shkolakz.ru 1 2 3 4
БІЛІМ


(ТІЛДІК ЕМЕС)


мамандықтар тобының

Мемлекеттік аралық бақылау

пәндері бойынша


тест тапсырмаларының үлгісі


Тест ҰТО-ның интеллектуалды меншігі болып табылады.

ҰТО-ның жазбаша келісімінсіз қандай мақсатқа болмасын көшірме жасауға тыйым салынады.


АСТАНА - 2010

Информатика




1. Қай анықтама дұрыс:

A) монитор – мәлімет жасайтын құрылғы

B) монитор – ақпаратты экранға шығаратын құрылғы

C) монитор – текст теретін құрылғы

D) монитор – мәліметтің дұрыс енгізілуін бақылайтын құрылғы

E) монитор – мәліметті енгізетін құрылғы

2. Әрiп өлшемі (биiктiгi) немен өлшенедi?

A) Пиксель; B) Мм; C) См; D) Дюйм; E) Пункт (пт)

3. Word–та мәтінді тік бағыттауға арналған команда:

A) Сервис Параметры – Общие; B) Формат Абзац

C) Абзац; D) Вид – Сервис; E) Формат – Направление текста...

4. Microsoft Word текстік редакторында символ қою үшін:

A) Вставка Символ; B) Вставка Бет нөмері; C) Вставка Сноска

D) Вставка Автотекст Колонтитулы; E) Вставка Рисунок Картинки

5. MS Excel-де ұялар аралығы қай түрде жазылады?

A) А1+В4. B) А1-В4. C) А1.В4. D) А1:В4. E) А1;В4.

6. MS Excel-де 20000 саны экспоненциалды түрде қалай жазылады?

A) 20000. B) 2,00Е+03. C) 2,00Е+04. D) 02,Е+04. E) 2,00Е+05.

7. Excel электрондық кестелеріндегі ерекшеленген деректер бойынша автоматты түрде диаграмма тұрғызу үшін қолданылатын функционалдық перне:


A) F5; B) F11 ; C) F2; D) F8; E) F1


8. E-mail - бұл

A) почталық желі; B) электронды почта; C) телетайп

D) электронды канал; E) телефон

9. 1 Килобайт неге тең

A) 24; B) 8 бит; C) 1000 байт; D) 1024 байт; E) 1 бит

10. Санды атау және жазу әдістерінің жиынтығы қалай аталады?

A) Пайдаланушының жетекшілігі. B) Жетекшілік.

C) Сандық заңдылық.D) Кодтау жүйесі. E) Санақ жүйесі.

11. Компьютердің программалық құралдарына мыналар жатады:

A) Бумалар;

B) Файлдар

C) Микропроцессорлар, жедел (жедел (оперативтік)) жады

D) Қатты диск

E) Операциялық жүйе, программалау жүйесі, қолданбалы программалар

12. ДК (ПК) құрамына кіретін негізгі құрылғылар:

A) Дисплей, сканер, дигитайзер, жүйелік блок

B) Пернетақта, жүйелік блок, дисплей

C) Модем, СDROM, Пернетақта, принтер

D) Дисплей, монитор, джойстик, стример

E) Дисплей, сканер, Модем, СDROM

13. Компьютерлік вирус дегеніміз …

A) электрондық кесте

B) графикалық редактор

C) компьютердегі программалар мен жүйелік мәліметтерді зақымдайды

D) программалау тілі

E) компьютер жұмысын қамтамасыз ететін операциялық жүйе

14. Windows. Құжаттың атын «Жылдам» ауыстыру (переименование) пернесі:

A) F5; B) F1; C) F6; D) F3; E) F2

15. Word редакторында суреттің пропорциясын сақтай отырып, оның өлшемін тышқанның көмегімен қалай өзгертуге болады?


A) Белгіленген суреттің бұрыштық нүктелерін пайдалану арқылы.

B) Белгіленген суреттің бұрыштық нүктелері мен Ctrl пернесін пайдалану арқылы.

C) Белгіленген суреттің бұрыштық нүктелері мен Tab пернесін пайдалану арқылы.

D) Белгіленген суреттің бұрыштық нүктелері мен Enter пернесін пайдалану арқылы.

E) Белгіленген суреттің бұрыштық нүктелері мен Delete пернесін пайдалану арқылы.


