shkolakz.ru 1




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар Министрінің

2011 жылғы «12» қыркүйектегі

№ 380 бұйрығымен

бекітілген


Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар


1. Жалпы ережелер


1. Осы Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және ұңғымаларды жобалауға, пайдалануға, параметрлік, іздеу, барлау, пайдалану, айдау, бақылау (пьезотермиялық, қадағалау), арнайы (жұтатын, су жинау), йодбромды, бальнеологиялық ұңғымаларға және басқа ұңғымаларға таратылады.

2. Ұңғымалар консервациясы, жою жобалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ұңғымаларды жою кезінде жоба келесі бөлімдерден тұрады:

жалпы түсіндірме жазба. Ұңғыманы жою критерийлеріне негіздеме;

ұңғыманы жою бойынша технологиялық және техникалық шешімдер;

ұңғыманы жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;

жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар.

4. Ұңғыма консервациялау кезінде жоба бөлімдерден тұрады:

жалпы түсіндірме жазба. Консервация нұсқалары (процессте және құрылыс, пайдалану аяқталған соң). Маусымдық консервация;

ұңғыма консервациясы, олардың сағасын жабдықтау бойынша технологиялық және техникалық шешімдер;

ұңғыма консервациясы және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;

жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар.

5. Ұңғыманы консервациялау, жою бойынша жұмыстар олардың техникалық жағдайының нәтижесін есепке алумен, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жобалық шешімдерді орындауды қамтамасыз етумен оқшаулау-жою жұмыстары жоспары бойынша жүргізіледі.


6. Құрылысы біткен ұңғыманы жою мен консервациясы жер қойнауын пайдаланушының жою мен консервациялау туралы қабылдау комиссиясы актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.

7. Егер ұңғыма консервациясының ұзақтығы өңдеу жобасымен қарастырылған мерзімінен асса (немесе асуы мүмкін) немесе 15 жылдан артық болса және сараптама қорытындысы бойынша қоршаған табиғи ортаға, мүлікке, жергілікті халықтың денсаулығы мен өміріне нақты зиян тигізу қаупі туындаса, онда өздігінен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың талабы бойынша жер қойнауын пайдаланушы авариялық жағдайдың туындау қатерін болдырмайтын қауіпсіздіктің шараларын өңдейді және іске асырады немесе ұңғыманы жояды.


2. Ұңғыманы жою


2.1. Жойылуға жататын ұңғымалар санаты


8. Барлық жойылатын ұңғымалар жою себебіне байланысты 4 санатқа бөлінеді:

I – өзінің тағайындалуын орындаған ұңғымалар;

II – геологиялық себептер бойынша жойылатын ұңғымалар;

III – техникалық себептер бойынша жойылатын ұңғымалар;

IV – технологиялық, экологиялық және басқа себептер бойынша жойылатын ұңғымалар.

9. I санат – өзінің тағайындалуын орындаған ұңғымалар. Оған:

I-а) құрылыс жобасымен көзделген міндеттерді орындаған ұңғымалар;

I-б) жобамен белгіленген, дебиттердің төменгі шегіне жеткен, қабатты, айдалатын сумен суландырылған, қайтару немесе қосу объектісі жоқ, қажеттілігі болғанда оларды бақылау (қадағалау, пьезометриялық) қорына ауыстыратын ұңғымалар;

I-в) жобамен белгіленген міндеттерді орындағаннан кейін, әртүрлі технологияны сынау бойынша тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізу үшін бұрғыланған ұңғымалар;

I-г) табушы ретінде бұрғыланған, суландырғаннан кейін, оларды одан әрі пайдалану қажеттілігі жоқ кезде қадағалау, айдау және басқасына ауыстырылған ұңғымалар;

I-д) мұнай мен газдың жер асты қоймаларында әрі термальды және өнеркәсіпті сулар орындарында өз міндеттерін орындаған ұңғымалар жатады.


10. II санат – геологиялық себептерге байланысты жойылған ұңғымалар немесе олардың бағандарының бөлігі. Оларға:

II-а) жобалық тереңдікке дейін жеткізілген, бірақ жағымсыз геологиялық жағдайда, яғни коллекторлар жоқ аумақта болатын, мұнай және нәтиже бермеген ағынды интенсификация бойынша жұмыстар жүргізілген газ орындарының контурлы облысынан тыс, мұнай, газ, судың өнеркәсіптік емес ағындарын беретін ұңғымалар;

II-б) алдыңғы ұңғымаларды бұрғылау нәтижесі бойынша одан әрі жұмысты жүргізудің мақсатсыздығы салдарынан құрылысы тоқтатылған ұңғымалар;

