shkolakz.ru 1 2 3 ... 27 28

мектептің даму стратегия бағдарламасы (2009-2012 жж.)

  • дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесінің даму тұжырымдамасы (2009-2012 жж.)


  • «Дарынды бала – ел тірегі» дарынды балалармен мақсатты жұмыс жүргізу бағдарламасы (2009-2012 жж.)

  • «Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің білімін жетілдіру жолдары» бағдарламасы (2009-2012 жж.)


    ЖЕРГІЛІКТІ ЛОКАЛДЫҚ АКТІЛЕР /ЕРЕЖЕЛЕР/

    • педагогикалық кеңесі туралы ереже

    • әдістемелік кеңесі туралы ереже

    • мектептің әдістемелік қызметі туралы ереже

    • оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ереже

    • озық педагогикалық тәжірибе туралы ереже

    • шығармашылық топ туралы ереже

    • жас маман мектебі туралы ереже

    • мектепішілік бақылаудың жағдайы туралы ереже

    • мектепішілік мониторингісінің жағдайы туралы ереже

    Мектеп – интернаттың оқу – тәрбие үрдісін, ғылыми – әдістемелік жұмысын мектеп – интернат директорының басшылығымен директордың орынбасарлары, пәндік әдістемелік бірлестік жетекшілері және мектептің писхологиялық қызметі ұйымдастырып жүргізеді. Өз қызметінде мектеп-интернат оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған біртұтас білім жүйесін құрайтын оқыту және тәрбиелеу процессінің бірыңғайлылық принципін басшылыққа алады.

    Мектеп – интернаттың педагогикалық іс – әрекетін ұймдастыру негізгі төрт бағыт бойынша жүргізіледі:

    • оқу

    • тәрбие

    • әдістемелік жұмыс

    • дарынды балалармен жұмыс

    Әр бағыттың нақты функциясы бекітілген.

    Мектептің даму стратегиясының басты мақсаты негізгі үш өлшемді міндеттер кеңістігінде қарастырылады. Атап айтқанда, жоғары білім сапасын қамтамасыз ететін қоғамдық – гуманитарлық және математика-жаратылыстану бағыттарын қамтитын вариативтік, бейімдік және жан-жақтылық инновациялық оқыту моделін әзірлеу

    Қысқа мерзімді жоспарлау іс – әрекеті жылдық оқу – тәрбие жоспары арқылы жүзеге асады. Жалпы мектептiң жоспары әдiстеме бiрлестiктерi мен шығармашылық топтардың жоспарларымен қиылысады. Мектеп әкiмшiлiгi педагогтардың жоспарлаған мақсаттарының орындау әрекеттерін үнемі қадағалап отырады. Осы барлық жүйелердiң нәтижелi жұмыс атқаруына басқару жүйесi мол ықпал бередi, мектеп бұл жерде бiркелкi, ашық, әлеуметтік – педагогикалық дамыған жүйе түрінде қарастырылады. Оның көрінісі дәстүрлі классикалық қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқыту және Қазақстан мен әлемдік психолого - педагогикалық тәжірибелерінің жаңаша жетістіктерімен үйлесетін дарынды балаларға арналған инновациялық білім беру моделін құру. Ұлттық және әлемдік мәдениет жүйесіне кіріктілікті, қоғамның рухани және экономикалық - әлеуметтік дамуына үлес қосатын, жоғары адамдық құндылықтарға бағдарланған, шынайы мамандықты таңдай білетін жеке интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеп шығуға бағытталған элиталық білім мен тәрбие берудің бір тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйесі.



