shkolakz.ru 1


Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар

министрлігінің 2011 жылғы «11» мамырдағы № 131 бұйрығымен бекітілді


Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу

ӘДІСТЕМЕСІ


1. Осы Әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру үшін, сондай-ақ инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сапалы жасауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:

кәсіпорынды жаңғырту – пайдаланылатын техника мен технологиялар өнімділігін арттырудың үздіксіз және қарқынды процесі, сондай-ақ, объектінің сапалы жаңаруына және оның салдарынан қаржы-экономикалық көрсеткіштер мен өндірістік нәтижелердің әдетте жақсы жаққа қарай өзгеруіне әкелетін кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіру;

инвестициялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқару және басқа құжаттамалар пакеті;

еңбек өнімділігі – Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына мониторинг жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 116 бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін экономикалық көрсеткіш;

Бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;

аспап операторы – оның жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін заңды тұлға;

өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және бағдарлама шегінде инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі кәсіпкерлік субъектісі;


қатысушы – Бағдарлама операторының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы оң сараптамалық бағасына ие кәсіпкерлік субъектісі.

3. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мынадай көрсеткіштерге жетуді:


  • инвестициялық жобаның қаржылық өзін-өзі ақтауын;

  • еңбек өнімділігін екі есеге, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша орташа салалық деңгейден бір жарым есеге немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша орташа салалық деңгейден үш есеге арттыруды;

  • өнімнің бәсекеге қабілеттігін (ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнімдер) қарастыруы керек.

  1. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде ұсынылған шығыс деректері мен есептерінің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілікті қабылдайды. Барлық шығыс деректері мен есептік шамалар үшін оларды алудың көздері көрсетілуі тиіс. Өтінім берушінің ұсынылатын деректерді әдейі бұрмалауы сараптаманы тоқтату және жобадан бас тарту үшін негіздеме болып табылуы мүмкін.

  2. Өтінім беруші Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын аспаптар бойынша қаржыландыруды алу үшін аспап операторының талаптарына сәйкес бизнес-жоспарды, сондай-ақ жобаны басқару жоспарын әзірлеуі қажет.

  3. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынады: Word-пішіміндегі файлдардағы мәтіндік құжаттар, Excel-пішіміндегі файлдардағы есептермен кестелер.

7. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары нөмірленуі, түптелуі және тігілуі тиіс.

8. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мынадай құрылым мен мазмұнға сәйкес ресімделуі қажет:


  1. Жалпы мәліметтер

Осы бөлім өтінім берушінің қызметін, кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы мен персоналын, жобаны басқаруды және жоба командасы қатысушыларының негізгі рөлдерін сипаттайтын ақпараттық сипатқа ие.


Сондай-ақ, жобаның өзектілігі мен мақсаты қысқа, нақты және сенімді негізделеді – кәсіпорынды жаңғырту жобасын іске асыруға неге әкеледі, сондай-ақ, жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже.


    1. . Өтінім беруші туралы мәліметтер:

  • заңды тұлғаның атауы, ұйымдастырушылық – құқықтық нысаны, салалық тиесілігі, басшы лауазымы мен тегі, аты-жөні көрсетіледі;

  • заңды және нақты мекен-жайы, телефон, факс,e-mail көрсетіледі;

  • кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.

    1. . Өтінім берушінің ағымдағы жағдайына талдау:

  • кәсіпорын қызметіне, оның өндірістік құрылымы, өнім өндірудің технологиялық процесіне сипаттама келтіріледі;

  • негізгі өнім номенклатурасына сипаттама, сондай-ақ, соңғы 3 жыл ішінде табиғи және құндылық көріністе өнімді шығару мен сату көлемдерінің деректері келтіріледі.

