shkolakz.ru 1 2 ... 21 22




ҚРӘМ № 5671 06.05.2009ж. тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫ,ҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2009 жылғы 27 наурыз № 67


Ислам банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есептілігі, оны ұсыну нысандары мен мерзімдері туралы


 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ислам банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есептілігінің мынадай нысандары бекітілсін:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелді есепке ала отырып, мөлшерленген активтер талдамасы;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелді есепке ала отырып, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер талдамасы;

4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес уақыт аралығы бойынша (валюта бөлігінде) ашық позицияларды бөлу;


5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес исламдық бағалы қағаздарының жалпы нарықтық тәуекелі есебінің талдамасы;

6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес акциялардың нарықтық құнының немесе акцияға индекстің өзгеруімен байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы;

7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес шетел валюталарының айырбас бағамының (қымбат металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы

8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес тауар-материалдық қорларының нарықтық құнының өзгеруімен байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы;

9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес операциялық тәуекелдің талдамасы;

10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес бір заемшыға келетін барынша жоғары тәуекелдің талдамасы;

11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы;

12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес k4-1 мерзімді өтімділік коэффициентінің талдамасы;

13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес k4-2 мерзімді өтімділік коэффициентінің талдамасы;

14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес k4-3 мерзімді өтімділік коэффициентінің талдамасы;

15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентінің талдамасы;

16) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес k4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентінің талдамасы;

17) осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентінің талдамасы;


18) осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесі;

19) осы қаулының 19-қосымшасына сәйкес шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесі;

20) осы қаулының 20-қосымшасына сәйкес ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесі;

21) осы қаулының 21-қосымшасына сәйкес аптаның (айдың) әрбір жұмыс күніне әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позициясы бойынша валюталық позициялары туралы есеп;

22) осы қаулының 22-қосымшасына сәйкес негізгі құрал-жабдықтарға және басқа қаржылық емес активтерге банк инвестицияларының барынша жоғары мөлшерінің талдамасы;

23) осы қаулының 23-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы коэффициенттерінің талдамасы;

24) осы қаулының 24-қосымшасына сәйкес пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтер.

2. Есептер:

1) ай сайын есеп беру айының соңынан келетін айдың жетінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей:

осы қаулының 1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 22, 23 –қосымшаларына сәйкес қағаз тасымалдағышта;

осы қаулының 4, 5, 15, 16 және 17 – қосымшаларына сәйкес қағаз және электронды тасымалдағышта;

осы қаулының 18, 19, 20 және 21, 24- қосымшаларына сәйкес қағаз тасымалдағышта растаусыз электронды тасымалдағышта;


2) апта сайын есеп беру аптаның соңынан келетін аптаның бесінші жұмыс күні осы қаулының 21-қосымшасында көрсетілген есеп қағаз тасымалдағыштағы растаусыз электронды тасымалдағышта;

3) есеп беру күнінің соңынан келетін жетінші жұмыс күні Астана қаласы уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей – осы қаулының 24-қосымшасында көрсетілген есеп қағаз тасымалдағышта растаусыз электронды тасымалдағышта ұсынылады.

3. Электронды тасымалдағыштағы есептер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

Электронды тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін банктің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.

4. Пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есептер бойынша мәліметтер болмаған жағдайда тиісті қосымшалар көрсетілмейді.

5. Есептердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде көрсетіледі.

6. Есепті жасаған кезде пайдаланатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. Коэффициенттер үтірден кейін үш белгімен ұсынылады.

7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

9. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 1 маусым мерзіміне дейін «Екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруін қамтамасыз етсін.

10. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

11. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова



следующая страница >>