shkolakz.ru 1


Ф КГМА 4/3-06/02

ПП КГМА 4/02


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ





Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Та
қырыбы: Инфекция. Биологиялық зерттеу әдістері (биосынама). Патогенді факторлары. Микроорганизмдердің инфективті және инвазивті касиеттері, Вирустық инфекциялардың ерекшеліктері.


Микробиология пәні

051101 «Мейірбике ісі»

Курс II


Құрастырғандар: доц.м.а., Ахметова С.Б.

оқытушылар: Котенева Е.Н.,Қабдуова Ә.Қ.






Қарағанды 2009 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

« 24 » 03. 2009 ж. № 9 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.


Та
қырыбы: Инфекция. Биологиялық зерттеу әдістері (биосынама). Патогенді факторлары. Микроорганизмдердің инфективті және инвазивті касиеттері, Вирустық инфекциялардың ерекшеліктері.

Мақсаты: Жалпы инфекционды аурулардың зертханалық диагностика принциптерімен таныстыру, патогенді микроорганизмдерді патогенді емес туыстас штаммдардан ажырату. Бактериялардың патогенді факторларын және вирусты инфекция ерекшеліктерін үйрету.


Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

инфекционды үрдіс және инфекционды ауру түсінігі;

бактериялардың патогенді және вирулентті факторлары.

инфекционды аурулардың зертханалық диагностика принциптері, әдістері, патогенді микроорганизмдерді патогенді емес туыстас штаммдардан ажырату

инфекционды үрдіс дамуындағы микроорганизм-қоздырғыштардың маңызы.

Студент істей алуға тиіс:


микроб жасушаларының құрылысты компоненттерімен вируленттілік байланысын бағалау;

инфекционды үрдісті бактериоскопиялық, бактериологиялық және биологиялық диагностика әдістермен жүргізу.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

1. Инфекция. Инфекционды процесс, инфекционды ауру туралы түсінік.

2. Инфекцияны тудыратын факторлар. Иесі мен паразиттін өзара қарым-қатынасы. Облигатты жөне факультатівті, клеткаішілік жөне клетка сыртылық паразитизм.

3. Инфекционды процесс динамикасы. Инфекцияның мүмкін қорытындысы.

4. Инфекционды процесс формалары: экзо--жөне эндогенді, ошақтық жөне жалпылық ,өткір, созылмалы жөне қайталанушылық, микроб тасымалдаушылық.

5. Инфекция көзі жөне берілу жолдары.

6. Микроорганизмдердің таралу жолдары: бактериемия, сепсис, септикопиемия, токсиемия

7. Токсиндер, агрессия ферменттері, колонизация факторы, бактерия, инвазиондық, адгезивтік, "вируленттілік" жөне "патогендік" туралы түсінік.

8. Бактерия патогенділігі. Патогенділік факторғары жөне оларды генетикалық бақылау ерекшеліктері.

9. Бактерия вируленттілігі. Өлшем бірліктері.

10. Экзотоксиндердің негізгі қасиеттері.

11. Зақымдану, жұқтыру жолдары /өдістері/


Оқыту мен оқу әдістері
:Шағын топтарда зертханалық жұмыс істеу: зертханалық жануарларды зақымдау (биосынама), жағдайлық есептерді шешу.


Әдебиеттер:

Воробьев А.А. Микробология

Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология.- М.: МИА, 2001.- 734 с.

Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с.

Медицинская микробиология /Гл.ред В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 2001, 2006. — 1200 с.

Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.


Компьютерная программа "Диаморф" - "Медицинская микробиология" - атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад.проф.Воробьева А.А.

