shkolakz.ru 1
1 Клиникалық тапсырма



«Қант диабетінің 1 типі» диагнозымен С. атты 10 жасар науқаста инсулиннің үлкен дозасын қате енгізгеннен кейін төменде берілген жағдайдың дамуымен естен танды:

А) кетоацидоздық кома

Б) гиперосмолярлық кома

В) гиперлактацидтік кома

Г) гипогликемиялық кома

Д) бастың жедел қанайналым бұзылысы


2 Клиникалық тапсырма


Қант диабетінің 1 типімен науқасқа 16 бірлік қысқа әсерлі инсулин енгізілген. Тәбетінің болмауына байланысты ол таңғы асын ішпеген. Сағат 11.00. кезінде науқас төменде берілген жағдайдың дамуымен естен танды:

А) кетоацидоздық кома

Б) гиперосмолярлық кома

В) гиперлактацидті кома

Г) гипогликемиялық кома

Д) бастың жедел қанайналым бұзылысы


3 Клиникалық тапсырма


Аузының құрғауы, шөлдеу, жиі зәр шығаруға шағымданып келген науқасқа қант диабетінің 1 типі болжау диагнозы қойылды. Төменде берілген көрсеткіштердің қайсысын зерттеу керек:

А) жалпы қан анализі

Б) қанның рН

В) зәрдегі ацетон

Г) гликемия

Д) жалпы зәр анализі


4 Клиникалық тапсырма


12 жасар науқас 3 жыл бойы қант диабетінің 1 типімен ауырады. Инсулинді өздігінен тоқтатқаннан кейін (экстрасенста ем қабылдаған) кетоацидоз жағдайында ауруханаға түсті.

Берілген жағдайдан шығару үшін инсулинді қандай есеппен енгізу қажет:

А) 6 бірлік қысқа әсерлі инсулинді теріастына 2 рет тәулігіне

Б) 0,1 бірлік\кг ультрақысқа әсерлі инсулинді 5 рет тәулігіне

В) 0,1 бірлік\кг қысқа әсерлі инсулинді көк тамырға баяу сағат сайын

Г) 0,2 бірлік\кг қысқа ісерлі инсулинді көк тамырға ағыспен (бірден) сағат сайын


5 Клиникалық тапсырма

11 жасар науқас коматозды жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ата-анасының айтуынша, қант диабетімен 9 жасынан ауырады және интенсифицирленген инсулинотерапия қабылдайды. 2 сағат бұрын өзін сау деп сезінген, инсулин енгізген, тамақтанған, кейін тауға қыдырып кеткен. Кенеттен есінен танып, достарымен ауруханаға жеткізілген.


Мүмкін жағдайды көрсетіңіз:

А) Уремиялық кома

Б) Гиперосмолярлық кома

В) Сүтқышқылды кома

Г) Кетоацидоздық кома

Д) Гипогликемиялық кома


6 Клиникалық тапсырма


Жедел жәрдем бригадасымен коматозды жағдайда жеткізілген қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқаста эксикоз, бұлшықеттік гипотония, гипергликемия, гипонатриемия, гипокалиемия, ацидоз, гиперкетонемия анықталды.

Мүмкін болатын жағдайды көрсетіңіз:

А) Гипогликемиялық кома

Б) Гиперосмолярлық кома

В) Сүтқышқылдық кома

Г) Кетоацидоздық кома

Д) Уремиялық кома


7 Клиникалық тапсырма


Жедел жәрдем бригадасымен коматозды жағдайда жеткізілген қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқаста эксикоз, бұлшықеттік гипотония, гипергликемия, гипонатриемия, гипокалиемия, ацидоз, гиперкетонемия анықталды.

Ұсынылатын ем сызбасын көрсетіңіз:

А) қысқа әсерлі инсулин 5 рет тәулігіне тері астына

Б) тері астына ұзартылған инсулин

В) Қысқа әсерлі инсулин көк тамырға тамшылатып

Г) Қысқа әсерлі және ұзартылған инсулин комбинациясы

Д) инсулин тағайындамау


8 Клиникалық тапсырма

12 жасар науқас 1 жүктіліктен 3000гр дене салмағымен туылған. Ерте жетілуі өзгеріссіз. Көкжөтел, қызамық, желшешекпен ауырған. Анасы тиреотоксикозбен сырқаттанады. 4 ай көлемінде науқаста тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік, полидипсия, полиурия байқалған. Айқын арықтаған. Емхана дәрігері құрт инвазиясына күдіктенген. Жағдайы біртіндеп нашарлаған. Құсу қосылған. Балаға грипп диагнозы қойылған. 2 күннен кейін жағдайы ауырлап, құсу қайталаған, шулы тыныс пен іштегі ауыру сезімімен өте ауыр жағдайда ауруханаға түседі. Салмағы 24 кг. Терісі құрғақ, сұрғылт (жер бетті), сыртқы жыныс мүшесінің айналасы қабынған. Көздері шүңірейген, бет әлпеті үшкірленген. Көз алмасының гипотониясы. Тынысы шулы, жиіліген. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Ауыз қуысы қызарған, құрғақ, тілі жабындымен қапталған. Аузынан ацетон иісі шығады. Қайталамалы құсу. Іштің пальпациясында ауыру сезімі бар. Тізе рефлексы жоқ, іштік рефлекстер төмендеген. Зәрі азайған. Қатты шөлдеу. Қандағы қант 23,9 ммоль/л, айқын ацидоз (рН 7,2), кетон денелерінің деңгейі қанда жоғарылаған. Зәрдегі қант 10 %, ацетон айқын- оң.


