shkolakz.ru   1 2 3 4 ... 20 21

Жалпы сұрақтар


  1. Курстың мазмұны.

  2. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

  3. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.


Курстың мазмұны. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.

Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету.

Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.


Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.


Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет. Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;

ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек; Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;

Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;

Заңды және нормативтік – құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.

Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар

«АҚ және ТЖ саласындағы Заңдар». Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді (қазақ және орыс тілдерінде, көлемі – 176 бет). Мазмұны: Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Өндірістік қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Әскери жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен қорғаныс туралы» Заңы

Түсініктер және анықтамаларға тоқталсақ, Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.


Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

Төтенше жағдайлардын алдын алу - адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар.

Төтенше жағдайды жою - төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар.


Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты

  2. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар

  3. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары



Дәріс №2. Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері


Жалпы сұрақтар

  1. АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.

  2. ҚР ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы.

АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.


Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-қимылы жөніндегі міндеттемелері. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу- мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі « Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген.

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс мәселелері мына деңгейде шешіледі:

Республикалық деңгейде- - республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаларды, Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру және материалдық қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі мен төтенше жағдайлар кезіндегі Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі жүргізеді.

Жергілікті деңгейде- жергілікті өкілді және атқарушы органдар ведомствлық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауынұйымдастырады. Хабарландыру құралдарын, басқару нүктелерін тұрақты дайындықта ұстайды. Азаматтық қорғаныс мүлігін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жинауды, сақтауды ұйымдастырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру шараларын, авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып өткізеді.


Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы үшін іс-жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көпшілі тән.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан жер сілкінісі, селді, сырғымаларды, тасқынды, боранды, қума желді, қатты аязды, орман және дала өртін, құрғақшылықты және басқаларды атап өтуге болады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар арасынан халықтың тығыздығы жоғары қалаларда, өнеркәсіпорталықтарында, көлік коммуникацияларында, газ және мұнай құбырларында, тіршілік және коммуналдық объектілерінде, радиациялық қауіпті объектілерде (республикада 100-ден астам радиациалық қауіпті объекті және 100 мыңға жуық бета, гамма, рентгендік жіне нейтрондық сәулеге ұшырататын радиоактивті көздер бар) өндіріс пен тұрғын үй секторында болатын өрттер ерекше қауіпті.

Халық пен ұйымдарды қорғау Азаматтық қорғаныстың басты міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда залалды азайту үшін аумақтар мен ұйымдарды дер кезінде әзірлеу арқылы әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныстың негізгі мңіндеттері мыналар:


  • Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау;

  • Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау;

  • Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту;

  • Радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау және лабораториялық бақылау;

  • АҚ құрамалары жауынгерлерінің жұмылдырушылық даярлығын қамсыздандыру;

  • Қорғаныс ғимараттарының, жеке қорғаныс құралдарының және артық қорын, Азаматтық қорғаныстың басқа мүлігін жинау және әзірлікте ұстау;
  • Халыққа, орталық және атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қаіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тіәртібі туралы хабарлау; іздеу-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оны қауіпті аймақтан көшіруді ұйымдастыру;


  • Азық-түлікті, суды, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, бактериологиялық зақымданудан сақтау.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынандай органдар құрылады:

  • ҚР ТЖ жөніндегі Агенттігі және олардың құрылымдық аумақтық органдары;

  • Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ басқармалары, бөлімдері;

АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принцп бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншіктік нысанына қарамастан құрылады, аумақтық және объектілік болып бөлінеді. АҚ аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал объектілік құрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады.

АҚ объектілік құрамаларына:

  • Барлаушы буын;

  • Құтқару командасы;

  • Инженерлік команда;

  • Санитарлықдружина;

  • Қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ;

  • өрт сөндіру командасы;

  • байланыс командасы; қоғамдық тәртіпті қорғау командасы;

  • жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б кіреді.

Республикамыздың әрбір азаматы АҚ пен ТЖ шараларын өткізуге белсенді қатысуға міндетті. Халықты АҚ міндеттерін іске асыруға және тосын жағдайлардағы сауатты іс-әрекеттерге даярлау кешенді шаралардан тұрады. Олардың ішінде халықты тікелей қорғауға бағытталған ең маңыздылардың бірі халықты қорғаныс пен өз-өзіне көмек көрсетуге және көмек шараларына, құтқару мен зақымдалу ошақтарындағы кезек күттірмейтін жұмыстарға және зілзала, авариялар мен апаттар салдарын жоюға үйрету болып табылады.

Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер жөніндегі міндеттері қандай?

Біріншіден, АҚ пен ТЖ саласындағы ҚР заңдарын мүлтіксіз орындауға тиіс. «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР заңы бойынша азаматтар заңда белгіленген тәртіппен соғыс уақытында және ТЖ АҚ міндеттерін орындау үшін өзінің жеке көлік құралдарын, аспаптарымен қондырғыларын беруге міндетті. Азаматтар тиісті органдарға төтенше жағдайлардың тууына алып келуімүмкін апаттар қаупі туралы хабарлауға міндетті.


Екіншіден, халық АҚ пен ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, АҚ шараларына қатысуға және орындауға міндетті. Осындай білімдер мен дағдылардың жиыны АҚ пен ТЖ мәселелері бойынша халықты оқыту бағдарламасында белгіленген. Әрбір азамат «Баршаның назарына» дабылы бойынша іс-әрекеттер тәртібін, қорғаныстың ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білуге және орындауға міндетті. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР заңында азаматтардың төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі өткізілген жаттығуларға қатысу, халықты қорғау құралдарына, қоршаған ортамен ұйымдарға мұқият қарау міндеті айтылған.

Үшіншіден, ересек халықтың басты міндеттерінің бірі балаларды қорғау. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға тосын жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртібі туралы айтылып, ал оқушылар сабақ барысында тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен танысса да, бұл ересектерді балаларды қорғау жөніндегі міндеттерден босатпайды.

Жоғарыда тізбеленгендер халықтың АҚ пен ТЖ іс-әрекеттері бойынша негізгі міндеттері ғана, осы және басқа да міндеттерді мүлтіксіз және дәл орындау АҚ нығайтуға ТЖ санын төмендетуге ықпал ететін болады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>