shkolakz.ru 1 2 ... 5 6





Жоба


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының

2012 жылғы «_____» _________________

шешімімен бекітілді


Шығыс Қазақстан облысында жылу беру маусымына

дайындалу және өткізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ


1. Жалпы ереже



1.1. Шығыс Қазақстан облысында жылу беру маусымына дайындалу және өткізу ережесін (бұдан әрі – Ереже) Шығыс Қазақстан облысының атқарушы билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдары, Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй- коммуналдық нысандары мен отын-энергетикалық кешенін кезекті күз-қыс мерзіміне әзірлігін тексеру және бақылау органдарының және жылу беру маусымын өткізу кезінде олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге байланысты қызметін үйлестіру мақсатында әзірленді.

1.2. Осы Ережені Шығыс Қазақстан облысының атқарушы билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммуналдық қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар, ресурспен жабдықтаушы ұйымдар, отын-энергетикалық ресурспен жабдықтаушылар, Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық нысандар мен энергетикалық кешеніне құрылыс, монтаж, жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар орындауға міндетті.

1.3. Осы Ережеде мынадай негізі ұғымдар пайдаланылды:

ресурспен жабдықтаушы ұйым - ұйымдық-құқықтық формасынан тыс заңды тұлға, сондай-ақ коммуналдық ресурстардың жеткізілуін қамтамасыз етуші жеке кәсіпкер;

жылумен қамтамасыз етуші ұйым – жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуге қажет жылу энергиясын өндіруді, жеткізуді, босатуды коммуналдық қызмет көрсетушілер мен тұтынушылардың (абонент) орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесі арқылы жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық формасынан тыс заңды тұлға;

коммуналдық қызмет көрсетуші - ұйымдық-құқықтық формасынан тыс заңды тұлға, сондай-ақ, коммуналдық қызмет көрсетіп, тұтынушыға қызмет көрсетуде қолданылатын коммуналдық ресурстармен жабдықтаушы және үй іші инженерлік жүйесіне жауап беретін жеке кәсіпкер.


Басқарушы ұйым, меншік пәтер иелері, тұрғын үй-құрылыс, тұрғын үй немесе арнайы тұтынушы кооперативі коммуналдық қызмет көрсетуші бола алады, ал, көп пәтерлі үйге меншік иелері – коммуналдық ресурстарды өндіруші немесе жабдықтаушы басқадай ұйым тікелей басшылық жасайды.

тұтынушы (абонент) – коммуналдық қызметті инженерлік жүйеден алушы және коммуналдық қызметті меншік шаруашылық-тұрмыстық немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өндірістік қажеттілікке пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.

отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) жабдықтаушы – ұйымдық-құқықтық формасынан тыс заңды тұлға, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру мақсатында отын-энергетикалық ресурстарды жеткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкер.

облыстың қыс мерзіміне дайындығы және жылу маусымы кезіндегі жылу нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық штаб (бұдан әрі облыстық штаб) – облыстық штаб құрамы жыл сайын «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес облыс әкімінің өкімімен бектіледі.

1.4. Шығыс Қазақстан облысының атқарушы билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тұрғын үй-коммуналдық ұйымдары және Шығыс Қазақстан облысы жылу-энергетикалық кешенінің негізгі мақсаты – тұтынушыларды жылу-, су-, электр-, газ- және отынмен қамтамасыз ету, энергия таратушылардың қажетті параметрлерін ұстау және ғимараттардың энергия тұтынудағы төлем тәртібіне қарай, қалыпты температуралық режимін қамтамасыз ету.

1.5. Жылу беру маусымына дайындалу және өткізу жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Ережеге сәйкес белгіленеді. Тұрғын үй-коммуналдық сала қатынастарын реттейтін және тұрғын үй-коммуналдық нысандары мен отын-энергетикалық кешенді пайдалануға қойылатын талаптарды бекітетін нормативтік-құқықтық актілер тізімі осы Ереженің 1-қосымшасында берілген.

1.6.  Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық ұйымдары мен жылу-энергетикалық кешенінің жылу маусымына дайындығы және өткізуі осы Ережелерге сәйкес, сондай-ақ тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық нысандарын алдағы жылу беру маусымына дайындау, Шығыс Қазақстан облысы атқарушы органдарының кезекті жылу беру маусымының өту қорытындысы бойынша жыл сайын шығаратын нормативтік-құқықтық актілерінде көрсетілген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.