    1. . Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы мен кадр құрамына талдау:

  • ұйымдастырушылық құрылымына сипаттама келтіріледі;

  • кәсіпорын бөлімшелері қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат, оның ішінде атқарылатын лауазым, білім, біліктілік, жас мөлшері, жұмыс өтілі, жынысы бойынша деректер беріледі;

  • жобаны басқарудың ұйымдастырушылық кестесі (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-әрекет кестесі) келтіріледі;

  • персонал біліктілігін арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат беріледі;

  • басқарушы персонал туралы мәліметтер келтіріледі (құрамы, білімі, жас мөлшері, тәжірибесі мен біліктілігі, кәсіпорын капиталында басқарушы персонал қатыса ма);
  • өндірістік персонал туралы мәліметтер ашылады (жобаны іске асыруға тартылатын менеджмент пен техникалық персоналдың біліктілік деңгейіне талдау).


1.4. Жобаның өзектілігі:

  • жоба өзектілігі негізделеді, жобаны орындау қажеттігі мен орындылығы пайдасына дәлелдер келтіріледі;

  • ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің артықшылықтары мен бәсекеге қабілеттігі туралы ақпарат келтіріледі;

  • өндірістік технологияны жаңғырту, басқару жүйесі мен маркетингтік-өткізу технологияларын жетілдіру қажеттігі негізделеді, өндірістік технологияларды жаңғыртудың өнімнің өзіндік құнына болжанатын әсері сипатталады;

  • жобаның ұтымдылығы мен экономикалық орындылығына негіздеме келтіріледі.

    1. . Жоба мақсаты (жоба мақсаты негізделеді).




  1. . Инвестициялық жобаның кешенді жоспарының Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі




    1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарының Бағдарламаның 1 және 2 қосымшаларына сәйкестігі (түсініктеме беріледі).

    2. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарының нақты салалық бағдарламаға сәйкестігі (түсініктеме беріледі).

    3. Болжанатын еңбек өнімділігін бағалау (ашық дереккөзіне міндетті сілтеме жасаумен экономиканың тиісті салаларында ағымдағы және жоспарланатын еңбек өнімділігінің көрсеткіштер мәнін есептеулер мен салыстырулар келтіріледі (бенчмаркинг); өндірістің энергия тұтынуының болжамды төмендеуі).

    4. Өндірістің болжанатын энергия тиімділігін бағалау (ашық дереккөзіне міндетті сілтеме жасаумен экономиканың тиісті салаларында шетелдік баламалармен көрсеткіштерді есептеу және салыстыру келтіріледі (бенчмаркинг)).
    5. Кәсіпорынның қаржылық орнықтылығын талдау (кәсіпорынның қаржы жағдайы, ағымдағы өтемділігі, меншікті қаражатпен қамтамасыз етілуі, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар (лицензия көшірмесі қоса беріледі) аудитор қорытындысының көшірмелерін міндетті қоса берумен соңғы қаржылық жыл ішінде кредиторлық және дебиторлық қарыздар туралы ақпарат ашылады (Егер Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын үстіміздегі жылдың 30 сәуіріне дейін берсе, соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылы ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі қоса беріле алады).





  1. Кәсіпорынды жаңғырту бағыттарын негіздеу

    1. Өндірістік технологияларды жаңғырту

      1. Өндірістік технологияларды жаңғырту қажеттігін негіздеу:

  • пайдаланылатын технологияларды талдау (қолданылатын өндірістік технологиялардың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат келтіріледі);

  • өнім өндірудің қолданылатын тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау келтіріледі;

  • енгізілетін технологияға сипаттама, іске асырылатын жоба үшін сол немесе басқа технологияның құны туралы ақпарат, оны таңдау және балама нұсқаларды қабылдамауға негіздеме беріледі;

  • болжанатын нәтижелер бағаланады (қаржылық, еңбекпен қамту, экологиялық, энергия тұтыну және т.б.), өнім өндірудің таңдалған технологиялық процесіне, инновациялылық, жаңа өнімді өндіруге жалпы сипаттама келтіріледі.

