shkolakz.ru 1




Құрамында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар, олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттарды бақылаудан алу ережесiн және көрсетiлген препараттардың тiзiмiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 23 мамырдағы N 413 Қаулысы



-->


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 16, 184-құжат


      "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар, олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттарды бақылаудан алу ережесi ;
      2) Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар, олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрiлiк препараттардың тiзiмi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                           2007 жылғы 23 мамырдағы
                                               N 413 қаулысымен

                                                   бекiтiлген


Құрамында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар, олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттарды бақылаудан алу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрамында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың аз мөлшерi бар, олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттарды бақылаудан алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.

      2. Ереженi және құрамында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар, олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрiлiк препараттардың тiзiмiн (бұдан әрi - тiзiм) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк органның (бұдан әрi - мемлекеттiк орган) ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

2. Дәрiлiк препараттарды бақылаудан алу тәртiбi

      3. Осы Ереже құрамында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттарды бақылаудан алу тәртiбiн реттейдi.

      4. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, оларды терiс пайдаланған жағдайда елеулi қауiп келтiрмейтiн және олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттарды (бұдан әрi - дәрiлiк препараттар) бақылаудан алу Қазақстан Республикасында дәрiлiк препараттарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде қаралады.

      5. Мемлекеттiк орган заңнамада белгiленген тәртiппен өтiнiш берушiден (дәрiлiк затты өндiрушiден, сенiмдi тұлғадан немесе Қазақстан Республикасындағы өкiлдiгiнен) дәрiлiк препаратты мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш қабылдайды.


      6. Өтiнiштi алғаннан кейiн мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш берiлген дәрiлiк препарат аналогтарының нарықта болуына талдау жүргiзедi.

      7. Жүргiзiлген талдау қорытындылары бойынша сараптама жұмыстарын жүргiзудiң орындылығы туралы қорытынды жасалады.

      8. Қорытынды уәкiлеттi орган белгiлейтiн ұйымға (бұдан әрi - ұйым) 15 күннен аспайтын мерзiмде сараптама жұмыстарын жүргiзу үшiн берiледi.

      9. Ұйым мамандандырылған сараптама сатысында мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша дәрiлiк препаратқа жасалған сараптама қорытындылары бойынша дәрiлiк препаратты тiзiмге жатқызу туралы қорытынды жасайды.

      10. Дәрiлiк препаратты тiзiмге жатқызу туралы қорытынды қабылданған шешiмдi негiздей отырып, мемлекеттiк органға ұсынылады.

      11. Дәрiлiк препаратты тiзiмге жатқызу, егер дәрiлiк препаратта бар есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлмен алынуы мүмкiн болмаған және олардың құрамы осы Ережеге қосымшада көрсетiлген мөлшерден аспаған жағдайда жүргiзiледi.

      12. Бақылаудан алуға жататын дәрiлiк препаратта есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ең жоғары құрамы осы Ережеге қосымшада көрсетiлген әсер етушi заттың мөлшерiнен аспауы тиiс.

      13. Мемлекеттiк орган ұйымның қорытындысы және осы Ережеге қосымша негiзiнде одан әрi айналымы Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрiлiк препараттарды бақылаудан алу туралы шешiм қабылдайды.

      14. Бақылаудан алынған дәрiлiк препараттар тiзiмге енгiзiлуге жатады.

      15. Мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркеуден кейiн тiзiмге заңнамада белгiленген тәртiппен есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген тиiстi толықтырулар енгiзедi.

