shkolakz.ru 1
Әдіскердің жұмысын жоспарлау


Гейнц Р.П.


  1. Білім беру мекемелерінің өтінімдері негізінде жоспарлау (мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін есепке ала отырып);

  • әдіскер өтінімді қаланың (ауданның) мектептеріндегі нақты білімді, әдістемелік жағдайды, кәсіби мәселелерді, аттестациялауды;

  • бір жылға арналған әдістемелік жұмыстың талдауын және т.б. есепке ала отырып түзетеді.

  1. Кері байланыс жүйесін жоспарлау, өткізілетін жұмыстың тиімділігін зерттеу:

  • Әдістемелік жұмыстың рөлі (енгізу..., әзірленім...);

  • Іс-шараның үйымдастырылуы (тапсырысты іс-шараны өткізудің түріне, әдісіне, технологиясына келтіруі).

  1. Әдіскер қызметінің бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілігінің жүйелі дамуына бағдарлану (білім мекемесіндегі үзінді іс-шаралар емес).

  2. Қалалық/аудандық деңгейде жылдық жоспарлау диагностикалық негізде іске асырылады (кәсіби қажеттілікті зерттеу бойынша) – адрестік әдістемелік көмек.

  3. Мұғалімдердің топтарын анықтау: (шығармашылық топтар, жас мамандар, іс-шараның тақырыбы бойынша топтар....).

  4. Әдістемелік жұмыстың ақпараттық-демонстрациялық түрінен бас тарту. (практикада, әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында алынған тәжірибені қолдану бойынша кері байланыстың жүйесін қалыптастыру). Жұмыс нәтижелерін зерттеу (ауырлық көрген мұғалімдер қатарын азайту...)


Қалалық/аудандық әдістемелік кабинеттерінде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

  • Ақпараттық-таныстыру және практикалық-бағдарланған сипаттағы түрлердің үйлесуі.

  • Қалада өткізілетін іс-шараға қатысты әдіскердің рөлі (ұйымдастырушының, кеңесшінің, талдаушының іс-шараға қатысты рөлдері).
  • Әдіскердің қолданатын ұйымдастырушылық формалары (проблематизация, рефлексия, мұғалімдердің өз тәжірибелеріне жүгінуі, іс-шараның практикалық-бағдарлануы және т.б.).


  • Бағдарламаны әзірлеу, сабақтарды жоспарлау, іс-шараларды ұйымдастырудың интерактивтік әдістерін пайдалану.


Талаптарды ескере отырып, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

  • Қала/ауданға іс-шараларды іріктеудің айқын белгілері (мазмұны бойынша, ұйымдастыру бойынша...)

  • Білім беру мекемесіне айқын тапсырысты жасау (білім беру мекемесі әдіскерінің өтінімі)

  • Қалаларда әдістемелік жұмысты жүргізуші педагогтарға арналған талаптар. Орындау бойынша кеңес беру.

Жоспар мына шамаланған белгілер бойынша талданады:

  • Қойылған тапсырмалардың, жоспар іс-шараларының іске асуы.

  • Білім беру мекемелерінің түрлерін, жұмыстың ерекшеліктерін есепке алу.

  • Әдістемелік жұмыстың жағдайын есепке алу (талдау, аттестация, қорытынды, ұсыныстар және т.б. бойынша).

  • Анықталған не мәлімденген кәсіби мәселелерді жан-жақты зерттеу.

  • Кәсіби қажеттіліктерді қанағаттандыру.


Сіздің жұмысыңыздың тәжірибесін талқылайық:

Кері байланыстың механизмі әдістемелік жұмысты тиімді өткізуге арналған.

Өзін-өзі тексеру.


  1. Әдіскер кері байланыстың қандай нұсқаларын әзірлейді және қолданады?

  2. Сапалы әдістемелік жұмыс үшін диагностиканың қандай түрлерін пайдаланады?

  3. Іс-шаралардың, мақсатты бағдарламалардың, жобалардың сапасы.

  4. Жұмысқа өзгерістер енгізе ме? (диагностиканың нәтижелері бойынша)


Әдіскер:

  • Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдердің белсенділігін қалай ынталандырады?

  • Озық педагогикалық тәжірибені жинақтап өрістетуді қалай ынталандырады?

  • Шеберлікті арттыру бойынша өзіндік жұмыстарды қалай ынталандырады?

  • Меңгерілген материалды шығармашылық қайта өндеу қажеттілігін қалай ынталандырады?

Сонымен, жоспарлау дегеніміз – басқару қызметтерін нақты жағдайларда іске асыру болып табылады. Жоспар әмбебап, әрі шығармашылық сипатқа ие, себебі ол әдіскердің әдістемелік жұмыстың авторлық түсінігін қалалық/аудандық деңгейде өзін-өзі жобалауы жолдарын ашуға жәрдемдеседі, ол әдіскерге әдістемелік, педагогикалық мәдениеттің – өзін-өзі іске асыру және өзін-өзі маңыздандыруға қалыптасу бағдарын көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Жоспарлау түрлерін қызметтің бағыттары (ұйымдастырушылық -педагогикалық, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, диагностикалық-зерттеу, жобалық және т.б.) бойынша, өткізілген жұмыстардың түрлері (семинарлар, әдістемелік бірлестіктер, кеңес берулер, байқаулар, олимпиадалар, конференциялар және т.б.) бойынша таңдауға болады. Барлығы сіздің әдістемелік кабинетіңіздің мақсатына, шығармашылық тәсілдемелері мен дәстүрлеріне байланысты.