16. “Excel” бағдарламасы келесi бағдарламалардың қай түрiне жатады?

A) Операциялық жүйе. B) Программалау тiлдерi.

C) Мәтiндiк процессор.D) Программа қабыршықтары.

E) Кестелiк процессор.

17. Деректерді алыста орналасқан сервер-компьютерлерден көшіріп алып, кейін оларды клиент-компьютерлерде көрсететін программалар:

A) ImageView программалар; B) Протокол. C) Сервер-программалар.

D) Маршрутизатор. E) Браузер.

18. Access-те белгілі бір оқиғаға жауап беру үшін, бірнеше әрекетті құрылымды көрсететін объект қалай аталады?

A) Есеп беру. B) Форма. C) Кестелер. D) Макрос. E) Сұраныс.

19. MS Access-те сұрыптауға жатпайтын деректер типiн көрсетiңiз:

A) Сандық, дыбыстық; B) Ақшалық, мерзiм/ уақыт, мәтiндiк

C) Сандық, дыбыстық, гиперсiлтемер; D) Гиперсiлтемер, МЕМО, OLE

E) Сандық, ақшалық, МЕМО, OLE

20. Объектінің контексті мәзірін қалай шақыруға болады?

A) объектіні тышқан көрсеткішімен көрсету.

B) оның белгісін тышқан батырмасының оң жағымен екі рет шерту.

C) оның белгісін тышқан батырмасының сол жағымен екі рет шерту.

D) оның белгісін тышқан батырмасының оң жағымен шерту.

E) оның белгісін тышқан батырмасының сол жағымен шерту.


21. Архивтiк файлдың кеңейтiлуi

A) .doc; B) .rar ; C) .dat; D) .tif; E) .xel

22. Есептер тақтасы:

A) Windows қосымшасы арқылы атқарылатын барлық есептер.

B) Пиктограммалар мен жарлық программалар орналасқан экранның аймағы.

C) Экранның төменгі жолындағы жеңіл түрінде бір қосыпшадан екінші қосымшаға ауысу жолағы.

D) Жабық қосымшалар орналасқан экранның аймағы.

E) Қолданушының жақын арада пайдаланған 15 құжаттың тізімі.

23. Word редакторында меңзер тұрған абзацты ерекшелеу әрекеттері:

(Дұрыс емес әрекетті таңдаңыз!)

A) Меңзерді абзацтың басына қойып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап абзацтың соңына дейін жылжыту керек.

B) Сол абзац ішіне меңзерді қойып, Ctrl пернесін басулы күйде ұстап тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту керек.

C) Сол абзац ішіне меңзерді қойып, тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту керек.

D) Сол абзац ішіне меңзерді қойып, Shift пернесін басулы күйде ұстап тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту керек.

E) Меңзерді абзац тұсындағы сол жақ шеттегі бос орынға қойып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту керек.

24. Word редакторында деректерді буферге көшіру пернелер комбинациясы:

A) Shіft+Del. B) Ctrl +H. C) Ctrl +P. D) Ctrl +Іns. E) Shіft+ Іns.

25. Excel ұяшығына формула енгізу үшін қандай белгіден бастау керек?

A) = ; B) !; C) ешқандай белгі қажет емес; D) : = ; E) #




Философия


1. Қытай мемлекетінің әлеуметтік идеалы «Ізгілікті, асыл ер адам» концепциясын құрушы:


A) Мо Цзы. B) Конфуций.C) Гаутама.D) Лао Цзы.E) Шан Ян.


2. Әл-Ғазалидің сұлулық, музыка мен поэтикалық өнер туралы ілімдері

философияның қай тарауына жатады?

A) Онтологияға.B) Гносеологияға.C) Психологияға.

D) Эстетикаға.E) Этикаға.

3. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін салған

A) Д.Бруно B) Леонардо да Винчи C) Н.Кузанский

D) Н.Коперник E) Г.Галилей

4. “Өндірістік қатынастардың жиынтығы базис болып табылады, саяси қондырма осыған негізделеді және оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді” - деп тұжырымдаған:

A) Кант; B) Маркс; C) Майнгейм; D) Энгельс; E) Вебер

5. «Адам деген абыройлы болып естіледі»- деп айтқан кім?

A) А.Құнанбаев. B) Ф.Достоевский. C) В.Соловьев.

D) Л.Толстой. E) М.Горький.