    Жоғары да айтылғаннан, мектеп-интернаттың басты мақсаты мектеп миссиясы белгiлендi:

    Қостанай облысы бойынша іріктеліп жиналған дарынды балалардың интеллектуалдық потенциалын ұлттық тәлім-тәрбие, халықтың сан ғасырлық педагогикасы, тағылымы негізінде дамыту және тәрбиелеу. Ұлттық   тәлім-тәрбиені  іске  асыратын  ұлттық  тіл (этнолингвистика)  екені даусыз. Сондықтан халқымыздың төл тілінде тәрбиенің сіңірілуі басты қағида. Халық  тәжірибесі  арқылы   тарихи  қалыптасқан   тәрбие құндылықтарын  жаңғырта отырып, жаңаша  өмірмен  байланыстырып, ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің ізгі педагогикалық идеяларын іс – тәжірибеде тиімді   пайдалану  жолдарын  айқындап  көрсету.

    Міндеттері:


    • жоғары білім сапасын қамтамасыз ететін қоғамдық – гуманитарлық және математика-жаратылыстану бағыттарын қамтитын инновациялық оқыту моделін әзірлеу

    • оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдiстер мен технологоияларды кеңінен қолдана отырып, оқушылардың өздiгінен ізденіс пен шығармашылық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту

    • жалпы бiлiм беру процессiнде отандық және шетелдiк педагогикалық тәжiрибесiн қолдану, мұғалiмдердiң кәсіби бiлiктiлiгiн және шығармашылық қызметiн көтеру

    • мектеп- интернат жағдайында жинақталған позитивті тәжірибені облысымыздың және Қазақстан Республикасының басқа да дарынды балаларға арналған мектептер мен жалпы орта білім мектептеріне трансляциялау

    Мектеп-интернатты басқару барысында  басшылыққа алатын негізгі принциптер:

    • оқушыларға жеке тұлғалық  потенциалды ашу негізінде адам қызметінің түрлі салаларында табысқа жету технологияларын меңгеруге мүмкіндік беретін    
      табыс педагогикасы;
    • гуманистік психология,  оның  идеяларын меңгеріп жүзеге асырған жағдайда педагогикалық ұжым оқушы тұлғасының  өзін-өзі іске асыруына, саналы өмірлік таңдау жасауға мүмкіндік  бере алады;


    • шығармашылық педагогикасы
      педагогикалық ұжым мен оқушылар бойында шығармашыл дара тұлға негіздерін қалыптастыру;

    • ынтымақтастық педагогикасы оқу бағдарламалары педагог пен оқушының біріккен  шығармашылық  әрекеттің негізінде ұйымдастыру;

    • өзін-өзі анықтау педагогикасы адамның түрлі салаларда өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі іске асыруды педагогикалық қолдау, оған жағдай жасау

    Мектеп-интернаттың қызметін ұйымдастырудағы негізгі принциптер

    Өз қызметінде мектеп-интернаттың әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы келесі негізгі принциптерді басшылыққа алады:

    • оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған біртұтас білім жүйесін құрайтын оқыту және тәрбиелеу процессінің бірыңғайлылығы (мектеп оқушысының моделі)

    • білім беру процессін ұйымдастыруда пән және деңгей аралық кіріктілікті, бірізділікті, дифференциацияны қамтамасыз ету, өздігінен білім алуға, өзін – өзі жетілдіріп, дамытуға бағыт – бағдар беру

    • оқушыларды іріктеуде ашықтықты, объективтікті және барлығына тең шарттылықты іске асыру, барлық мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби дамуына тең мүмкіндік беретін білім беру моделінің қажеттілігіне сай мектеп – интернаттың кадр саясатын ұйымдастыру

    МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНЫҢ МОДЕЛІ

    Бағыты

    негізгі мектеп оқушысы
    5 – 9 сынып


    орта  мектеп оқушысы
    10 – 11 сынып





    • дүниетанымы жетілген;

    • сараптама жасай алатын;
    • өзіндік ойы дамыған;


    • білімге қызығушылығы жоғары;

    • өздігінен білім алуға қабілетті

    • эрудициясы дамыған;

    • өмір сүру дағдылары жақсы қалыптасқан;

    • ЖАТ меңгерген;

    • кез келген іске шығармашылықпен қарайтын;

    • сыни тұрғыдан ойлайтын;

    • өздігінен дамуға қабілетті

     




    • мейірімді,қайырымды;

    • шыншыл, әділ;

    • үлкенге құрмет көрсетеді;

    • салауаттылық;

    • еңбекке құрметпен қарайтын;

    • жауапкершілігі мол

    • мейірімді,қайырымды

    • жанындағы адамды түсіне білетін;

    • шыншыл, адал ниетті;

    • әділ әрі еңбекқор;

    • жаупкершілігі мол;

    • өзін-өзі сыйлайтын;

    • өзін-өзі басқара алатын.