II-в) жобалық горизонтты жаппаған және жобалық тереңдікке анықталмаған кедергілер (жұтылудың апатты аймағы, үйілулер, жоғары қабатты жыныстар) кесілуінде ашылуы нақты геологиялық жобалық кесілуіне сәйкессіздігі салдарынан жетпеген ұңғымалар;

II-г) мұнай, газдың жер асты қоймалары мен жылу энергетикалық және өнеркәсіптік сулар орындарында құрылысы аяқталған және жағымсыз геологиялық жағдайлардағы («құрғақ», ағын бермейтін және т.б.) ұңғымалар;

II-д) айдау, қадағалау, пайдалану, йодобромды, жылу энергетикалық, бальнеологиялық ұңғымалар, кәсіпшілік суды және басқа да өнеркәсіптік қалдықтарды құю үшін, жағымсыз географиялық жағдайдағы, оларды басқа шаруашылық мақсатта пайдалану қажеттілігі жоқ кезде, мұнай мен газдың жер асты қоймаларын сақтау үшін бұрғыланған ұңғымалар жатады.

11. III санат – техникалық себеп (авариялық) бойынша жойылатын ұңғымалар немесе олардың бағанының бөлігі. Оған құрылысы, күрделі жөндеу бойынша жұмыстар немесе қолданыстағы әдістермен жою мүмкін емес немесе экономикалық тиімсіз авария, себептер мен асқынулар салдарынан пайдалануы тоқтатылған ұңғымалар жатады.

III-a) салдарынан ұңғыма бағаны жоғалған, бұрғылау аспабымен авариялар, техникалық және пайдалану колонналарымен, ұңғыма ішілік және сағалық жабдықпен, геофизикалық аспаптармен және кабельмен, сапасыз цементтеу салдарынан болған авариялар, ашық атқымалар, өрттер туындаған ұңғымалар. Ұңғыма бағанының ақаусыз бөлігінде (авариялық бөліктен жоғары) осы ұңғыма орнын өңдеуге технологиялық құжаттамаға сәйкес өнеркәсіптік мәндегі өнімділік горизонты бар болатын жағдайда ұңғының авариялық бөлігі ғана жойылады, ал ақаусызы өндіруші кәсіпорынға беріледі;


III-б) игеру, сынау немесе пайдалану кезінде қабатты сулар ағыны болған, оқшаулау мүмкін болмайтын ұңғымалар;

III-в) агрессиялы ортада ұзақ уақыт пайдалану салдарынан тоттана тозуы нәтижесінде пайдалану колоннасының герметикалы еместігі анықталған ұңғымалар;

III-г) табиғи апат (жер сілкіну, көшкіндер) нәтижесінде бұзылған немесе көшкін салдарынан немесе су басудан нақты қауіп туындаған бағаналы ұңғымалар;

III-д) ұйпалану, тұздар, балшықтардың орналасу интервалында қоршаулы колоннаның сынған кезіндегі ұңғымалар;

III-е) бұрғылау құрылғыларының апатты кетуі, гидротехникалық құрылыстың бұзылуы, оларды қалпына келтірудің техникалық мүмкін еместігі мен экономикалық қажетсіздігі жағдайында теңіз орындарында бұрғыланған ұңғымалар;

III-ж) қабатты ашудың жобалық нүктесінен рұқсат берілмейтін ауытқулармен бұрғыланған ұңғымалар.

12. IV санат – технологиялық, экологиялық және басқа себептер бойынша жойылатын ұңғымалар. Оларға:

IV-а) құрылысы біткен және пайдалану колоннасының нақты жағдайға беріктілік пен тоттану сипаттамасының сәйкессіздігінен пайдалануға жарамсыз ұңғымалар;

IV-б) қабатқа әсер етудің жылу және газ әдістерін жүргізу жағдайында пайдалануға жарамсыз ұңғымалар;

IV-в) егер консервациялау мерзімі 10 және одан жоғары жылды құраса және таяу 5 жылда оны пайдалануға енгізу көзделмесе немесе колоннаның техникалық жағдайы мен цемент тасын қадағалау дерегі бойынша бұдан әрі консервациялау тиімді болмаса, шығарылымды ұйымдастыруды күтуде консервацияланған ұңғымалар;

IV-г) уәкілетті органның негізді талабы бойынша тұрғылықты жердегі санитарлы-қорғаныс аймақтарында, өзендердің, су айдыны, тыйым салынған аймақтарда су қорғау аймақтарында орналасқан ұңғымалар;

IV-д) олардың қабылдаушылығы тоқтатылған кездегі айдау ұңғымалары, олардың қабылдаушылығын қалпына келтіру мүмкін болмаған немесе экономикалық тиімсіз кезде жер асты қоймаларындағы ұңғымалар және кәсіпшілік сулар мен өндіріс қалдықтарын жинауға арналған ұңғымалар;