3.1.2. Технологиялық жабдықты жаңғырту қажеттігін негіздеу:

  • қолданыстағы технологиялық жабдықты сипаттау (ағымдағы жағдайы, өндірісте қолданылатын технологиялық жағдай туралы ақпарат, тозу деңгейі, жобалық және нақты жүктелу деңгейі), өнім өндірудің таңдалған технологиясын іске асыру үшін өндірістік кешен/технологиялық учаскелерді технологиялық жабдықпен жинақтаудың мүмкін нұсқалары туралы ақпарат келтіріледі;

  • жабдықты таңдау мен балама нұсқаларды қабылдамауға негіздеме, технологиялық жабдықты жаңғыртудың әр нұсқасының артықшылығы мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау келтіріледі;

  • негізгі техникалық сипаттамалар ақпаратымен таңдалған технологиялық жабдық тізбесі, құны мен қысқаша сипаты көрсетіледі;

  • болжалды жеткізушілер туралы мәліметтер келтіріледі (жеткізушілер атауы, байланыс деректері, жеткізушілермен жасалған/дайындалған келісімдер туралы мәліметтер сипатталады);
  • электр және жылу энергиясы, суды, өзге де ресурстарды тұтынудың қажетті көлемі туралы ақпарат келтіріледі, сондай-ақ, технологиялық жабдықты жаңғырту нәтижесінде көрсетілген ресурстарды тұтынуда өзгерістер келтіріледі;


  • Өтінім берушіде бар және/немесе сатып алынуы қажет патенттер, лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және т.б. жобаның таңдалған технологиялық процесіне қазір және/немесе келешекте меншік құқығын беретін келісімдер (келісім-шарттар, меморандумдар, хаттамалар және т.с.с.), сондай-ақ, олар бойынша жоспарланатын шығындар көрсетіледі.

3.1.3.Жоба бойынша таңдалған өндірістік технология мен жабдықтың қазіргі заманғы деңгейге сәйкестігін негіздеу.

3.1.4. Кәсіпорында өнім сапасын басқару жүйесі:

  • шығарылатын өнімнің болжамды түрлілігінің сапалық сипаттамалары және оларды үздіксіз жақсарту бойынша шаралар сипатталады, оның ішінде өнім сапасының шикізаттан, қолданылатын өндіріс технологиясына және т.б. тәуелділігін көрсету керек;

  • шығарылуы болжанатын өнімнің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

3.1.5. Өндірістік инфрақұрылым:

  • электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз етуді және т.б. қоса өндірістік алаңның инфрақұрылымы жете сипатталады;

- жаңа технологиялық жабдықты қайта бұзу және құрастыруға арналған шығындар бойынша деректер, жаңа өндірістік алаңдарды, жаңа өндірістік және өзге де инфрақұрылымды қажетсіну бойынша деректер келтіріледі.

3.1.6. Өндірістік технологияны сатып алу нысаны.

3.1.7. Жобаны ғылыми-инновациялық қолдау:

  • жобаны тиімді іске асыруға көмектесетін кәсіпорынның бар ғылыми-инновациялық әлеуеті сипатталады (кадрлар, ғылыми қызмет, инновацияларды әзірлеу мен енгізуді ынталандыру тетіктері мен аспаптары).

  • кадрларды қатыстырудан, ғылыми қолдауды, инновацияларды ынталандыру тетіктерін негіздеуден тұратын жобаны тиімді ғылыми-инновациялық қамтамасыз ету қажеттігі негізделеді.


3.2 Маркетингтік - өткізу процесін жаңғырту

      1. Кәсіпорынның қолданыстағы маркетингтік жүйесін талдау:


  • кәсіпорынның маркетингтік - өткізу бөлімшесінің құрылымы, штаты, мақсаты мен міндеттері сипатталады;

  • кәсіпорында өнім сатуды басқару туралы ақпарат келтіріледі (өткізу жүйесі - көтерме сауда желілері, бөлшек сауда желілері, тікелей сатулар, өткізу тығыздығы, сауда қорларын анықтау, тасымалдауды жоспарлау);