     

     

     




    • өз міндеттері мен құқықтарын білуі;

    • туған жерін, өлкесін сүйетін;

    • табиғатты аялайтын;

    • халқымыздың салт-дәстүрін сақтайтын, әрі сыйлайтын;

    • оң шешім қабылдай алатын;

    • белсенді азаматтық позиция;

    • өз көзқарасын дәлелдей алуы;

    • қоғамның саяси дамуын түсінетін;

    • өз елінің патриоты;

    • демократиялық қоғамның белсенді мүшесі.

     



    • мінез- құлық мәдениті;


    • этикет нормаларын білетін;

    • моралдық құндылықтарды бағалайтын;

    • өткенге сыйластықпен қарайтын;

    • тәрбиелілік деңгейі жоғары.

    • полимәдениетті;

    • толерантты;

    • қарым қатынас мәдениті дамыған;

    • моралдық құндылықтарды бағалайтын;










     


    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған

    мектеп-интернатын бітіруші түлек моделі:



    Зерттеуші түлек. Жаратылыстану мен қоғамтану ғылымдарына ерекше қызығушылық танытатын, ғылыми зерттеудің әдістемесін меңгерген;

    Білімді түлек. Өздігінен білім алуға қабілетті, эрудициясы дамыған;

    Іскер түлек. Өзінің және өзгенің ісіне сараптама жасай алатын,бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білетін

    Қайраткер түлек. Қоғамның саяси дамуын түсінетін және қоғамдағы өзекті мәселелерді шеше алатын;

    Шығармашыл түлек. Кез келген  іске  шығармашылық тұрғыдан қарайтын;

    Мәдениетті түлек. Өз ұлтының тілін, мәдениетін терең біле отырып, жаһандану үрдісінде   әлеуметтене алатын тұлға.


    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған

    мектеп-интернатының педагог тұлғасының моделі:






























    Мектептің тәрбиелеу жұмыс жүйесі

    Мектептің тәрбиелеу жүйесінің негізін зерттеуші, ой өрісі кең, жұғымды, бір беткей, ашық және сынай ойлайтын, қамқоршы, сараптаушы түлектерді дайындауға бағытталған оқу және тәрбие процесстерінің біртұтас принципі құрайды.

    Тәрбие жүйесі оқушылардың жеке бастық, әлеуметтік, физикалық даму бағдарламасына сәйкес мына бағыттарда жүзеге асырылады:


    • азаматтық-патриоттық тәрбие;

    • интеллектуалды даму;

    • адамгершілік-рухани тәрбие;

    • кәсіптік бағдарлау;

    • мәдени-эстетикалық тәрбие;

    • экологиялық білім;

    • денсаулықты нығайту.

    Тәрбие жұмысының бағыттары сабақ және сабақтан тыс жүйе арқылы, оқушыларды әр-түрлі шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік жұмыстарға, өзін – өзі басқару, жетілдіру жұмыстарына қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.

    Мектептің аталған тәрбие жүйесі оқушыларға ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін толық ашуға, оны жүзеге асыруына, мектеп пен қоғам мәселелерін шешуде өздерінің маңыздылығы мен қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, елдің болашақ басшыларын тәрбиелейтін алаң болып табылады.

    Мектептің тәрбиелеу жұмыс жүйесі

    Мектептің тәрбиелеу жүйесінің негізін зерттеуші, ой өрісі кең, жұғымды, бір беткей, ашық және сынай ойлайтын, қамқоршы, сараптаушы түлектерді дайындауға бағытталған оқу және тәрбие процесстерінің біртұтас принципі құрайды.