1.7. Жылу беру маусымына дайындалу және оны өткізумен байланысты іс-шаралар кешені бес кезеңнен тұрады:

- жылу беру маусымына дайындық;

- жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін қосу;

- жылу беру маусымын өткізу;

- жылу беру маусымын аяқтау және жылу беру жүйелерін тоқтату;

- жылу беру аралығы кезеңінде ыстық сумен қамтамасыз ету

1.8. Жылумен жабдықтаушы ұйымдардың коммуналдық қызмет көрсетушілер және тұтынушылармен өзара қарым-қатынасы олардың өзара жасаған келісім-шарты және әрекеттегі заңмен анықталады. Коммуналдық қызмет көрсетушілер, тұтынушылар және жылумен жабдықтаушы ұйымдардың жауапкершілігі инженерлік желілердің баланстық жабдықтарымен анықталады және инженерлік желілердің баланстық жабдықтары мен тараптардың пайдалану жауапкершілігі туралы келісім-шартқа тіркелген актіде көрсетіледі.

1.9 Жылу энергиясын тұтынушылар қамтамасыз етуі тиісті:

- техникалық қызметті уақтылы және сапалы жүргізу және жылу тұтыну жүйелері мен инженерлік желілерді жөндеу;

- техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарына арнайы ұйыммен келісім-шарт жасау барысында оның қызметкерінің тәуліктің кез-келген уақытында кіру мүмкіндігі;

- меншік нысандар аумағы мен бөлмелерге Мемэнергобақылау органдарының және облыстық, қалалық, аудандық штаб өкілдерінің тәуліктің кез-келген уақытында еш кедергісіз кіру мүмкіндігі;

- меншік нысандар аумағы мен бөлмелерге энергиямен жабдықтау қызметкерінің жөндеу және инженерлік желі қызметін тексеру, жылу тұтыну режімін бақылау – жылу желілерінің техникалық жағдайын, коммерциялық есеп құралдарын қарау үшін, тәулік бойы кіру мүмкіндігі;

- жылумен жабдықтау көздерінде жылу қуаты мен отынның уақытша жетіспеуі себепті, жылу энергиясын пайдалануды шектеу және жылу тұтыну құрылғыларын тоқтатуды келісім-шартқа сәйкес әзірлеу және орындау;

1.10 Инженерлік коммуникациялары бар аумақты ұстауға жауапты ұйым, инженерлік желілерде шамалы ақаулар пайда болғанда, жерасты коммуникациялары иелеріне хабарлама жіберуі тиіс, қажет жағдайда – жергілікті атқарушы органдар мен жол полициясы органдары өз өкілдерін бір сағат арасында ақау болған жерге жібереді немесе ақаулы орында коммуникацияның болмағаны туралы жауап хабарлама жібереді.


1.11 Инженерлік құрылғыларда технологиялық тәртіптің бұзылуы себепті, ақаулар, апаттар және төтенше жағдайлар орын алған жағдайда және оны жою мерзімі 24 сағаттан асатын болса, апат салдарын жою тиісті аумақ Әкімдері мен төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссияға жүктеледі.

1.12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала нысандарындағы апатты жою, апаттық жағдайлар жоспарына сәйкес және ресурспен жабдықтау ұйымдары, тұтынушылар, коммуналдық қызмет көрсетушілер, құрылыс-жөндеу, жол-көлік ұйымдары мен жергілікті атқару органдары, облыстық, қалалық және аудандық штаб бекіткен басқа қызметтердің өзара бірлескен іс-әрекетімен жүзеге асырылады.

1.13. Әлдеқандай жағдайдан болған апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығындары мен материалдық құндылықтар қорын толықтыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарында орын алған апатты жағдайларды жою, кезекті қаржы жылына облыс, қала мен аудан бюджетінде қаралған қаржы аясында, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

1.14. Жол жабындарын ашу және жер қазумен байланысты жұмыстар, жерасты инженерлік желілер мен құрылғыларды қайта құру және жөндеу, құрылыс және жол жөндеу, аумақты көріктендіру арнайы ережелерге сәйкес жүргізілуі тиіс.

1.15. Инженерлік желілерде аумақты көріктендіру тәртібінің бұзылуына байланысты болған технологиялық кемшіліктерді жою жұмыстарын, ресурспен жабдықтау ұйымдары және жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша мердігерлік ұйымдар жүргізеді.

