shkolakz.ru   1 2 3 4 5

Сұрыпталған қатты бидай сорттарының шаруашылықтық құнды белгілерін зерттеу

Вегетация мерзімінің ұзақтығы. Республиканың бидай өсіретін аймақтарының агроэкотиптері және топырақ-климат жағдайларының алуан түрлілігі егіншілік жүйесі мен арнаулы агротехниканы, сондай-ақ осы жағдайларға барынша бейімделген дақыл сорттарын таңдап алмайынша, мол түсім алуға мүмкіндік бермейді. Бидайдың белгілі өңірге бейімделу қабілетін анықтау өлшемінің бірі болып вегетация мерзімінің ұзақтығы есептеледі. Сондықтан сұрыпталған қатты бидай сорттарының Оңтүстік Қазақстан жағдайында фенологиясы есепке алынды. Нәтижесінде сұрыпталған қатты бидай сорттарының вегетация мерзімінің орташа ұзақтығы еліміздің оңтүстік өңірінде 91 тәулікті құрады (2-сурет).


Сурет 2 – Сұрыпталған қатты бидай сорттарының фенологиясы


Сұрыпталған қатты бидай сорттары арасынан Безенчукская 139 бақылау сортынан ерте пісіп-жетілетін қатты бидай сорттары іріктеліп алынды. Олардың қатарына Altar 84, Mexicali 75, Nacori C97, Yavaros 79, Гордеиформе 429, Гордеиформе 94-9-1, Гордеиформе 94-94-13, Каргала 28, Каргала 303, Наурыз 6 және Субастрале 489 сорттары жатқызылды. Бұл сорттардың вегетация мерзімінің ұзақтығы 80-85 тәулікті құрады. Осыған сәйкес, олар ерте пісетін сорттар болып есептелді. Демек, жоғарыда аталған қатты бидай сорттарының тат ауруларына төзімді болуының тағы бір себебі, олардың вегетация мерзімі қысқа болуына байланысты. Яғни, сабақ және жапырақ татының толық дамып жетілуіне дейін вегетация мерзімі қысқа сорттар пісіп үлгіреді.

Морфологиялық белгілері. Бидайдың морфологиялық белгілері селекционерлер үшін сұрыптау нысандары, генетиктер үшін тұқым қуалау белгілерін бақылау материалы болып табылады. Осыған сәйкес, сұрыпталған қатты бидай сорттарының негізгі морфологиялық белгілері – түршесі, өсімдік биіктігі, жалауша жапырақ ауданы және жоғарғы буын аралығының ұзындығы зерттелінді (3-кесте). Интродукциялық қатты бидай сорттарының басты кемшілігі олардың сабағының қысқалығы. Салыстырмалы түрде олардың арасында сабағы ең ұзын болып есептелген Lakota және Mondur сорттарының бұл көрсеткіші (90,0-91,3 см) бақылау сортынан 9,4-10,7 см кем болды. Ал, отандық сорттарда аталған көрсеткіш 94,0-126,3 см сәйкес келді.


Кесте 3 – Қатты бидай сорттарының морфологиялық белгілеріне сипаттама (2005-2007 жж., орташа)