IV-e) жойылуы қойылған міндеттерді орындау шарасы бойынша заңнама талабына сәйкес жүргізілетін арнайы объектілер - ұңғымалар;

IV-ж) геологиялық жағдайы өзгерген, сонымен қатар экологиялық, санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шараларының өзгеруіне соқтырған және ұңғымаларды осы аймақтарда пайдалану сәйкессіздігі туындаған аймақтарда орналасқан ұңғымалар;

IV-з) жобалық горизонтты ашпайтын және ұзақ әсерден форс-мажор жағдайының туындауынан, кәсіпорынның банкроттығынан, қаржының болмауынан, кәсіпорын қызметінің тоқтауынан, жер қойнауын пайдалану лицензиясының жарамдылық мерзімі бітуінен жобалық тереңдікке дейін жетпеген ұңғымалар жатады.


2.2. Мұнай, газ және басқа ұңғымалардың оларды жою кезіндегі сағалары мен бағандарының жабдықтары


13. Ұңғымаларды жою бойынша әр ұңғыма бойынша аталған алаң немесе орын үшін жұмыстарды ұйымдастырудың жеке жоспарына сәйкес жүргізіледі.

14. Ұңғымаларда, салынып жатқан, пайдаланылатын орындарда, кендерде және өнімдерінде агрессиялы және улы компоненттері бар жер асты қоймаларында адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын шоғырлануларда оқшаулау-жою жұмыстары жоба бойынша жүргізіледі.

15. Құрылыс процесінде ұңғымаларды жою бойынша және континентальды шельфте құрылысы аяқталған жұмыстарды ұйымдастыруды пайдаланушылар жергілікті ерекшеліктерді ескерумен өңдейді.

16. Оқшаулау-жою жұмыстарын орындау процесінде немесе ұңғымалардың техникалық жағдайын зерттеу процесінде туындаған асқынулар мен авариялар қосымша жоспар бойынша жойылады.

17. Ұңғымаларды колонна аралық қысыммен, колонна арты қайталанған токтарымен, грифондармен жою оларды жүргізілген жұмыстарға акт ресімдеумен түзеткеннен және жүргізілген жұмыстардың сенімділігі бойынша зерттеу нәтижесінен және ұңғыманы бұдан әрі қауіпсіз пайдалану туралы комиссия қорытындысынан кейін рұқсат беріледі.

Пайдалану колоннасынсыз ұңғымаларды жою



18. Ұңғымаларды ашық кесіктің таукен-геологиялық жағдайына байланысты пайдалану колоннасынсыз жою жоғары ағынды минералдандырылған сулардың (Ка = 1,1 және жоғары) және көмірсутектердің жиналған орындарында өнеркәсіптік мәні жоқ төмен өнімді орналасу интервалында цемент көпірлер орнату жолымен жүргізіледі.

Цемент көпірдің биіктігі төсемінен 20 м төмен және әр осындай горизонттың жабынынан осынша жоғары болады.

19. Минералдандырылған сулы жоғарғы қабат жабыны үстінде, қабаттардың тұщы және минералдандырылған сулармен орналасу шекарасында (егер ол техникалық колоннамен жабылмаған болса) биікті 50 м цемент көпір орнатылады.

20. Соңғы техникалық колоннаның башмагында колонна башмагын кемінде 50 м жабумен цемент көпір орнатылады.

21. Көпірлердің болуы бұрғылау аспабын немесе сорғылық-компрессорлық құбырларды цемент тасына барынша рұқсат берілетін үлесті күштен артпайтын тиеумен тексеріледі. Соңғы технологиялық колоннаның башмагында орнатылған цемент көпір, сонымен қатар гидравликалық сығымдау әдісімен сыналады.

Сынау нәтижесі актпен ресімделеді.

22. Цементтелмеген құбыр арты кеңістігі бар техникалық колоннаның жоғарғы бөлігін шығару кесікте ағынды және көмірсутегі бар горизонттар жоқ кезде рұқсат беріледі.

Бұл жағдайда техникалық колоннаның қалған бөлігі колоннаны алу орнынан 20 м төмен және 50 м жоғары биіктікте цемент көпір орнатылады.

Техникалық колоннаның қалған бөлігі бейтарап сұйықпен, кондуктор - бейтарап қатпайтын сұйықпен толтырылады.

23. Авария нәтижесінде бұрғылау аспабымен (III-a санат) ұңғыманы жою кезінде ұңғының қоршалмаған бөлігінде және оны шығарып алу мүмкін болмағанда торпедтау немесе аспаптың қамтылмаған бөлігін кері бұру жүргізіледі.