Бақылау


Тест тапсырмалары:


1 вариант:

1.Симбиоздың негізгі формасы:

А) мутуализм

Б) полиморфизм

В) синергизм

Г) метаморфизм

Д) коньюгация

2. Симбиоз формасы комменсализм - бұл:

А) егер екі микроорганизм тіршілік барысында бір-біріне көмек береді

Б) бір организм екінші организм арқылы тіршілік етеді, оған кедергі тигізбейді

В) бір организм екінші организм арқылы өмір сүріп оған кедергі жасайжы

Г) микроорганизмдер арасында нейтралды қарым-қатынас

Д) патогенді микроорганизмдер тіршілігі

3. Инфекция - бұл:

А) макроорганизм мен қалыпты микрофлораның симбиозы

Б) бір популяция тіршілігі екінші популяциясымен тежеледі

В) екі патогенді микробтардың тіршілік ету формасы

Г) түр аралы қарым-қатынас форма

Д) жұгу

4. Инфекциялық процестің дамуына қажетті жағдай:

А) макроорганизм мен қалыпты микрофлораның симбиозы

Б) патогенді микробтың болмауы

В) қоздырғыштың макроорганизмге еңуі

Г) біртоға фагтың еңуі

Д) сыртқы қоршаған ортаның қалыпты жағдайлары

5. Жұқпалы аурулар сипаттамасы:

А) циклдық дамуы

Б) жұғуы жоқ

В) инкубациялық кезеңі бірдей

Г) продромалді кезеңі жоқ

Д) фагоцитоздың бәсендеуі

6. Табиғаты бойынша инфекция түрлері:

А) ошақтық

Б) аралас

В) екінші реттік

Г) эндогенді

Д) суперинфекция

7. Микробтардың таралуы бойынша инфекцияның формасы:

А) ошақтық


Б) жедел

В) септицемия

Г) созылмалы

Д) экзогенді

8. Инфекция түрлері:

А) бактерия тасылдаушылық

Б) мутуализм

В) комменсализм

Г) синнергизм

Д) паразитизм

9. Суперинфекция - бұл:

А) сауыққан соң сол қоздыр-ғышпен қайта инфицирлену

Б) бірінші аурудан сауықпай сол қоздырғышпен қайта инфицирлену

В) экзотоксин бөлетін қоздырғышпен инфицирлену

Г) тұрақты иммунитет қалыптасатын ауруларда кездеседі

Д) бірнеше қоздырғышпен инфицирлену

10. Таралу қарқындылығы бойынша инфекция түрлері:

А) пандемия

Б) эпидемия

В) эндемия

Г) спорадикалы түрі

Д) барлық аталған түрлері

Жауап кілттері: 1А), 2) Б, 3) Д, 4)Д, 5) В, 6)А, 7)Г, 8) В, 9) А, 10)Г


2 вариант

1.Реинфекция:

А) бактерияның басқа түрімен қайтадан зақымдану

Б) жазылғаннан кейін сол қоздырғышпен қайтадан зақымдану

В) аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Г) қалыпты микрофлораның есебінен пайда болады

Д) эндотоксин бөлетін бактериялармен зақымданғанда пайда болады

2. Суперинфекция - бұл:

А) сауыққан соң сол қоздыр-ғышпен қайта инфицирлену

Б) бірінші аурудан сауықпай сол қоздырғышпен қайта инфицирлену

В) экзотоксин бөлетін қоздырғышпен инфицирлену

Г) тұрақты иммунитет қалыптасатын ауруларда кездеседі

Д) бірнеше қоздырғышпен инфицирлену

3. Тудыру көзі бойынша инфекция түрлері:

А) эпидемия

Б) латентті

В) зоонозды

Г) экзогенді

Д бактериемия

4. Микроорганизмнің вируленттілігі:

А) патогенді факторға жатпайды

Б) штаммның индивидуалді сипаттамасы


В) жануарларға еңгізгенде өзгермейді

Г) генотипті белгі

Д) антиген-антидене комплексі пайда болуымен байланысты

5. Бактерия вируленттілігі немен байланысты:

А) лактоза ферменті болу нәтижесі

Б) спора түзілуімен

В) адгезия мен колонизация арқылы

Г) қылшықтар болған жағдайда көрініс береді

Д) лизосом нәтижесінде

6. Белокты токсиндер:

А) цитотоксиндер

Б) эндотоксиндер

В) липополисахаридтер

Г) пептидогликан

Д) тимин

7. Инвазия факторына жатады:

