shkolakz.ru 1
Жоба



Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу тұжырымдамасы


Қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу рәсімдері түбегейлі қайта қарауды талап етеді. Көбінесе сервистің, техникалық сүйемелдеуінің, оқытылған мамандардың жоқтығынан медициналық жабдықтар тиімсіз пайдалануда.

Бюджеттік қаражаты шығысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ сатып алынатын медициналық жабдықтардың сапасын арттыру, медициналық техниканы жеткізушімен тапсырыс берушінің өзара байланысын болдырмау үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.

Бүгінгі таңда республиканың медициналық ұйымдарында:

- тозуы 41%, жалпы сомасы 1,96 млрд. теңгеге бағасы 5 млн. теңгеге дейін медициналық жабдықтардың 160 695 бірлігі;

- тозуы 25%, жалпы сомасы 69,5 млрд. теңгеге бағасы 5 млн. теңгеден 50 млн. теңгеге дейін медициналық жабдықтардың 9 449 бірлігі;

- тозуы 23%, жалпы сомасы 30,8 млрд. теңгеге бағасы 5 млн. теңгеден жоғары медициналық жабдықтардың 249 бірлігі бар.

2012 жылға «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдылықтары бойынша жалпы сомасы 9,96 млрд. теңгеге медициналық техника сатып алу жоспарланған. Басымды бағыттары: ана мен бала, онкология, туберкулез, кардиологиялық қызмет болып табылады.

2011 жылдан бастап алғашқы рет "ҚазМедТех" акционерлік қоғамы қаржы лизингі жағдайында медициналық жабдықтарды сатып алады және жеткізеді.

"ҚазМедТех" АҚ алдында мынадай мақсат қойылған – медициналық техниканы лизинг арқылы медициналық техниканың тиімді пайдалану механизмін әзірлеу. "ҚазМедТех" АҚ объектілерге сараптама жүргізеді, сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алу тізбесін жолдайды, өнім берушімен шарт, сондай-ақ медициналық ұйымдармен лизинг шартын жасасады.

Лизинг төлемдерін қайтару лизингті жабдықтарына медициналық қызметті көрсету фактісіне тіркелген. Сараптама жабдықтардың тұрып қалу қаупін шешеді және бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алады.


2012 жылға арналған қысқа мерзімді шаралар:


  1. еліміздің барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде ранжирлеу жүргізу;

2) техникалық өзіндік ерекшелігімен функционалдығы бөлігінде Медициналық техниканың тізілімін құру және Интернет ресурстары арқылы оның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруда стандарттауды жүргізу;

4) көрсетілетін медициналық көмек деңгейіне, бейініне және түріне қарай медициналық мекемелерді жарақтандыру үшін сатып алынатын медициналық техникаға стандарттық талаптарды (техникалық тапсырма) әзірлеу;

5) бірыңғай сайт құру, онда денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық техниканы сатып алу туралы барлық ақпарат орналастырылатын болады;

6) медициналық жабдықтардың әлеуетті жеткізушісіне талаптар әзірлеу;

7) 5-тен бастап 50 млн. теңге дейін бағасымен медициналық жабдықтарды сатып алу және лизинг бойынша функциясын "ҚазМедТех" АҚ-ға беру.

Бірінші кезеңде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде медициналық техниканы сатып алу бойынша 3 медициналық ұйымда пилоттық жоба енгізу. Бұл ретте медициналық техниканы жеткізуші (делдалсыз) медициналық ұйыммен шарт бойынша медициналық жабдықты 5 жылға белгілейді, "ҚазМедТех" АҚ сараптама жүргізеді, қаржы қаражаты осы медициналық техниканы қолданумен көрсетілген медициналық қызмет арқылы ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетімен медициналық ұйымға қайтарылады. Денсаулық сақтау ұйымы 5 жыл ішінде медициналық техниканы жеткізушіге жабдықтың құнын қайтарады. Медициналық ұйымдар ТМККК шеңберінде медициналық қызметті көрсететін болады, сондай-ақ осы жабдықты пайдаланумен қосымша қаржы қаражатын табу құқығы бар.

Артықшылығы: медициналық ұйымның толық көлемде медициналық жабдықты қодануға, мамандарды оқытуға, тиімді қолдануға, өнім берушінің есебінен сервистік қызметті жүзеге асыруға мүдделілігі. Медициналық техниканы жеткізуші медициналық техниканы жеткізуге және монтаждауға жауапты болады.


Сатып алынатын жабдықтың өтелуіне медициналық ұйымның басшысы жауапты болады.

Ұзақ мерзімді шаралар:


  1. жабдықты барынша ұтымды және толық пайдалану үшін жағдай жасау (жоғары мамандандырылған отандық мамандарды дайындау);

2) медициналық жабдықты сатып алуды жүзеге асыру кезінде делдалдарды болдырмау;

3) отандық өндірушілердің үлесін ұлғайту және алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілермен бірлескен кәсіпорындарды құру;

4) медициналық техниканы жеткізушілерге келесі талаптарды белгілеу:

- өндірушілермен тікелей Делдалдық шарттардың болуы;

- медициналық жабдықтарды жеткізудегі тәжірибесі;

- жеке меншік логистикалық құрылымы;

- кепілді және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, сондай-ақ қымбат тұратын жабдықтардың тұрып қалуын болдырмау және оны жетілдіру үшін шығыс материалдармен қамтамасыз ету.

Егер 2012 жылы пилоттық жобадан оң нәтиже алғанда 2013 жылдан бастап МЖӘ негізінде 50 млн. теңгеден асатын құнымен медициналық техниканы сатып алуды енгізуге өту.

Қаржы қаражатын қайтару "ҚазМедТех" АҚ арқылы жүзеге асырылатын болады, ол үшін:

- сервис, ақпараттық сүйемелдеу бойынша техникалық қызметкерлермен филиалдар құру;

- медициналық ұйымдардың штат нормативтеріне "ҚазМедТех" АҚ есебінен ұсталатын медтехникті немесе қызметкерді енгізу;

- жабдықты көбінесе лизинг арқылы сатып алуды жүргізу;

- жабдықтың пайдалану мерзімінің аяқталуы бойынша сапасын бақылау және кемшіліктер болған жағдайда ауыстыру міндетті талаптарымен оны пайдалану мерзімін белгілеу;

- медтехниктерді даярлау бойынша оларды оқыту үшін қажетті техникалық базасымен республикалық орталық құру (республикалық медколледж базасында құру мүмкіншілігі);

- медициналық жабдықтың сапасы жөніндегі техникалық сарапшылар қызметін құру.

Күтілетін нәтижелер


Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілу құрылымы, олардың қосымша жарақтану орындылығы толық қанды талданатын болады, оларды қосымша жарақтандыру орындылығы, сондай-ақ емделіп шыққан жағдайлар фактісі бойынша медициналық ұйымдарға өтеу тарифтері қайта қарастырылатын болады.

Нәтижесінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен медициналық жабдықты ұзақ мерзімді жалға беру сұлбасын мемлекет және жалға беруші арасында қауіпін бөлу және тиісінше қаржы қаражатын тиімсіз жұмсау қаупін азайту жолымен қолдану мүмкін болады.


Өз ұсыныстарыңызды төмендегі электронды мекен-жайларға жіберулеріңізге болады:

r.nurmuhanov@mz.gov.kz

g.murzahmetov@mz.gov.kz