Ұңғымада қалған аспаптың жоғарғы бөлігінің техникалық колонна башмагынан төмен болған кезінде қысым астындағы цемент көпірді қалған аспаптың басын 50 м жабумен орнату жүргізіледі. Цемент қатайғаннан кейін бұрғылау аспабының немесе сорғылық-компрессорлық құбырлардың түсірілуімен цемент көпірінің жоғарғы деңгейі анықталады. Техникалық колонна башмагында биіктігі 50 м цемент көпір орнатылады және оның болуы бұрғылау аспабын немесе сорғылық-компрессорлық құбырды және пресстеумен түсірумен тексеріледі. Бұдан әрі жұмыстар 20-23-тармақтарға сәйкес жүргізіледі.


24. Бұрғылау аспабымен авария кезінде оның жоғарғы бөлігі техникалық колоннамен жабылған ұңғы интервалында қалған кезде оның торпедтауын немесе колонна башмагы деңгейінде кері бұру және цемент көпірін техникалық башмак үстінен кемінде 100 м деңгейде орнатумен қысым астында цементтеу қажет. Ұңғыны одан әрі жабдықтау 22, 23-тармақтарға сәйкес жүргізіледі.

Ұңғыма сағасы кондукторда орнатылған (техникалық колоннада) бітеуішпен (немесе пісірілген келтеқұбырлы және шұралы тұқыл ернемекпен) бекітіледі.

25. Ұңғыма сағасында биіктігі 0,5 м кем емес биіктікті репермен және металл кестемен (бұдан әрі мәтінде «кесте» деп аталатын), электр дәнекерлеумен ұңғыма нөмірі, орны (алаңы), жер қойнауын пайдаланушы ұйым, оны жою мерзімі көрсетілген 111 м өлшемді бетон бағана орнатылады.

26. Ұңғымаларды ауыл шаруашылық мақсат үшін пайдаланылатын жерге орнатқан кезде, ұңғыма сағасы бетінен кемінде 2 м тереңдетіледі, кондукторда (техникалық колоннада) орнатылған бітеуішпен және ұңғыма нөмірін, орнын (алаңын), жер қойнауын пайдаланушы ұйымды және оны жою мерзімін көрсеткен кестемін жабдықталады.

Бекіткіш оның тоттануын болдырмайтын материалмен жабылады және ұңғыма сағасы топырақпен көміледі.

Жойылған ұңғыма сағасының орналасқан орнын көрсетумен орын жоспарының көшірмесі жерді пайдаланушыға беріледі.

27. ІІІ санат бойынша жойылған ұңғымаларға, сондай-ақ мұнай газдылықтың ішкі контуры шамасында және газ сақтаудың жасанды орындарының барынша көп өлшемдерінде бұрғыланған барлық санатты ұңғымаларға цемент көпірлер өнімділігі ұңғыма құрылысы, орындарды өңдеу, қойманы пайдалану процесінде орнатылған барлық өнімділік горизонты қуаттылығынан 20 м төмен және жоғары интервалда орнатылады.


Түсірілген пайдалану колонналы ұңғымаларды жою кезіндегі ұңғылар мен сағалар жабдықтары


28. Ұңғымаларды жою кезіндегі түсірілген пайдалану колонналы ұңғы жабдығы келесі түрде жүргізіледі.

Цементті пайдалану колоннасынан алдыңғы колоннаның башмагынан (техникалық колонна немесе кондуктор) жоғары көтеру кезінде перфорацияның барлық интервалына, герметикалық емес интервалға, сатылай цементтеудің муфтасын орнатуға, пайдалану және техникалық колонналарды секциялық түсіру кезінде түйісу орындарында, кондуктор башмагы интервалында (техникалық колонна) қарсы цемент көпірлер орнатылады. Пайдалану колоннасының цементтелмеген бөлігін бұру кезінде колоннаның қалған бөлігінің «басында» 50 м кем емес цементтеу көпірі орнатылады. Ұңғыманың қалған бөлігі қатпайтын бейтарап сұйықпен толтырылады.

Пайдалану колоннасы артында цемент тас болмаған кезде кондуктор немесе техникалық колонна башмагынан төмен, егер бұл аралыққа минералды суы немесе көмірсутегі бар қабаттар - коллекторлар түсетін болса, колоннаның перфорациясы және колоннада көрсетілген интервалды келесі престеуден 20 м төмен және жоғары жабатын цемент көпір орнатумен, цементті көтеру биіктігі сапасы мен қарпу сапасын анықтау бойынша зерттеу жүргізумен жүргізіледі.

29. Авария немесе пайдалану колоннасын корродирлеу себебінен бұзылған колонналы ұңғыманы жою кезінде пайдаланудың ұзақ мерзімі салдарынан колонна артында цементтің болуы мен сапасын анықтау бойынша зерттеу жүргізіледі, ол болмаған интервалда цементтеу 29-тармақ бойынша және колоннада цементтеу көпірін колоннаның барлық корридорланған бөлігін жабумен және колоннаның қалған бөлігін келесі пресстеумен бұл интервалдан 20 м жоғары және төмен орнату.