  • кәсіпорында өнімді жылжытуды басқару туралы ақпарат ашылады (жарнамалық және PR іс-шараларын, сатуды ынталандыру іс-шараларын әзірлеу, сауда маркасына қатысты саясат);

  • шикізат, материалдар мен жинақтаушыларды жеткізушілермен жұмыс сипатталады (шикізат, материалдар мен жинақтаушылар номенклатурасы, сипаттамасы, негізгі жеткізушілер туралы, шикізат, материалдар мен жинақтаушылардың қол жеткізімдігі туралы ақпарат; нарықта бар ұсыныстарды бағалау (негізгі өндірушілер, өндіру көлемдері, сапасы, баға, өңдеу орнынан алшақтығы); нарықта бар сұранысты бағалау (негізгі тұтынушылар, тұтыну көлемдері)).

      1. Маркетингтік – өткізу процесін жаңғырту бағытын негіздеу:

  • жаңа меркетингтік-өткізу технологиясының қажеттігі негізделеді;

  • жобаны іске асырудың әр жылына арналған маркетингтік іс-шараларды жаңғырту үшін қажетті іс-шаралар сипатталады, оларды іске асыру мерзімдері, нәтижелер мен бюджет көрсетіледі;

  • өнімді өткізу бағдарламасы ашылады (табиғи көріністе жылдар бойынша сатудың жоспарланатын көлемдері, өткізу бағалары, ел шегінде экспорт үлесі).




    1. Басқару технологияларын жаңғырту

      1. Жаңғырту бағыттарын негіздеу:

  • кәсіпорынды басқарудың бар құрылымның және практикасыныңжәне кәсіпорынның инвестициялық жобаларының артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау келтіріледі;
  • жобалық басқарудың корпоративтік жүйесін, сондай-ақ, жаңа басқару технологияларын енгізу қажеттігі, менеджерлер құрамы мен біліктілік деңгейін жаңарту қажеттігі, кәсіпорынды басқару үлгісін жаңарту, әкімшілік – басқару персоналы мен бөлімшелердің құрылымын өзгерту қажеттігі негізделеді;


  • оған дейін жобалық басқару жүйесін жеткізу жоспарланатын, сондай-ақ, кәсіпорында енгізу жоспарланатын жобаларды басқару стандарттары (және/немесе үздік әлемдік практика) жобалық басқарудың ұйымдастырушылық жетілуінің деңгейі сипатталады;

  • жобаны іске асырудың әр жылына арналған басқару технологияларын жаңғырту үшін қажетті іс-шаралар, оларды іске асыру мерзімдері, нәтижелер мен бюджет сипатталады (оның ішінде жоспарланып отырған менеджерлер мен мамандарды даярлау мен қайта даярлау туралы ақпарат).




  1. . Маркетингтік жоспар

    1. . Өнім нарығын зерттеу:

  • өнімге бар сұранысқа бағалау келтіріледі (негізгі тұтынушылар, тұтыну көлемдері, баға/сапа қатынасы);

  • нарықта қалыптасқан жағдайға бағалау келтіріледі (негізгі өндірушілер, олардың күшті және әлсіз жақтары, нарық үлесі, өндіріс көлемдері, баға/сапа қатынасы);

  • жаңғырту нәтижесінде сұраныс, ұсыныстар мен бәсекелестік деңгейлерінің болжанатын өзгерістері көрсетіледі;

  • жаңғырту нәтижесінде шығарылатын өнімге арналған бағалар деңгейінің болжанатын өзгерулері сипатталады;

  • өнімнің өткізу нарығына шығуына қарай қолданыстағы және болжанатын кедендік, салық және басқа кедергілер көрсетіледі.

