shkolakz.ru   1 ... 6 7 8 9 10 ... 14 15

2 – тарау. Ұсату – сұрыптау жабдықтары


1 – параграф. Ұсату жабдықтары


428. Осы талап жақтық және конустық ұсатқыштарға таралады.

429. Ұсатқышты және онымен байланысқан жабдықтарды іске қосу және тоқтату тәртібі технологиялық регламентпен бекітіледі.

430. Ұсатқышты іске қосар алдында келесілер тексеріледі: жетек қайысының тартылуы, шаңға қарсы тығыздағыштың жарамдылығы және сақтандыру қондырғылары.

431. Ұсатқыштардың майының температурасы төмендеген кезде жақтық ұсатқыштардікі 35 0С-тан төмен, конустық ұсатқыштардікі 25 0С-тан төмендеген кезде май қыздырғыш іске қосылады.

432. Ұсатқышқа материал беруді қозғалғалмалы ұсатқыш органы номиналды теңселу жиілігіне жеткен кезде жүргізеді.

433. Шаңбасу жүйесін іске қосуды ұсатқышқа кен берумен бір уақытта жүргізеді.

434. Ұсатқышты жұмыстық кеңістігінде кен болған кезде ауысымды тапсыру және қабылдау үшін тоқтатуға рұқсат берілмейді.

435. Ұсатқыштарды пайдалану кезінде қызмет көрсетуші келесілерге қадағалайды:

1) ұсатқыштар мен қосалқы құрылғылардың барлық тораптары мен бөлшектерінің ақаусыздығын;

2) ұсатқыштың бірқалыпты тиелуін;

3) бастапқы кен мен ұсату өнімдерінің ірілігіне бақылау жүргізуді;

4) ұсатқыштың түсіру саңылауын реттеуді жүргізуді.

436. Жақты және конусты ірі ұсату ұсатқыштарына тиелетін бастапқы матеиалдың ірілігі тиеу (қабылдау) саңылаулары енінің 0,8-нен, ал орташа және ұсақтап ұсату ұсатқыштарынікі 0,85-нен артық болмайды.

437. Ұсатқыштардың техникалық күйі іріленудің шектік коэффициенті* келесіге тең ұсатылған өнім алуды қамтамасыз етеді:

1) ірі ұсататын жақты ұсатқыштар үшін 1,7

2) ірі ұсататын конусты ұсатқыштар үшін 2,2

3) орташа ұсататын конусты ұсатқыштар үшін 2,9

4) майда ұсататын конусты ұсатқыштар үшін 3,8



* Ірілену коэффициенті өнімнің 95 % өтетін ұяшықтың түсіру саңылауының мәніне қатынасы түрінде есептеледі.


Көрсетілген ірілену коэффициенттері артып кеткен жағдайда ұсататын органдардың сауытын ауыстыру немесе эксцентриктік тораптағы номиналдық саңылауларды қалпына келтіреді.

438. Ұсатылмаған заттарды аңғару және тұту құрылғысы жоқ орташа және майда ұсату ұсатқыштарын жұмысқа қосуға тыйым салынады, құрылғылардың ақаусыздығын тексеру және оларды қажетті күйге келтіру технологиялық регламентке сәйкес жүргізілуледі.

439. Жұмыстық кеңістіктен ұсатылмаған заттар мен шойтастарды алып шығу жұмыстары ерекше қауіпті болып табылады және технологиялық регламентпен жүргізіледі.

440. Ұсатқыштың жұмыстық кеңістігіне 428 тармақта көрсетілген жұмыстарды орындау үшін адамдар түсетін жағдайда сақтандыру белдіктерін, жұмыс істеп жатқандарға кен кесектерінің және бөгде заттардың байқаусызда түсіп кетуін болдырмау үшін ұсатқыштың тиеу саңылауының үстіне төсегіш құрылғылары міндетті түрде қолданылады.

441. Ұсатқыштардың айналымдық сұйық майлау жүйесі үшін индустриальдық 50 майы (машиналық МҚ) ҚНжЕ 20799-75. Жалпы мақсаттағы индустриалдық май. Техническалық шарттар бойынша пайдаланылады. Орталықтандырылған қою майлау жүйесі үшін - индустриалдық ИП-1 майлағышы, ҚНжЕ 23510-79*. УНИОЛ-2 майлағышы. Техникалық шарттар бойынша пайдаланылады.