30. Жапырылған пайдалану колонналы ұңғымаларды жою перфорация интервалында цемент көпірлер орнатумен және осы перфорация интервалы мен колонна жапырылуларынан 20 м төмен және 100 м жоғары жүргізіледі.

31. Түсірілетін пайдалану колонналы жойылатын ұңғыма сағасы осы Талаптың 26 және 27-тармақтарына сәйкес жабдықталады.

32. Ұңғыманың жерасты газ қоймасы аумағында болған кезінде схема бойынша қысқа бағана орнатпай ұңғыны жабдықтауға (колонна аралық кеңістікті қадағалау мақсатында) рұқсат беріледі, жобамен анықталады.


33. Төмен дебитті, төмен ағынды (Ка1,1) қабаттарды жауып тұратын ұңғымалар бойынша көпір перфорацияның жоғары саңылауын кемінде 50 м жабатындай шарт кезінде жою ретінде консервацияланған цемент көпірлер қабылдауға рұқсат беріледі.


2.3. Ұңғыманы жоюға құжаттарды ресімдеу


34. Ұңғыманы жоюға құжаттарды қарау үшін жер қойнауын пайдаланушы мамандарды (геолог, экономист, бас бухгалтер және басқаларды) тартумен жобалауға және жұмысты ұйымдастыру жоспарын құруға тапсырма дайындау үшін комиссия құрады.

35. Барлау, орындарды өңдеу жобаларында, ұңғымалар құрылысына жұмыс жобаларында, ұңғымаларды жою мен консервациялау бойынша басқа да инвестициялық жобалар бөліктері болмаған кезде, ұңғымаларды жою мен консервациялауға тұрпатты жобалар болмаған кезде, жер қойнауын пайдаланушы жобалық құжаттаманы өңдеуді ұйымдастырады.

36. Ұңғымаларды жою мен консервациялау бойынша жобалық шешімдерге сәйкес және төмендегілер негізінде:

бұрғылау тарихы (бұғылаудың басталу және тоқтатылу мерзімін, сынауды, аварияны жою бойынша жұмыстарды, ІV санат ұңғылары үшін консервацияны міндетті түрде көрсетумен), пайдалану, ұңғыманы пайдалануды сипаттайтын негізгі үлкендіктерді қоса (дебиттер, қысым, мұнайдың, газдың, судың жинақталған іріктеулері), жүргізілген күрделі жөндеулер, ауыстырулар мен қосулары, жобалық, нақты құрылымдар, жобадан ауытқу себептері, ұңғыманы жою себептері (негіздемемен) туралы мәлімет құрайтын анықтамалар;

саға мен забойдың жобалық және нақты қалпын көрсетумен құрылымдық картадан көшірме, ал пайдалану ұңғымалары үшін – табу орнын өңдеудің ағымдағы картасының жағдайы;

осы ұңғыма құрылысының жобасын кім және қашан жасаған туралы мәліметтер;

горизонттарға бөлумен және барлық жабық қабаттар бойынша қорытындылармен стандартты каротаж диаграммасы, цементтеу сапасын тексеру бойынша қорытындылар;

акт негізінде колонналар мен цемент көпірлерді пресстеу нәтижелері;


акт негізінде қоршаулы құбырлардың техникалық нәтижесін тексеру нәтижелері;

жобалық құжаттаманың өңдеуін жүргізген ғылыми-зерттеу ұйымның қорытындысы. I-б, I-в, IV-б, IV-д санаттары бойынша жойылатын ұңғымаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шешімдерді қосатын жұмыстарды ұйымдастыру жоспары жасалады.

37. Жойылған ұңғыма бойынша, жоюға бекітілген актіні қоса барлық материалдар тігілген, мөрмен және қолдармен расталған. Материалдар жер қойнауын пайдаланушыда сақталады.

38. Жойылған ұңғымалар сағаларының жағдайын жыл сайынғы қадағалау, есепке алу және ақауларды табу мен жер қойнауын қорғау талаптарының бұзылуы кезінде қажетті жөндеу жұмыстарды жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асырады.

39. Алдында жойылған ұңғымаларды қалпына келтіру жоба бойынша жүргізіледі.

40. Қалпына келтірілген (ұңғы бөлігін) ұңғымаларды қайтадан жою және жоюға материалдарды ресімдеу жобада немесе қалпына келтіру жұмыстарына негіздемеде көрсетілген міндеттер мен интервалдарға сәйкес жүргізіледі.


3. Ұңғымаларды консервациялау


3.1. Жалпы ережелер


41. Ұңғымалар консервациясы ол аяқталған соң, құрылыс процесінде және пайдалану процесінде жүргізіледі.

