shkolakz.ru 1

Тоқты


Тоқты жұлдызды адамдардың арманы асқақ, билікке құмар, шыншыл, махаббатқа адал, еркіндікті ұнататын ерік-жігері мықты болып келеді. Осы кезеңде туған адамдардың арасынан талантты басшылар, ұйымдастырушылар, кино актерлері және әлемге әйгілі спортшылар шығады. Тік те турашыл мінезінен олар кейде қиындыққа тап болып жатады. Олар кезедскен қиындықтардан сабырлы да табанды әрі қажырлы еңбектің арқасында ғана жол таппақ.

Торпақ

Жебеуші жұлдызы шолпан болғандықтан, торпақтар негізінен жаны да тәні де сұлу, сабырлы, өзіне сенімді, қателіктерге көп ұрына бермейтін жандар. Уәдеге берік, достыққа адал. Мінездері бір қалыпты жаны таза торпақтарды сенімді достары да көп. Ұлу жылында бұл белгідегі адамдардың алдынан жар-қын мүмкіндіктер ашылады. Алайда әрбір жетістік үлкен күшпен еңбекпен келетінін ұмытпаңыз.

Егіздер

Егіздер негізінен ақылды, сезімтал әрі рухани байлыққа құштар келеді. Жұмыста да, достық қарым-қатынаста ой бөлісіп, пікірлескенді қалайды. Айдаһар жылы егіздерге жақсылық, құт-береке әкеледі. Қиындықтарға мойынсұнбаңыз. Жаңа жұмыс табылады. Басқа қаладағы таныстарыңыз шақырып қалса, бас тартпаңыз. Қаржы мәселесін ақылмен шешіңіз. Жеке өміріңізде де көп өзгерістер болады.

Шаян

Шаяндар өзіне сенімді, эмоцияға тым берілмейтін, су стихиясына жататын белгілердің ең мықтысы болып саналады. Үйге, отбасына ерекше махаббатын арнайтын жандар. Олар жалғыздықты қаламайды. Ақшаны ұқыпты ұстайды, жұмыста жауапкершілікпен көзге түседі. Аяқ асты сырқаттарға жол бермеу үшін, күтініп, шылым мен ішімдіктен алшақ жүргені дұрыс.

Арыстан

Арыстандар батыл, ақкөңіл, рухани күш-қуатының молдығымен ерекшеленеді. Негізінен қызуқанды адамдар тобына жатады. Бұл белгідегілердің жұмысы жаңа бағыттқа бұрылып, біршама жауапкершілік мойынға түседі.Сөйтіп, өзі шешім қабылдауға тура келеді. Көптен күткен демалысты қазан айына жоспарлағаныңыз орынды. Жылдың соңына қарай сіз еркіндік алып, қызықты оқиғаларды бастан кешіресіз.


Бикеш

Алдағы 2012 жыл жарқын болғалы тұр. Сіздің қажеттіліктеріңіз қолжетімді, барлық тілегіңіз орындалады. Кәсіпкерлер бизнестің дамуына қаражат салып, өз үйлерінен алыста жүріп шаруа тындырады. Жай қызметкерлер маусым айына қарай жаңа жұмысқа ауысуы мүмкін. Бикештер еңбекқор жандар болғандықтан да бар күш-жігеріңізді жұмсайтын боласыз. Ақпан-сәуір айларының аралығы жаңа пәтер және жиһаз алуға немесе үйіңізді күрделі жөндеуден өткізуге қолайлы уақыт.

Таразы

Таразылар ұнамды әрі танымал болуды армандайды. Олар сүйкімді де көрікті болып келеді. Махаббат пен достықсыз өмірін есестете алмайтын таразылар көпшіл. Аталмыш белгінің адамдарын пысық деп айту қиын. Жылдың екінші жартысында таразылар елеулі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бірі жаңа жұмысқа қатысты болса, екіншісі, қала немесе елге қоныс аударуы мүмкін.

Сарышаян

Сарышаяндар өте жігерлі әрі қайратты жандар. Сөзден алыс адамдар болғандықтан, жұмысын үнемдеп істейді. Еңбекқорлығы мен байсалдылығының арқасында үлкен жетістіктерге жетеді. Адамның ой-пиғылын алыстан сезетін қасиеті басым бол-ғандықтан сарышаяндар құқық органдарында қызмет атқарғаны абзал. Олар үшін 2012 жыл өтпелі кезең. Алда жоспарлар, жаңа жобалар мен үлкен үміт. Соған назар аударғаныңыз жөн. Жаз бен күз айлары қаржылық проблемаларды шешетін кезең. Әсіресе, мамыр, маусым айлары сәтті кезең екенін естен шығармаңыз.

Мерген

Ұлу жылы мергендер үшін құтты кезең. Біліміңізді арттыратын сәт. Қиындықтан таймай, қадамыңызды нық басыңыз. Бұл белгідегілер жұмысқа ынталы, әйтсе де сынағанды жақтырмайды. Көп нәрсеге өзіндік көзқараспен қарайды. Дінге беріліп кетуі де мүмкін. Жаңа пәтер алуды армандап жүрген Мергендер, ұлу жылының екінші жартысында бұл мәселеге шындап кіріскендері дұрыс.

Тауешкі

Жер белгісінің бірі – Тауешкі әдетте тұрақты, ынталы әрі ұйымшыл болып келеді. Олар кедергіге қарамай ауыр жұмыстың өзінен ләззат ала береді. Өз күшіне сенімді әрі ұқыпты жандар. Жеке өміріңіз бірқалыпты болады. Ең бастысы ұстамды болыңыз. Денсаулығыңызға көңіл бөліп, суда жүзуді үйреніп, бассейнге жазылғаныңыз дұрыс.


Суқұйғыш

Адамгершілік қасиеттері мол, тәуелсіз әрі кең пейілді адамдар. Қиындықта қол ұшын бере алатын адал достар. Кейде қырсық, оқыс мінездерінде көрсетіп қояды. Қаржы мәселесінде тұрақты кіріс пен сәтті мәмлелерге толы болмақ. Сақтық пен сабырлылық қажет. Үйіңізді жаңартып болмаса пәтеріңіздің ішіне жаңа жиһаз не техника алуыңыз ғажап емес.

Балықтар

Айдаһар жылында Балықтар ағым бойымен жүзіп, сәттілік пен жайлылыққа кезігеді. Бірақ, денсаулығына ерекше назар аударғаныңыз жөн. Мейірімді, парасатты балықтар нәзік жанды белгі. Көңіл-күйі өте құбылмалы. Қиялға берілгіш Балықтардан жақсы әртіс, әнші, скульпторлар шығады. 2012 жылдың көктемі Балықтарды сынақтан өткізеді. Десекте, балықтар көптен күткен армандарының иегері атануы да ғажап емес.

Ұлу жылының жұлдызнамасын дайындаған

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.