shkolakz.ru   1 2 3 4 5

1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы.


Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек

қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.

Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:


  • қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді;

  • мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;

  • ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;

  • ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;

  • ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді;

  • мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.

КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс-шараларын кейін ақша айналымында пайда болды. Шын

мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”.


Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:


  • ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;

  • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;

  • ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;

  • ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;

  • ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;

  • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;

  • қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады.

Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үздіксіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.

Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.

Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. [1, 30-32 бет], [8, 3 бет]



1.3.Ақша айналысы заңы және мәні


Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол – тауар –ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан айналысы заңмен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:


Стб


А
мөлш.= ------------

А жылд.

Ақша айналысы заңының мәні
ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының


қосындысын бір аттас ақша өлемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпыра қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айнылыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң формуламен өрнектеледі:


-Стбн + Ст – Сө

А мөлш.=------------------------------ + Ақ

А
жылд.

Онда:

А
мөлш. – айналыс құралы және төлем

құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;

Стб
- сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;

Стбн - несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;


Ст
- қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;

А
қ - ақша қоры;

Ажылд. айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша

айналымының орташа саны (айналыс жылдамдығы).

Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл

Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің тізбегінде потенциялды күйреушілердің (банкноттардың) болуы, күйреушілікттің тиімді тәжірбиесінің болмауы, жекеменшіктендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамуы.

Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгерелі. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:


  • несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;

  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;

  • ақша айналымының санының өсуі.

Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады (шығарылады): қолма-қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар; банктік айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер жүйесі шығарады. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаны иесі өз қаражатын қолма-қол ақша формасында алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотаға айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді.


Ақша айналымының екі жағының (қолма-қол ақша мен банктік айналымдағы ақшаның) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне

алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауы қажет етеді. Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.

Өнеркәсібі өркенденген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдалынылады:


  • М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

  • М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді жіне жинақ салымдары кіреді;

  • М3оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

  • М4оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.

Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.

Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін – төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты қолданылды.

Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаты кіреді.

  • М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;


  • М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп-шоттары мен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығы және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;


  • М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды

тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;

  • М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займы облигацияларын біріктіреді.

Ақша агрегатының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.

Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:

  • банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;

  • орталық банктен коммероциялық банктердің несие алуымен;

  • мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметкенесие беруімен;

  • орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;

  • чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заем беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).

Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелігімен қатар оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.

Ақша массасы айналымның баяулаулы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коеффицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ло жоғары конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының баялауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылсын және ақша массасының құрлымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрстеді. [1, 51-55 бет], [7, 2 бет]



ІІ-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы

Бір адамның ауыстыратын ақшаның ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссмяға бару керек болды.

1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды текқана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл- құжаттарына белгі ойылды.

“Павловск” реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.

Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.

Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж.- 300 т., 1990 ж.- 234 т.

1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985 жж. Қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыраур ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.

1991 ж. қаңтарда “1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкіде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы” Президенттің Жарлығы мен КСРО Министірлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаның жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.

КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін емстігіне байланысты бір тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.


КСРО ыдыраған соң ақшаны дизентеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.

КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көпткгкн орталық банктері қайталады. Рсей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республпкалардың сатып алушылардың “қорғау” мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.

1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырды. Келесі қадам – меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы

болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Молдава және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарына Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.

1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған “Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша – несие және валюта саясаты туралы ”, соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.


1991 ж. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында” қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетіледі. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейінен 10 000 және 50 000 купюралары шығарылды.

Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1861-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10 000 рубльдері айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына әр апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйекте айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бар адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариоссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарлыққа сәйкес:


  • 1993 ж. 15 қарашада сағат 8–де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
  • 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалады. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.


  • Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда қатар жүрді.

Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі апнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталықкурсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болады.

Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта-теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырады. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорғат түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенді валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. Доллар көлемінде стендбай несиесін және Жаония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министірлігіне 180 млн. Доллар берді. Бұл 17 жылға берілген “жұмсақ” несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтвлығын қамтамасыз ету қажет.

Айналымға теңгені еннгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республиалардың өзара байланысының үзілуі мен саяи ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда, яғникәсіпорындармен бюджеттің арасындағы қарыздарөзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.


1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдерді, одан соң міндеттемелер мен

ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілгеннен 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 ж. Қазақстандағы инфляция 58 процент болды.

1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорынды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның дейінгі проценттің бөліктерімен есептелетін жағдайда жетті.

1998 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюң, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өдірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдері біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы (1997-1998 жж. аралығында өсу тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25%-ке жоғарлату, төлемеудің өрістеуі (кәсіпорындардың өзара қарызы 1,5 триллион теңгеден асқан!) және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшыратынын көптеген қаржы сарапшылары мен таңдаушылары 1998 жылдың күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.

1999 ж. сәуірінен Қазақстан үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген: “Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатыны байланысты анықталды, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді.

Қазақстанның төңірегіндегі елдерде – біздің негізгі сауда әріптесімізде – ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы, Рсейде рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай төрт есе төменделді. Сол валюталармен салыстырғанда теңгң тез қымбаттады және біздің тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз тұралай басталды, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 миллиард 300 миллион доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 миллиард 250 миллион долларға қысқарды.


Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте елеулі шектеулер қойдық және Қырғыстанмен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда.

Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар – теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек”

Сонымен Қазақстан теңгесі көп жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады. [2, 65-68 бет], [1, 93-96 бет], [9, 2 бет]



<< предыдущая страница   следующая страница >>