                                                   Ережеге қосымша

Дәрiлiк препаратта ең жоғары рұқсат етiлген құрамы бар есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың

тiзбесi

      Декстраметорфан: - доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшiн 0,2 % (2 мг/мл); 1 орамға 250 мг;
      дексиропропоксифен:
      доза бiрлiгiне дозаланған дәрiлiк нысандар үшiн 50 мг; 1 орамға 500 мг;
      доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшiн 0,5 % (5 мг/мл); 1 орамға 250 мг;
      кодеин (немесе кодеин негiзге шаққандағы қайта есептегендегi кодеин фосфаты):
      доза бiрлiгiне дозаланған дәрiлiк нысандар үшiн 10 мг; 1 орамға 200 мг;
      доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшiн 0,5% (5 мг/мл); 1 орамға 200 мг;
      фенобарбитал:
      доза бiрлiгiне дозаланған дәрiлiк нысандар үшiн 20 мг; 1 орамға 750 мг;
      доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшiн 2% (20 мг/мл); 1 орамға 1000 мг;
      эфедрин гидрохлоридi:
      доза бiрлiгiне дозаланған дәрiлiк нысандар үшiн 20 мг; 1 орамға 200 мг;
      доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшiн 0,2 % (2 мг/мл); 1 орамға 200 мг;
      эфедра шөбi (эфедрин негiзiне шаққандағы қайта есептегендегi):
      доза бiрлiгiне дозаланған дәрiлiк нысандар үшiн 20 мг; 1 орамға 200 мг;
      доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшiн 0,2 % (2 мг/мл); 1 орамға 200 мг;
      псевдоэфедрин гидрохлоридi:
      доза бiрлiгiне дозаланған дәрiлiк нысандар үшiн 15 мг; 1 орамға 150 мг;
      доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (сироптар, тамшылар және басқалары) үшiн 0,6 % (6 мг/мл); 1 орамға 600 мг;
      фолькодин:
      доза бiрлiгiне дозаланған дәрiлiк нысандар үшiн 100 мг; 1 орамға 1000 мг;

      доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшiн 1 % (10 мг/мл); 1 орамға 1000 мг;

      эрготамин тартраты:
      доза бiрлiгiне дозаланған дәрiлiк нысандар үшiн 1 мг; 1 орамға 10 мг;
      доза бiрлiгiне дозаланбаған дәрiлiк нысандар (шәрбаттар, тамшылар және басқалары) үшiн 0,05 % (0,5 мг/мл); 1 орамға 10 мг;

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                          2007 жылғы 23 мамырдағы
                                             N 413 қаулысымен
                                                бекiтiлген

       Ескерту. Тiзiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.03 N 236 , 2010.11.30 N 1300 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

Құрамында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар, олардан көрсетiлген құралдар мен заттар оңай қол жеткiзiлетiн тәсiлдермен алынуы мүмкiн емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрiлiк препараттардың тiзiмi       

р/с
N

Саудалық атауы

Әсер етушi заттар құрамы

Шығару
нысаны

Кесте, бөлiм, реттiк нөмiрi

1

2

3

4

5

1.

Андипал


1 таблеткаға құрамы, мг-да:  анальгин - 250,0 мг
фенобарбитал - 20,0 мг
дибазол - 20,0 мг
папаверин гидрохлоридi - 20,0 мг

N 10 таб-
леткалар

III
кесте
В бөлiмi
N 54

2.

Барбовал

1000,0 мл-ға құрамы:
этил эфирi а-бромизовалериан
қышқылы - 18,0 г
валидол - 80,0 г
фенобарбитал - 17,0 г

25 мл
тамшылат-
қыш сау-
ыттардағы
iшуге
қолдануға
арналған
ерiтiндi

III
кесте
В бөлiмi
N 54

3.

Бронхолин сәлбен

125 г препаратқа құрамы, г-да;
глауцин гидробромидi - 0,125 г
эфедрин гидрохлоридi - 0,100 г
сәлбен майы - 0,125 г

125 г
сауыттағы
шәрбат

IV кесте I тiзбе

4.

Бронхолин сәлбен

125 мл препаратқа құрамы, г;
глауцин гидробромидi - 0,145 г
эфедрин гидрохлоридi - 0,116 г
сәлбен майы - 0,145 г

125 мг
сауыттағы
шәрбат

IV кесте I тiзбе

5.