    1. Маркетингтік стратегия:

  • жобаның әлсіз және күшті жақтарына стратегиялық талдау, жобаның мүмкіндіктері мен әлеуетті қауіптеріне бағалау келтіріледі (SWOT- талдау);

  • жоба стратегиясының географиялық аспектісі анықталып келтіріледі;

  • маркетинтік стратегияны таңдау көрсетіледі (шығындар бойынша көшбасшылық, нарық тауашасында күшті дифференциациялау мен шоғырландыру, өнім желісін әртараптандыру және өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу және т.с.с.);
  • нарықты анықтау, өнімнің өмірлік циклін жоспарлау, бәсекелестікпен күрес әдісін әзірлеуді қоса өнімді орнықтыру сипатталады;


  • жарнамалық саясат пен сатуды ұйымдастыру сипатталады.

    1. Жобаның келісімшарттық пысықталуы:

  • жобаның шикізат, материалдар мен жинақтаушыларды сатып алуға арналған келісім-шарттармен қамтамасыз етілуі сипатталады (жеткізушілер тізілімі, сомасы, бағалар, көлемдер, шарттар мен жеткізу, төлеу мерзімдері, кесте түрінде);

  • жобаның өнімді өткізуге арналған келісімшарттармен қамтамасыз етілуі келтіріледі (жеткізушілер тізілімі, сомалар, бағалар, көлемдер, жеткізу, төлеу шарттары мен мерзімдері, кесте түрінде).




  1. . Қаржылық жоспар

    1. . Жобаның көлемі, құрылымы мен қаржыландыру көздері:

  • жобаны іске асырудың әр жылы бойынша жобаны іске асыру үшін қажетті қаражат көлемі ашылады;

  • қаржыландырудың сұралатын шарттары сипатталады;

  • жобаны іске асырудың әр жылы бойынша жергілікті және шетел валютасында жоба бойынша инвестициялық шығындар сметасы келтіріледі (жабдық, технология, тасымалдау, ресімдеумен, сертификаттаумен және сақтаумен байланысты және т.б. шығындар);

  • жобаны қаржыландыру құрылымы мен көздері ашылады (қарыз және меншікті қаражаттар, аспап операторларының қаражаты).

    1. . Шығындар жоспары

  • жылдар бойынша табиғи және ақшалай көріністе жоба бойынша шығындарды ажыратумен жаңғырту нәтижесінде өтінім беруші қызметіне егжей-тегжейлі болжам келтіріледі;

  • ақшалай көріністе жаңғырту нәтижесінде өндірілетін өнім бірлігінің өзіндік құнына калькуляция келтіріледі, оның ішінде табиғи нысанда шикізат, материалдар мен жинақтаушыларды жұмсау нормалары көрсетіледі.
    1. . Табыстар жоспары (табиғи және ақшалай көріністе жылдар бойынша жобадан сатуды бөліп көрсетумен барлық қызметтен сату жоспары көрсетіледі).


    2. . Қаржылық міндеттемелер:

  • өтінім берушіде бар қаржы міндеттемелерінің тізілімі келтіріледі, оның ішінде қайтарылатын қаржылық көмек, несиелер, облигациялар, екінші деңгей банктерінің кепілдіктері (кредитор, шарттың нөмірі мен бекітілген күні, игеруді бастаған күн, қарыз сомасы, қарыз қалдығы, қарыз мерзімі, сыйақының жылдық мөлшерлемесі, төлемдер кезеңі, кешіктірулердің болуы көрсетіледі);

  • негізгі қарыз және сыйақы, жоспарланатын қарыздарды өтеу кестелері, сондай-ақ, қарыз өтеудің жиынтық кестесі көрсетіледі.

    1. . Ақша қаражаты ағыны

  • тұтынушылар тарапынан және жеткізушілер пайдасына төлем бойынша болжанатын кешіктірулерді есепке алып жылдар бойынша кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен алынатын ақша қаражатының түсуі мен шығуына болжамдар келтіріледі;

  • қаржы қызметінен ақша қозғалысы бөлігінде айналым капиталды қаржыландыруға жоспарланатын қысқа мерзімді қарыздарды көрсету керек.

    1. . Жоба тиімділігіне талдау (қаржылық циклге, таза келтірілген құнға (NPV), табыстылықтың ішкі нормасына (IRR), жобаның өзін ақтау мерзіміне есептеу, жобаның табысты төмендетуге, шығындарды ұлғайтуға сезімталдығына талдау, экономикалық шығындар мен табыстарды салыстыру келтіріледі).