Жобамен көзделген жұмысты маусымдық тоқтату консервация болып табылмайды.

42. Ұңғыма мен саға жабдығы, консервация уақыты, консервацияланған ұңғымалардың техникалық жағдайын қадағалау тәртібі осы Талапқа, шаралар мен жоспарларға, нақты таукен-геологиялық шарттардан туындайтын жер қойнауын пайдаланушы өңдеген жұмысты ұйымдастыруға сәйкес жүзеге асырылады.

43. Тексеріс кезеңділігін жер қойнауын пайдаланушы, бірақ кемінде жылына екі рет – құрылысы аяқталғаннан кейін консервацияланған ұңғымалар үшін, тоқсанына бір рет – егер оларға цемент көпірлер орнатылмаған болса, пайдалану процесінде белгіленеді. Тексеріс нәтижелері актпен ресімделеді.

44. Тексеріс барысында немесе басқа жағдайларда өзге де кемшіліктер (сағалық қысым, колонна аралық пайда болу, грифондар және т.б.) табылған кезде ұңғыма консервацияланудан шығарылады. Жер қойнауын пайдаланушы кемшіліктер себебін анықтайды, оларды түзету бойынша шаралар өңдеп жүзеге асырады.

Ұңғыманың бұдан әрі консервациясына ақаулардың табылған себептерін түзеткеннен кейін ұзартуға рұқсат беріледі.

45. Объекті қызметін экономикалық себептерге байланысты (шикізатқа сұраныстың болмауы және т.б.) уақытша тоқтатуға ұңғыманы консервациялаусыз барлық тоқтату уақытында өнеркәсіптік қауіпсіздік, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды орындау шартымен 6 ай мерзімге дейін жүзеге асыруға рұқсат беріледі.


3.2. Құрылыс процесінде ұңғымалар консервациясы


46. Құрылыс процесінде ұңғыма консервациясы:

қоршаулы құбырмен қорғалған ұңғыма бағаны бөлігін консервациялау, жұмыстың маусымдық сипатында – құрылыстың жалғасу мерзіміне;

табиғи апаттар салдарынан келу жолдарының бұзылуы – оларды қалпына келтіруге қажетті мерзімге;

нақты геологиялық-техникалық шарттардың жобалыққа сәйкессіздігі – жобалық көрсеткіштерді анықтауға және ұңғыма құрылысының жаңа техникалық жобасын құруға дейінгі мерзімге;

ұңғыманы түптік тәсілмен салу кезінде – мұнай және газ ұңғылары түптеріне қолданыстағы талаптарға сәйкес жағдайларда жүргізіледі.


Ұңғымаларды консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу


47. Ашық бағанды ұңғымаларды консервациялау үшін:

«шұралы» бұрғылау аспабын ұңғыма забойына дейін түсіру, ұңғыманы жуу және бұрғылау ерітіндісі өлшемдерін ұңғыма құрылысына регламенттелген жоба мәніне дейін жеткізу;

соңғы қоршаулы колонна башмагына бұрғылау құбырларын көтеру, колоннаның жоғарғы бөлігін қатпайтын ерітіндімен толтыру;

ұңғыманың құбырлық және құбыр арты кеңістігін герметизациялау;


бұрғылау жабдығын жобаға сәйкес консервациялауды жүргізу;

ұңғыма сағасына ұңғыма нөмірін, ұңғыманы консервациялаудың басталу және аяқталу уақытын, ұйымдастырушы-иесін көрсетумен көрсеткіш тақта бекіту жүргізіледі.

48. Түсірілген (перфорирленбеген) колонналы ұңғыманы консервациялау үшін:

ұңғыманы бұрғылау аспабына немесе сорғылық-компрессорлық құбырлар (бұдан әрі - СКҚ) колоннасына жасанды забой тереңдігіне дейін түсіру;

бұрғылау ерітіндісін оның өлшемдерін ұңғыма құрылысына жобаға сәйкес келтірумен өңдеу, тоттану ингибиторын қосу;

құбыр колоннасын забойдан 50 м көтеру, ұңғыманың жоғарғы бөлігін қатпайтын ерітіндімен толтыру;

бұдан әрі жұмыстарды осы Талаптың 47-тармағының тармақшаларына сәйкес жүргізу.


3.3. Құрылысы біткен ұңғымалар консервациясы


49. Консервациялауға мұнай, газ өндіру, жер асты қоймаларын пайдалану, жылу энергетикалық, өнеркәсіптік минералды және емдік сулар орындарын, суды жобалық құжаттамаға сәйкес айдау, мұнай, газ, суды жинау мен дайындау жүйесінің құрылысын бұдан әрі ұйымдастыру үшін тапсырыс берушіге бергенге тапсырғанға дейінгі мерзімге құрылысы біткен ұңғыманың барлық санаты жатады.