    Тәрбие жүйесі оқушылардың жеке бастық, әлеуметтік, физикалық даму бағдарламасына сәйкес мына бағыттарда жүзеге асырылады:


    • азаматтық-патриоттық тәрбие;

    • интеллектуалды даму;

    • адамгершілік-рухани тәрбие;

    • кәсіптік бағдарлау;

    • мәдени-эстетикалық тәрбие;

    • экологиялық білім;

    • денсаулықты нығайту.

    Тәрбие жұмысының бағыттары сабақ және сабақтан тыс жүйе арқылы, оқушыларды әр-түрлі шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік жұмыстарға, өзін – өзі басқару, жетілдіру жұмыстарына қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.

    Мектептің аталған тәрбие жүйесі оқушыларға ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін толық ашуға, оны жүзеге асыруына, мектеп пен қоғам мәселелерін шешуде өздерінің маңыздылығы мен қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, елдің болашақ басшыларын тәрбиелейтін алаң болып табылады.


    ІІ. КАДР ҚҰРАМЫ

    Мектептің кадр саясатын қалыптастыру

    Мектеп- интернаттың кадр саясаты педагог қызметкерлердің, басқарушы кадрлардың және қосалқы қызметкерлердің кәсіптік және шығармашылық, іздену-зерттеушілік деңгейін көтеруге жағдай жасауды көздейді.

    Білім беру процессінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында мектеп – интернатқа мұғалімдер мен тәрбиешілер іріктеу негізінде қабылданады.

    Педагогикалық қызметкерлерді іріктеу параметрлерінің ерекшеліктеріне сай әзірленеді. Оның ішіндегі ең басымдылары болып мыналар табылады:

    • арнайы кәсіби білімі;

    • психологиялық орнықтылық, ұжыммен жұмыс істеу қабілеті, инновациялық қызметке дайындығы, жұмысында кәсіби-педагогикалық және пәндік білімін кешенді қолдану;

    • шығармашылық қабілет, импровизация, жеке творчестволық ізденіс;

    • коммуникативтік қабілеттілік, риториканы – шешендік өнерді жақсы меңгеру;
    • педагогикалық қызметте жеткен жеке жетістіктері;


    • қазіргі заманның ақпаратты-коммуникативтік технологияларын меңгеру деңгейін анықтау және қазақ, орыс, ағылшын және т.б. тілдерді меңгеру;

    Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың білім беру моделіне сай жоғары кәсіби педагогикалық қызметкерлерді қалыптастыруда міндетті шарттың бірі төмендегі бағыттар бойынша мұғалімдерді алдын ала дайындау болып табылады:

    • мектептің білім беру моделімен танысу мен мектептің (миссия, философия, оқу әдістемелері) білу;

    • оқу бағдарламаларының міндеттері мен мақсаттарына жетуге бағытталған білім беру технологияларын және оқу әдістемелерін үйрену және мектептің ақпаратты-коммуникациялық жүйесімен жұмыс жасауды және оқытуды білу

    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернаттың жалпы әкімшілік – басқару құрамы 7 адамнан тұрады: мектеп – интернат директоры, директордың орынбасарлары – 4, менеджер – 1, интернат меңгерушісі – 1.

    Әкімшілік – басқару аппарат мүшелерінің білім беру жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі – 5 жылдан 40 жылға дейін, басқару қызметінде 1 жылдан 40 жылға дейін. Әкімшілік – басқару аппарат құрамының жас шамасы бойынша көрсеткіші:

    • орташа жасы – 44

    • білім жүйесіндегі орта жұмыс өтілі — 21,3

    • білім жүйесіндегі басқару жұмысының орта өтілі — 8,5

    Әкімшілік – басқару аппаратының барлық мүшелерінде базалық жоғары педагогикалық білімдері бар. Әкімшілік – басқару аппаратының мүшелері өздерінің біліктілік деңгейлерін облыстық және республикалық әр түрлі курстар арқылы үнемі жетілдіріп отырады.