1.16. Инженерлік желілерде апаттық және жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін көше бойындағы асфальт төсемелерді, үй ауласында гүлзарлар мен көгалдарды қалпына келтіру апат немесе ақаулар болған инженерлік желілер иелерінің есебінен жүргізіледі.

1.17. Жергілікті атқару органдары және жол полициясы бөлімдері мердігерлік ұйымдардың инженерлік желілерге апаттық-қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуына, жұмыс орындарында көлік қозғалысын жабуға көмек беруі тиіс.


1.18. Инженерлік коммуникация жүретін жер учаскелерінің меншік иелерінің міндеті:

- инженерлік желілерді қорғау аймағына бақылау жүргізу, соның ішінде жанармай қалдығы, қоқыстар, жапырақтар мен құрғақ шөптерден тазарту, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар қызметін тәулік бойы пайдалану және жөндеуді қамтамасыз ету;

- инженерлік желілер мен құрылғаларды қорғау аймағына санкциясыз құрылыс салу, материалдар жинау, ағаш, тал отырғызу, қоқыс үйіндісін жинауға т.б. жол бермеу;

- инженерлік коммуникация иелерінің талабы бойынша санкциясыз құрылыстарды бұзу, қорғау аймағына егілген ағаш, талдарды басқа жерге көшіру жұмыстарын іске асыру;

- инженерлік коммуникациялардағы ақауларға байланысты орын алған оқиғалар туралы ресурспен жабдықтаушы ұйымдардың диспетчерлік қызметіне жедел хабарлау керек, сонымен бірге қауіпті аймақты қоршау шараларын қабылдау, апат қызметі келгенге дейін өз өкілдерінің келуін қамтамасыз етуі тиіс, олар хабарламадан кейін бір сағат арасында келуі керек, сондай-ақ қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу.

- инженерлік коммуникацияларды қорғау аймағынан құрылыс және құрылғыларды қалпына келтіру немесе көшірумен байланысты, сондай-ақ апатты жою және жоспарлы жұмыстарды санкциясыз құрылыстардың болуы себепті кешіктіру шығындарының орнын жабу;

1.19. Инженерлік коммуникациялар жүретін аумақты ұстауға жауапты жер учаскелері иелері, ұйымдар, пайдаланушы ұйымдар, ішкі істер және жол полициясы қызметкерлері технологиялық ақауларды (ыстық су ағуы, жер асты құбырларынан бу бөлінуі, құдықтардың пайда болуы т.с.с.) байқаған кездегі міндеттері: қауіпті аймақты қоршау шараларын қабылдау, қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу, инженерлік коммуникациялардың бүлінуіне байланысты оқиғалар туралы жергілікті атқару органдарына, қалалық және аудандық штабтарға жедел хабарлама беру;

1.20. Инженерлік құрылғылар қойылған немесе инженерлік коммуникациялар өтетін қосымша бөлмелердің (шатыр, мансард, жертөлелер т.б.) иегерлері немесе жалға алушылар осы бөлмелерді қойма немесе басқа нысан ретінде пайдаланған кезде коммуналдық қызмет көрсететін және (немесе) үйіші жүйесін тексеру, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдардың өкілдерін еш кедергісіз кіргізуі тиіс.


Инженерлік коммуникация өтетін қосымша бөлмелерді жабдықтау жұмыстары коммуналдық қызмет көрсетуді орындайтын техникалық талаптар бойынша ресурспен жабдықтаушы ұйымдардың келісімімен орындалады.

1.21. Кондоминиум нысандарында, әлеуметтік сала нысандары мен жеке кәсіпкерлік нысандарда инженерлік жүйені қамтамасыз ету жұмысының технологиялық ақаулары туралы хабарлау үшін мекенжайлары мен телефон нөмірлері көрсетілген кестелер ресімделуі тиіс.


2. Жылу беру маусымына дайындалуды және өткізуді бақылау


2.1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар мен қызмет көрсету ұйымдарының жылу беру маусымына дайындалу және өткізу жауапкершілігі мен бақылау олардың ведомствалық тиесілілігі мен меншік формасына қарамастан қала, аудан әкімдері мен жергілікті атқару органдарына жүктеледі.