50. Ұңғымаларды консервациялау кезінде:

«шұралы» СКҚ түсіру. Ұңғыманы жобалық құжаттамада белгіленген және тоттану ингибиторларымен өңделген параметрлі ерітінділермен басып тастау. Перфорация интервалына өнімді қабаттың коллекторлық қасиетін сақтауды қамтамасыз ететін сұйық айдалады. СКҚ перфорация интервалынан жоғары көтеріледі. Ұңғыманың жоғарғы бөлігін қатпайтын сұйықпен толтыру. Сағалық жабдықты тоттанудан қорғау. Қысым аномалиясы коэффициенті Ка = 1,1 және одан жоғары кезінде сорғылық-компрессорлық құбырлар жиынтығына пакер мен кескіш-клапан қосылады;

сағалық арматурадан штурвалдар, манометрлер түсіріледі, арматурада бітеуіш орнатылады;

ұңғыма сағасы (түпті алаңдағы ұңғымадан басқа) қоршалады. Қоршауда ұңғыма нөмірін, орнын, жер қойнауын пайдаланушы ұйым, консервация мерзімі көрсетілген көрсеткіш тақта орнатылады. Ұңғыланған аумақ жоспары жүргізіледі;


перфорация интервалы үстінен цемент көпір орнату ұңғыманы консервациялау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарымен консервация ұзақтылығы мен басқа да факторларға байланысты белгіленеді.


3.4. Пайдалану процесінде ұңғымалар консервациясы


Консервациялауға жататын ұңғымалар


51. Пайдалану процесінде консервациялануға жатады:

мұнай және газ орындарындағы пайдаланылатын ұңғымалар олардағы қабатты қысым үлкендігі қанығу қысымына немесе конденсация басталуына жеткенде – кен орындарын (жатып қалған) өңдеу жобасымен белгіленетін, одан әрі пайдалануға мүмкіндік беретін қабатты қысымды қалпына келтірген мерзімге дейін;

газ, газ төбелерінің забойға бұзылу жағдайында өндіру ұңғымалары – газ мұнай түйісуін тегістеу мерзіміне дейін;

дебиттерді жобамен белгіленген үлкендікке дейін төмендеткен кезде өндіру ұңғымалары, қабылдаушылығы төмендеген кездегі айдау құбырлары – өңдеу жобасына немесе қабылдауды үлкейту бойынша жұмыстарды жүргізуге сәйкес, оларды ауыстыруға немесе басқа горизонтқа қосу, оқшаулау немесе газды (суды) айдауға пайдалану объектісін үлкейткен мерзімге дейін;

қабатты немесе айдау суларының үзілу жағдайында пайдалану немесе айдау ұңғымалары – жобалық ұйымның қорытындысы болған кезде оқшаулау бойынша жұмыстарды жүргізгенге дейін, айдалатын су фронтын тегістеуге немесе су мұнай түйісуінің жылжуына дейінгі мерзімде;

пайдаланылуы экономикалық тұрғыдан тиімсіз, бірақ мұнайға (газ, конденсат және т.б.) баға өзгерген немесе салық жүйесі өзгерген кезде, сараптамалық қорытынды бойынша уақытша консервация кен орнын өңдеу процесін бұзбайтын болса, тиімді болуы мүмкін ұңғымалар;

І-б санат бойынша жойылуға жататын, егер олар болашақта кен орындарын өңдеу жүйесінде немесе басқа мақсаттарда тиімді пайдалану мүмкін болса пайдалану ұңғымалары;

пайдаланылуы мемлекеттік қадағалау және бақылау органы талабы бойынша жер қойнауы, қоршаған ортаны, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жүргізу мерзіміне дейін тоқтатылған пайдалану ұңғымалары.



Ұңғымаларды консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу


52. Ұңғымаларды консервацияға енгізгенге дейін:

ұңғымадан жабдықты көтеру. Бір жылдан астам уақытта консервациялау кезінде штангылы гидравликалық сорғылармен жабдықталған ұңғымалар бойынша жер асты жабдықтары көтеріледі;

СКҚ түсіру, ұңғыма бағанын жуу, перфорация интервалын тазалау;

колонна герметикалығын және колонна арты айналысының болмауын тексеру;

ұңғыма бағанын колоннаға тоттану әсерін болдырмайтын және өнімділік горизонттың коллекторлық қасиетін сақтауды және қабатқа қажетті қарсы қысымды қамтамасыз ететін бейтарап сұйықпен толтыру. Ұңғыманың жоғарғы бөлігін қатпайтын сұйықпен толтыру;

айдау ұңғымаларын консервациялау кезінде пайдаланылатын колонналардың герметикалығын қайтадан тексеру мерзімдері бір жылдан, ал амортизационды мерзімдерін өткерген пайдалану құбырларын – бес жылдан аспайды.

