shkolakz.ru 1 ... 17 18 19 20 21

Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №9 Химиялық барлау құралдары және оларды қолдану. Ағзаның улаушы заттармен зақымдануы. ӘКУЗ уланған кездегі алғашқы көмек. ИПП -8 құрылымы және мағынасы.


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Жаппай жою қаруынан халықты қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдарын жіктеу (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар). Жаппай жою қаруынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралармен және жеке қорғану құралдарымен (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар) таныстыру.



Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:


  • зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;

  • халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау;

  • жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;

  • дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.

Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі мен және енімен сипатталады.


Химиктер – барлаушылар химиялық ластану ошағының қандай ҚХЗ мен уланғанын, ғимараттың, нысанның зақымдалу деңгейін анықтайды және ошақ шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді.

Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізед. ҚХЗ залалсыздандырылған кезде олардың кейбірінің дегазациялау заттарымен реакцияға түсіп, үлкен жылу мөлшерін бөлетіндігін есте ұстау керек, бұл өрттерге немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

Мұндай жағдайда залалсыздандыруды дегазациялайтын затқа құм немесе топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары АҚ құрамаларымен бірге салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді айнала жүріп өрт орындарына жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада қалпына келтіру жүргізуге бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан ары қарай аппаратура орналасқан жоғары қысымды нысандардағы өрттерді сөндіреді. Химиялық өндіріс нысандарындағы технологиялық жабдық апаттары жанғыш сұйықтықтың ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен аудан ұшырауы мүмкін. Мұндай өрттерді сөндіргенде ең алдымен сұйықтықтың ары қарай төгілуінің алдын алу шаралары қолданылады. Апат кезінде ХҚО байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдау қаупі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс. Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланады. Өз уақытында хабарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі АҚ және ХҚО ТЖ штабтарына, ТЖ жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі бастықтарына жүктеледі. Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші диспетчеріне беріледі. Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді ХҚО дегі апат туралы хабарлау үшін сиреналар мен басқа да дабыл құралдары қосылады, бұл «Баршаныздың назарыңызға» ескерту дабылын білдіреді. Зақымдау аймағынан шыққаннан кейін санитарлық өңдеуден өту қажет. Әлсіз зақымданғандар медицина мекемелеріне барады.


Химиялық зақымдау қаупін жою және алдағы іс-әрекет тәртібі туралы халыққа ТЖ жөніндегі басқарма немесе полиция органдары хабарлайды.

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда апаттың салдарын жою үшін қандай шаралар ұйымдастырылады?

  2. Зақымдалу ошағында барлау жүргізу кезіндегі барлау буынының әрекеті қандай?

  3. Залалсыздандыру топтарының әрекеттері



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №10 Улаушы және әсері күшті улаушы заттармен уланғандағы алғашқы медициналық көмек. Санитарлық өңдеу және дегазация жүргізу тәртібі.


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Химиялық қару – улы химиялық заттарды (УХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі. УХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ УХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады. Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.


Химиялық қарудың ұрыстық қасиеті мен өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:

  • УЗ мен токсиндер өте улы болады, азғантай дозаның өзінде ауыр және өлім қаупін тудыратындай зақымдайды;

  • УХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық механизмі;

  • УЗ мен токсиндердің қару-жарақ пен ұрыс техникасына, ғимараттарға, құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті;

  • УХЗ-дың белгілі бір уақыт бойы жергілікті жерді, қару-жарақты, ұрыс техникасы мен атмосферадағы өзінің зақымдау күшінің әрекет ету ұзақтығы;

  • қарсыластардың УХЗ-ды қолдану фактісін және оның типін дер кезінде табудың қиындығын белгілеу;

  • тірі күшті зақымдау дәрежесі мен сипатын басқарудың мүмкін болатындығы;

  • химиялық қару зардаптарынан қорғану және оны жою үшін химиялық барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу, антидот және т.б. әр түрлі кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.


Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық және генетикалық зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық зардабы УЗ-дың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады. Генетикалық зардаптар келешек ұрпақтың дамуында жағымсыз із қалдырады.

Улағыш химиялық заттар (УХЗ) әрекеттері жөнінен:

  • жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман;

  • тері-іріңдік әрекетті УЗ – иприт, люизит;

  • тұншықтырғыш әрекетті УЗ – фосген, дифосген;

  • жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;

  • тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);

  • психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына УХЗ-дың әр түрлі күйі жатады. УХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль
және тамшылар. Бу – газ тәрізді түрде болатын зат, Аэрозольдар – ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді (біртектес емес) жүйелер. Тамшылар - өте ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі УХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану нәтижесінде түсу немесе тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.

Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.


Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.

Зақымдану, қирату, өрт және су басу аймағындағы әрекеттер кезінде әскери қызметшілерді қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету келесі шараларды орындаумен жетілдіріледі:


  • үзіліссіз радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізу;

  • уақытымен және ебін тауып жеке, ұжымдық қорғану құралдарын, қару-жарақ, әскери техника мен жергілікті жердің қорғаныш қасиеттерін, радиацияға қарсы препараттарды, антидоттарды, жедел медициналық жәрдем көрсету құралдарын, инженерлік құрылыстарды пайдалану;

  • зақымдану, қирату, өрт және су басу аймақтарын мейлінше орынды жеңу тәсілдерін таңдау;

  • зақымданған жерде әскери қызметшілермен бекітілген тәртіп ережесін қатаң сақтау.

Көрсетілген шаралар мазмұны мен тізімі әрбір нақты оқиға, жағдай шарттарымен айқындалады.

Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда немесе бөлімше қарсыластан қорғануға жеткілікті түрде дайын болмағанда, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші кезекте зақымданған аймақты барлауды және әскери қызметшілерді зақымданбаған ауданға қысқа мерзімде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіздендіруге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар; жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі (ЖӘКҚК); жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ); қорғаныш киім (ҚК) және қорғаныш көзәйнек жатады.


Аталуы

Маркасы

Алдыңғы


Салмағы, кг

Сүзгіш газтұмылдырықтар



РШ - 4

ШМ – 41 МУ

ШМС

1,8

ПМГ

ШМГ




ПМГ – 2


ШМ – 66 МУ

1,1

ШМ - 62

0,9

ПМК

М - 80




Жекеленген дем алу аппараты

ИП - 46

ШВС

4,6

ИП – 46; МИП - 4

ШВС

5,5

ИП - 5

ШИП - 26

3,4

Тұмылдырық Гопкалит патроны

Р - 2

ШИП - М

5,2

ДП - 1

Жартылай маска

0,06
Сүзгіш газтұмылдырықтары дем алу органдарын, көзді, бетті УЗ, РЗ БҚ аэрозольдерінен қорғауға арналған.Тұмылдырықтың қажетті өлшемі беттің биіктігі Һ бойынша таңдалады ( иектің төменгі нүктесі мен кеңсірік арасындағы қашықтық).

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қалай жетілдіріледі?

  2. Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін не істеу керек.

  3. Сүзгіш газтұмылдырықтар туралы айтып беріңдер.

  4. Тұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?

  5. Химиялық қарудың зақымдаушы факторлары.



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №11 Апаттар кезіндегі ӘКУЗ зақымдану масштабтары


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң. Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерек-шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады. 
Химиялық қауіпті объектілердегі авариялардың қайталама факторы ретінде жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін. 


Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады. 

УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды. 

УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды. 

Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты. 

Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. 

Улағыш заттардың жіктелуі.  Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 


  • жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар 
    (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар; 

  • жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан; 

  • терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит; 

  • тұншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген; 

  • көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); 

  • психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді; 

  • Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).

УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді: 

  • өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір 
    қышқылы, иприт, люизит, фосген); 

  • уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2; 
  • тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.

УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).



<< предыдущая страница   следующая страница >>