442. Егер талдау кезінде майдағы: механикалық қоспалар – 2 %-дан; судың мөлшері - 2,5 %-дан жоғары; – қышқылдық санның мәні - 1 г майға КОН 1,5 мг жоғары мөлшерде аңғарылса, онда май ауыстырылады.

443. Ұсатқыш жабдықтарды техникалық қарап, тексеру және жөндеу мерзімділігі ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестемен анықталады.

444. Бір жинақтағы сынатәрізді белдіктердің ұзындықтарының айрмашылықтары 15 мм артық болмайды. Жаңа белдіктерді пайдаланылғандармен бірге қолдануға рұқсат берілмейді.

445. Сауыттық плиталардың қаттылығы Бринелль бойынша 160 - 217 бірлік шектерінде болады.


446. Сауыттық плиталардың шектік тозуы олардың алғашқы қалыңдығының 70 % артпайды.

447. Конустардың қозғалмалы және қозғалмайтын сауыттары мен корпустары, реттелетін сақиналары және табақшалары арасындағы кеңістікті құю технологиясы және оған материал таңдау технологиялық регламентпен анықталады.


2 – параграф. Жақты ірі ұсату ұсатқыштары


448. Жақты ұсатқыштарды іске қосу алғашқыдан соң келесі ретпен жүргізіледі:

1) бос жүрісте жұмыс істеу - 4 сағат бойы;

2) жүктемемен жұмыс істеу (құжаттықтан 50 % артық емес) - 8 сағат бойы;

3) толық жүктемемен жұмыс істеу - 8 сағат бойы.

449. Ұсатқыштың жұмысы жабдықтарға жалпы нәтижелерден басқа келесі нәтижелерге жеткен кезде қанағаттандырарлық деп есептеледі:

1) ұсату торабында, кергіш плиталар мен сухарьларда тарсылдаған дыбыстар, сондай-ақ тартқыштар мен амортизаторлық және тұйықтағыш құрылғыларда шықырлаған дыбыстар болмайды;

2) қозғалмалы жақтағы, шатуньдағы және артқы тіректегі сухарьдің қызуы 50 0С-тан артпайды;

3) ұсату өнімдерін ҚНжЕ 7084-80. Жақты ұсатқыштар. Техникалық шарттар талаптарына сәйкес шығару.

450. Үйіп толтырылған ұсатқыштарды іске қосуға рұқсат берілмейді.

451. Сатымен іске қосу немесе арнайы жетектік қозғалтқышы жоқ жақты ұсатқышты іске қосу негізгі білік пен шатунның эксцентрикалық бөлігін жоғары күйге қойған соң жүргізіледі. Алдын-ала бұру үшін шығыр, кран немесе басқа тарту құрылғыларын пайдалануға болады.

452. Қоршаған ортаның жоғары температурасында жақтың мойынтіректері мен шатунды суыту жүйесі іске қосылады.

453. Ұсатқыш көмейін ұсатылатын материалдан электрлік қозғағышты көп рет қосу және өшіру арқылы босатуға тыйым салынады.

454. Плиталардың тіректік беттерінің жазық еместігі 1 метрге 2мм-ден артпайды.

455. Ұсататын плиталар тіректік бетімен толық жанасады, 0,2-0,3 мм-лік жергілікті саңылауларға рұқсаттама беріледі.


Өңделмеген плиталарды орнатуды 500 маркалы жылдам қататын бетон ерітіндісінде жүргізуге рұқсат етіледі.

456. Қозғалмалы жақтың жетектік білігі мен осінің көлденең күйден ауытқуы 1 м ұзындығына 0,1 мм-ден артпайды.

457. Саңылауларының қозғалысы күрделі жақты ұсатқыштардағы керме плиталары сухарьларының тіректік беттері параллельді болуы тиіс. Параллельдіктен ауытқу 1 м-ге 1,5 мм-ден артпауы тиіс.