Бронхолин сәлбен

100 мл препаратқа құрамы, мг-да:
глауцин гидробромидi - 116 мг
эфедрин гидрохлоридi - 92,8 мг
сәлбен майы - 116 мг

100 мл
сауыттағы
шәрбат

IV кесте I тiзбе

6.

Бронхоли-
тин

125 г шәрбатқа құрамы, г-да:
глауцин гидробромидi - 0,125 г
эфедрин гидрохлоридi - 0,100 г
райхан майы - 0,125 г

125 г
сауыттағы
шәрбат

IV кесте I тiзбе

7.

Бронхоли-
тин-сәлбен

100 г препаратқа құрамы, г-да:
глауцин гидробромидi - 0,100 г
эфедрин гидрохлоридi - 0,080 г
сәлбен майы - 0,125 г

125 г
сауыттағы
шәрбат

IV кесте I тiзбе

8.

Бронхоцин

125 г препаратқа құрамы, г-да:
глауцин гидробромидi - 0,125 г
эфедрин гидрохлоридi - 0,100 г
райхан майы - 0,125 г

125 г
сауыттағы
шәрбат

IV кесте I тiзбе

9.

Валикорд


100 г препаратқа құрамы, г-да:
фенобарбитал - 2,0 г
а-бромизовалериан қышқылының
этил эфирi - 2,0 г
бұрыш жалбыз майы - 0,14 г
құлмақ майы - 0,02 г

15 мл,
25 мл
ерiтiндi

III
кесте
В бөлiмi
N 54

10.

Валокордин

100 г препаратқа құрамы, г-да:
фенобарбитал - 2,0 г
этилбромизовалерианат - 2,0 г
бұрыш жалбыз майы - 0,14 г
құлмақ майы - 0,02 г

iшуге
қолдануға
арналған
20 мл,
50 мл
ерiтiндi

III
кесте
В бөлiмi
N 54

11.

Доктор
Тайс Нова-
фигура
тамшылары

100 мл препаратқа құрамы, мл-да:
көпiршiктi фикус - 6,0 мл
металл алтыны - 6,0 мл
фосфор қышқылы - 6,0 мл
iнжугүл - 6,0 мл
ұйқы безiнiң тұнбасы - 6,0 мл
қалампыр ағашы - 6,0 мл
қырықбуын қылша - 20,0 мл
сынғақ итшомырт - 2,0 мл
ақ қайың - 2,0 мл
теңiз жуасы - 2,0 мл
бастышөп ликоподиясы - 2,0 мл
кенепшөп кендiрi - 2,0 мл
сауыр сүттiгенi - 2,0 мл
мамыр сүйелшөбi - 2,0 мл
саусақты цимицифугалар - 2,0 мл
күкiрт - 2,0 мл
долана - 2,0 мл

50 мл
тамшылар
(гомеопа-
тиялық
препарат)

IV кесте I тiзбе

12.


Зедекс

10 мл препаратқа құрамы, г-да:
декстраметорфан гидробромидi - 0,010 г
бромгексин гидрохлоридi -0,008 г
аммоний хлоридi - 0,100 г
ментол - 0,005 г

100 мл
(1100 мг)
шәрбат

II кесте
А бөлiмi
N 43

13.

Каффетин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
кофеин - 50,0 мг
кодеин фосфаты - 10,0 мг
пропифеназон - 210,0 мг
парацетамол - 250,0 мг

N 10
таблетка-
лар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ

14.

Колдрайт (жөтел мен
суық тиюгеқарсы)

5 мл препаратқа құрамы, мг-да:
парацетамол - 250,0 мг
сукцинат доксиламинi - 6,25 мг декстрометорфан - 10,0 мг
малеат хлорфенираминi - 2,0 мг

100 мл
сауыттағы
iшуге
қолдануға
арналған
шәрбат

II кесте
А бөлiмi
N 43

15.