    Әкімшілік – басқару аппаратының әрбір мүшесінің мектеп – интернат директоры бекіткен лауазымдық нұсқаулықтары бар. Онда әрбір басқарушы қызметкердің лауазымдық міндеттері мен құқықтары, педагогикалық кадрлармен жұмыс атқару, олардың оқу жүктемесін анықтау, педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау, педагогикалық және оқушылар ұжымының іс – әрекетінің ұйымдастыру және бақылау жасау бағыттары көрсетілген.


    Әкімшілік – басқару аппарат мүшелерінің марапаттаулары:


    • «Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің білім ісінің үздігі» - 2

    • «Алтынсарин» медалі – 1

    • Қостанай облысы білім басқармасының грамотасы – 2

    Әкімшілік – басқару аппаратының сандық құрамы штат кестесіне сәйкес келеді.

    Әкімшілік – басқару аппарат мүшелері туралы мәлімет



    Аты-жөні

    Қызметі

    Біліктілік санаты

    Еңбек өтілі/ басқару өтілі

    Марапаттаулар

    Мекен-жайы, телефон

    1

    Қайырова Сәбира Бірмағамбетқызы

    Директор

    Жоғары

    40,05/38

    ҚР білім беру ісінің үздігі

    Ы. Алтынсарин медалінің иегері

    Южная көшесі, 12

    2

    Исетова Бақытжан Қабдылқапарқызы

    Директордың ғылыми –әдістемелік жөніндегі орынбасары

    Жоғары

    23/2

    ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасы

    Темірбаев көшесі, 39/154

    3

    Сейтқожина Шолпан Құрманғалиқызы

    Менеджер

    І санат


    22,11/4

    Облыстық

    ББ грамотасы

    Қайырбеков көшесі, 389/71

    4

    Тасанова Гүлмира Мұхамбетжанқызы

    Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

    Жоғары

    14,03/1

    Облыстық ББ грамотасы

    Дорожная көшесі, 1/8

    5

    Сағындықова Айгүл Үмітқалиқызы

    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

    Санаты жоқ

    5/1




    Карбышев көшесі, 49/18

    6

    Самратова Ұмсынай Мұхтарқызы

    Интернат меңгерушісі

    І санат

    21/1

    Облыстық ББ грамотасы

    Затобол кенті,

    Герцена 14А

    7

    Бегенов Жұмат Кеңесұлы

    Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбаары

    Санаты жоқ

    25/13

    -

    Летунова 157



    Әкімшілік – басқару аппаратының сапалық құрамының көрсеткіші:

    Санат

    Жоғары


    бірінші

    екінші

    Санаты жоқ

    2008-2009

    2

    3

    -

    1

    2009-2010

    2

    3

    -

    2

    2010 – 2011

    3

    2

    -

    2


    Бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта 53 педагог қызмет етуде, соның ішінде 39 мұғалім, 13 тәрбиеші, 1 психолог, олардың 6 – і мектеп-интернат түлектері. 39 мұғалімнің 37 – і (94,8 ) жоғары білімді, 2 мұғалімнің (5,2) арнайы орта білімі бар.

    Педагогикалық ұжымның - 39 мұғалімнің ішінен:












    Негізінде педагогтарда оқытатын пәндеріне сай келетін базалық жоғары білімдері бар. Педагогтар арасында оқу жүктемесін педагоги-калық мақсатқа лайықты тарату жұмысы үнемі қадағаланып отырылады. Мектеп педагогикалық кадрлармен толықтай қамтамасыз етілген, мамандық білімдерімен сәйкес. Барлық пәндер толық жүйеде беріледі, ауырып және басқада себептермен жұмыста болмаған мұғалімдердің сабақтарын өз уақытында ауыстыру жұмысы жедел түрде ұйымдастырылады.