458. Керме плиталардың тіректік беттері параллель болады. Параллельдіктен ауытқу 1 м-ге 0,5 мм-ден артпайды.

459. Керме плиталардың тіректік беттерінің және сухарьлердің астарлық салмаларының жанаспаулары 1 м ұзындыққа 0,1 мм-ге рұқсат етіледі.

460. Электрлік қозғағыш пен ұсатқыш біліктерінің параллель еместігінің рұқсат етілетін мәні 1 м-ге 1 мм-ден артық емес. Тегершіктер арықшаларының жылжытылуы 2,6 мм-ден артық емес.

461. Қозғалмалы жақтың мойынтіректеріндегі диаметрлік саңылау 0,7 мм-ден артық болмайды.

462. Кермелік сақина және негізгі біліктің мойынтірегіндегі бүйірлік қақпағындағы шығыңқы жер арасындағы, сондай-ақ бүйірлік қақпақ және сыртқы сақина арасындағы осьтік саңылау 0,3 мм-ден артпайды.

463. Шығатын саңылаудының өлшемін реттеу кезінде тұйықтайтын құрылғының серіппелерін тарту сәйкес мәнге жүргізіледі.

464. Қозғалмалы жақтың негізгі белдігі мен осінің мойынтіректеріндегі саңылауларды ұлғайтқан кезде астарлық салмалар арасындағы төсемдерді алып тастау арқылы оларды алғашқы өлшемдеріне дейін қалпына келтіруге рұқсат етіледі.

465. Қозғалмалы жақтың негізгі белдігі мен осінің мойындары рұқсат етілетін шектерден жоғары мәнге тозған жағдайда қалпына келтіру мойынды жөндеу өлшеміне дейін егеу және астарлық салмаларды қайта кұю арқылы жүргізіледі.

466. Ұсатқыштар көмейі ұзындықтары бойынша біркелкі тиелмеген (біржақты) жағдайда оларды пайдалануға тыйым салынады.

467. Сақтандыру керме плитаның беріктігін қимасын ұлғайту немесе алдын-ала есептемей және дайындаушымен келісімдемей материалын ауыстыру жолымен өсіруге рұқсат етілмейді.


468. Қызмет көрсететін адам технологиялық регламентте көрсетілген жақты ұсатқыштың болуы мүмкін ақауларын және оларды жою жолдарын біледі.


ШДП жақты ұсатқыштарының болуы мүмкін ақаулары және оларды жөндеу тәсілдері


Ақаулар

Себептері

Жөндеу әдістері

1

2

3

Раманың жеке бөлшектерінің дірілі байқалады

Раманың болттық бекітулерінің жеткіліксіз тартылып, бұралуы

Ұсатқышты тоқтатып, шегендік болттарды тартып, бұрау

Раманың бүйірлік шегендерінің қозғалма-лы күйге ие болуы, оның тарсылы естіледі

Бүйірлік плиталардың бекіткіштері босап кеткен

Ұсатқыштарды тоқтатып, болттарын тартып, бұрау немесе ауыстыру қажет

Ұсататын плиталардың дірілдеуі немесе тарсылдауы

Ұсататын плиталардың бекіткішінің босауы, бекіткіш болттардың үзілуі

Үзілген болттарын ауыстыру, сыналарын соңына дейін тарту, болттарды тартып, бұрау

Ұсатқыштар ірі кесекті материалдың шығуы

Ұсататын плиталардың төменгі бөлігінің айтарлықтай тозуы

Саңылауды кішірейту немесе тозған плиталарды ауыстыру

Қозғалмалы жақтың тербелу жиілігінің және мазовиктің айналу жиілігінің кемуі

Белдіктердің созылып кетуі, белдіктің бір бөлігі жұмыс істемейді


Қосалқы жетекті және электрқозғағышты қозғалту немесе белдікті ауыстыру

Маховик айналады, бірақ бастапқы материал ұсатқыштан ұсатылмай шығады, қозғалмалы жақ тербелмейді

Серіппенің сынуы, тартқыштың үзілуі, құрылғыны тұйықтайтын гайкалардың кері бұралып кетуі

