shkolakz.ru   1 2 3

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;

3) Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) Еңбек кітапшасының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде өкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Кызылординские вести» және «Сыр бойы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, мекен-жайы бойынша қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, (Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың мемлекеттiк органның басшысымен (жауапты хатшы) конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.


«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, (Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

E-G-4 - cанаттары үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қызылорда қаласы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы


Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі,

120014, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары:

8(7242) 400953, 400954, pеrson.kadr2013@mail.ru «Б» корпусы бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:


1. «Қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, №01-0-1 индексі, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 56376 – 76235 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:


Құрылыс және қайта құрылымдау жұмыстары жүретін нысандарға жоба-сметалық құжаттарды дайындауды ұйымдастыру.

Құрылыс және қайта құрылымдау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы Заңдылығына сәйкес, конкурстарды ұйымдастыру шараларын жүргізу, техникалық қадағалау және қолдау жұмыстарын жүргізу .

Жұмысшы және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру.

Өзіне жүктелген нысандар бойынша атқарылған жұмыстар актілеріне Ф-2 және Ф-3 қол қою.

Өзіне жүктелген нысандар бойынша құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізу, бекітілген графикке сәйкес орындалуын қадағалау және нысанды мерзімінде тапсырту.

Жыл көлемінде аппарат бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есептерін (айлық, тоқсандық, жылдық) уақытылы орындалғанын, тиісті органға межелі мерзімінде тапсырылуын қадағалау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар мамандығы бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті.


2. «Қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне)
(E-R-4 санаты, №15-1-8 индексі, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 56376 – 76235 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, қала әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Ветеринария мәселелері бойынша мемлекеттің саясатын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу конкурстарының құжаттарын рәсімдейді. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарын жасауды, өткізуді ұйымдастыру. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикасын жүргізу бойынша бағдарламаны іске асырады және ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар жасайды.

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық аурулардың тізбесін ұсынады және іс-шарасын ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастырады, дерекқорын қалыптастырады. Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну.

Бөлімде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру.

Интернет, электронды пошта арқылы жұмыс жүргізу.

Кадр жұмысы. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөніндегі және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақы алуға құқық беретін өтілін анықтайтын комиссиялардың жұмыстарын үйлестіру.

1-ОЛ нысанды статистикалық есебін құру, жеке және заңды тұлғалар өтініштерін бірыңғай есепке алу жұмыстарын жүргізеді.

Мәліметтер базасын жинақтау, сараптау.

Қоғамдық ұйымдармен байланысты үйлестіру.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) күтіп-ұстауға, пайдалануға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыруда, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарының сақталуын бақылау, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезеңінде, маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында, жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдерді сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында, сонымен қатар тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау. Жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру және бақылау.

Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру.

Жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау.

Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Ветеринария мамандығы бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейiнгi ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология (ветеринария) мамандығы бойынша бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті.


3. «Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, №16-1-3 индексі, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 56376 – 76235 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының мерзімінің сақталуына, конкурсқа қатысушы мердігер мекемелер тарапынан тапсырылатын құжаттардың толықтығын және сапалы өткізілуін қадағалайды және дербес жауаптылықта болады.

Мекеменің заңгер қызметкерінің талаптарын толық қанағаттандыру.

Іс-шараларды дайындау. Мекеме тарапынан орындалған бұйрықтар мен кіріс-шығыс құжаттарының заңдылығын қадағалау.

Шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін нығайту және мемлекет мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

Қолданылып жүрген заңнамалық нормативтік актілерді жүйелендірілген есепке алу және сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, оларды қабылдамау, өзгерту және толықтырулар жөнінде белгілер жасайды, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және есептеу құралдарын қолдану негізінде анықтамалық құжаттама дайындайды.

Мекеме мамандары мен қызметкерлеріне қолданылып жүрген заңнама және оларға өзгерістер туралы хабарлауды және таныстыруды жүзеге асырады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі немесе кеден ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немес менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі құқық немесе қызмет көрсету, экономика және басқару (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті.



<< предыдущая страница   следующая страница >>