2.2. Өз уәкілеттігі аясында:

- энергетикалық нысандардың әзірлігін, сондай-ақ ресурспен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жылу энергиясын тиімді және үнемді пайдалануын бақылайды, бақылауды – Шығыс Қазақстан облысы бойынша энергетикалық қадағалау және бақылау басқармасы жүзеге асырады.

- тұрғын үй қоры нысандарының әзірлігіне – Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының «Тұрғын үй инспекциясы» ММ жауап береді.

2.3. Шығыс Қазақстан облысы аумағында жылу беру маусымына дайындалу және оны өткізуге жалпы бақылауды облыстық ведомствоаралық комиссия ережелеріне сәйкес әрекет ететін Шығыс Қазақстан облысы аумағында жылу маусымына дайындалу және өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – облыстық ведомствоаралық комиссия) жүзеге асырады. Облыстық ведомствоаралық комиссияның құрамы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Облыстық ведомствоаралық комиссия қабылдаған шешімдер ұсыныстық сипатта болады.

2.4. Қала және аудан аумақтарының жылу беру маусымына әзірлігі мен оны өткізуді, сондай-ақ тұрғын үй қорының әзірлігі, әлеуметтік сала нысандары мен инженерлік инфрақұрылымдарының күз-қыс кезеңіндегі тұрақты қызметіне бақылауды, қала және аудан аумақтарының жылу беру маусымына әзірлігі мен өткізу жөніндегі қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссиялар ережелеріне сәйкес әрекет ететін қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі – қалалық және адандық ведомствоаралық комиссия) жүзеге асырады. Қала және аудан комиссиялары қабылдаған шешімдер міндеттеу сипатында болады.


2.5. Тұрғын үй қоры және әлеуметтік сала нысандарын жылу беру маусымына дайындау барысындағы тексеру жұмыстарына депутаттық комиссиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатыса алады.

2.6. Отын алуға бөлінетін бюджеттік қаржыны уақтылы есептеу үшін Шығыс Қазақстан облысының атқару органдары маусым айының 1 күніне дейін жылу тұтынудың (лимит) жылдық көлемін келесі жылға анықтайды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және коммуналдық меншіктің әлеуметтік салалары нысандары бойынша;

2.7. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқару органдары бекітілген лимиттер және тапсырыстарға сәйкес, жаз мерзіміне, қазан айының 1-інен кешіктірмей, отын сақтау базасына отын қорының қажетті айлық нормасынан аз емес көлемде отын жеткізуді қамтамасыз етеді.

2.8. Жергілікті атқару органдары тұрғын үй-коммуналдық ұйымдары мен кәсіпорындары және отын-энергетикалық кешенімен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік нысандарды күз-қыс мерзіміне дайындау мақсатында кешенді жоспарлар құрып, 10 мамырға дейін қала, аудан әкімінің бекітуіне ұсынады.

2.9. Қала және аудан әкімдіктері қала, аудан және ауылдық округтер аумағында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық нысандары мен отын-энергетикалық кешенін әзірлеудің бекітілген кешенді жоспарлары негізінде, тұрғынүй-коммуналдық нысандары мен отын-энергетикалық кешенін, әлеуметтік саланы кезекті жылу беру маусымына әзірлеудің толық талданған жоспарын құрады. Кешенді және толық талданған жоспарлар мамыр айының 15 күніне дейін Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына ұсынылады.

2.10. Жергілікті атқару органдары апта сайын сейсенбі күндері, 15 мамырдан 1 қарашаға дейін тұрғын үй-коммуналдық нысандары мен отын-энергетикалық кешенін жылу беру маусымына әзірлеудің кешенді және толық талданған жоспарларын Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына баспа және электронды түрде (2- қосымша) бекітілген формада ұсынады.


2.13. Қала және аудан әкімдіктерінің тұрғын үй инспекциялары 20 тамыз күні және 5 қыркүйекте қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссияларға нысанның 15 тамыз және 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша жылу беру маусымына әзірлігі туралы актілері жоқ (3-қосымша) тұрғын үйлер мекенжайларының тізімін жібереді. Жылу беру маусымына әзірлік кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмаған жағдайда мекенжайлардың тізіміне орындалмау себебі, жұмыстың орындалмауына кінәлілер көрсетілген анықтама тіркеледі және жұмысты орындаудың жаңа мерзімі көрсетіледі. Тұтынушы нысандарының жылу энергиясын қабылдауға техникалық әзірлігінің актілерін бекітудің соңғы мерзімі – 15 қыркүйек.



следующая страница >>