shkolakz.ru 1
Қазақстан Республикасын Парижде (Франция) «Жыл сайынғы Еуропалық реваскуляризация курсында»


Euro PCR -2013 алғаш рет ұсынылған делегация өкілдерінің қатысуымен болатын жоспарланған баспасөз-конференцияның

баспасөз-релизі.



Өткізілетін күні:

Өткізілетін уақыты:

Өткізілетін жері:


Ұйымдастырушы


Байланыс телефондары

30 мамыр 2013 жыл

17.00

Қалалық кардиологиялық орталық, Төле би көшесі, 93, конференц-зал.


Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

2755473, 87013860455



«Жыл сайынғы Еуропалық реваскуляризация курсы» Euro PCR 2013- бұл Еуропадағы интервенциялық кардиология бойынша өте ірі конгресс. Былтыр бүкіл жер жүзінен қатысушылар саны 11000 адамнан асты. Конгресс тарихында Қазақстан алғаш рет ресми шақырту алып, осындай әлемдік масштабтағы оқиғаға тұңғыш дүркін қатынасты. Еске түсірсек, Euro PCR 2013 Париж қаласында (Франция) мамырдың 21-нен 24-не дейін өтті.

Пресс–конференцияны өткізу барысында Euro PCR-2013 қатысушылары интервенциялық кардиология бойынша соңғы технологиялық жетістіктер мен осы саладағы үздік мамандардың бірегей методикалары туралы әңгімелейді.

Конгрестің басты тақырыптары сессияның әртүрлі форматтарында қаралды. Қазақстан үш күндік сессияларда келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады: «Мен қалай емдер едім?», «Қазақстан аса білім беру клиникалық жағдайларды ұсынады» және «Стентирлеу кезінде сол жақ коронарлық артерия діңін диссекциялау».

Қазақстандық Euro PCR-2013 қатысушылар интерактивті сұхбаттың арқасында жаңа ақпараттар алып, интервенциялық кардиология саласының білікті мамандарымен тәжірибе алмасты.

Пресс-конференция қатысушылары: Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова, Қалалық Кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев, Алматы қаласы Кардиологиялық орталығының рентгенхирургия бөлімінің бөлім басшысы Оразбек Сахов.