shkolakz.ru   1 2 3

4. «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, №01-2 индексі, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 56376 – 76235 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімнің және бөлімге қарасты мекемелердің жұмысын ұйымдастырып, үйлестіреді.

«Мәдениет Үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» коммуналдық қазыналық кәсіпорнына, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық мәдени және демалыс паркі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жетекшілік жасайды;

Қала аумағында өткізілетін ауқымды мерекелік, мәдени көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады;

Мемлекеттік органдардың құжаттарының дер кезінде орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлімге бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің қызметтік міндеттерінің орындалуын қадағалайды;

Бөлімде және оның аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

Сот және басқа органдарға құқықтық мәселелерді қарағанда бөлімнің мүддесін қорғайды, кінәрат-талапты, келісім-шарттарды қарау жұмыстарына төрелік жасауды ұйымдастырады;

Мекемелердің жұмыстарына талдау жасап, практикаға жаңа ұсыныстар енгізеді, өз жұмысында теориялық, практикалық, ұйымдастырушылық, методикалық көмектер, мәдениет саласы бойынша құжат айналымының жаңа үлгі формаларын енгізеді;

Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрдің, облыс, қала әкімдігі және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы бөлімнің басшысын хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді;

Азаматтардың хат, шағым, ұсыныс жеке үндеулерін белгіленген тәртіппен қарауға жауапты;

Қызметшілерді оқытуды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

Мамандардың жеке іс-қағаздары мен еңбек кітапшаларын ашу, жүргізу, сақтау жүргізілуін, мұрағат бөлімнің жұмысының орындалуын қадағалайды.


Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесін, «IBM LOTUS NOTES» және «1-ОЛ» берілгендер қорының жұмысын қадағалау, ақпараттық есебін жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары заңгерлік немесе гуманитарлық білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті.


5. Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (E-G-4 санаты, 13-1-5 индексі, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 48047 теңгеден - 64704 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)

Негізгі функционалдық міндеттері:

- «Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (заңгер) қызмет бабында ауылдық округ әкімінің қызметтік нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындайды;

- Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешімдерін орындалуын қамтамасыз етеді;


- ауылдық округі әкімінің аппаратында құқықтық және ақпараттық оқуларды жүргізеді;

- автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстауын қамтамасыз етеді.

- мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістемесінің «персоналды басқару» бағытындағы жұмыстары жүргізеді;

- Қазақстан Республикасы заңдылықтарының іс-әрекетін зерттейтін нормативтік құқықтық актілерді, ауылдық округі әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің заңнамаларын сақтайды.

- Қазақстан Республикасының Заңларына сәйкес, ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлейді, бұрыштама (виза) қояды, тиісті шешімдерді әділет департаментінен тіркеуден өткізеді;

- ауылдық округі әкімінің өкім, шешімдері туралы мәліметтерін ай сайын, тоқсан сайын қалалық прокуратураға және әділет басқармасына тапсыруды жүзеге асырады.

- I – OЛ нысанды статистикалық есебінің орындалуын қамтамасыз етеді;

- сот процесінде қаралып жатқан істерге өкіл ретінде қатысады, сот процестері бойынша есептің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

- мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына мониторинг жүргізеді;

- ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңдылыққа сай жүргізеді;

1) тендер, конкурс, хабарлама береді;

2) жеңімпаз болып танылған мердігер мекемелермен жұмыс жасайды, олардың жұмыстарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;

3) тиісті мекемелерден келісім шартқа отырады;

- мемлекеттік сатып алу үшін жылдық жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, орындалуын жүзеге асырады;

- ауылдың әлеуметтік көрсеткіш есебін (индикаторлық есебін) жүргізеді;

- жер табыстау барысында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақталуын қамтамасыз етеді;

- «Медиация туралы» Заңға сәйкес тиісті бағытта жұмыстарды атқарады;

- Қызылжарма ауылдық округінің жер учаскелерін табыстау жөніндегі комиссияның хатшылық қызметін атқара отырып, оның құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді;


- сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқық бұзушылық профилактикасы, нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияларының хаттамалық жұмыстарын үйлестіреді,

- кез келген қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз етеді;

- ауылдық округ бойынша жүргізілетін жұмыстарға техникалық құжатттарды (ордер техникалық қорытынды т.б) әзірлейді, заңдылыққа сәйкес болуын қамтамасыз етеді;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес, ауылдық округі әкімінің аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы жауаптар беріліп, орындалуын қамтамасыз етеді;

- «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді;

- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асырады;

- «Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуге атсалысады және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

- облыс, қала әкімдерінің, облыс, қала әкім орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, тұрақты кеңес мәжілісінің хаттамаларынан туындайтын тапсырмаларды мерзімінде, сапалы орындалуын жүзеге асырады;

- мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүргізіп отырған саясаты туралы үгіт-насихат шараларын өткізеді;

- жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында тиісті жұмыстарды үйлестіреді.

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

- ауылда атқарылған жұмыстар мен іс шараларды қала әкімінің ресми веб-сайтын ақпараттармен толықтыру үшін өз саласы бойынша мәліметтер ұсынып отырады;

- жалпы ауылдық округ аймағында өткізілетін мәдени іс-шаралардың тиісті деңгейде өтуіне атсалысады;

- ауылдық округ аумағында ауыл әкімінің қатысуымен өткізілетін іс шараларға байланысты қажетті құжаттарды, материалдарды, ақпараттарды дайындайды, ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысады және тиісті деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді;


- Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелер қарсаңында тиісті іс-шаралар дайындап, өткізу, ауылға мерекелік безендірулер жасауды жүзеге асырады;

- қала, ауыл әкімдерінің ауыл тұрғындарымен тоқсан сайынғы есепті кездесу жиынына дайындық жұмыстарын жүргізеді (билбордтар, слайд, мәліметтер және т.б) және олардан туындаған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі: Жоғары немесе ортадан кейiнгi бiлiм не орта техникалық немесе кәсiптiк білім:

Жоғары мамандықтар бойынша мамандықтар тізбесі:

- Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі)

- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару)

- Жаратылыстану ғылымдары: (математика, информатика, физика, химия, биология, экология, география, гидрология)

- Техникалық ғылымдар және технологиялар: (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу)

- Қызмет көрсету: (жерге орналастыру, кадастр, бағалау)

Ортадан кейінгі білім бойынша мамандықтар:

- Құқық: (құқықтану, құқық қорғау қызметі)

- Қызмет көрсету, экономика және басқару: менеджмент (қолданылу аясы және салалары бойынша, қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша);

- Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар: есептеу техникасы және бағдармалық қамтамасыз ету түрлері бойынша, ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.


Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті.


Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;

3) Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) Еңбек кітапшасының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде өкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.


Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Кызылординские вести» және «Сыр бойы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, мекен-жайы бойынша қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, (Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.


Осы Қағидалардың мемлекеттiк органның басшысымен (жауапты хатшы) конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, (Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

E-G-4 - cанаттары үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қызылорда қаласы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

<< предыдущая страница