Қатардан шыққан бөлшектерді ауыстыру

Сол сияқты

Керме плитаның немесе оның салмасының сынуы

Керме плитаны ауыстыру, салманы ауыстыру

1

2

3

Металдың қатты сартылы және шегеннің тарсылы естіледі

Ұсататын плитаның сынуы

Плитаны ауыстыру

Кермелік плитаның салмаларының ұяшығында тарсылдың естілуі

Серіппелердің жеткізіксіз тартылуы немесе салмалардың қатты тозуы

Серіппелерді тартуды реттеу немесе салмаларды ауыстыру

Шатунның негізгі білікпен беттесуіндегі тарсыл

Шатун басы салмасының қатты тозуы

Саңылауды аралық қабаттармен реттеу

Үздіксіз тарсылға ұласатын қатты сатыр.

Шатун негізгі білікте тербеледі; қозғалмалы жақ тербелмейді

Шатунның жарылып кетуі

Ұсатқышты толық бөлшектеп, жаңа шатун орнату

Ұсатқыш плитаны ауыстырған соң ұсатқыштың жұмыс өнімділігінің күрт төмендеуі


Плита станинаға немесе жаққа тығыз жанаспайды

Жаймалық қорғасыннан немесе алюминийден аралық қабат салу және болттарды тартып, бұрау

Серіппенің немесе тартқыштың жиі сынуы

Серіппе өте сығылған

Түсіру саңылауы кішірейткен кезде серіппе босатылмаған

Серіппені босату

Түсіру саңылауын әрбір өзгерткен соң серіппенің тартылуын реттеу

Маховиктің білікте айналып кетуі

Шпонканың жұлынып

кетуі

Шпонканы ауыстырып, ойықты тексеру

Тұрақты мойынтірек-тердің қызуы; құйылып алынатын майдың температурасы 60 0С-тан жоғары

Мойынтірек қақпақтары өте тартылған.

Жағар майдың жеткіліксіз мөлшері беріледі

Мойынтіректердің

шпилькаларын босату қажет подшипников

Майдың берілуін реттеу

Суытқыштың суы майжүйесіне түседі

Салмалар нашар жонылған


Жетектік белдіктердің шектік рұқсаттамалық керілуі


Суытқыш құбырының бүтіндігі бұзылған


Судың жоғары қысымы

Мойынтіректерді жонып, қалыпқа келтіру


Жетектік белдіктердің керілуін босату


Құбырларды қалпына келтіру


Судың қысымын төмендету және 0,05 МПа –те (0,5 кгс/см2) ұстау, май қысымынан төмен емес

1

2

3


Май құбырында сүзгішке дейін және одан кейін орнатылған манометрлердің көрсеткіштеріндегі айырмашалақтың өсуі

Сүзгіш ластанған

Қсымдағы айырмашылық 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) үлкен болса сүзгіні тазарту қажет

Май жүйесіндегі қысымның төмендеуі

Сорғы ақаулы. Кран жартылай жабылған

Кранның күйін тексеру қажет. Егер ол ашық болып, бірақ қысым төмендей берсе онда ұсатқышты тоқтатады және ақауларды жояды

Суытқыштан шығатын майдың температурасы 50 0С-тан жоғары

Суытатын судың болмауы.

Суытатын судың температурасы жоғары. Суыту жүйесі ластанған

Судың болуын тексеру


Суытатые судың берілуін өсіру

Тоңазытқышты тазалау

Май ағынының үзілуі (іске қосу алдында)

Майдың температурасы төмен

Ұсатқышты іске қосуды кідірту. Майды 25 °С-қа дейін қыздыру

Бак-тұндырғышқа құйылып алынатын май мөлшерінің азаюы

Майдың көп берілу салдарынан тығыздағыш арқылы ағуы немесе мойынтіректердегі тығыздағыштардың жарамсыздығынан ағуы

Май беруді нормаға дейін төмендету, және оның ағуы тоқтамаса тығыздағышты ауыстыру

Үйкелістегі тораптарды суытатын судың берілмеуі

Су құбырындағы қысымның төмендігі

Су беруді ұлғайту. Егер майдың температурасы кенет өсетін болса, онда ұсатқышты тоқтату қажет




<< предыдущая страница   следующая страница >>