А) фибринолизин

Б) гиалуронидаза

В) липаза

Г) каталаза

Д) липопротеидтер

8. Грам оңды бактериялардың адгезия факторы:

А) липопротеидтер

Б) липополисахаридтер

В) гиалуронидаза

Г) тейхой қышқылы

Д) липаза

9. Белоктық токсиндер сипаттамасы:

А) органотроптылығы

Б) антигендік қасиеттері әлсіз

В) физикалық-химиялы факторларға төзімді

Г) термотұрақты

Д) улы емес

10. Дифтерия таяқшасының токсигендік гені қай жерде орналасады:

А) плазмидада

Б) нуклеотидте

В) біртоға фагтың ДНҚ-да

Г) хромосомада

Д) РНҚ молекуласында

Жауап кілттері: 1)Б,2) Б, 3) В, 4) Б, 5) В, 6) А, 7)Б, 8)Г, 9) А, 10)В.


3 вариант

1.Ферменттердің патогенділігі, тек мындан басқасы:

А) нейраминидаза

Б) каталаза

В)фибринолизин

Г) плазмокоагулаза

Д) гиалуронидаза

2. Вирустық инфекция ерекшелігі немен байланысты:

А) инкубациялық кезеңі қысқа

Б) облигатты паразитизммен

В) бактериемия дамуымен

Г) спецификалық әсері болмайды


Д) вирус геномы организм клетка геномымен байланысы жоқ

3. Септицемия - бұл:

А) қоздырғыш қан айналысымен мүше және ұлпаларға таралып, сол жерде өсіп көбееді

Б) қоздырғыш қанға түсіп, сол жерде көбееді

В) қоздырғыш еңген жерде қалады, қанға токсині таралады

Г) сауыққан соң сол қоздырғышпен қайта инфицирлену

Д) бірнеше қоздырғышпен инфицирлену

4. Вирустық инфекцияда байқалады:

А) вирогения

Б) токсинемия

В) клеткаішілік инфекция пайда болады

Г) индуктивті инфекция дамиды

Д) инкубациялық кезеңі бірдей

5. Вирустардың инфекциялық қасиеті:

А) олардың репродукциясында ғана көрінеді

Б) бірінғай вирустық инфекциясымен байланысты

В) вирустардың белоктық қабығы қасиеттерімен байланысты

Г) нуклеин қышқылы қасиеттерінен байланысты емес

Д) вирустардың генотипымен байланысты емес

6. Паразитизм - симбиоз формасы:

А) бір организм екінші организм арқылы тіршілік етеді, оған кедергі келтірмейді

Б) бір организм екінші организм арқылы тіршілік етіп оған кедергі келтіреді

В) екі организм бір-біріне пайда келтіреді

Г) екі организм бір-бірімен байланыспай бір-біріне кедергі келтіреді

Д) облигатты клеткаішінде тіршілік ету

7. Жұқпалы аурулар сипаттамасы:

А) циклдық дамуы

Б) жұғуы жоқ

В) инкубациялық кезеңі бірдей

Г) продромалді кезеңі жоқ

Д) фагоцитоздың бәсендеуі

8. Белокты токсиндер:

А) цитотоксиндер

Б) эндотоксиндер

В) липополисахаридтер

Г) пептидогликан

Д) тимин

9. Қай микробта вируленттілік қасиет корд-фактор ретінде кездеседі:

А) стафилококктарда

Б) ішек таяқшасында

В) туберкулез микобактериясында


Г) дизентерия шигеллаларында

Д) стрептококктарда

10. Инфекциялық процестің дамуына қажетті жағдай:

А) макроорганизм мен қалыпты микрофлораның симбиозы

Б) патогенді микробтың болмауы

В) қоздырғыштың макроорганизмге еңуі

Г) біртоға фагтың еңуі

Д) сыртқы қоршаған ортаның қалыпты жағдайлары


Жауап кілттері: 1)Б,2) Б, 3) А, 4) В, 5) А, 6) Б, 7)Д, 8)В, 9) В, 10)Б.