53. Ұңғыма сағасын байлау схемасы, цемент көпірлерді перфорация интервалынан жоғары орнату, ұңғымадан СКҚ шығару мүмкіндігі үңғыманы консервациялауға жобалық құжаттамамен белгіленеді.

54. Екі және одан артық әр түрлі қабатты қысымды горизонтты пайдаланылатын ұңғымаларда осы горизонттарды тарату жүргізіледі.

55. Ұңғыма өнімінде агрессиялы компоненттер болған кезде, колонна мен сағалық жабдықты олардың әсерінен қорғау қарастырылады.


3.5. Ұңғымалар консервациясына құжаттарды ресімдеу


56. Ұңғыма консервациясына құжаттарды ресімдеу осы Талаптың 2, 3, 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

57. Құрылысы аяқталған және пайдаланудағы ұңғымаларды консервациялау мерзімін ұзарту жер қойнауын пайдаланушы (иесі) белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.

58. Ұңғыма консервациясын құрылысы немесе пайдалану процесінде тоқтату (бұл ретте мерзімінен бұрын) ұңғыманы қайта консервациялау жұмыстары жоспары негізінде жүзеге асырылады.

4. Күкіртсутегі жоғары болатын орындарда ұңғымаларды жою мен консервациялауға қойылатын қосымша талаптар



59. Ұңғыманы жою кезінде (пайдалану колоннасымен немесе олсыз) өнімді қабат оның барлық қуаттылығы бойынша және жабыннан 100 м биік цемент көпірмен жабылады.

Егер пайдаланылатын колонна жойылатын ұңғымаға түсірілмеген болса, онда соңғы аралық колоннаның башмагында қосымша биіктігі 100 м төмен емес цемент көпір орнатылады.

60. Түйісу құрылғысы болған кезде ұңғымаға соңғы түсірілген колоннада (пайдалану немесе аралық) секциялардың түйісу интервалында түйісу орнынан 50 м төмен және жоғары цемент көпір орнатылады.

61. Әр рет цемент көпір орнатар алдында ұңғыма өңделген бейтараптандырғышпен – күкірт сутегі бар қабатты ашу кезінде ертіндінің сәйкес тығыздығымен бұрғылау ерітіндісімен толық толтырылады.

62. Көпірлерді орнату үшін пайдаланылатын тампонажды материал тоттануға төзімді және күкірт сутегі бар қабат интервалында қоршаулы колоннаны цементтеу үшін ұңғыма құрылысына жұмыс жоспарымен көзделген талаптарға сәйкес болады.

63. Жою жұмыстары аяқталған соң, ұңғыма сағасы колонна басымен және тоттануға тұрақты орындауда жоғары қысым тартпасымен, құбырлық және колонна аралық кеңістікте қысымды қадағалауға арналған бұрғыштармен жабдықталады. Саға айналасында 22 м өлшемді қоршауы бар алаң жабдықталады. Қоршауда ұңғыма нөмірі, орын атауы, жер қойнауын пайдаланушы, бұрғылаудың аяқталу мерзімі көрсетілген, «Қауіпті, күкіртсутегі!» жазбасы бар металл көрсеткіш тақта орнатылады.

64. Жою жұмыстарын жүргізгеннен бір ай, алты ай және одан әрі кейін, жылына бір рет кезеңділікпен құбырлық және колонна аралық кеңістікте қысымға бақылау, ұңғыма сағасы айналасындағы ауаға және жақын жатқан төмен жерлерде күкіртсутегінің болуына бақылау жүргізіледі. Өлшеу нәтижелері актімен ресімделеді.

65. Ұңғыма сағасында қысым пайда болған кезде жобалық ұйыммен келісілген және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жоспар бойынша қосымша оқшаулау жұмыстары жүргізіледі.

66. Консервациялау кезінде ұңғыма бейтараптандырғышпен өңделген ерітіндімен толтырылады. Перфорация интервалы үстінде биіктігі 100 м кем болмайтын цемент көпір орнатылады. Лифтілі колонна цемент көпір үстіне кемінде 50 м биіктікке көтеріледі немесе ұңғымадан шығарылып алынады. Цемент көпірді орнатқаннан кейін ұңғыманың құбырлық және құбыр арты кеңістігі бейтараптандырғышпен өңделген ерітіндімен толтырылады.

67. Консервацияланатын ұңғыма арматурасы ысырмасының штурвалдары түсірілген, ысырманың шеткі ернемектері бекіткіштермен жабдықталған, манометрлер түсірілген және келте құбырлар герметизацияланған.

68. Консервацияланған ұңғыма сағасы қоршалады, қоршауға 63-тармақ талабына сәйкес металл көрсеткіш тақта орнатылады.


______________________