Колдрекс Найт

20 мл препаратқа құрамы, мг-да:
декстрометорфан - 15,0 мг
парацетамол - 1000,0 мг
прометазин - 20,0 мг

160 мл
сауыттағы
шәрбат

II кесте
А бөлiмi
N 43


16.

Корвалдин

1000,0 мл-ға құрамы, г-да:
этилбромизовалерианат 20,0 г
фенобарбитал - 18,0 г
бұрыш жалбыз - 1,4 г
құлмақ майы - 0,2 г

25 мл
сауыттағы
ерiтiндi
(тамшы-
лар)

III
кесте
В бөлiмi
N 54

17.

Корвалол

25 мл препаратқа құрамы, мг-да:
фенобарбитал - 456,5 мг
а-бромизовалериан қышқылының
этил эфирi - 500,0 мг
бұрыш жалбыз майы - 35,5 мг

25 мл,
50 мл
ерiтiндi

III
кесте
В бөлiмi
N 54

18.

Корвалол

1000 мл препаратқа құрамы, г-да:
фенобарбитал - 18,26 г
а-бромизовалериан қышқылының
этил эфирi - 20,0 г
бұрыш жалбыз майы - 1,42 г
натрий гидрототығы - 3,15 г

25 мл,
50 мл
ерiтiндi

III
кесте
В бөлiмi
N 54

19.

Корвалол

1000 мл препаратқа құрамы, г-да:
фенобарбитал - 18,26 г
а-бромизовалериан қышқылының

этил эфирi - 20,0 г


25 мл,
50 мл
ерiтiндi

III
кесте
В бөлiмi
N 54

20.

Корвалтаб

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
альфа-бромизовалериан
қышқылының этил эфирi - 8,20 мг
фенобарбитал - 7,50 мг
жалбыз майы - 0,58 мг

N 100
таблетка-
лар

III
кесте
В бөлiмi
N 54

21.

Но-шпалгин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
парацетамол - 500,0 мг
дротаверин гидрохлоридi -40,0 мг
кодеин фосфаты гемигидраты түр- iндегi кодеин фосфаты - 8,0 мг

N 12
таблетка-
лар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ

22.

Паракода-
мол

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
парацетамол - 400,0 мг
кодеин фосфаты - 10,0 мг

N 10x2
0,4 мг
таблетка-
лар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ

23.

Пенталгин-IСN

1 таблеткаға құрамы, г-да:
анальгин - 0,3 г

парацетамол - 0,3 г

құрғақ затқа шаққандағы кофеин -
0,05 г
құрғақ затқа шаққандағы кодеин фосфаты - 0,008 г
фенобарбитал - 0,01 г


N 12
таблетка-
лар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ
III
кесте
В бөлiмi
N 54

24.

Пенталгин-П

1 таблеткаға құрамы, г-да:
анальгин - 0,3 г
парацетамол - 0,3 г
натрий кофеин бензоаты - 0,05 г,
кодеин - 0,01 г,
фенобарбитал - 0,01 г

N 10
таблетка-
лар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ
III
кесте
В бөлiмi
N 54

25.

Рекофаст Плюс

1 мл препаратқа құрамы, мг-да:
трипролидин - 0,125 мг
псевдоэфедрин - 3,0 мг
парацетамол - 25,0 мг

60 мл
суспензия

IV кестеI тiзбе

26.

Седальгин-Нео

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
парацетамол - 300,0 мг
метамизол - 150,0 мг
кофеин - 50,0 мг
кодеин фосфаты - 10,0 мг
фенобарбитал - 15,0 мг

N 10
таблетка-
лар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ
III
кесте
В бөлiмi
N 54

27.


Солпадеин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
парацетамол - 500,0 мг
кодеин фосфаты - 8,0 мг
кофеин - 30,0 мг

N 6, N 12
еритiн
таблетка-
лар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ

28.

Солпадеин

бiр капсулаға құрамы, мг-да:
парацетамол - 500,0 мг
кодеин фосфаты - 8 мг
кофеин - 30,0 мг

N 12 кап-
сулалар

III
кесте
А бөлiмi
1-тармақ

29.