6. Шизоанализ, ризома, номадология, деконструкция түсініктері қандай философиялық бағытқа тән?

A) неопозитивизмге; B) постмодернизмге; C) постпозитивизмге

D) экзистенциализмге; E) феноменологияға

7. Онтология бұл:

A) Құндылық туралы; B) Адам туралы; C) Болмыс туралы

D) Қоғам туралы; E) Ақиқат туралы ілім

8. Мына аталған философтардың қайсысы қоғамдық дамудың өркениеттілік концепциясын қолдайды?

A) Вольтер. B) Локк.; C) Платон.; D) Тойнби; E) Фейербах.

9. Діншіл наным-сенім дегеніміз не?

A) ғылыми білім

B) түп табынушылық

C) қараңғылық және сауатсыздық

D) парасат

E) бұл құдай туралы және біздің жанымыздың өлмеуі туралы жәй ғана білім емес, ол ынталы білім


10. Герменевтика сөзін философияда алғаш қолдана бастағандар:

A) Ағылшын философтары

B) Орыс философтары

C) Қазақ философтары

D) Неміс философтары

E) Француз философтары

11. "Ұлы диакосмос" еңбегінің авторы.

A) Левкипп; B) Перикл; C) Ұлықбек; D) Фалес; E) Архелес

12. Упанишада көзқарасынша, адамның әлеуметтік жағдайын не анықтайды?

A) Нирвана. B) Карма. C) Сансара. D) Варна. E) Атман.

13. Ф.Бэконның қай еңбегінде үстем және төмен таптардың тату-тәтті өмірі

сипатталып, утопиялық мазмұнда болды?

A) «Әдіс туралы ойлар». B) «Левиафан». C) «Этика».

D) «Жаңа тлантида». E) «Жаңа Органон».

14. Қай Ағартушылық заманының философы деизмді – құдай мен жан мәңгілігін мойындады?

A) П.Гольбах. B) Ж.Ж.Руссо. C) Д.Дидро. D) И.Гердер. E) Ж. де Ламетри.

15. Қай XIX ғ. Батыс Еуропа философы «Экономикалық-философиялық қолжазбалары» еңбегінің авторы болып табылады?

A) Ф.Ницше. B) В.Дильтей. C) А.Бергсон. D) Ф.Энгельс. E) К.Маркс.

16. Қай XIX ғ. Батыс Еуропа философының басты қағидасы – «Өмір сүру мәннен бұрын болады» деп саналады?

A) Л.Витгенштейн. B) А.Шопенгауэр. C) Ж.П.Сартр.

D) К.Ясперс. E) Ж.Маритен.

17. С.Бақырғанидің ұстазы

A) Қ.А.Яссауи; B) Әл-Бируни ; C) Әл-Фараби;

D) М.Қашғари; E) Ж.Баласағұн

18. Табиғаттың, қоғамның, адам ойының дамуының көзі, ішкі қайнар көзін анықтайтын

A) қажеттілік заңы

B) мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы

C) категориялар

D) қарама-қайшылық заңы

E) терістеуді терістеу заңы


19. Құбылыстардың жалпы заңдылықты себептік уәждігі туралы ілім:

A) индетерминизм B) кондиционализм C) детерминизм

D) фатализм E) конвенционализм

20. Орта ғасыр философиясының негізгі проблемасы

A) Табиғат проблемасы B) Адам проблемасы C) Таным теориясы

D) Универсалия" проблемасы E) Қоғам проблемасы

21. Әрбір ғылыми білімді жоққа шығарудың мүмкіндігін мойындайтын қандай принципті К.Поппер алға қойды?

A) құдайға сену принципін

B) этика принципін

C) эстетика принципін

D) жалпыға бірдей байланыс принципін

E) фальсификация принципін

22. «Өзара түсінісу, келісу немесе түсініспеу сияқты құбылыстар тілдік негізден туындайды» деп есептейтін XX ғасырдағы философиялық бағыт:

A) структурализм; B) неопозитивизм; C) феноменология

D) постпозитивизм; E) герменевтика

23. Логикалық дәлелдеусіз, шығармашылық, нұрлану жолымен ақиқатты тікелей табуды білдіретін ұғым:

A) ойлау; B) рефлексия; C) интуиция; D) абстракция; E) сана

24. Адамның феноменологиялық тұжырымдамасы қандай?