Сорт атауы

Түршесі

Өсімдік биіктігі, см

Жалауша жапырақ ауданы, см2

Жоғарғы буын аралығының ұзындығы, см

X±m

± бақылау сортынан

X±m

± бақылау сортынан

X±m

± бақылау сортынан

Mexicali 75

леукурум

80,0±0,8

-20,7

22,4±0,8

+0,7

20,3±0,8

+3,7

Altar 84

леукомелан

81,5±1,0

-19,2

24,7±0,6

+3,0

23,4±0,8

+6,8

Cocorit 71

леукурум

73,5±1,0

-27,2

27,0±0,4

+5,3

29,2±1,0

+12,6

Lakota

леукурум


90,0±0,8

-10,7

22,7±0,6

+1,0

21,9±0,6

+5,3

Albatross

африканум

72,7±0,8

-28,0

22,3±0,4

+0,6

28,1±0,6

+11,5

Aldura

мурциензе

88,5±1,0

-12,2

29,2±0,4

+7,5

22,5±1,0

+5,9

Mondur

гордеиформе

91,3±0,6

-9,4

23,4±0,6

+1,7

24,2±1,2

+7,6

Macoun

леукурум

71,3±0,5

-29,4

23,3±0,4

+1,6

21,8±0,8

+5,2

Ward

гордеиформе

72,7±0,7

-28,0

29,7±0,6

+8,0

20,4±0,6

+3,8

Каргала 28


леукурум

102,7±0,7

+2,0

22,0±0,8

+0,3

24,3±1,0

+7,7

Каргала 303

леукурум

104,0±0,8

+3,3

31,3±0,6

+9,6

21,7±1,0

+5,1

Наурыз 6

гордеиформе

106,7±0,6

+6,0

27,7±0,6

+6,0

26,5±0,6

+9,9

Субастрале 489

субастрале

126,3±1,0

+25,6

22,2±0,6

+0,5

21,6±0,6

+5,0

Лан

леукурум

94,0±1,0

-6,7

22,3±0,4

+0,6

27,1±1,0

+10,5

Алтайская нива

африканум

104,0±1,0

+3,3

24,0±0,8

+2,3

19,6±1,2

+3,0


Дамсинская янтарная

леукурум

102,7±1,0

+2,0

27,0±0,4

+5,3

23,4±1,2

+6,8

Гордеиформе 429

гордеиформе

112,3±1,0

+11,6

29,0±0,6

+7,3

35,9±1,0

+19,3

Безенчукская 139, бақылау

гордеиформе

100,7±1,0

-

21,7±0,8

-

16,6±1,0

-


Сұрыпталған қатты бидай сорттарының жалауша жапырақ ауданы 22,0-31,3 см2 құрады, тиісінше бұл көрсеткіштер бақылау сортынан 0,3-9,6 см2 артық болды. Бидай морфологиясының осы белгісі бойынша Cocorit 71, Aldura, Ward, Каргала 303, Наурыз 6, Дамсинская янтарная және Гордеиформе 429 сорттарын ерекше атауға болады. Зерттеу жылдарында жоғарыдағы кестеде көрсетілген қатты бидай сорттарының жоғарғы буын аралығы 20,3-35,9 см ұзындыққа сәйкес келді, ал осы кезеңдерде Безенчукская 139 бақылау сортында бұл белгі 16,6 см аспады. Сонымен қатар, сұрыпталған қатты бидай сорттарының басым бөлігі леукурум және гордеиформе түршесіне жатады, сондай-ақ леукомелан, африканум, мурциензе және субастрале түршелері де кездесті.

Түсім көрсеткіштері. Өсімдіктің иммунологиялық, генетикалық, морфологиялық, фенологиялық және басқа қасиеттерін зерттеу дақылдан мол және сапалы түсім алу қажеттілігінен туындайды. Осыған сәйкес аталған қасиеттері мен белгілері бойынша сұрыпталған қатты бидай сорттарының масақ өлшемдері мен өнім түсіміне құрылымдық талдау жасалынды (4-кесте). Зерттеу жылдарында құрылымдық талдау құрамына кірген өнімділік белгілерінің орташа шамасына ерекше мән берілді және ол бидай сорттарының түсім беру мүмкіндігінің негізгі көрсеткіші болып қарастырылды. Нәтижесінде сұрыпталған қатты бидай сорттарының орташа масақ салмағы 2,1±0,3 грамм, масақ ұзындығы 7,0±0,3 см, масақшалар саны 16,0±0,5 дана, масақтағы дән саны 34,3±0,5 дана, масақтағы дән салмағы 1,6±0,3 грамм, өнім түсімі 37,0±0,5 ц/га және 1000 дән салмағы 46,3±0,7 граммға тең. Бұл аталған түсім белгілерінің барлығы бақылау сортының түсім көрсеткіштерінен жоғары. Яғни олардың соңғы аталған өнім түсімі мен 1000 дән салмағы Безенчукская 139 бақылау сортынан, тиісінше 6,8 ц/га және 6,9 грамм артық болды.