    Педагогикалық ұжымның сандық және сапалық қозғалысы мұғалімдердің зейнеткерлік демалысқа, басқа жұмысқа ауысуына байланысты.

    2009-2010 оқу жылы мектепке 2 жас маман келді, білімдері жоғары, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын үздік дипломмен аяқтаған түлектер география пәнінің мұғалімі ретінде қызметтерін атқарады. Олар мамандықтарына сәйкес оқу жүктемесімен толық қамтамасыз етілген.

    Мектеп – интернатта оқу – тәрбие үрдісін білікті де білімді, іскер, жаңашыр, ізденімпаз мұғалімдер мен тәрбиешілер жүргізеді. Олардың арасында:

    «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» деген атақтың иелері-4. Олар:


    1. Каирова С.Б.-мектеп-интернат директоры

    2. Көдебаева Г.С.-биология пәні мұғалімі

    3. Исетова Б.Қ.- директордың ғылыми - әдістемелік жөніндегі орынбасары

    4. Әбішев Қ.Ә.-музыка пәнінің мұғалімі

    «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының иелері 2 мұғалім. Олар:

    1. Туралина Р.М- тарих пәнінің мұғалімі

    2. Тұяқова Б.С.-орыс тілі мұғалімі

    «Алтынсарин» төсбелгісімен 3 мұғалім марапатталған:

    1. Каирова С.Б.-мектеп-интернат директоры

    2. Көдебаева Г.С.- биология пәні мұғалімі

    3. Қадырғалиева М.Қ. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, «Ыбырайтану» факультатив курсының жетекшісі.

    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен, «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының грамоталарымен, Қостанай облысы білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталған педагогтар баршылық.

    1. Әлменова Б.Т.-орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

    2. Байтасова Б.Ш.-орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

    3. Еришова А.Ә.- математика пәнінің мұғалімі
    4. Ермағамбетова М.Қ.-қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


    5. Нұғыманов А.Қ. .-қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

    6. Бөлекбаева Ж.С. .-қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

    7. Сейтқожина Ш.Қ.-мектеп менеджері, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

    8. Қамбарова Р.Ж. –ағылышн пәнінің мұғалімі

    9. Манасбаев Ш.И.-информатика пәнінің мұғалімі

    10. Самратова Ұ.М.-интернат меңгерушісі

    11. Исетова Б.Қ.-директордың ҒӘО

    Қосымша білім педагогтардың өнер, музыка саласындағы Республикалық және облыстық деңгейіндегі грамоталар мен дипломдармен марапатталған:

    1. Беркенова Ә.А.-Қазақстан Республикасының халық ақыны

    2. Губенко А.А.- үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі, Қостанай облысы бойынша мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін меценаттар клубының дипломымен марапатталған

    3. Өтелбаева С.А.- қосымша білім беру педагогі, жас айтыскер ақын

    4. Шегебаева Ә.А. - қосымша білім беру педагогі, «Тоғызқұмалақ» факультатив, ҚР спорт шебері

    5. Атығаев С.Н. – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі төреші атағының иегері

    Педагогикалық кадрларының еңбек өтілі бойынша құрамы

    3 жылға дейін

    3 жылдан 8 жылға дейін

    9 жылдан 16 жылға дейін

    17 жылдан 20 жылға дейін

    20 жылдан артық

    3

    4

    8

    3

    21

    Статистикалық талдау мынадай жағдайды белгіледі:


    • санаты жоқ мұғалімдер мектепке жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мұғалімдер, олардың іс-тәжірибесі мен жұмыстарының стилі әлі қалыптасу мен іздену деңгейінде

    • мұғалімдердің 28 іс – тәжірибелері 9 жылдан 20 жылға дейін және олардың біліктілік санаттары да сәйкесінше екінші, бірінші, жоғары санатты құрайды. Олардың жұмыс бойынша іс – тәжірибелері де жинақталып, жүйеленген.