  1. . Тәуекелді бағалау

    1. Жобаның әлсіз және күшті жақтары (тәуекелдерді анықтау және бастапқы талдау, олардың туындауының барлық мүмкін нысандары бойынша тәуекелдердің туындау ықтималдығы; бағалау аспабы ретінде PESTEL-талдау және/немесе оның баламаларын, жоба тәуекелдерінің деңгейлеріне сәйкесетін салалық жетекшіліктерді қолдану ұсынылады).
    2. Саяси тәуекелдер (жеткізушілер мен сатып алушылармен халықаралық келісім-шарттарды жасау кезінде мемлекет саясатында, өңірлік биліктердің өзгеруі, өңірлік рыноктарда жағдайдың нашарлау және т.б. тәуекелдер).


    3. . Экономикалық тәуекелдер (жобаның өзін ақтамауының, қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаудың коммерциялық және қаржылық тәуекелдері, асыра өндіру немесе өнімді өткізе алмау тәуекелі, бәсекелестіктің арту тәуекелі және т.с.с.);

    4. . Әлеуметтік тәуекелдер (әлеуметтік қажеттіктерді қанағаттандырумен, еңбекті қорғау мен өндірістің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуді, әлеуметтік, гендерлік және нәсілдік теңдікті, жобаны іске асырудың түрлі кезеңдерінде қызметкерлерді жалдау және қысқарту бойынша және т.с.с. тәуекелдерді қоса БҰҰ адам құқығының жалпы декларациясының 25-бабына, Еуропалық әлеуметтік хартия (ЕӘХ), Халықаралық еңбекті қорғау (ХЕҚ) Конвенциялары мен Ұсынымдарына сәйкес азаматтар өмірінің әлеуметтік қажеттіктерін, материалдық деңгейлері мен өмір сүру сапасын қанағаттандырумен байланысты тәуекелдер);

    5. . Техникалық және технологиялық тәуекелдер (таңдалған өндіріс технологиясының, жабдықтар кешенінің сәйкеспеу, жоба қажеттіктеріне сәйкес материалдармен қамтамасыз етілмеу тәуекелі сипатталады, таңдалған технология мен технологиялық жабдықтардың үшінші елдердің авторлық құқықтарына қатысты еместігіне, осындай жағдайдың туындау мүмкіндігін алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданатыны және т.с.с. қысқаша ақпарат келтіріледі);

    6. Экологиялық тәуекелдер (қоршаған ортаға, үшінші тараптар мүлкіне және азаматтар денсаулығына зиян тигізуге әкелетін табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен әлеуетті туындауы мүмкін тәуекелдер).

    7. . Институционалды (заңнамалық) тәуекелдер (заңнамалық – құқықтық салада, мемлекеттік органдардың институционалды дамуында кемшіліктер мен өзгерістер, қаржылық, салық, сыртқы экономикалық саясатта және т.с.с. өзгерістер).

    1. Тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралар


  1. . Экологиялық бөлім

7.1. Жобаның қоршаған орта жағдайына әсері мен зиянды әсерді азайту бойынша іс-шаралар жоспары:

  • қоршаған ортаға болжалды қолайсыз әсер етулер деңгейлерін анықтауға бағытталған техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын сипаттау;

  • жоба шеғберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі;

  • қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалауды (алдын ала ҚОӘБ), қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға (ҚОӘБ) арналған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;

  • жобаның жалпы құнына қоршаған ортаға теріс әсер етулерді шектеу бойынша іс-шараларды іске асырумен байланысты бастапқы салымдар мен ағымдағы шығындармен қоса болжалды сметалар мен қаржыландыру көздері тізілімін қосу.

7.2. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер ету бойынша халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі



  1. . Жобаны іске асырудың жоспар-кестесі (жылдар бойынша).