Кесте 4 – Сұрыпталған қатты бидай сорттарының түсім көрсеткіштеріне сипаттама (2005-2007 жж., орташа)


Сорт атауы

Масақ өлшемдері (X±m)

1000 дән салмағы, г

(X±m)

Өнім түсімі, ц/га

(X±m)

масақ салмағы, г

масақ ұзындығы, см

масақша-

лар саны, дана

масақтағы дән саны, дана

масақтағы дән салмағы, г

Albatross

2,1±0,3

8,5±0,4

16,2±0,8

31,2±0,6

1,5±0,2

50,2±0,7

56,6±0,4

Aldura

2,0±0,2

6,8±0,2

16,4±0,6

29,6±0,4

1,4±0,2

43,1±1,2

53,3±0,7

Altar 84

2,4±0,4

6,2±0,4

15,7±0,3

36,2±0,8

1,7±0,4

49,7±0,2

51,4±0,6


Cocorit 71

2,5±0,3

6,2±0,3

15,6±0,4

48,0±0,5

2,4±0,5

54,0±1,3

39,8±0,2

Dur

2,4±0,3

6,7±0,3

15,2±0,8

38,8±0,2

1,8±0,4

47,4±0,6

37,2±0,8

Grosby

1,5±0,4

6,2±0,2

12,6±0,4

28,2±0,8

1,2±0,2

46,0±1,2

28,8±0,2

Macoun

2,1±0,2

8,6±0,6

17,8±0,2

34,0±0,5

1,6±0,3

45,0±0,5

26,0±0,6

Mexicali 75

2,4±0,2

7,2±0,2

16,7±0,3

36,8±0,2

1,8±0,4

52,3±0,3

52,3±0,7

Mondur

1,8±0,4

6,2±0,3

15,2±0,8

35,4±0,2


1,3±0,2

48,8±0,2

36,9±0,5

Nacori C97

2,1±0,3

6,3±0,4

14,3±0,7

31,5±0,5

1,4±0,2

47,2±0,3

33,8±0,4

Randur

1,7±0,3

7,8±0,5

15,8±0,2

24,6±0,4

1,3±0,3

40,6±0,4

34,6±0,4

Ward

2,0±0,3

7,3±0,5

16,8±0,2

36,2±0,8

1,6±0,3

46,4±1,2

20,4±0,6

Yavaros 79

2,2±0,4

6,7±0,2

15,4±0,6

35,7±0,3

1,6±0,3

48,6±0,2

48,5±0,5

Каргала 28

2,1±0,3

7,8±0,6

16,6±0,4

31,0±0,5

1,5±0,4

41,2±0,8

40,3±0,7

Каргала 303


2,8±0,4

6,9±0,2

17,2±0,8

40,8±0,2

2,1±0,5

51,2±0,7

37,1±0,9

Наурыз 6

2,1±0,3

7,1±0,2

19,8±0,2

36,2±0,8

1,6±0,4

41,1±0,6

44,8±0,4

Субастрале 489

2,5±0,3

6,7±0,3

18,4±0,6

32,2±0,8

1,8±0,5

45,7±1,3

36,5±0,1

Гордеиформе 426

1,6±0,2

6,2±0,2

15,4±0,6

26,4±0,6

1,0±0,2

42,8±1,2

27,4±0,6

Гордеиформе 429

2,0±0,2

8,6±0,3

15,8±0,2

31,8±0,2

1,4±0,3

45,7±1,3

39,0±0,8

Гордеиформе 94-94-13

1,7±0,2

6,5±0,4

13,6±0,4

31,2±0,8

1,3±0,2


46,4±0,6

33,7±0,3

Дамсинская янтарная

2,3±0,4

7,5±0,2

14,6±0,4

43,0±0,5

1,8±0,4

46,5±0,5

29,9±0,4

Безенчукская 139, бақылау

1,8±0,4

6,5±0,2

15,2±0,8

28,2±0,8

1,4±0,3

39,4±0,6

30,2±0,6

Орташа

2,1±0,3

7,0±0,3

16,0±0,5

34,3±0,5

1,6±0,3

46,3±0,7

37,0±0,5

ЕАЕА 0,95 ц/га

-

-

-

-

-

-

0,33

ЕАЕА 0,95%

-

-

-

-

-

-

3,87



Сұрыпталған қатты бидай сорттары арасынан түсім көрсеткіштері бойынша Albatross, Aldura, Altar 84, Cocorit 71, Dur, Mexicali 75, Yavaros 79, Гордеиформе 429, Каргала 28, Каргала 303 және Наурыз 6 сорттарын ерекше атауға болады. Қазақстанның оңтүстігінде және суармалы жағдайда аталған қатты бидай сорттарының орташа өнім беру мүмкіндігі 37,1-56,6 ц/га шамасында.



<< предыдущая страница   следующая страница >>