A) Істің мәнін түсінуге тырыс, ол үшін өзіңді жан-жақты дамытып, тіліңді жетілдір.

B) Бәріне күмәндан, басқалардың сөзіне ерме

C) Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, олардың негізінде өз құндылықтарыңды, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелеріңді әзірлеп, тап

D) Құдайға сеніп, намаз оқы, сүйіспеншілігіңді көрсет, Құдайдың Шаһарын жерде сал


E) Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет


25. Әсерлену, бұқараның көңіл – күйі ғылыми білімнің деңгейі, өнер, мораль, философия, дінде көрінетін қоғам өмірі:

A) рухани B) экономикалық C) бейсаналық

D) материалдық E) көші – қон




Педагогика



1. Аксиология дегеніміз –

A) Аксиома ретінде қабылданатын педагогикалық заңдар мен заңдылықтар

B) Мұғалімнің балалар еңбегін асыра бағалауы

C) Құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім

D) Білім беру мекемелерінің материалдық базасын күшейту

E) Ғылымдағы зерттеу әдістері жайлы ілім

2. «Субьектілік» ұғымы сипаттайды:

A) Еңбексүйгіш адамды.

B) Адамның мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормалары мен ережелеріне бейімделуін.

C) Тұлғаның іс-әрекетке белсенді, өзіндік бағыты.

D) Тұлғаның ынталы еместігін, пессмистілігін.

E) Әдіскерді.

3. Тақырыпты-күнтізбелік немесе сабақ жоспарының құрылуымен аяқталатын мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңі:

A) Диагностикалау. B) Жоспарлау.

C) Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

D) Ынталандыру. E) Қадағалау.

4. Нақты тәрбие процестерін ұйымдастыру варианты:

A) Тәрбие формалары. B) Тәрбие мазмұны. C) Тәрбие әдістері.

D) Тәрбие принциптері. E) Тәрбие тәсілдері

5. Сабақ, семинар:

A) Оқыту әдістері. B) Дидактикалық жүйе.

C) Оқытуды ұйымдастыру формалары.

D) Педагогикалық жүйе. E) Оқыту құралдары.


6. Қандай бақылау принципі оқыту нәтижесін анықтау мұғалім тұлғасынан тәуелсіз болуын талап етеді?

A) Көрнекілік. B) Саналалық. C) Жүйелілік. D) Беріктік. E) Объективтілік.

7. Сыныптағы микротоптың тиімді құрамы:

A) Төрт адамнан тұратын микротоп.

B) Сыныпты екіге бөлу.

C) Он адамнан тұратын микротоп.

D) Екі адамнан тұратын микротоп.

E) Бес адамнан тұратын микротоп.

8. Тұтас педагогикалық процестiң негiзгi элементтерiн атаңыз

A) мақсаты, мiндетi, мазмұны, формасы, әдiс-тәсiлдерi, нәтиже

B) құрылымы, бағыты, мазмұны

C) мақсаты, барысы, көрнекiлiгi

D) оқу құралы, оқушы, мұғалiм

E) сабақтың тақырыбы, мақсаты, құрылымы, барысы, бiлiмдi тексеру

9. Педагогтың ұйымдастырушылық қабілеті байқалады:

A) Оқушылардың алуан түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы.

B) Басқарудың авторитарлық стилі арқылы.

C) Педагогикалық әдебиеттерді оқуы арқылы.

D) Интернет арқылы.

E) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы.

10. Педагогикалық такт:

A) тәрбиелiк әрекеттердiң шарасы

B) қоршаған ортамен өзара әсердiң белсендiлiк формасы

C) ересектер мен балалардың өзара әрекетi

D) педагогтың балалармен педагогикалық қарым-қатынас кезiнде сақтауы тиiс шаралар принципi

E) адамның iшкi әлемiнiң сыртқа шығуы

11. Зерттелетін объект туралы нақты деректер алу үшін қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау:


A) Сауал-сұрақ әдісі. B) Әңгімелесу әдісі. C) Интервью алу.

D) Эксперимент. E) Бақылау әдісі.


12. Педагогикалық бақылау:

A) сезiм органдары арқылы қабылдау

B) арнайы ұйымдастырылған зерттеу обьектiсiн қабылдау

C) әдеттегi жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тану

D) санадағы қабылданған мәлiметтердiң өңделуi

E) мәлiметтердi таңдап iрiктеу

13. Адамның дамуы:

A) Оқыту процесінің көрсеткіштерін білдіреді.