    • Педагогикалық ұжымның 53,8 іс – тәжірибелері мол ұстаздар. Олардың педагогикалық саласындағы өтілдері 20 жылдан артық.

    Мектептің педагогикалық кадрларын кәсіби дамыту жүйесі.

    Педагогтарды кәсіби дамыту жүйесі мектептің білім беру моделінің қажеттілігіне беттелген және әр педагогтың кәсіби деңгейін жетілдіруге және жеке мүмкіншілігін дамытуға бағытталған.

    Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бес жылда бір рет өткізіледі.

    Мектептің педагог кадрларының кәсіптілігін арттыру жүйесі келесі бағыттарда жүзеге асады:

    • Мектеп бағдарламалар бойынша кадрларды дайындау:

    • облыстық және Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинар-тренингтерге, халықаралық конференцияларына және семинар-тренингтеріне қатысу;

    • мектеп мұғалімдері үшін мектепішілік, мектепаралық әдістемелік семинарлар, тренингтер және курстар ұйымдастыру;

    • компьютерлік сауаттылық және тіл біліктілігін арттыру курстарына қатысу;

    • мұғалімнің кәсіби дамуының жеке бағдарламасының қалыптасуына беттелген, өзін-өзі бағалау мен талдаудың тұрақты процессіне негізделген педагогтарды мектепішілік аттестациялау жүйесін ұйымдастыру.

    • Республика аймағындағы жалпы ережеге сәйкес, педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау процедурасына қатысу 5 жылда 1 рет.

    Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау – бұл педагогикалық кәсіптік біліктіліктің деңгейін және қызметтің өнімділігін кешенді бағалау болып табылады Педагогтарды аттестациялау Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі бекіткен 2008 жылдың 9 сәуіріндегі № 181 бұйрығы бойынша «Педагог мамандарды аттестациялау ережелеріне» сәйкес жүргізілді. Жыл сайын мектеп – интернат директорының бұйрығымен аттестациялау комиссиясы құрылады. Аттестация комиссиясы мұғалімдерді аттестациядан, қайта аттестациядан өткізу жоспары бойынша жұмыс жүргізеді. Аттестация комиссиясының отырыстарында мынадай мәселелер қарастырылады:


    • Аттестациядан қайта өтетін, біліктілік санатын көтеруге және санатын растауға өтініш берген мұғалімдердің тізімін анықтау, бұйрық шығару

    • Мұғалімдерді аттестациялау ережесімен таныстыру

    • Аттестацияланатын мұғалімдердің ашық сабақтары мен тәрбие сағаттарының кестесін жасау, қатынасқан сабақтары мен іс – шараларына талдау жасау

    • Аттестацияланатын мұғалімдердің шығармашылық есеп беруін талқылау

    • Аттестация материалдарын талқылау мен бекіту, т.б.

    2009-2010 оқу жылында аттестациялануға барлығы 11 мұғалім өтініш берді. Олардың 6–ы санаттарын жоғарылатуға, 5–і алған санаттарын дәлелдеуге, 2-і мерзімінен бұрын санат алуға өтініш жасады (мерзімінен бұрын аттестациялау ережесі ( 40-бап, 1-тармақ) бойынша жүзеге асады).

    Аттестация нәтижесі бойынша 5 мұғалім біліктілік деңгейі жоғары жоғары санатын растады, 3 мұғалім біліктілік деңгейі жоғары бірінші санатын жоғары санатқа көтерді және 1 мұғалім біліктілік деңгейі жоғары екінші санатын бірінші санатқа көтерді. Санаттары жоқ екі жас мұғалім мектепішілік аттестациялау комиссиясының шешімімен екінші кәсіби санаттарын алды.

    Аттестация қорытындысы бойынша мектеп – интернат директоры бұйрық шығарады және мұғалімдерге санаттарын растайтын куәліктері беріледі.

    Штаттық мұғалімдердің сапалық көрсеткіштерін талдаса, жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер пайыздық көрсеткіштпен алғанда 74,3% құрайды.



  • << предыдущая страница   следующая страница >>