Сұрақтар:

1.Диагноз қойыңыз

2.Бірінші сағаттарда терапиялық тактика қандай?

3.Емді қандай зерттеулерді бақылауға ала отырып жүргіземіз?


9 Клиникалық тапсырма


Қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқаста ЖРА фонында аузынан ацетон иісі шыққан. Кето-тест бойынша ацетонға зәрдің реакциясы оң.

Сұрақтар:

1. Стационарға жатқызылғанға дейін науқасқа қандай көмек көрсету керек?

А) инсулин дозасын қысқа әсерлі инсулин есебінен қосымша тері астына енгізу

Б) ешнәрсе жасамау

В) емдәмде майды шектеу

Г) қосымша сары май беру

Д) тағамда тез қорытылатын көмірсуларды жоғарылату

Е) бөлмені жақсылап желдету

Ж) сілтілі сусын беру

З) содалы клизма жасау

2. Науқасқа көмектеспеген жағдайда не дамуы мүмкін?

А) кетоацидоз

Б) лактоацидоз

Г) гипогликемия

Д) ацетонемиялық құсу


10 Клиникалық тапсырма


Қант диабетімен ауыратын науқас таңғы ас алдында 4 бірлік қысқа әсерлі инсулин және 8 бірлік базальды инсулин, түскі ас алдында – 4 бірлік қысқа әсерлі , кешкі ас алдында – 4 бірлік қысқа әсерлі инсулин және сағат 20.30. – 12 бірлік базальды инсулин қабылдайды. Түнгі ұйқысы тынышсыз, таңертең оянуы қиын, таңғы асқа дейін әлсіздік, бас ауыруы мазалайды. Қандағы қанты ашқарынға 15,2 ммоль/л.

Сұрақтар:

1. Күні бойғы инсулині дұрыс есептелінген ба?

А) дұрыс

Б) дұрыс емес


2. Науқастың таңертеңгі жағдайының нашарлауы немен байланысты және неге?

А) Нашар ұйқы, бас ауыруы, таңертеңгі әлсіздік кешкілік енгізілген ұзартылған инсулин дозасының көп болуынан түнгі уақытта байқалатын гипогликемиямен байланысты

Б) жағдайының нашарлауы түнгі уақыттағы инсулин дозасының жетіспеушілігінен туындайтын гипергликемиямен байланысты



З. Неліктен науқаста ашқарынға қанда қант деңгейі жоғары?

А) түнгі сағаттарда инсулин дозасының артық болуы нәтижесінде (постгипогликемиялық гипергликемия феномені)

Б) түнгі сағаттарда инсулин дефициті нәтижесінде


4. Инсулинотерапияға қатысты сіздің тактикаңыз:

А) кешкі астан кейінгі базальды инсулин дозасын азайту

Б) кешкі астан кейінгі базальды инсулин дозасын жоғарылату

В) инсулин дозасын өзгертпеу


11 Клиникалық тапсырма


6 жасар науқас 1 жүктіліктен 4100гр дене массасымен уақытысында туылған. Ерте дамуы өзгеріссіз. Туыстары мен ата-анасы сау. 1 жыл бұрын балада шөлдеу сезімі, жиі зәр шығару, арықтау байқалған. 4 күн бұрын туған күнінен кейін жағдайы нашарлап кетті, тәттіні, тортты көп жеген. Төсектен тұра алмаған, жүрек айну мен құсу және іштегі ауыру сезімі мазалаған. Дәрігер токсикоинфекцияға күдіктенген. Ауруханаға түскен күні жағдайы ауырлап, сұрақтарға дұрыс жауап бере алмаған, ентігу пайда болған. Балада қайталамалы құсу, айқын акроцианоз, жүрек қызметі төмендеген, олигурия, токсикалық тыныс, есінің тұмандануы, аузынан ацетон иісі шығады

Сұрақтар:

1. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз

2. Болжама диагнозда не ескерілмеді

3. Кешкі немесе түнгі кезекшілікте жүргізілетін қажетті зерттеулерді көрсетіңіз


Клиникалық есептердің жауап эталондары:

Тапсырма №1 Г

Тапсырма №2 Г

Тапсырма №З Г

Тапсырма №4 В

Тапсырма №5 Д

Тапсырма №6 Г

Тапсырма №7 В

Тапсырма №9 1 - А, В, Д, Е, Ж, З; 2 - А

Тапсырма №10 1Б, 2 А, 3 А, 4 А