B) Оқыту процесінде мұғалімнің даярлануын білдіреді

C) Ұжымдар арасындағы қарым-қатынасты білдіреді

D) Физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік сипаттамаларының дамуын білдіреді

E) Оқыту процесіндегі заңдылықтарды білдіреді

14. Сабақ түрін анықтаудың кең тараған жолы:

A) Оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру сипатына байланысты.

B) Дидактикалық мақсатына байланысты.

C) Мұғалім іс-әрекетінің сипаты.

D) Оқыту мақсатына жетуге кеткен уақытқа байланысты.

E) Оқушы іс-әрекетінің сипаты.

15. Диктант:

A) Оқу әдісі. B) Бақылау әдісі. C) Тексеру процесі.

D) Диагностика. E) Сабақ элементі.

16. Бiлiм мақсатына жету әрекетiндегi қандай да бiр ғылымның, өнердiң негiздерi бойынша дидактикалық сараптаудан өткен бiлiм жүйесi:

A) әдiстемелiк құрал B) оқу пәнi C) оқу жоспары

D) оқу кiтабы E) оқу бағдарламасы

17. Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формасына жатпайды:

A) Әдістемелік кеңес. B) Пәндік-әдістемелік бірлестік.

C) Мектеп кеңесі. D) Проблемалық семинар. E) Әдістемелік күн.


18. Оқу жоспары - бұл:

A) Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызы бар нормативті құжаттар.

B) Барлық деңгейдегі және бағыттағы білім мазмұнын анықтайтын құжат.

C) Әр оқу пәнінен оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдысының мазмұны мен көлемін белгілейтін құжат.

D) Нормативті құжаттарда бекітілген білімге қойылатын міндетті талаптар, оқыту мен тәрбиенің мақсаты.

E) Оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өтілу тәртібі мен бірізділігін, әрі оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.

19. Мектептік құжаттардың барлық түрлері бөлінеді:

A) Оқу-педагогикалық, мектепішілік ақпараттық, қаржы-шаруашылық.

B) Психологиялық, әлеуметтік.

C) Жекелік, топтық, ұжымдық.

D) Әкімшілік, оқушылық, педагогикалық, ата-аналық, кәсіподақтық.

E) Қоғамдық, құқықтық, нормативті.

20. Даму - бұл:

A) Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен болатын өзгерістердің болуы.

B) Ұзақ жүретін қарама-қайшы процесс.

C) Жеке адамның сандық және сапалық басқарылатын және басқарылмайтын факторлар арқылы өзгеріске ұшырауы.

D) Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгерісі.

E) Тұлғаның әлеуметтік жүйеде қалыптасуы, жаңа қарым-қатынастың қалыптасуы.

21. Этномәдени орта – бұл:

A) Халықтың этникалық санасын көрсететін мәдени құндылықтар.

B) Мәдени ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру.

C) «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру.

D) Басқа ұлттың дәстүрін қастерлеу.

E) Ұлттық салт-дәстүрді сақтау.

22. Оқу жылына және оқу пәндерiне қарай бiлiм мазмұнын бөлiп тастау

A) жоспар-конспект B) күнтiзбелiк жоспар C) тақырыптық жоспар

D) оқу жоспары E) өзiндiк бiлiм алу жоспары


23. Сабақ типі мен құрылымын анықтайтын негізгі белгі:

A) Негізгі мақсатқа қол жеткізуге қажетті уақыт мөлшері бойынша

B) Мұғалімнің іс-әрекеті бойынша

C) Сабақ элементтерінің орналасуы бойынша

D) Сабақта шешілетін негізгі дидактикалық міндет

E) Құрылымдық компоненттер құрамы бойынша

24. Білімнің есте жақсы сақталуын, олардың оқушы санасының бір бөлігі, жүріс-тұрысының негізі болуын талап ететін принцип:

A) Ғылымилық. B) Оқыту мен практиканың байланысы.

C) Жүйелілік және бірізділік. D) Беріктік. E) Саналылық және белсенділік.

25. Дүниетанымның компонентіне жатпайды:

A) Мінез-құлық тетігі. B) Білім. C) Сенім. D) Көзқарас. E) Жарыс.





следующая страница >>