Теофедрин Н

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
теофеллин - 100,0 мг
кофеин - 50,0 мг
парацетамол - 200,0 мг
фенобарбитал - 20,0 мг
эфедрин гидрохлоридi - 20,0 мг
итжидек қою сығындысы - 4,0 мг
цитизин - 0,1 мг

таблетка-
лар N 10

III
кесте
В бөлiмi
N 54
IV кесте
I тiзбе

30.

Тетралгин

бiр таблеткаға құрамы, г-да:
анальгин - 0,3 г
натрий кофеин-бензоаты - 0,05 г
кодеин - 0,01 г
фенобарбитал - 0,01 г

N 10
таблетка-
лар

III

кесте
В бөлiмi
N 54


31.

Туссин Плюс

5 мл препаратқа құрамы, мг-да:
декстрометорфан - 10,0 мг
гвайнезин - 100,0 мг

дозалан-
ған шәш-
кесiмен
iшуге
қолдануға
арналған
118 мл
сауыттар-
дағы
шәрбат

II кесте
А бөлiмi
N 43

32.

Хайдриллин- ДМ

5 мл шәрбатқа құрамы, мг-да:
декстраметорфан гидробромидi -
6,25 мг
дифенгидрамин гидрохлоридi -
5,0 мг

60 мл,
120 мл
шәрбат

II кесте
А бөлiмi
N 43

33.

Юниспаз

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
парацетамол - 500 мг
дротаверин гидрохлоридi - 40 мг
кодеин фосфаты - 8 мг

N 12 таблеткалар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ

34.

Антиспазм

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
парацетамол - 300 мг
дротаверин
гидрохлорид - 40 мг
кодеин — 8 мг

№ 20 таблеткалар

III кесте

А бөлiмi
1-тармақ


35.

Беллатаминал

1 таблеткаға құрамы, г-да:
итжидек алкалоидтар қосындысы - 0,0001 г
фенобарбитал - 0,02 г
эрготаминтартраты - 0,0003 г

№ 10 таблеткалар

III кесте
В бөлiмi
№ 54
IV кесте
1-тiзбе

36.

Гликодин

5 мл препаратқа құрамы, мг:
декстраметорфан гидробромидi - 10 мг
левоментол - 3,975 мг
терпингидрат - 10 мг

50 мл, 100 мл сауыттағы шәрбат

II кесте
А бөлiмi
№ 43
(ескертпе)

37.

Коделак(R) фито

120 г препаратқа құрамы, г-да:
кодеин фосфат - 0,09 г
жалаңаш мия тамырларының қою сығындысы - 4 г
термопсистiң қою сығындысы - 0,2 г
сұйық тасшөптiң сығындысы - 20 г

100 мл сауыттағы шәрбат

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ

38.

Корвалин-РТ

100 мл препаратқа құрамы, г-да:
бұрыш жалбыз майы - 0,142 г
фенобарбитал - 1,826 г а-бромизовалериан қышқылының
этил эфирi - 2 г

Iшуге арналған тамшылар 20 мл, 25 мл


III кесте
В бөлiмi
№ 54

39.

Корватаблет

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
фенобарбитал - 7,5 мг а-бромизовалериан қышқылының
этил эфирi - 8,2 мг

№ 10,
№ 20,
№ 100 таблеткалар

III кесте
В бөлiмi
№ 54

40.

Сантопералгин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
кодеин - 8 мг
кофеин - 50 мг
натрий метамизолы - 300 мг
парацетамол - 300 мг
фенобарбитал - 10 мг

№ 10 таблеткалар

III кесте
А бөлiмi
1-тармақ
III кесте
В бөлiмi
№ 54

41.

Сантотитралгин

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
кодеин - 8 мг
кофеин - 50 мг
натрий метамизолы - 300 мг
фенобарбитал - 10 мг

№ 10 таблеткалар

III Кесте
A бөлiмi
1-тармақ
III кесте
В бөлiмi
№ 54








-->