 26 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары А. Әлназарованың төрағалық етуімен Қызылорда облысының білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Кеңейтілген алқа мәжілісіне Қызылорда облысының білім басқармасы башылығы, алқа мүшелері, аудан және Қызылорда қаласы әкімдерінің орынбасарлары, аудандық және Қызылорда қаласы білім бөлімдерінің басшылары және басқармаға қарасты мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Алқа мәжілісінің күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды, олар:


  1. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен ұлттық біріңғай тестілеу шаралары

  2. ТжКББ бойынша 2013 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі және алға қойылған міндеттер туралы




  1. 2013 жылдың 1 тоқсанында сыбайлас-жемқорлық

жайы туралы


Күн тәртібінің мәселелері бойынша Қызылорда облысының білім басқармасының бөлім басшылары Г. Сағидатова, Б. Есенбаев, Б. Изкенов хабарламалар жасап, өзекті мәселелер мен білім саласындағы проблемаларды кеңінен айтып өтті. Алқа мәжілісінде А. Әлназарова білім саласының негізгі проблемаларына тоқталып, жазғы демалыс ұйымдастыру мен ұлттық біріңғай тестілеу шараларын жандандыру, оқу мен тәрбие жұмыстарына көңіл бөлуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, кәсіптік техникалық білім беру саласын дамытуға байланысты 2013-2015 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекіту мен кәсіптік білімді мамандарды даярлауға байланысты кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде тапсырылды.

Сондай-ақ, аудандар мен Қызылорда қаласында орналасқан жазғы демалыс лагерлерін санитарлық талапқа сәйкестендіру, материалдық-техникалық базасын нығайту мен оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жергілікті бюджет есебінен бітіруші түлектерді тұрақты жұмысқа орналастыру, сыбайлас-жемқорлық сипаттындағы түрлі тәртіптік теріс қылықтар мен құқықбұзушылықтарды алдын алу мақсатында орта мектеп директорлары мен мектеп ұжымының қатысуымен құқықтық оқыту сағаттарын жүргізу мен сенім телефондарын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсанына бір рет жариялап отыру, «Нұр-Отан» ХДП-ның аудандық және қалалық өкілдіктерімен жалпы білім беретін орта мектептерде кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізу бойынша тапсырмалар берілді.